Тілдік және мәдениетаралық Қатынас қҰзыреттерін



Pdf көрінісі
бет10/21
Дата09.01.2024
өлшемі0.51 Mb.
#488768
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Methods of Effective Use of Films in the Formation of Linguistic and Intercultural Communication Competencies[#1168553]-2622651 (1)

ISSN-p 2306-7365 
ISSN-e 2664-0686 
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
№3 (121), 2021 
137 
эпостары секілді құнды дүние. Фильм түсірушілердің әрқайсысы арнайы бір әлеуметтік 
жағдайларда және бір географиялық аймақтың табиғи көріністерінің әсемдігінен, хош 
иісінен, ырғағынан нәр алып өседі, белгілі бір ұлттық мәдениетке, өзіндік субмәдениетке 
жатады» [14, 22-б.]. 
Кинода, ерекше сала ретінде, саяси және әлеуметтік тарихи құбылыстарды бейнелейтін 
адамзаттың ең ежелгі тілінің құрылымдары қайта жанданады. Алайда, тіл одан да терең 
деңгейде менталитет тарихының даму процестерін сипаттайды. Кино – тарихтың терең 
құрылымдарына енудің бірегей құралы болып табылады және осы тұрғыдан ол ерекше 
мәдениетаралық әлеуметтік функцияларды орындайды. Сонымен қатар, кино – бұл белгілі 
бір тілдің шынынайы бейнесі ғана емес, сонымен бірге ол тілдің көмегімен ғана адекватты 
түрде жеткізілетін мән-мазмұны. 
Осы позициялардан кино, жарнама мамандарының жұмысында іс жүзінде 
қолданылмайтын, эмоциялар, ым-ишара, қимыл-әрекеттер, киім, әдет-ғұрып, дәстүр арқылы 
берілетін белгілі бір елдің мәдениетінің «дәмі мен иісін», яғни шынайылығын сезінудің, 
сондай-ақ оның ерекшеліктерін түсінудің мүмкіндігі ретіндегі үлкен мәдени қабатты 
бейнелейді. 
«Қазіргі жаһандану жағдайында әр ел мәдениет, тұрмыс, салт-дәстүр және тарих, т.б. 
саладағы өзіндік ерекшеліктерін сақтауға ұмтылады. Бүгінде басқа мәдениетті танудың 
тиімді тәсілдерінің бірі – кино, себебі ол жеке және ұжымдық ұлттық кодтарды сақтаушы 
ретіндегі құрал болып табылады» [15]. 
Фильмдерден ләззат алу арқылы студенттер басқа елдің мәдениетіне, оның ішінде 
әдебиетке, музыкаға, сәулет өнеріне, кескіндемеге, тарихқа қол жеткізу арқылы 
дүниетанымын кеңейтіп, білімдерін байыта алады және тілді қолданудың әлеуметтік 
ережелерін, қарым-қатынас тәсілдері мен ұлттық құндылықтарды терең түсінеді. Өйткені 
фильмдерді көрудің тәрбиелік, эстетикалық, интеллектуалды мақсаттары бар. Сонымен 
қатар, өз мәдениетін басқа елдердің мәдениетімен салыстыру арқылы студенттер басқа 
мәдениеттерді тереңірек талдап, интерпретациялай алады. Бұл студенттердің адамгершілік 
қасиеттерін, толеранттылық пен басқа мәдениетке деген шынайы қатынастарын дамытуға, 
мәдениаралық коммуникативті құзыреттіліктің қалыптастыруға әсер етеді. 
3. Фильмдердің психологиялық әсерінің сиапттамасы: адам санасына мотивациялық 
және эмоционалды әсер етуі 
Фильмді тамашалау, оның мазмұынын талдап-түсіну білім алушыларға жағымды және 
эмоционалды тұрғыда әсер етеді. Оларды ынталандырады, олардың өз күшіне деген 
сенімділікті оятады және одан әрі жетілдіруге ұмтылдырады. Сонымен қатар, фильмді 
бірнеше рет көру мүмкіндігі зейінді арттырып, назарды ұстап тұруға көмектеседі және оқу 
материалын терең қабылдауға ықпал етеді. 
Әсер етудің психологиялық ерекшеліктері: 
- «видеоның күшті эмоционалды әсері» серіктестік әсерін тудырады ... » [16, 361-б.]. 
- «видеофильм» әрі қарайғы ізденіс және шығармашылық іс-әрекетке қосымша 
мотивация тудыру мен ынталандыру құралы ретінде қызмет етеді» [17, 93-б.]. 
- «шет тілдік материалды игеру процесін жанды, қызықты, проблемалы, сенімді және 
эмоционалды етеді» [18,192-б.]. 
- «визуальды қатар контекстегі нақты ақпарат пен тілдік ерекшеліктерді терең түсінуге 
және бекітуге мүмкіндік береді» [17, 93-б.]. 
Лихоманова және т.б. видеофильмді әртүрлі коммуникативті аспектілерді біріктіретін 
күрделі материал ретінде қарастырып, оның тілді оқытудағы артықшылықтарын былайша 
сипаттайды: «Қарым-қатынастың мазмұндық жағымен қатар, бейнематериалда белгілі бір 
жағдаяттың орны мен көрінісі және қатынасқа түсушілер тұлғасының жас, жыныс және 
психологиялық айырмашылықтарына қарай вербальды не бейвербальды іс-әрекеттері мен 
мінез-құлық ерекшеліктері жайлы визуальды ақпарат қамтылған. Көрнекі диапазон нақты 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет