Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидалары Жалпы ережелер



жүктеу 0.69 Mb.
бет1/3
Дата15.07.2016
өлшемі0.69 Mb.
  1   2   3


Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің


2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 4-2/664
бұйрығымен бекітілген

Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі –Заң), «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау (бұдан әрі – субсидиялар) тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) бірінші көбейтілген тұқым – бірінші жылғы элиталық тұқымды көбейтуден алынған тұқым;

2) бірінші ұрпақ будандарының тұқымы – генетикалық айырмашылығы бар аналық нысандарды будандастырудан алынған және гетерозис нәтижесінде шығымдылығы немесе өзге де көрсеткіштері бойынша ең үздік аналық нысаннан асып түсетін өсімдіктердің тұқымдары.

3. Бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын аттестатталған тұқым өсіру шаруашылықтары (импорттауды қоспағанда) өсіреді және олар Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген сорттарға және (немесе) будандарға жатуы тиіс.

4. Субсидиялар сомаларын және тұқымдар мен көшеттердің әрбір түрі бойынша субсидия алушылар тізімін айқындау үшін әрбір ауданда (облыстық маңызы бар қалада) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – аудан әкімдігі) шешімімен құрамына аудан әкімдігінің, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің қызметкерлері, облыстың (ауданның) мемлекеттік тұқым инспекторы, салалық қоғамдық және ғылыми ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік палаталарының өкілдері кіретін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

5. Қаржыландыру заңнамада белгіленген тәртіппен облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысы негізінде тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттерде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

Аудандар бойынша субсидиялар көлемдері (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай) облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысымен белгіленеді.

Қандай да бір аудан бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда, облыстардың жергілікті атқарушы органдары оларды субсидиялаудың бекітілген көлемі шегінде қайта бөледі.

6. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) келісім бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысымен 2015 жылы және егістің алдыңғы жылына жыл сайын
1 қыркүйекке дейін келесі жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде бекітіледі, олар осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген бірінші көбейтілген мен бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алу (пайдалану) нормаларынан 2 еседен артық айрықшаланбауы (үлкен және кіші жағына) тиіс.

7. Өтінім берілген субсидиялар көлемі тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша жергілікті бюджетте көзделген сомалардан артық болған кезде Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті бюджетті бекіту туралы мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу жолымен жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлінеді.



2. Субсидия алушылар
8. Субсидиялар:

1) тұқым өсіру шаруашылықтарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын (Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес жақын және алыс шетелден және республиканың басқа облыстарынан әкелінетін тұқымдарды қоса алғанда) сатып алуға;

2) тұқым өсіру шаруашылықтарының өзі өсірген бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын егіске пайдалануға;

3) оларды ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған құны бойынша сату шартымен элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін өсіруге жұмсалған шығындарын ішінара өтеуге арналған.




3. Субсидия алу шарттары
9. Осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:

1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бөлімге жаздық дақылдар бойынша тиісті жылғы 20 маусымға дейінгі, күздік дақылдар бойынша тиісті жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде:

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алуын растайтын шот-фактуралардың көшірмелерін;

осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алу көлемдері жөніндегі жиынтық тізілімнің көшірмесін қоса беріп, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алуға субсидиялар алуға арналған өтінім беруі.

Бұл ретте, химиялық әдіспен жалаңашталған мақта тұқымын сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер субсидия алу үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта тұқымын химиялық әдіспен тазалауға арналған шарттардың көшірмелерін, сондай-ақ мақта тұқымын химиялық жалаңаштау әдісі бойынша орындалған жұмыстар актісін өтінімге қоса береді;

2) облыстың жергілікті атқарушы органы бекіткен ең төменгі нормаларға сәйкес жоспарланған сорт жаңартуды қамтамасыз ету үшін қажетті көлемдерде бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тиісті жылы сатып алу.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші осы Қағидаларға
5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзіне тиесілі субсидияларды бірінші көбейтілген және (немесе) бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын өзі сатып алған тұқым өсіру шаруашылығы арқылы төлеу туралы өтінім беруі мүмкін. Мұндай жағдайда субсидиялар тұқым өсіру шаруашылығына төленеді. Егер тұқым өсіру шаруашылығы арқылы бірнеше ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің өтінімі берілген жағдайда, тұқым өсіру шаруашылығы бөлімге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдер тізілімін ұсынады.

10. Осы Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:

1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бөлімге жаздық дақылдар бойынша тиісті жылғы 20 маусымға дейінгі, күздік дақылдар бойынша тиісті жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде:

осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын нақты өндіру көлемдері жөніндегі тізілімнің көшірмесін;

осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша себілген бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары туралы актінің көшірмесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша егіске пайдаланылған, өзі өсірген бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына субсидиялар алуға өтінім беруі;

2) тұқым өсіру шаруашылығының тиісті жылы бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын себуі.

11. Осы Қағидалардың 8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген субсидиялар өтініш беруші мынадай талаптарды сақтаған жағдайда төленеді:

1) элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының бөлімге тиісті жылғы 20 маусымға дейінгі мерзімде:

жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін сатуды растайтын шот-фактуралардың көшірмелерін;

осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін нақты сату көлемдері жөніндегі жиынтық тізілімнің көшірмесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға


10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін ішінара арзандату үшін субсидия алуға
өтінім беруі;

2) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін облыстың жергілікті атқарушы органы белгілеген шекті бағадан аспайтын баға бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сату.



4. Субсидияларды есептеу тәртібі
12. Осы Қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген субсидиялар осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес облыстың тиісті жергілікті атқарушы органының қаулысымен бекітілген бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары шегінде есептеледі.

13. Осы Қағидалардың 8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер іс жүзінде өткізген, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің көлемі үшін субсидиялар мөлшеріне арзандатылған құн бойынша және Заңның 6-1-бабы


12) тармақшасына сәйкес көшеттердің әрбір түрі бойынша облыстың жергілікті атқарушы органы белгілеген квоталар шегінде есептеледі.

14. Пайыздық арақатынаста субсидиялардың мөлшерлері:

1) сатып алынған (тұқым өсіру шаруашылығы пайдаланған) бірінші көбейтілген тұқымдардың толық құнының 50 %-на дейін және сатып алынған (тұқым өсіру шаруашылығы пайдаланған) бірінші ұрпақ будандары тұқымдарының толық құнының 30 %-на дейін болуға, бірақ осы Қағидалардың 12-қосымшасында көрcетiлген бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандары тұқымдарының 1 тоннасына арналған субсидиялар нормативтерінен аспауға тиіс. Мақта тұқымдарын сатып алуға (тұқым өсіру шаруашылығының пайдалануына) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шығындарын ішінара өтеу кезінде 1 тоннаға субсидиялар нормативі тұқымдарды өңдеу технологиясына (механикалық және/немесе химиялық жалаңаштау әдісі) қарай айқындалады;

2) өткізілген элиталық көшеттердің толық құнының 40 %-на дейін болуы, бірақ осы Қағидалардың 12-қосымшасында көрcетiлген элиталық көшеттердің 1 данасына арналған субсидиялар нормативтерінен аспауға тиіс.



5. Субсидиялар төлеу тәртібі
15. Бөлім 20 мамырға дейін субсидиялар алуға құжаттар қабылдау мерзімін көрсете отырып, субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны, Комиссияның жұмыс тәртібі туралы хабарландыруды аудан әкімдігінің интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді.

16. Комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 13 және 14-қосымшаларға сәйкес тиісті нысан бойынша субсидия алушылар тізбесін (бұдан әрі – аудан бойынша тізбе), сондай-ақ осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдері олар арқылы берілген тұқым өсіру шаруашылықтарының тізілімін (бұдан әрі – аудан бойынша тізілім) қалыптастырады және оларды аудан әкімшілігіне бекітуге жолдайды.

17. Аудан әкімі аудан бойынша тізбені және аудан бойынша тізілімді алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде бекітеді.

18. Бөлім аудан бойынша тізбені және аудан бойынша тізілімді бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде облыстың ауыл шаруашылығы басқармасына ұсынады.

19. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы құжаттар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде мынадай кезекті іс-қимылдарды жүзеге асырады:

1) мыналарды:

осы Қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшасында көрсетілген субсидияларды төлеу үшін – осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысанда облыс бойынша бірінші көбейтілген, бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алу (тұқым өсіру шаруашылығының пайдалану) көлемдері жөніндегі жиынтық актілерді;

осы Қағидалардың 8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген субсидияларды төлеу үшін – осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысанда облыс бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін сату көлемдері жөніндегі жиынтық актілерді жасайды және бекітеді;

2) облыс бойынша белгіленген жиынтық актілер бойынша және субсидиялардың белгіленген мөлшерлерінің негізінде төлеуге жататын субсидиялардың көлемдерін анықтайды. Бұл ретте Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы облыс бойынша жиынтық актілерді салыстырып тексеру нәтижесінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алуды субсидиялауға өтінімдерді өздігінен беру және осы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімді тұқым өсіру шаруашылықтары арқылы беру фактілері анықталған жағдайда осы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомостке қоспайды.

Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер берген тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдерде көрсетілген деректердің тұқым өсіру шаруашылығы ұсынған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтімдері тізілімінің деректерімен сәйкессіздігі, сондай-ақ көрсетілген құжаттардың тиісінше рәсімделмеуі фактілерін анықтаған жағдайда Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің сол арқылы берілген тұқым өсіру шаруашылығын субсидияларды төлеуге арналған жиынтық ведомостке косудан бас тартады. Бұл жағдайда ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші тұқым өсіру шаруашылығына тұқымдардың нарықтық құны мен ол төлеген сома арасындағы айырманы төлейді.

Тұқым өсіру шаруашылықтарының бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тиесілі субсидияларды көрсетілген тұқым өсіру шаруашылықтарына төлеу туралы өтінімдер ұсынған басқа Облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне өткізу фактілері болған жағдайда, аумағында тұқым өсіру шаруашылықтары орналасқан облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысанда облыс бойынша тұқым өсіру шаруашылықтарының субсидиялар төлеуге жиынтық тізілімін жасайды және субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомостке осы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қосуға жол бермеу мақсатында оны аумағында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егістік алқаптары орналасқан Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасына жолдайды;

3) мынадай:

осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған (тұқым өсіру шаруашылығы пайдаланған) бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына;

осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өткізілген элиталық көшеттерді өсіруге (әрбір элиталық тұқым өсіру шаруашылығына белгіленген квота шегінде) арналған шығындарды ішінара өтеуге субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомості қалыптастырады және бекітеді

20. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы тиісті жиынтық ведомості бекіткеннен кейін он жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін және төлем шоты қағаз тасығышта ұсынылған жағдайда оны екі данада ұсынады, ал төлем шоттарын «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесі бойынша өткізген кезде төлем шоттарының тізілімі ұсынылмайды.

6. Субсидиялау жөніндегі есептілік
21. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы Министрлікке бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 15 шілдеден кешіктірмей, ал жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 30 қаңтарынан кешіктірмей берілген субсидиялар туралы жиынтық ақпарат ұсынады.

Тұқым шаруашылығын дамытуға берілген субсидиялар туралы жиынтық ақпарат облыстың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылына бір рет тиісті жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей орналастырылады.



Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

Бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын
сатып алу (пайдалану) нормалары



Р/с


Дақыл

Бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын
1 гектарға сатып алу (пайдалану) нормалары, килограмм*

1

2

3

1

Бидай

3,992

2

Арпа

7,188

3

Тары

0,122

4

Сұлы

2,622

5

Күздік қара бидай

8,559

6

Күріш

4,771

7

Қарақұмық

0,823

8

Жүгері (будан)

26,000

9

Дәнді-бұршақты

15,343

10

Қытай бұршағы

0,481

11

Рапс

0,407

12

Мақсары

0,226

13

Зығыр

0,823

14

Күнбағыс сорт

0,324

Күнбағыс (будан)

13,000

15

Қыша, басқа майлы дақылдар

0,040

16

Мақта

0,741

17

Қант қызылшасы

26,000

18

Картоп

152,132

19

Біржылдық шөптер

0,029

20

Дәнді көпжылдық шөптер

13,000**

21

Бұршақты көпжылдық шөптер

13,000**

* норманы есептеу кезінде сақтандыру қоры (30 %) ескерілді;

** ең аз өсіру кезеңі дәнді көпжылдық шөптерде 10 жыл, бұршақты көпжылдық шөптерде
5 жыл екенін ескере отырып, жыл сайын дәнді көпжылдық шөптер үшін 1/10 бөлік (10 %) және бұршақты көпжылдық шөптер үшін 1/5 бөлік (20 %) сорт жаңарту талап етіледі.

Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларына


2-қосымша
Нысан
______________ ауданының (облыстық маңызы бар қалалардың) ведомствоаралық комиссиясына

Бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын
сатып алуға субсидиялар алуға арналған
өтінім

____________________________________________________________ негізінде

(құрылтай құжаты)

әрекет ететін __________________________________________________ атынан

(ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)
басшысы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ______________________________

_________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)
осымен егіс жұмыстарын жүргізуге ________ тонна мөлшерінде пайдаланылған

_____________________________________________________________________

(ауыл шаруашылығы дақылы, сорты (будан)

____________________________________ бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алуға субсидиялар төлеуді сұрайды.




Р/с №

Деректер көзі

Қажетті мәлімет

Деректер

1

2

3

4

1.

Заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік*немесе анықтама

тіркеу нөмірі




тіркеу күні




атауы




орналасқан жері




мемлекеттік тіркеу күні




кім берді




2.

Жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат

жеке басын куәландыратын құжат нөмірі




ЖСН




кім берді




берілген күні







Жеке тұлға үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

орналасқан жері




тіркеу күні




кім берді




3.

Жер учаскесіне бірдейлендіру және (немесе) құқық белгілеу құжаты

актінің нөмірі




кадастрлық нөмірі




барлығы алқап, гектар




соның ішінде егістік




арналған мақсаты




бірдейлендіру құжатының нөмірі және берілген күні, кім берді




жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының атауы




4.

Ағымдағы шотының болуы туралы ақпарат

ЖСК




Кбе




Банктің не Ұлттық почта операторының деректемелері:
Банктің не Ұлттық почта операторының атауы:




БСК




К/С




БСН




Кбе




5.

Сатып алынған бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына бастапқы төлем құжаттары, тұқымдарды тиеп жөнелтуге жүкқұжаттар

нөмірі




берілген күні




тұқым сатушының атауы




тұқым сатушының орналасқан жерінің мекенжайы




тұқым сатушының ЖСК-сі




тауарлық-көліктік жүкқұжат нөмірі




дақыл, сорт




өлшем бірлігі




саны (көлемі)




ҚҚС-мен бағасы (теңге)




барлық өткізу құны




6.


Бірінші көбейтілген тұқымдардың сорттық және себу сапасын растайтын құжаттар (тұқым куәліктері)

нөмірі




берілген күні




кім берді



Ескертпе:

*«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалын, өкілеттігін) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін қолданыста болады.
Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
Басшы (не сенімхат бойынша оның өкілі):
____________________ __________________________________________________________

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын

құжатта бар болса))
Мөрдің орны

20__жылғы «___» ____________


Өтініш 20__ жылғы «___» ____________ қарауға қабылданды.

____________ ____________________________________________________

(қолы) (өтінімді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын

куәландыратын құжатта бар болса))

Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларына
3-қосымша
Нысан

  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет