52
|
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Өмір туралы ғылым: адам денсаулығы
1.
Жұқпалы аурулардың берілуі, белгілері және алдын алу:
А. Сезу, түшкіру, жөтел сияқты жұқпалы аурулардың белгілерін анықтау.
Б.
Дене қызуы, жөтел және іштің ауыруы сияқты аурудың жалпы белгілерін
тану.
В. Жұқпалы аурулардың таралуының алдын алудың кейбір әдістерін анықтау
немесе түсіндіру, оның ішінде, қолды жуу және науқастардан қашықтықты
сақтау.
2.
Денсаулықты жақсы сақтау тәсілдері:
А.
Дұрыс тамақтану, тұрақты физикалық жаттығулар, қолды жуу, тіс тазалау,
жеткілікті ұйқы немесе күннен қорғайтын крем қолдану сияқты жақсы
денсаулыққа ықпал ететін күнделікті мінез-құлықты сипаттау.
Б. Жеміс-жидектер, көкөністер немесе
дәнді дақылдар сияқты дұрыс
тамақтануға қосылған жалпы тамақ көздерін анықтау.
Физика
4-
сыныпта физиканы оқу кезінде оқушылар күнделікті өмірде бақылайтын қанша
физикалық құбылыстарды білетінін, физика тұжырымдамалар түсінігі
көмегімен
түсіндіруге болады. Физиканың тақырыптық бөлімдерінің қатарына мыналар жатады:
•
Материяның жіктелуі мен қасиеттері және заттағы өзгерістер;
•
Энергия түрлері және энергия беру;
•
Күш пен қозғалыс.
Төртінші сынып оқушылары материяның физикалық жай-күйі туралы, сондай-ақ,
материяның жай-күйі мен формасындағы жалпы өзгерістер түсінігін қалыптастыруы
тиіс. Бұл негізгі мектепте химия мен физиканы оқыту негізін қамтамасыз етеді. Бұл
деңгейде оқушылар энергияның бастапқы түрлері мен көздерін, олардың тәжірибеде
қолданылуын білуі,
сондай-ақ жарық, дыбыс, электр және магнетизм туралы негізгі
ұғымдарды түсінуі қажет. Күштер мен қимылдарды зерттеу күш түсінігін көрсетеді,
өйткені олар оқушылар бақылай алатын қозғалыстармен байланысты, мысалы: ауырлық
күшінің әсері немесе серпімділік және тартушы күштер.
Достарыңызбен бөлісу: