ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ |
91
ҚЖ 4_36
Жауапта үйлестірілген диетаны сақтау (пайдалы және құнарлы азық-
түліктермен тамақтану) туралы немесе дене шынықтыру
жаттығулары туралы немесе шылым шегуге, ішімдік ішуге, анаша
тартуға болмайтыны туралы берілген түсіндірмелер айтылады.
Мысалы:
Біздің көзіміз жақсы көру үшін дәрумендер мен басқа да құнарлы
заттармен дұрыс тамақтануымыз қажет.
Сүт ішіуіміз керек, себебі ол біздің сүйектерімізді қатайтады және
денсаулығымызды нығайтады.
Артық тамақтанбау керек. Сол кезде артық салмақ жинамайсыз
және әртүрлі аурулар жұқтырмайсыз. Дене шынықтыру
жаттығулары. Көп жүру керек. Ол сіздің бұлшықеттеріңіздің
дұрыс жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Дене шынықтыру жаттығуларын көп жасау керек. Сізде сонда
артық салмақ болмайды.
Шылым шекпеу керек, сол кезде өкпеңіз зақымданбайды.
Тым көп ішімдік ішпеу керек, сол кезде бауырыңыз зақымданбайды.
Анаша қолданбау керек. Олар сіздің миыңызға кері әсерін беруі
мүмкін.
Басқа да дұрыс жауап.
Мысалы:
Мезгілге лайық киім кию керек, сол кезде суық тигізбейсіз.
Күннен қорғану, күн сәулесінен күюден көмектеседі.
Күнде ұзақ уақыт жүргенде бізге қажетті Д дәруменін аламыз.
Тұмаумен ауырмау үшін егу жасау қажет.
Шөлді басу үшін суды көп ішу керек.
Тісті тазалағанда тістің қызыл етінің аурулары болмайды.
Жартылай дұрыс жауап
Жауапта үйлестірілген диетаны сақтау (пайдалы және құнарлы азық-
түліктермен тамақтану) туралы немесе дене шынықтыру жаттығулары
туралы немесе шылым шегу, ішімдік ішу, анаша тарту туралы, бірақ
жалпы түсіндірмелер берілген немесе түсіндірмелер берілмегені
айтылады.
Мысалы: Дұрыс тамақтану мен дене шынықтыру жатығуларымен
айналысу, біздің денемізді сымбатты етеді.
Көкөністер - біздің денсаулығымызды нығайтады.
Бізге жемістер қажет.
Артық тамақтанбау керек.
Адамдарға дене шынықтыру жатығуларымен айналысу, денсаулығы
мен дене сымбатын сақтау үшін қажет.
Дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу қажет.
Шылым шегу мен ішімдік ішуге болмайды.
Басқа жартылай дұрыс жауап.
Мысалы: Күннен қорғану керек. Жылдың суық мезгілдерінде жылы
киім кию керек. Ұйқысы қану.
Суды көп ішу денсаулыққа пайдалы.
ҚЖ 4_37
Ата-аналар жағының қамқорлығы туралы айтылады.
Мысалы:
Себебі, бақаларды аналары қорғамайды.
Бақалар жұмыртқаларын жалғыз қалдырады.
Себебі, көптеген жыртқыштар жұмыртқалары мен кішкене бақаларды
жеп қояды.
Кішкене бақалардың өздеріне азық іздеуге тура келеді.
|