Timss тест тапсырмаларының жинағЫ: 4-сынып


- кесте. TIMSS-2015-гі математиканың мазмұнды салаларының мақсатты



Pdf көрінісі
бет8/58
Дата01.04.2023
өлшемі3.1 Mb.
#471545
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58
TIMSS-2020

1.1-
кесте. TIMSS-2015-гі математиканың мазмұнды салаларының мақсатты 
пайыздық көрсеткіштері 
Мазмұнды сала 
Пайыздық арақатынасы 
Сандар 
50% 
Геометриялық фигуралар және өлшемдер 
35% 
Мәліметтерді визуализациялау 
15% 
Дереккөз: Exhibit 3-дан Grønmo, L.S-қа бейімделген., Lindquist, M., Arora, A., & I.V.S. Mullis. (2013). TIMSS 
2015 mathematics framework. In I.V.S. Mullis and M.O. Martin (Eds.). TIMSS 2015 assessment frameworks. Boston 
College, TIMSS & PIRLS International Study Center 
сайтынан алынған:
https://timssandpirls.bc.edu/timss2015/frameworks.html 
Сандар
«
Сандар» мазмұнды саласы үш тақырыптық бөлімге жататын білім мен дағдылардан 
тұрады: 
• 
натуралды сандар және 0 саны
5
 (25%); 
• 
бөлшектер және ондық бөлшектер (15%);
• 
өрнектер, қарапайым теңдеулер және қатынастар (10%). 
3
TIMSS-2019-
да осы сала «Мәліметтер» деп аталады. Дереккөз: Exhibit 1.1. в Lindquist, М., Philpot, R., I.V.S. 
Mullis & Cotter, K.E. (2017). TIMSS 2019 mathematics framework. In I.V.S. Mullis and M.O. Martin (Eds.). TIMSS 
2019 assessment frameworks. Boston College, TIMSS & PIRLS International Study Center 
сайтынан алынған: 
http://timssandpirls.bc.edu/timss2019/frameworks/  
4
Бұл сала TIMSS-2019-да «Өлшемдер мен геометрия» деп аталады. Дереккөзі 3-сілтемеде.  
5
Түпнұсқада «Whole numbers» термині қолданылады, ол TIMSS мәнмәтінінде нөлді қосқанда, натурал 
сандарды білдіреді. Ары қарай мәтінде «Натурал сандар» қысқартпасы қолданылады.  


10

МАТЕМАТИКА БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ 
TIMSS-2019 
бағалау шеңберінде «Бөлшектер және ондық бөлшектер» тақырыптық 
бөлімінің пайыздық көрсеткіштері TIMSS-2015-тегі 15%-дан 10%-ға және «Өрнектер, 
қарапайым теңдеулер және қатынастар» бөлімінде 10%-дан 15%-ға өзгертілгенін атап 
өткен жөн. Бұл дегеніміз – жаңа бағалау шеңберінде «Өрнектер, қарапайым теңдеулер 
және қатынастар» бөліміне көп көңіл бөлінеді дегенді білдіреді. Натурал сандар 
сандармен жұмыс жасаудағы кіріспесі болғандықтан, натурал сандар бастауыш 
мектептегі математиканың негізін қамтамасыз етеді. Осылайша, натурал сандар басым 
компонент болып табылады және оқушылар натурал сандарды есептеп, есептерді шешу 
үшін есептеулерді қолдана білуі керек. Алайда нысандар мен шамалар жиі натурал 
сандар болмағандықтан, оқушылар бөлшектерді көптеген есептеулерде негіз ретінде 
түсіну маңызды. Оқушылар бөлшектерді және ондық бөлшектерді салыстыра білуі 
керек. Төртінші сыныпта алгебра алды ұғымдар TIMSS бағалауының бір бөлігі болып 
табылады, соның ішіне қарапайым теңдеулерде айнымалынын (белгісіз) және шамалар 
арасындағы қатынасты бастапқы түсіну де кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет