МАТЕМАТИКА БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
11
2. Сандар, туындылар және өрнектер дәрежелерін қамтитын алгебралық
өрнектерді жеңілдету; олардың эквивалентті екендігін анықтау үшін өрнектерді
салыстыру.
3. Есептерді сипаттау үшін алгебралық өрнектерді қолдану.
Алгебра: теңдеу және теңсіздік
1. Есептерді сипаттау үшін теңдеулерді немесе теңсіздіктерді жазу.
2.
Сызықтық теңдеулерді, сызықтық теңсіздіктерді және екі айнымалысы бар
сызықтық теңдеулер жүйесін шешу.
Алгебра: қатынастар мен функциялар
1. Сандар, сөздер немесе алгебралық өрнектерді пайдалана отырып сандардың
тізбектілігінің заңдылығын немесе тізбектің шектес мүшелері
арасындағы,
бірізділік мүшесінің реттік нөмірі мен бірізділік мүшесінің өзі арасындағы
заңдылықтарды табу.
2.
Кестелерде, графиктерде немесе сөздерде функциялардың көріністерін
интерпретациялау, байланыстыру және түрлендіру.
3. Сызықтық немесе сызықтық
емес функцияларды анықтау; кестелерден,
графиктерден немесе теңдеулерден функциялардың
қарама-қарсы қасиеттерін
анықтау; сызықтық функцияның бұрыштық коэффициентінің мәнін түсіндіру
және сызықтық функция графигінің қиылысу нүктесінің ординатасын көрсету.
Геометрия
Төртінші сыныпта бағаланатын нысандар мен шараларды түсінуді кеңейте отырып,
оқушылар әр түрлі екі өлшемді және үш өлшемді
фигуралардың қасиеттері мен
сипаттамаларын талдай білуі және геометриялық өлшемдерде (периметрлер, аудандар
мен көлемдер) құзыретті болуы тиіс. Олар есептерді шеше білуі және түсініктеме бере
алуы тиіс.
«Геометрия» үш тақырыптық бөлімнен тұрады:
геометриялық фигуралар;
геометриялық өлшемдер;
орналасуы мен қозғалысы.
Достарыңызбен бөлісу: