Timss тест тапсырмаларының жинағЫ: 8-сынып



бет5/78
Дата05.01.2024
өлшемі318.33 Kb.
#488522
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
169244766430 2

КІРІСПЕ 

5
салыстырғанда оқушылардың жаратылыстану және математикалық дайындығының
прогресін қадағалауға, мектептегі оқытудың сабақтастығын зерттеуге, оқушылардың
білім беру жетістіктеріне қандай факторлар әсер ететінін анықтауға мүмкіндік береді.
TIMSS оқушылардың нәтижелерінен бөлек зерттеудің бағалау шеңбері мен тест
тапсырмаларын зерттеу мен қолдануға қызығушылық танытады. Әдетте бір цикл
аяқталғаннан кейін TIMSS тест тапсырмаларының бір бөлігі (60%-ы) жаңа циклге
ауысады, сондықтан жаңа циклде қайта қолдану үшін олар қатаң құпияда сақталады.
Қалған 40%-ы жаңа тест тапсырмаларымен алмастырылады. Осылайша тапсырмалардың
үштен екі бөлігі құпиялылық режимінен шығып, кең пайдалану үшін қолжетімді
болады.
Бұл жинақта 8-ші сыныптарға арналған TIMSS тест тапсырмалары екі бағыт бойынша
ұсынылған: математика және жаратылыстану. Жарияланымның мақсаты – кең
аудиторияға, атап айтқанда педагогтерге TIMSS тест тапсырмаларын ұсыну. TIMSS
тапсырмалары оқу процесінде де, оқытудың жаңа әдістерін әзірлеу, оқу
бағдарламаларын қайта қарау және өзектендіру мен педагогикалық шеберлікті
жетілдіру үшін де қолданылуы мүмкін.
Осы жинақ екі тараудан тұрады. Бірінші бөлім - математика, екіншісі –
жаратылыстану бағытының тест тапсырмаларынан тұрады. Математика тапсырмалары
үш мазмұндық сала бойынша бөлінген: «Сандар», «Алгебра», «Геометрия», «Деректер
және ықтималдық». Сонымен қатар әрбір тапсырма мазмұнды салалардан тиісті
танымдық салаларға енгізілген: «Білім», «Қолдану» және «Ойлау». Жаратылыстану
бойынша барлық тест тапсырмалары, математикадағы сияқты, үш ұқсас танымдық
сала бойынша бөлінген және «Биология», «Химия», «Физика» мен «География» атты
төрт мазмұнды бөлімге сәйкес келеді. Әрбір тараудың соңында барлық тест
тапсырмаларына жауап кілттері берілген.
Жинақ екі түрдегі тест тапсырмаларын қамтиды: жауап нұсқалары бар (multiple choice
questions) және еркін форматтағы жауапты талап ететін ашық сұрақтар (free response
questions). Тест тапсырмаларына литерлер қолданылды. Біріншісі танымдық саланы
(«Б» – «Білім», «Қ» – «Қолдану», «О» – «Ойлау»), екіншісі – пәнді көрсетеді. Мысалы,
«БМ8_01» – математика бойынша «Білім» саласындағы тапсырма, «ОМ8_60» –
математика бойынша «Ойлау» саласының тапсырмасы, «ҚЖ8_34» – жаратылыстану
бойынша «Қолдану» саласының тапсырмасы.





6

Бұл жинақ математика және жаратылыстану пәндері мұғалімдеріне дидактикалық


материал ретінде ұсынылады. Жинақтың тестілерін пайдалану білім сапасын
арттырудың және алдағы TIMSS циклдарында нәтижелердің табысты болуының
маңызды элементі болады деп үміттенеміз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет