Тыныс алу ағзаларына жалпы сипаттама



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата16.09.2023
өлшемі1.27 Mb.
#477727
1   2   3   4   5   6   7
ФАРМ

Aцетилцистеин (Бронхолитин, Мукосольвин, Мукобене, 
Мукомист, Туссиком және т.б.). Бұл дәрі цистеин амин 
қышқылының туындысы – муколитикалық тиімді зат, қақырықтың 
сұйылтуға және шығаруға әсерін тигізеді.
Ацетилцестеин жергілікті қабыну жүрістеріне ықпалы күшті. 
Сондықтан бұл созылмалы іріңді жұқпа ауруларға және жұқпалы-
аллергиялық, бактериялық ірің мен асқынған ауруларға да 
қолданып отырылады.
Бұны деммен қабылдауға болады, онда оны 2-5 мл 20% ерітіндісін 
күніне 3-4 рет беріп отырады, кейде кеңірдектің ішіне зондпен 1 
мл-ден 10% ерітіндісін сағат сайын созып береді, ал бұлшық етке 
егу ретінде 10% ерітіндісін күніне 2-3 реттен.
Rp.: Sol. Acetylcysteini 10%-2 ml
D.t.d. 
№ 10 in amp.
S. 2 мл-ден күніне 3 рет күніне
4-5 (2 жас балаларға).


Бромгексин (Бисольвон, Бронхотил, Муковин, Паксиразол, Сольвин, Флегамин 
және т.б.) түймедақ және драже түрінде мөлшері 4 және 8 мг-нан; сиропы және 
тамшысы 0,8% және 0,16% ерітіндісі 50 мл-ден 250 мл-ге дейін; 0,2% - 2 мл 
ампуласы бар.
Бұл дәрінің муколитикалық және қақырық айдайтын әсері бар. Бұның тағы бір 
қасиеті жергілікті сурфактанттың белсенділігін өндіріп отырады және аздап 
болса да жөтелді басады.
Сондықтан бұны қақырық шығару ретінде жедел және созылмалы бронхит 
кезінде, асқынған бронхоэктазада, жұқпалы-аллергиялық демікпеде, 
туберкулездің жеңіл түрінде, жедел және созылмалы пневмонияда 
қолданылады.
Бромгексинді көбірек қолданғанда аллергиялық және диспепсиялық 
бұзылыстар байқалуы мүмкін.
Бұны жүкті әйелдерге және бала емізіп жүргенде қолданбайды.
Rp.: Sir. Bromhexini 0,08% -250 ml
D.S. 2-3 шай қасықпен күніне 3-4 
рет.


Aмброксол (Амбробене, Амброгексал, Амбролан, Лазолван, 
Ласольван, Мукосольван, Халиксол, Фервекс от кашля т.б.). Бұл 
дәрі бромгексинге өте ұқсас келеді, ал айырмашылығы шала 
туылған баланың және олардың тыныс алу жетіспеушілінде 
жергілікті сурфактантты жақсы белсендіріп отырады.
Бұны балаларға 5 мл (15 мг) келесі мөлшерлерді жасына қарап: 2 
жасқа дейін 2,5 мл күніне 2 рет; 2 ден 5 жасқа дейін – 2,5 мл күніне 
3 рет; 5 жастан бастап – 5 мл күніне 2-3 рет. Ингаляция ретінде 5 
жасқа дейін 2 мл күніне 1-2 рет, ал 5 жастан әрі 2-3 мл күніне 1-2 
рет тыныс жолымен беріліп отырылады.
Rp.: Sol.Ambroxoli 0,75% - 100 
мл
D.S. 2-3 мл бүркуге күніне 2 рет.


Бронхыларды кеңейтетін препараттар
(бронхолитиктер).
Бронхолитиктер - бронхообструктивті синдромды емдеу үшін қолданатын дәрілер. 
Бронхообструктивті синдром деп адамдағы экспираторлық ентігу пайда болғанды атайды. Бұндай 
ентігу бронхылардын тегіс бұлшық етінің жиырылуынан, бронхылардын кілегей қабығының 
ісінуінен, және бронхы бездерінін секрециясы жоғарлауынан пайда болады. Бронхообструктивті 
синдром бронхиалды астма, обструктивті бронхит, бронхиолит және басқа да қабыну ауруларында 
кездеседі.
Бронхолитиктердін топтастырылуы.
Адреномиметиктер:
α,β-адреномимтеиктер: адреналин, эфедрин
β-адреномимтеиктер: изадрин,орципреналин
селективті β-адреномимтеиктер: салбутамол, беротек, тербуталин
М- холинотежегіштер:
- атропин
- ипратропий бромиді
-
Травентол
Спазмолитиктер:
- теофиллин
- эуфиллин
- кофеин
Мебраностабилизаторлар:
- интал
- кетотифен




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет