Өкпелер ретикулоэндотелиалды жүйеге жататындықтан қорғау қызметін атқарады. Өкпе алвеолаларында микрорганизмдерді, шаң тозаңды жұтатын көптеген макрофагтар болады
9. Өкпелер ретикулоэндотелиалды жүйеге жататындықтан қорғау қызметін атқарады. Өкпе алвеолаларында микрорганизмдерді, шаң тозаңды жұтатын көптеген макрофагтар болады.
Мұрын қуысы тыныс алу жолының бастапқы бөлігі бұл жерде ауа жылынып, ылғалданады, шаңнан тазарады.
Көмей ауаны өткізіп, ондағы дыбыс байламдары тербелісінің арқасында дыбыс түзеді.
Көмей ауаны өткізіп, ондағы дыбыс байламдары тербелісінің арқасында дыбыс түзеді.
Кеңірдек көмейден жалғасып 4-5 кеуде омыртқасының деңгейінде 2 бронхқа бөлінеді.
Оң және сол бронхтарды бөледі.
Тыныс алу жүйесі мүшелерінің дамуы
Сыртқы мұрын және мұрын қуысының дамуы бас қаңқасының висцералды бөлігінің, ауыз қуысының және иіс сезу мүшелерінің пайда болуымен байланысты.
Көмей, кеңірдек және бронхтардың дамуы ұрықтың алғашқы ішегінің өзгеруімен байланысты.
Алғашқы ішектің вентралды қабырғасында жұтқыншақ және тұлғалы ішек аралығы аймағында томпаю пайда болады. Ол вентралды- каудалды бағытта көмей-кеңірдек түтікшесі түрінде өседі
Түтікшенің жоғарғы ұшы жұтқыншақ бастамасымен қатысады, ал төменгі ұшы эмбриогенездің 4 аптасында оң және сол өкпенің бронхтары болатын томпаюларға бөлінеді.
Көмей-кеңірдек түтікшесінің проксималды бөлігінен көмейдің эпителиі және шырышты қабығының бездері дамиды, дисталды бөлігінен кеңірдектің эпителиі және бездері дамиды. Оң және сол томпаюлардан бронхтардың және өкпелердің эпителиі және бездері дамиды.
Көмейдің шеміршектері және бұлшықеттерінің бастамалары эмбриогенездің 4 аптасында пайда болады, көмей шеміршектері екінші және үшінші желбезек доғаларынан дамиды.