Тыныс алу жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері сұрастыру. Негізгі шағымдар



бет9/11
Дата28.09.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479076
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ПВБ дых каз

қосымша тексеру әдістері.
Лабораториялық тәсілдер :


Қақырықты зерттеуге алу ережесі.

Қақырық – жөтелгенде және қақырынғанда тыныс жолдарынан бөлінетін патологиялық секрет. Қақырықтың болуы барлық жағдайда тыныс жолдарындағы патологиялық процесті білдіреді. Сипатына қарай қақырық шырышты, серозды, іріңді және қанды болып бөлінеді.


Зертханаға таңертеңгілік қақырықты немесе тәулік ішіндегі қақырықты жібереді. Қақырықты тамақ ішкенге дейін (алдын ала науқас тісін жуып, ауызын шаю қажет) алу қажет. Қақырықты таза құрғақ шыны банкіге немесе қақпағы жабылатын арнайы қақырық жинайтын ыдысқа жинайды. Қақырық мөлшері 3-5 мл мөлшерінде болуы тиіс. Қажет жағдайда қақырықты арнайы зерттеулерге жібереді.
.
Қақырықты антибиотиктердің сезімталдығына зерттеу Науқас таңертең зарарсыздандырылған Петри ыдысына бірнеше рет қақырынады, қақырықты сол сәтте бактериологиялық зертханаға жеткізеді. Науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты көрсетілген, жапсырма қағазы бар ыдысқа жиналған қақырық зертханаға жеткізіледі.


Қақырықты атипиялық (ісік) жасушаларға зерттеу.
Жаңа бөлінген қақырықты қақырық жинайтын ыдысқа жинайды, сол сәтте зертханаға жібереді, өйткені ісік жасушалары тез арада бұзылады.


Қақырықты туберкулез таяқшаларына зерттеу.
Флотация әдісімен жүргізіледі. Тәулік ішіндегі қақырық зарарсыздандырылған түкіргішке жиналады. Егер қақырық аз бөлінсе, онда қақырық жинайтын ыдысты салқын жерде сақтап қақырықты 3 тәулік көлемінде жинайды.


Жағындыны қырылдауыққа зерттеу.
Жағындыны ауыз және мұрын қуысынан, сондай-ақ зақымданудың тән емес басқа жерлерінен (тері, көз, құлақ) ағаш таяқшаларына бекітілген құрғақ мақта тампонымен алады. Ашқарынға немесе тамақ ішкеннен кейін 2-2,5 сағат өткен соң алады. Жағынды жедел түрде зертханаға жеткізіледі.


Инструментальдық тәсілдерге жататындар :



  1. Рентгенологиялық тәсілдер – рентгеноскопия, рентгенография,

бронхография, флюорография, томография.

  1. Эндоскопиялық тәсілдер – трахеобронхоскопия, торакоскопия.

  2. Функциональдық тәсілдер – спирометрия, спирография, пневмотахометрия, пневмотахография.

Рентгенологиялық тәсілдер :


Адам денесі арқылы рентген сәулелері өткеннен экранда пайда болатын бейнені байқайтын тәсіл рентгеноскопия деп аталады.


Рентген сәулелері түскеннен пайда болатын бейнені фотографияға түсіру тәсілі рентгенография деп аталады.
Флюорография. Кеуде мүшелерінің рентгендік бейнесін кішкене фотосурет етіп түсіруді флюорография дейді, ол профилактикалық тексерулер кезінде қолданылады.
Бронхография – тыныс жолдарына жергілікті анестезия жасап, бронхтарға контрасты дәрі (йодолипол) жіберіп, өкпені рентгенге түсіреді. Томография - кеуде бетінен әр түрлі қашықтықтығы өкпенің рентген бейнесін суретке түсіру. Өкпе ішінде терең жатқан құрамдарды табуға мүмкіндік туғызады (өкпенің қатерлі ісігі, туберкулез кавернасы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет