Тыныс алу жүйесінің аурулары. Бронхиттер. Бронхит



бет97/105
Дата03.12.2023
өлшемі308.1 Kb.
#485263
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   105
Terapia

Клиникалық көрінісі. Сырқаттың ауыр түрі нәрестенің дүниеге келген кезінен байқалады: кефалогематоманың болуынан, кіндіктің тоқтаусыз қанауынан. Орташа ауырлықты гемофилияның белгілері баланың еңбектеген, жүре бастаған кезінен, ал жеңіл түрінің көріністері жасөспірім шақтан білінеді.
Нәрестелердің көбінеде туылған кезде кейде ғана қанағыштық байқалады. Қан кетулер балалар тәй-тәй басып жүре бастаған кезден болады. Балалардың ауызы, мұрыны қанайды, құлағаннан кейін денесінде, басында ірі гематомалар пайда болады. Қанның ұюмауынан гематомалар біртіндеп ұлғаяды. Жиналған қан бұлшықеттінің аралықтарымен, фасциялардың астымен жан-жаққа таралады және тамырларды, нервтерді, бұлшықеттерді басып, функцияларын бұзады, қатты ауырсынуды туғызады.
Дерттің басты көрінісі – гемофилиялық артропатия. Ең жиі тізе, шынтақ буындары зақымданады. Гемоартроз болмашы жарақаттан, аяқтың оқыс таюынан, салмақ түсуден пайда болады. Құйылған қанның көлемі жарақаттанудың дегейіне сәйкес емес. Қан құйылған кезде буын қатты ауырады, тез ісінеді, бетінде тері керіліп қызарады. Сонымен қатар дененің қызуы жоғарлайды, нейтрофильдік лейкоцитоз пайда болады, ЭТЖ биіктейді. Ем дұрыс жүргізілсе, бірінші рет дамыған гемоартроз ізсіз тарқайды. Кейін артропатиялар дамиды: буын өзгеріп, қызметі шектеледі.
Гемофилияның көрінісінде аса қауіпті – қанның ауыз, көмей қуысынан кетуі, әбден тоқтаусыз кеткенде, қанның асапирациясына жол бермеу үшін, трахеяны тез интубациялауға мәжбүр етеді. Геморрагиялық инсульт ешбір жарақатсыз өз-өзінен дамуы мүмкін.
Бүйректен жиі қан кету созылмалы пиелонефриттің және бүйрек шамасыздығының дамуына септігін тигізеді.
Қанның жалпы анализінде өзгерістер болмайды немесе анемия анықталады. Зәрдің жалпы анализінде гематурия, амилоидоз дамығанда протеинурия болады.Биохимиялық анализдерде айтралықтай өзгерістер болмайды.
Емі. Емдік шаралар қансыраудың механизіміне қарай жүргізіледі.
Геморрагиялық васкулиттерде - глюкокортикоидтық, цитостатиктік ем.С авитаминозында – аскорбин қышқылының үлкен дозаларын көк тамырға құю.
Тромбоцитопенияларда - преднизолон, бір айдан кейін әсер етпесе спленэктомия жасалады. Спленэктомиядан кейін науқастар толық сауығады. Жедел түрінде гормондық емнен кейін тромбоциттердің саны тез көбейеді, науқастар толық сауығады.
Гемофилия А- ның емінде VIII фактордың концентрациясы жеткілікті мөлшердегі қан перепараттарын қолданады - жаңа тоңазытылған, антигемофильдік плазманы.
Аса ауыр анемияда жуылған эритроциттерді аз-аздан құяды. Қансырау кезінде гемостаздық дәрмектерді енгізеді: аминокапрон қышқылын, протеаза ингибиторларын, дицинонды. Мұрынның қанауын тоқтату үшін мұрынның тампонадасын жасайды, андроксонды, аминокапрон қышқылын, гемостаздық губканы қолданады. Тампонаданы мақтамен жасаған тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет