Тыныс алу жүйесінің аурулары. Бронхиттер. Бронхит


Жедел жүрек жетіспеушілігі



бет45/105
Дата03.12.2023
өлшемі308.1 Kb.
#485263
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   105
Terapia

Жедел жүрек жетіспеушілігі


Жедел сол қарыншалық жетіспеушілік (жүрек демікпесі, өкпенің ісінуі) - жүрек-тамыр жүйесінің мүшелер мен ұлпаларды тиісті қан мөлшерімен қамтамасыз ете алмауы.
Себептері:
Артериальді гипертензия.
Миокард инфарктісі.
Аритмиялар.
Жүрек ақаулары.
Миокардиттер, эндокардиттер.
Кардиосклероз.
Клиникасы: Тұншығу ұстамасы көбінесе түнде ұстайды. Дем алуы да, шығаруы да қиындайды. Өлім үрейі пайда болады. Науқастың жағдайы қолайсыз, аяғын түсіріп отырады. Терісі көгеріп, суық тер басады, тыныс алуы жиілейді. Қызғыл түсті қақырықпен жөтел пайда болады. Жүрек демікпесі ұзарып, өкпе ісінуіне айналса, қызғылт түсті көпірген қақырық пайда болады. Пульсі жиілеген, қан қысымы себебіне қарай жоғары, қалыпты немесе төмен болуы мүмкін.
Жедел көмек: Бұл жағдайда шұғыл интенсивті терапия жүргізу керек:
Науқасты аяғын түсіріп ыңғайлап отырғызу керек.
Ылғалданған оттегіні 70 - 96% этил спирті немесе 10% антифомсилан ерітіндісі арқылы оттегін мұрын арқылы катетермен беру. Аяқ қолдарына жгут салу.
спирт немесе антифомсилан арқылы беру.
Қан қысымын өлшеу, ЖЖЖ, дем алу жиілігін бақылау.
7-10 минут сайын тіл астына 1 таблетка нитроглицериннен беру.
Мүмкіндік болса 1% -3мл нитроглицеринді 0,9% -200 мл натрий хлорид ерітіндісімен өте баяу енгізу (Қ/Қ бақыла).
Жүрекке венозды қан келуін азайту үшін көк тамырға жылдам 2-4 мл лазикс (фуросемид) енгізеді.
Наркотикалық анальгетиктер
- 1%-1 мл морфин,
- 0,1% -0,5мл атропин,
- 0,9% -10мл натрий хлорид ерітіндісін көк тамырға баяу енгіз (60 жастан асқан науқастарға морфиннің орнына 2% - 1мл промедол),
7. Нейролептоанальгезия - 0,25% - 2-4 мл дроперидол,
- 0,005% 1-2мл фентанилды көк тамырға,
- 0,9% -10 мл натрий хлорид ерітіндісімен (ҚҚ бақыла).
8. Өкпе ісінуінің ұстамасын басқаннан кейін науқасты терапиялық немесе кардиологиялық бөлімшеге жеткізу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет