Клиникалық көрінісі. Басты белгісі – іштің ауыруы, белді бұындырғандай, белдік тәрізді айналдыра ауыру,кейбірде тек арқа ғана ауырады. Әдетте, майлы, қуырған не өткір тағамды ішкеннен 40-60 минуттан кейін ауыру күшейеді. Аурудың өршу кезінде ұйқыбездің өз ферменттерімен қорытылуы болады, сондықтан қатты ауырады, тамақ ішпесе сөлдің бөлінуі азайып, ауырсыну басылады. Науқастардың көбі , тәбеті тартса да, тамақ ішуден бас тартып, арықтайды. Науқастар шалқасынан жата алмайды, аяғын ішіне тартып бүйірінде немесе етпетінен жатуға мәжбүр болады.Спазмолитиктер әсер етпейді, тек анальгетиктер (наркотиктер) көмектеседі. Аурудың өршу кезінде диспепсиялық синдром пайда болады: гиперсаливация, кекіру, тәбеттің төмендеуі, майлы тағамнан жиіркену, іштің кебуі, жиі көп мөлшерде құсу, іштің өтуі, шаршағыштық, жұмысқа қабілеінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуы.
Тексергенде. Дене салмағының төмендеуі байқалады, тері тургорының төмендеуі, терінің қурғақтығы, шашпен тырнақтарының сыңғыштығы, еріндер бұрыштарының жарылуы.
Пальпацияда ұйқы без проекциясында ауырсыну, теріде қызыл нүктелер «қызыл нүктелер симптомы», терінің жоғары сезімталдығы анықталады. Іш құысына сұйықтық жиналуы мүмкін, кейде геморрагиялық, экссудативті плеврит, пневмония, нефрит,
тахикардия.
Лабораториялық және аспаптық зерттеудің нәтижелері.
Өршу кезінде лейкоцитоз, ЭТЖ-ның жоғарылауы және жедел фазалық белоктардың көбеюі байқалады.
Қан мен несепте ұйқыбез ферменттерінің ( диастазаның, липазананың) көбеюі.
Копрограммада – стеаторея, креаторея және нәжісте трипсиннің немесе химотрипсиннің азаюы.
Бездің эндокриндік жетіспеушілігінде гипергликемия анықталады.
УДЗ – бездің ұлғаюы,контурының бұдырлануы. Эхо тығыздығы жоғары, ошақтар,псевдокисталар жақсы анықталады.
Емі. 1. Диетотерапия. Оның мақсаты – ұйқыбездің секрециясын неғұрлым төмен деңгейде ұстау. Өршудің ауыр түрінде 2-3 күн науқасты аш ұстайды, «Боржоми», «Нарзан» тәрізді сілтілі минеральді суларды тәулігіне 6 стақаннан аз-аздап жұтқызып ішкізеді.Сырқаттың жағдайы дұрыстала келе және ремиссия кезінде диетада белокты 130-150 г/ тәул, жеткізеді.Тағамды суға пісіріп немесе бүға бұқтырып дайындайды. Тамақты аз-аздан тәулігіне 4-6 рет ішкізеді.
2. Дәрмектік ем. Ұйқыбез секрециысын тежейтін дәрілер:
- антацидтер (алмагель, фосфалюгель т.б.).
- Н2 –рецепторлардың блокаторлары (квамател 20 мг )
- холинолитиктер (гастроцепин, атропин, платифиллин)
- миолитиктер (но-шпа, галидор, одестон )
- ұйқыбезінің ферменттерінің ингибиторлары: пантрипсин 12-20 Б тәулікке 1-2 рет;
контрикал ( трасилол, цалол) 10-20 мың Б. тәулігіне 1-2 рет;
гордокс 100 мың Б. тәулігіне 1-2 рет.
- қабынуға қарсы антибиотиктер қолданады.
- сыртқы секреция шамасыздығын емдеу: Өт жоқ ферменттік дәрмектер: панкреатин, панкурмен, мезим-форте, креон.
Алдын алу. Майлы, құырған тағамдардан, ішімдіктен бас тарту. Дер кезінде өт болу жүйенің,асқорыту жүйенің ауруларын емдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |