Өкпе абсцесі – өкпе ұлпасының ошақты іріңдеп ыдырауы. Іріңді ошақ сау ұлпадан айқын шектеледі.
Өкпе гангренасы – өкпенің көлемді некрозы (өліеттенуі). Өліеттенген ұлпа сау ұлпадан шектеліп бөлінбейді.
Этиологиясы. Ауыз қуысын мекендейтін облигаттық анаэробтар (бактероидтар, фузобактериялар); некроздаушы инфекция (алтын сары стафилококк, клебсиелла, А топты стрептококктар,)
Бейімдеуші ықпалдар. Көбіне темекі шегетін, маскүнемдікке салынып суықта жиі қалған жасы 30-50 аралығындағы ер адамдарда кездеседі. Бас, көмей, ауыз қуысының жарақаттары мен аурулары, құсық пен аспирация, инсульт.
Өкпе абсцесінің клиникалық көрінісі. Ағымы бойынша өкпе іріндігінің екі кезеңін айырады: жарылмаған және жарылған.
Жарылмаған кезең. Кенеттен дене қызуының аса биіктеуі, қалтырау, жөтел, кеудеде ауырсыну, бастың қатты ауруы, бас айналу, ұйқы бұзылысы, терщеңдік, әлсіздік, тәбетінің жоқтығы, шөлдеу мазалайды. Перкуссиялық дыбыс тұйықталған, бронхтың тынысы әлсіз, тыныс алу қимылы қалыңқы, әлсіз құрғақ және ылғалды сырылдар. ЭТЖ өте жоғары көрсеткіште, лейкоцитоз, гемоглобин төмен. Рентгенде - инфильтрациялық өзгерістер.
Жарылған кезең. Ауру басталған соң, екі - үш аптадан кейін іріңдік бронхқа жарылады. Науқас дүркін-дүркін қатты жөтеліп «ауыз толтыра» сасық иісті қақырық тастайды, тәулігіне 100 мл ден 1 литр ге дейін. Жарылған іріңдік қуыстың тазалануын жылдамдатады. Егер қуыс іріңнен тазаланса, онда науқастың жағдайы жақсарады. Интоксикация және дене қызуы азайып, тәбеті көтеріліп, ЭТЖ төмендейді. Аускультативті тыңдағанда амфоралық тыныс, көптеген орташа және ірі көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенде - ішкі контуры тегіс және горизонтальді деңгейлі сұйықтығы бар қуыс анықталады.
Өкпе гангренасының клиникалық көрінісі. Ағымы өте ауыр халде өтеді, интоксикация өте жоғары деңгейде болады. Тыныс алу, зат алмасу, қан айналым процестері бұзылған. Асқынудың түрі – іріңді плеврит (эмпиема) болып табылады. Жиі өліммен аяқталады.
Емдеу. Негізгі принциптері: Стационарда емдеу, төсек тәртібі, № 15 емдәм - белок, витаминдерге бай жеткілікті түрде тамақтану, көп мөлшерде сұйықтық беру.
- Антибиотиктерді микрофлораның сезімталдығына байланысты көк тамырға жіберу.
- Абсцесті бронхқа және кеуде қуыс қабырғасы арқылы дренаждау.
парэнтеральді түрде ақуызды препараттарды (альбумин, протеин) енгізу.
- Тыныс алу гимнастикасы, оттегі терапиясы.
- Анаболикалық стероидтарды (ретаболил, неробол) тагайындау пайдалы.
- Хирургиялық ем – өкпе резекциясы.
Достарыңызбен бөлісу: |