Тыныс алу жүйесінің аурулары


Зат алмасу процесінің бұзылуынан



бет2/5
Дата14.06.2016
өлшемі1.15 Mb.
#134660
1   2   3   4   5

Зат алмасу процесінің бұзылуынан

болатын аурулар
Организмде заттардың алмасуларының бұзылуынан болатын мал ауруларын оттегімен емдеу туралы баяндамас бұрын жалпы зат алмасу процесіндегі оттегінің рөліне қысқаша тоқталып өтейік.

Қалыпты жағдайда өмір сүрудің негізі – организмді қажетті мөлшерде оттегімен қамтамасыз ету. Оттегінің қатынасуымен организмде жүретін зат алмасу процесі организмге қажетті энергияның көзі болып табылады (С.Е.Северин, 1959; К.П.Иванов, 1968 және басқалар).

П.А.Коржуев пен А.И.Опариндердің пікірлері бойынша біздің планетада жоғарғы сатыдағы өмірдің пайда болуы және эволюцияның ары қарай дамуы атмосферада қажетті мөлшерде оттегінің шоғырланып, оның биологиялық тотығу процесін іске асыруына байланысты көрінеді. Berkner мен Marshall (1965) жер шарындағы атмосферада ең алғашқыда оттегінің парциалдық қысымы 0,15 мм сынап бағанасында болған деп болжамдайды. Кейіннен ол қысымның көтерілуіне фотосинтез процесі әсер еткен көрінеді. Міне, осы процестің арқасында жануарлардың жаңа түрлерінің организмдері пайда болды. Олар организмге қажетті энергияны анаэробты тотығудан ондаған есе тиімді аэробты тотығу процесінен алды. Фотосинтез қазіргі кезде жер шарының атмосферасын оттегімен қамтамасыз ететін бірден-бір көз болып табылады.

Оттегі химиялық элементтердің арасында ең көп тараған элемент. Ол атмосферада әртүрлі қосылыстардың құрамына кіреді. Көбінесе байланысты түрде кездеседі: суда – 85,82 салмақ %; адамның денесінде – 65 % - дай; жер қыртысында – 47,2 % - ды құрайды. Атмосфералық ауада бос күйінде салмақ өлшемінде 23,15 %; ал көлемдік мөлшерде 20,93 % (1,5 х 10¹³т) болады.

Организмді энергиямен қамтамасыз ететін екі жүйе белгілі – гликолиз және тотығу процесі. Гликолиз процесінде көмірсутегінің ферментті ыдырауы оттегінің қатынасынсыз жүретін реакция. Ал биологиялық тотығу – тек қана оттегінің қатынасуымен және оны үнемі, тұрақты түрде пайдаланумен іске асатын процес. Оттегі организммен пайдаланылатындықтан ондағы заттардың тотығуы үшін оның организмге үздіксіз түсіп отыруы міндетті құбылыс. Оттегінің өзі тотықтыратын субстраттан электрон қосып алып, теріс ионға айналатын қасиеті бар. Ол ион өзіне сутегін қосып алады. Бұл реакцияларда жылу энергиясы бөлініп, ол энергия организммен бірден пайдаланылады. Егерде ол энергия химиялық болса, онда ол аденозинүшфосфор қышқылындағы, креатинфосфаттағы макроэргиялық фосфорлық байланыстардағы қосылыстарда шоғырланады.

Энергетикалық жағынан тотығу процесі гликолиз процесінен 18 есе тиімдірек болып келеді. 1 грамм-молекула глюкоза тотыққанда 38 макроэргиялық байланыстар пайда болады. Ол жуықтап алғанда 300 ккал бос энергияны пайдаланғанмен бірдей. Гликолизде тек екі фосфор байланысы түзіледі. Ол – 16 ккал энергияны құрайды.

Тотығу процесінде түзілетін соңғы өнім – ақырында организмнен бөлінетін көмірқышқыл газы мен су. Гликолиздің соңғы өнімі сүт қышқылы. Ол организмнен бөлінбейді, керісінше онда жинақталады. Ол тотығу жүйесінде ғана алмасу процесіне қосылып барып, көмірқышқыл газы мен су ретінде организмнен бөлінеді.

Организм үшін гликолиздің маңызы – онда оттегінің жеткіліксіздігі туындаған жағдайда, аз уақытқа болса да, организмдегі энергияны белгілі бір деңгейде ұстап тұру. Ол уақыт организм өзінің компенсаторлық механизмін іске қосып, қосымша оттегінің түсуін қамтамасыз етіп, метаболиттерді тотықтырып үлгеруі үшін қажет.

Сонымен, гликолиз бен тотығу – өзара тығыз байланыстағы, организмде энергияның түзілуінде басты рөль атқаратын екі процесс. Егерде заттың ыдырауының бірінші сатысы анаэробты түрде жүретін болса, онда ол заттардың ыдырауының екінші сатысы, толықтай көмірқышқыл газы мен суға айналу сатысы, тек қана оттегінің қатынасуы арқылы іске асады.

Дені сау организмде дем алу, жалпы және жергілікті қан айналу процестерінің өзгерулері, зат алмасу процесінің белсенділігі орталық жүйке жүйесімен реттеле отырып, әртүрлі жағдайда организмді қажетті мөлшерде оттегімен қамтамасыз етуді және көмірқышқыл газын организмнен уақыттында шығаруды іске асырады. Олар организмнің өмірлік жағдайын қамтамасыз ете алады. Бірақта, организмде ұзақ уақыт оттегі жетіспеген жағдайда оның компенсаторлық механизмі әлсірейді, зат алмасу процесі бұзылады, организмде толық тотығып-тотықсызданып үлгермеген заттар – метаболиттер шоғырланады. Мұндай жағдайда органимздегі барлық жүйелер мен ағзалардың қызметтері бұзылады, бірінші кезекте орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады (А.Ф.Панин, 1963; Н.Н.Сиротинин, 1963; Ван Лир, 1967).

И.Р.Петров, В.А.Неговскийлердің пікірлері бойынша организмге оттегінің түсуі толық тоқталған кезде организм 5-6 минуттың ішінде өлетін көрінеді. Осы уақыт ішінде организм өзінде бар оттегінің аз қорын пайдаланатыны экспериментті және клиникалық зерттеулер арқылы дәлелденген. А.М.Чарный, П.А.Коржуевалардың деректеріне сүйенсек, онда 70 кг салмақтағы адамда оттегінің қоры 2640 см³ болатын көрінеді. Оның 900 см³ - өкпелерде, 1160 см³ - қанда, 245 см³ - тіндердің сұйықтарында, 335 см³ - миоглобинде болады. Оттегінің осындай мөлшері, ол организмге сыртқы ортадан үздіксіз түсіп отырғанда, адамның өмірін қамтамасыз етуге толық жеткілікті. Организмге оттегі қажеттен тыс керек болған жағдайда компенсаторлық механизм іске қосылады. Олар:


  1. Сыртқы дем алу процесінің жоғарылауы;

  2. Жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметінің күшеюі;

  3. Оксигемоглобиннің диссоциациясының артуы;

  4. Тін дем алысының бедсендендірілуі.

Оттегінің негізгі алмасуы жүретін жер торшалардың митохондрийлері. Атмосфералық ауадан оттегі оған жеткенше бірнеше сатылардан өтеді - өкпелер, қан, тін торшалары. Олардан өту процесі қалыпты жағдай мен патологиялық жағдайларда әртүрлі болатыны сөзсіз.

Оттегінің тіндерге түсуі және тасымалдануы тек организмнің физиологиялық мүмкіншілігіне ғана байланысты емес, газдың физикалық заңдарына – кеңістікте орналасуына және сұйықтарда еруіне тікелей байланысты. Физиканың заңы бойынша әрбір газдың парциалдық қысымы сол газдың пайыздық мөлшері мен жалпы қысымға тура пропорционал екенін ескерсек, онда атмосфералық ауада қысым сынап бағынасы бойынша 760 мм болғанда, оттегінің парциалдық қысымы 0,21 х 760 = 159 мм болады. Оттегінң өкпелерге түсуі осы парциалдық қысымға тікелей байланысты. Оны жоғарыға көтерілгенде организмде болатын құбылыстармен дәлелдеуге болады. Мысалы, 5000 м биіктікке көтерілгенде жалпы қысым сынап бағынасымен 380 мм-ге төмендегенде, оттегінің парциалдық қысымы 80 мм болатын көрінеді. Осындай жағдайда, тіпті компенсаторлық механизм іске қосылса да, организмде гипоксия құбылысы дамитын көрінеді (И.Р.Петров, 1952; Н.Н.Сиротинин, 1963; Ван Лир, 1967).

Дем алыс кезінде атмосфералық ауа өкпелердің альвеоллалық кеңістігіне түседі де, ондағы су буы мен көмірқышқыл газымен араласады.Дальтонның заңы бойынша тұйық кеңістіктегі газ қоспаларының құрамындағы әрбір газдың түсіретін қысымы басқа газдың қысымына байланысты болмайды, өз қысымын түсіреді. Сондықтан да жалпы қысым әрбір газдың қысымдарының қосылысына тең болады. Біз қарастырып отырған жағдайда жалпы парциалдық қысым оттегінің, азоттың, су буының және көмірқышқыл газының парциалдық қысымдарының қосындысына тең. Қалыпты жағдайда көмірқышқыл газының парциалдық қысымы сынап бағынасы бойынша 40 мм болады. Ол қысым организмдегі метаболиттік процестің деңгейі мен өкпелердің желдетілуіне тікелей байланысты болады. Су буы 6,18 % - ды құрайды да, 37ºС температурада оның парциалдық қысымы сынап бағынасы бойынша 47 мм болады. Азоттың қысымы 570 мм болса, онда оттегіне 103 мм-ге тең қысым қалады.

Оттегінің дем алатын атмосфералық ауадан өкпе альвеоллаларына жету жолының бірінші сатысыда-ақ оның парциалдық қысымы едәуір төмендейді. Ал өкпелердің желдетілуі қиындай түскен жағдайда ол қысымның төмендеуі үдей түседі де қанға түсетін оттегінің мөлшері азаяды – гипоксемия. Ауру малдардың дем алысы жиілегенде өкпе альвеоллаларының желдетілуі нашарлайды. Мысалы, минуттық желдетілу көрсеткіші 6 л болғанда, минутына 10 рет дем алатын малдың өкпе альвеоллаларының желдетілуі 4,6 литрге тең болады. Ал минутына 20 рет дем алған малда ол көрсеткіш 3,2 литрге тең. Минутына 10 рет дем алғанда өкпелерге 460 мл ауа түседі (600 – 140 = 460), ал 20 рет дем алғанда ол көрсеткіш 160 мл-ге тең (300 – 140 = 160) (Е.Б.Бабский , 1966).

Егерде альвеолярлық желдетілу жеткіліксіз болса, онда альвеолладағы оттегінің сіңуі арта түседі. Ондағы оттегінің парциалдық қысымы төмендейді. Ал жалпы қысым азот пен көмірқышқыл газының қысымдары арқылы реттеледі. Альвеолла ауасы мен артерия қанындағы көмірқышқыл газының парциалдық қысымының жоғарылауы орталық жүйке жүйесіндегі дем алу орталығының қызметін қуаттандырады да, ауру малдың дем алысы жиілей түседі (Л.Л.Шик, 1958; Haldane, Priestley, 1937; Ван Лир, 1967).

Көптеген авторлардың пікірлері бойынша организмдегі қан айналу процесі мен газ алмасу процестерінің арасында тығыз байланыстың бар екендігі ертеден белгілі қағида. Гипоксемия кезінде организмде толық тотығып-тотықсызданып үлгермеген метабоиттер көптеп шоғырланады. Оны қалпына келтіру үшін организмге қосымша түрде оттегін жеткізу керек екендігі туындайды. Бұлшық еттер қатты жұмыс істегенде организмде шоғырланатын сүт қышқылы оттегімен дем алдырғанда тез арада қалыпты жағдайына келетіндігі тәжірибе жүзінде дәлелденген.



Бильшовский мен Таддеа иттердің организмінде зат алмасу процесінің бұзылуының кейбір түрлерін оттегімен дем алдыру арқылы емдеп байқаған. Өздерінің байқауларын қанда кетон заттары көп шоғырланатын жағдайларда жүргізген. Алынған нәтижелерін төменгі кестеде келтіріп отырмыз.

8 – ші кесте

Қандағы кетон заттарының көрсеткіштері

Аурудың диагнозы

Зерттелген мерізімі

рН


Ацетон

(мг %)


ß-май тотығы қышқылы

(мг %)


Қант диабеті

Оттегін бергенге дейін

« бергеннен кейін



7,26

7,27


8,7

7,4


35,0

31,5



Холемия

Оттегін бергенге дейін

« бергеннен кейін



7,23

7,40


1,3

1,2


4,2

3,1


Бауыр циррозы

Оттегін бергенге дейін

« бергеннен кейін



7,35

7,43


1,3

1,7


5,6

5,6


Бауыр комасы

Оттегін бергенге дейін

« бергеннен кейін



-

-


2,8

2,5


11,0

8,2


Сүйек дистрофиясы

Оттегін бергенге дейін

« бергеннен кейін



7,28

7,32


4,6
4,3

12,8

11,5


Кестедегі өзгерістерге көз жүгіртсек оттегімен дем алдыру аталған ауруларда организмде шоғырланған кетон заттарының жылдам тотығып үлгеретінін байқаймыз. Авторлардың пікірі бойынша бұл процесс неғұлым кетон заттары көбірек болса, солғұрлым тиімдірек болатын көрінеді.

Біз өз тәжірибемізде бұзаулардың тыныс алу, жүрек-қан айналу және қан жүйелерінің ауруларында қандағы кетон заттарының оттегімен емдегенге дейінгі және емдегеннен кейінгі өзгерістерін анықтадық. Алынған нәтижені төменгі кестеде келтіріп отырмыз.
9 – шы кесте

Бұзау қанындағы кетон заттарының көрсеткіштері




Аурудың диагнозы

Оттегімен емдегенге дейінгі кетон заттары

(мг %)


Оттегімен емдегеннен кейінгі кетон заттары

(мг%)


Бронхопневмония

7,54 ± 0,86

3,40 ± 0,21

Перикардит

8,81 ± 1,0

3,16 ± 0,17

Анемия

10,0 ± 1,7

3,50 ± 0,34

Бұзаулардың ауруларын клиникалық белгілеріне және лабораториялық зертеулердің нәтижелеріне сүйене отырып анықтадық. Сондай-ақ, өкпелері ауырған бұзауларды рентген арқылы, жүрегі ауырған бұзауларды фонокардиография жазып, оны талдау арқылы зерттеуімізді толықтырып отырдық. Кестеде көрсетілгендей аурудың барлық түрлерінде де қанда кетон заттарының мөлшерінің жоғары екендігі байқалады. Ауру бұзауларды кешенді түрде оттегімен байытылған ортада, ғылыми тұрғыда таңдап алынған дәрілік заттарды шашыратып, онымен ауру бұзауларды дем алдыру арқылы емдедік. Ол туралы тиісті тарауда толығырақ баяндайтын боламыз. Емдегеннен кейінгі алынған нәтижелер, өзіміз зерттеп анықтаған, дені сау бұзаулардың көрсеткіштеріне сәйкес келеді. Біздің болжауымызша, кешенді түрдегі емнің құрамындағы оттегі кетон заттарының ақырғы заттарға дейін толық ыдырауына мүмкіндік туғызады да, бірге қолданылған дәрілік заттардың тиімділігін арттырады.

10 – шы кесте

Бұзау қанындағы қанттың көрсеткіштері




Аурудың диагнозы

Оттегімен емдегенге дейінгі қанттың мөлшері (мг %)

Емдегеннен кейінгі қанттың мөлшері (мг %)

Бронхопневмония

60,6 ± 3,7

71,0 ± 6,65

Перикардит

64,6 ± 9,3

79,6 ± 10,1

Анемия

57,5 ± 5,6

67,0 ± 6,7

Өзіміздің жағдайдағы малдың күтіміне байланысты дені сау бұзаулардың қанындағы қанттың мөлшері 71,5 – 96,0 мг % аралығында болды. Бұл көрсеткіш бронхылары мен өкпелері қабынып ауырған бұзауларда 60,6 ± 3,7 мг % ; жүректің сыртқы қабының қабынуында 64,6 ± 9,3 мг % ; қансырау анемиясында 57,5 ± 5,6 мг % болды. Алынған нәтижелерге қарағанда біз зерттеген барлық ауруларда қанттың мөлшері сау бұзаулардың көрсеткіштеріне қарағанда кестеде келтірілген реттері бойынша 15,3 %-ға; 9,7 %-ға; 19,6 %-ға кемігені байқалады. Оттегін қолдана отырып емдегеннен кейін ол көрсеткіштер ауру малдардікімен салыстырғанда сол реттері бойынша 17,2 %-ға; 23,2 %-ға; 16,5 %-ға жоғарылағанын байқаймыз.

Жоғарыда келтірілген екі мысалмен біз, өз зерттеулерімізде алынған нәтижелерге сүйене отырып, оттегімен емдеудің организмдегі зат алмасу процесіне оң әсер ететінін дәлелдедік.

Патогенездік терапия дегеніміз – макроорганизмге, көбінесе жүйке жүйесі арқылы әсер етіп, оның қорғану қабілеттілігі мен реактивтілігін жоғарылату үшін қолданылатын емдеу әдістерінің барлық түрлері. Патогенездік терапияның негізгі мақсаты, ауру процесінің негізіне жататын бұзылған физиологиялық процессті қалпына келтіру. Патогенездік терапияның аурудың себептеріне қарсы қолданылатын емдеу әдістерінен ерекшелігі бар. Патогенездік терапияға арнайы емес емдеу әдістері мен әдістемеліктердің көптеген түрлері жатады. Олардың қатарына: новокаинмен, тіндермен, протеинмен, физикалық әдістермен және басқа да аурудың дамуына қарсы әсер ететін дәрілік заттармен емдеу әдістері жатады.

Төменде Х.Г.Гизатуллин ұсынған патогенездік терапияның кешенді әдісінің жіктелуін ұсынып отырмыз:



  1. Аурудың себептеріне қарсы бағытталған арнайы емдеу әдістері:

    1. Жалпы емдеу әдістері:

      • қанның сары суымен емдеу (гипериммунды, реконвалесцентті қан сары суларымен);

      • химиялық терапия (емдік дәрілік заттармен, превентивтік, сақтандыру, сырттай емдеу, дегельминтизация жүргізу, сүт қышқылы бактерияларын қолдану, антибиотиктермен емдеу);

      • антибиотиктермен емдеу;

      • фаготерапия;

      • фитонцидтермен емдеу;

      • вакцинамен емдеу.

    2. Жергілікті емдеу әдістері:

      • радикалды операция жасау;

      • антисептикалық дәрілік заттарды қолдану.

  1. Функционалды-динамикалық және жүйке жүйесін реттеушілік емдеу әдістері:

      • санитарлық жағдай мен күтім тәртібі (диеталық азық, жақсы күтім, оқшаулап жеке ұстау, тыныштық);

      • аурудың белгілеріне қарсы күресу;

      • тітіркендіру, көңілін басқа жаққа аудару (скипидармен емдеу, қыша және банкі қолдану);

      • жүйке жүйесін сақтандыру мақсатында қажыту (новокаимен тежеу; физикалық әдістермен емдеу; бром, хлоралгидрат, морфин препараттарын қолдану);

      • қуаттандырушы, қалпына келтіру емдеу әдістері (физикалық әдістер, аэроионмен емдеу, протеинмен емдеу, лизаттармен емдеу, биогенді қуаттандырушы заттармен емдеу, Дорогов препараты – АСД, Богомолец препараты – АЦС-терді қолдану, қан құю);

      • оттегімен емдеу.

  2. Орын толтыру арқылы емдеу әдістері:

      • оттегімен емдеу;

      • қанмен емдеу;

      • ферменттермен емдеу;

      • гормондармен емдеу;

      • витаминдермен емдеу;

      • тұздармен емдеу.

Патогенездік, себепті-патогенездік емдеу әдістерінің әсер ету механизмін әртүрлі тұрғыдан түсіндіруге болады. Ауру организмдегі патологиялық тіндерде сау тіндерге қарағанда қозу процессі жоғары деңгейде екенін ескерсек, ол тіндердің тітіркендіруді қабылдауы да жоғары болатыны белгілі. Тітіркендіргіш заттар организмде аралық зат алмасу процессін өзгертеді және белокты ыдыратады, ол метаболиттер ағзалар мен мен тіндерде көптеген күрделі өзгерістер тудырады. Міне, осындай жағдайда қолданылған дәрілік заттардың әсері белоктардың ыдырауынан туындаған метаболиттердің екінші кезектегі тітіркендіруінен пайда болады. Сондай-ақ, аурудың себептерімен байланысты тіндердегі жүйке-дистрофиялық процесстер де бірталай аурулардың патогенезінің негізін құрайды.


А.В.Вишневский патогенездік емдеу тәсілдерінің тиімділігін қабыну процесінің патогенезімен тығыз байланыста зерттегенді дұрыс деп тұжырымдайды.

Қазіргі кездегі биологиялық, физиологиялық, клиникалық ғылыми деректерге сүйенсек кез келген патологиялық процесстің негізінде тіндердің қоректенуі мен жүйкелік реттеушіліктің бұзылуы жатыр. Жүйке жүйесінің күрделі рецепторлық аппараттары барлық тіндер мен ағзаларда орналасқан.

И.П.Павлов, М.К.Петров, К.М.Быков, А.Д.Сперанскийлердің қағидаларына сүйенсек, онда жүйке жүйесін қатты тітіркендіргенде дистрофикалық процесс дамиды және мал организмінде кері трофикалық реакция қалыптасады. Ал әлсіз тітіркендіру, керісінше – оң реакция тудырады. Осы қағиданы негізге ала отырып, А.В.Вишневский әлсіз тітіркендірудің қабыну процесінің әртүрлі кезеңдерінде, қабынған жерде, оң трофикалық өзгеріс тудыратынын дәлелдеген. Олай болса, патогенездік емдеу үшін қолданылатын әдістердің тиімділік негізінде, қабынған жерде оң трофикалық өзгерістер тудыру арқылы, жалпы организмде қажетті функционалдық өзгерістерді қалыптастыратын, жүйке жүйесін әлсіз тітіркендіру құбылысы жатыр.

Қорыта келгенде, организмде орталық жүйке жүйесінің қызметінің және кортико-висцералдық қарым-қатынастың физиологиялық және патологиялық жағдайларда өзгеру процестерін жете түсіну аурудың патогенездік емдеу әдістерін одан әрі жетілдіре түсуге кең жол ашады. Патогенездік, себептік-патогенездік емдеу әдістерінің ғылыми негізінде жүйке жүйесінің ағзалар мен тіндердің қоректенулерін реттеу, ондағы орталық нерв жүйесінің басты рөлі жатыр. Патогенездік терапия макроорганизмге орталық жүйке жүйесі арқылы әсер ететін, организмнің резистенттілігін жоғарылататын, аурудың даму процесіне қарсы белсенді түрде әсер ететін барлық терапевтикалық әдістерді қамтиды. Көптеген ауруларды арнайы емдеу әдістерімен (аурудың себептеріне қарсы күресу) қоса патогенездік емдеумен кешенді түрде жүргізгенде емдеу нәтижесінің тиімділігі жоғары болатыны нақтылы дәлелденген. Патогенездік терапияның аурудың даму процесіне әсері емдеу үшін жүргізілетін іс-шараның организмнің жүйке жүйесінің элементтеріне тітіркендіру арқылы әсер етуімен түсіндіріледі. Организмнің жүйке жүйесін тітіркендіру үшін қолданылған патогенездік дәрілік зат организм белоктарын ыдыратады, аралық зат алмасу процесінде елеулі өзгерістер тудырады. Соның салдарынан жалпы организмде әртүрлі реакциялар пайда болады. Қолданылған дәрілік заттардың ауру патогенезіне емдік тиімділігі жүйке-рефлекс механизмімен түсіндіріледі. Патогенездік терапияның негізінде А.В.Вишневский ұсынған жүйке жүйесін «әлсіз тітіркендіру» феномені жатыр.




ОӘК 042-14.4-02.-01.20.1/02. 2012

4.06.2012 ж. № 1 редакция

16 беттің 10-шы беті



7. Ветеринарияда жиі қолданылатын новокаинмен

тежеу әдістері.




16 – сурет. В.В.Мосиннің әдісі бойынша иненің бағыты. А – жылқы, Б – сиыр.

7.1. В.В.Мосин ұсынған эпиплевралды тежеу әдісі.

Бұл әдіс бойынша 0,5 %-ды новокаин ертіндісін плевра үсті клетчаткасына, оны қоршаған шекаралық симпатикалық нерв бағанасын және кеуде пердесінің аяқтарының алдыңғы жағында орналасқан ішкі нервтерді тежеу үшін жібереді.

Жылқылар мен ірі қара малдарына инені жіберу нүктесі соңғы қабырғаның алдыңғы шеті мен арқаның ұзын бұлшық етінің латералды шетінің түйіскен жері болып табылады. Алдымен сол жерге новокаинның 0,5 %-ды ертіндісін инфильтрациялық әдіспен сіңіреді. Ұзындығы 10-12 см, диаметрі 1,5 мм инені 30-35º бұрыштықпен, көлденең, қабырғаның алдыңғы шетіне параллель бағытта, кеуденің соңғы омыртқасының алдындағы омыртқаның денесіне тірелгенше еңгізеді. Содан кейін инені шприцпен қоса сагиталды жазықтықта 5-10º-қа бұрады. Сонда иненің үші омыртқаның денесінен аздап алшақтайды. Шприцтің поршеніне қысым түсіре отырып ертінді плевраның үстіңгі клетчаткасына еркін кіргенге дейін инені алға қарай жай жылжытып отырады. Ертінді еркін кірген жерге 0,5 %-ды новокаин ертіндісін 0,5 мл/кг мөлшерінде малдың екі жағына тең етіп бөліп жібереді.



ОӘК 042-14.4-02.-01.20.1/02. 2012

4.06.2012 ж. № 1 редакция

16 беттің 11-ші беті






17 – сурет. В.В. Мосиннің новокаинмен тежеу әдісінің үлгісі. 1 – инені енгізу бағыты,

2 – ерітіндіні жіберердегі иненің бағыты, 3 – үстіңгі бұлшық ет, 5 – омыртқа денесі.




Ұсақ малдарға қолдану әдісі де осы тәріздес. Онда малды бір жағына жатқызып бекітеді. Иттерге, қойға, ешкіге, түлкілерге 0,5 %-ды новокаин ертіндісін 2 мл/кг; мысық пен қояндарға 5-10 мл/кг мөлшерінде, екі жағына бірдей етіп бөліп жібереді.

Патологиялық процестің жіті түрінде бір рет, ал жітілеу және созылмалы түрінде 7-10 күннен кейін екінші рет жіберген жеткілікті.

Бұл әдістің тәжірибе жүзінде маңызы өте зор. Оны тек ауруды емдеу үшін ғана емес, сондай-ақ құрсақ қуысындағы ағзаларды жансыздандыру үшін де қолдануға болады. Ондай жағдайда ішкі ағзалар тек жансызданып қана қоймайды, оларда қан айналысы қалыптасады, құрсақ қуысының еттері босаңсиды, қан қысымы тұрақталынады, организмдегі ағзалар мен жүйелердегі өзгерген функциялар реттеледі. Операциядан кейінгі перитонит, атония құбылыстары байқалмайды. Новокаинмен тежеу әдісін өкпе, жүрек-қан тамырлары жүйесі, күйіс қайыратын малдардың алдыңғы қарыншақтарының, асқазанның, ішектердің, бауырдың, көк бауырдың, бүйректер мен бүйрек үсті бездерінің ауруларында; бұзаулар мен торайлардың диспепсиясында; малдың шуы уақытында бөлінбегенде, маститте, жыныс жолдарының ауруларында; тері аурулары мен жарақаттарда қолдануға болады.


7.2. Бүйрек маңайына (паранефралды) новокаинмен тежеу әдісі.

Бұл әдіс асқазанның, ішектердің, қуықтың, бауырдың, бүйректердің қабынуларында; акушер-гинекологиялық ауруларда; пішуден кейінгі асқынуларда; еркек малдардың жыныс мүшелерінің ауруларында; шаншуларда; алдыңғы қарыншақтардың атониясында; жарақаттар мен ойық жараларда қолданылады.




ОӘК 042-14.4-02.-01.20.1/02. 2012

4.06.2012 ж. № 1 редакция

16 беттің 12-ші беті

Бүйрек маңайын тежеу әдісінде ганглия алдыңғы және ганглиядан соңғы симпатикалық нерв талшықтары құрайтын «күн тәріздес» және бүйрек түйіндері ғана тежеліп қоймайды, сондай-ақ сол түйіндерге қатысы бар вагус талшықтары да тежеледі. Нәтижесінде ваго-симпатикалық эффект байқалады. Ал В.В.Мосиннің әдісінде тек симпатикалық эффект орын алады.


7.3. И.Я.Тихонин ұсынған белдеме тұсының жүйкелерін

(паранефралды) новокаинмен тежеу әдісі.

Алдымен инені еңгізетін нүктені анықтап, операциялық жерді дайындайды. Жылқыларда ол нүкте сол жақтағы ақырғы қабырға мен бірінші белдеме омыртқаның аралығында, омыртқа қанатының алдыңғы шетінде, арқа сызығынан 8-10 см төмен орналасқан. Ал ертіндіні оң жақ бүйрек маңындағы клетчаткаға жіберу керек болғанда инені 17-18-ші қабырғалардың аралығы арқылы, арқа сызығынан 10-12 см төмен қашықтықта еңгізеді. Иненің үшін алға және ішке қарай бағыттап, малдың жасына және қоңдылығына байланысты, 8-12 см тереңдікке еңгізеді.

Тежеу кезінде инені еңгізгенде оператор үш кедергіні сезінуі керек: бірінші – теріні тескенде; екінші – көлденең сіңірді тескенде; үшінші – төменгі көлденең еттің сіңір желісін тескенде. Осы үш кедергіден өткен иненің үші еркін шұңқырға түскен іспетті болады. Осындай сезім оның бүйрек маңайындағы майлы клетчатка аймағында екенінің белгісі. Инеден мандренаны шығарғанда онда қан болмауы керек. Содан кейін ғана 0,25 %-ды новокаинның жылы ертіндісі бар шприцті инеге қосуға болады. Иненің үші дұрыс, іздеген жерге орналасқанда ертінді аздаған кедергі арқылы жіберіледі. Ал кедергінің жоғары болуы екі жағдайда байқалады: иненің үші бүйрекке кіргенде (шприцте қан болуы мүмкін), онда инені ертінді еркін жүргенше еппен кейін қарай жылжытады және иненің үші етке тірелгенде (шприцте қан жоқ) , онда инені ертінді еркін жүргенше алға қарай жылжытады. Новокаинның 0,45 %-ды хлорлы натрий ертіндісінде дайындалған 0,25 %-ды ертіндісін 1 мл/кг мөлшерінде жібереді. Ертіндін жай жіберу керек. Ертіндіні жіберіп болғаннан кейін инеден шприцті босатады, инеге мандренаны еңгізеді, ине кірген тұстағы теріні саусақпен басып тұрып инені ақырындап шығарады. Терідегі иненің орнын йод тұнбасымен майлап, коллодиймен желімдейді.

ОӘК 042-14.4-02.-01.20.1/02. 2012

4.06.2012 ж. № 1 редакция

16 беттің 13-ші беті

И




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет