18 – сурет. И.Я.Тихониннің әдісі бойынша белдеме тұсының блокадасы. А – оң жағынан, Б- сол жағынан.
ттерге тежеу жасау үшін оны операциялық үстелге бір жақ жанына жатқызып бекітеді. Ертіндіні жіберу әдісі, оның концентрациясы мен мөлшері жоғарыдағыдай. Ертіндінің дозасын тең етіп бөліп, екі жағынан да тежеудің нәтижесі әлдеқайда жоғары.
Тежеу жасауда И.Я.Тихонин ұсынған қарапайым приборды қолданған қолайлы. Ол үшін 500 немесе 1000 мл сиымдылықты түбі жадағай колбаны алады да, оған бас жағы бүгілген, диаметрі 3-4 мм шыны түтікшені тығыны арқылы түбіне дейін жеткізіп орналастырады. Түтікшенің сыртқы үші ұзындығы 40-45 см болатын резина түтікшемен қосылған. Оған бір муфтасы 10-20 граммдық шприцпен қосылған Агали краны жалғастырылған. Агали кранының екінші муфтасы 45-50 см ұзындықтағы екінші резина түтікшесімен қосылған. Ол түтікшенің орта тұсында шыны түтікшеден бақылау терезесі орналастырылған. Оның бос үшіне инемен қосу үшін конюля еңгізілген. Новокаин ертіндісін колбаға құйып, жеке, қайнату арқылы зарарсыздандырады. Содан кейін прибордың бөліктерін жалғастырады. Тежеу аймағына еңгізілген инені резина түтікшесіндегі конюлямен қосады. Одан кейін Агали краны арқылы колбадан шприцпен 100 мл\мин жылдамдықпен ертіндіні ине арқылы тежелетін аймаққа жібереді. Ұсақ малдарға 20-граммдық шприц қолданылады.
ОӘК 042-14.4-02.-01.20.1/02. 2012
|
4.06.2012 ж. № 1 редакция
|
16 беттің 14-ші беті
|
19 – сурет. И.Я.Тихонин мен М.М.Сенькин ұсынған бүйрек маңайының блокадасы. 1,2 – сол және оң жақ бүйректер, 3 - арқаның ұзын бұлшық еті, а және б – инені енгізетін нүкте.
7.4. М.М.Сенькин ұсынған белдеме тұсының жүйкелерін
(паранефралды) новокаинмен тежеу әдісі.
Бұл әдіс бойынша новокаинмен тежеуді малдың оң жағына жасаған қолайлы. Ол үшін малды станокқа бекітіп, ине еңгізетін операциялық жерді дайындайды. Инені ақырғы қабырға мен бірінші белдеме омыртқасының қанатының аралығы немесе бірінші және екінші белдеме омыртқаларының қанаттарының аралығы арқылы, омыртқа қанаттарының үшінен орталық арқа сызығына қарай 1,5-2 см қашықтықта еңгізеді. Инені төмен, аздап ішке қарай бағыттап, малдың жасы мен қоңдылығына байланысты, 8-11 см тереңдікке еңгізеді. Иненің үші кеуде пердесінің аяқтары мен сіңір қапшықтары арқылы өткенде тырс еткен дыбыс сезіледі. Одан кейін де инені 1,5-2 см-дей ары қарай жылжытып барып 0,25 %-ды новокаин ертіндісін 1 мл/кг мөлшерінде жібереді. Қажет болған жағдайда 7 күннен кейін қайталауға болады.
Ірі қараның оң жақ бүйрегі көбінесе бірінші және екінші белдеме омыртқаларының қанатарының аймағында орналасады. Краниалды шеті соңғы қабырғаның алдыңғы жағында бауырмен шектеседі, ал каудалды шеті – үшінші белдеме омыртқасының қанатының деңгейіне дейін барады. Латералды шеті – бірінші және екінші белдеме омыртқаларының қанаттарының үшінен 2-3 см шығыңқы болады.
Ірі қараның сол жақ бүйрегінің ұзын шажырқай бауы бар. Міне, соның салдарынан ол бүйрек малдың месқарнының толу деңгейіне байланысты әртүрлі жерде орналасады. Месқарын асқа толы болғанда бүйрек оңға қарай ығыстырылады да, 2-5 белдеме омыртқаларының денесінің астында
ОӘК 042-14.4-02.-01.20.1/02. 2012
|
4.06.2012 ж. № 1 редакция
|
16 беттің 15-ші беті
|
орналасады. Сондықтан да ірі қараға тежеуді тек оң жағынан жасаған қолайлы.
Қойлар мен ешкілерге бұл тежеуді Г.В.Мартыновтың әдісімен жасаған дұрыс. Ол үшін бірінші және екінші белдеме омыртқаларының қанаттарының арасы арқылы, олардың үшінен 1-1,5 см ішке қарай ығысып барып инені еңгізеді. Инені омыртқа қанатына тірелгенше еңгізеді де, одан аздап ығыстырып барып 1,5-2 см тереңдікке еңгізеді. Иненің үшінің дұрыс орналасқанын тексеріп барып, малдың салмағына байланысты, 40-60 мл мөлшерінде 0,25 %-ды новокаин ертіндісін жібереді.
Н.А.Уразаев ұсынған ірі қара малының мойын тұсындағы жұлдызша нерв түйінін новокаинмен тежеу әдісі.
15 – сурет. Сиырдың жұлдызды түйінін
новокаинмен тежеу әдісі. 1 – новокаин
ерітіндісін жіберетін жер.
Автор бұл әдісті бұзаулардың өкпе ауруларын емдеу үшін қолданған. Ол үшін бұзауды тұрған бойында бекітіп ұстап, тежеу жасайтын жақтың алдыңғы аяғын мүмкіндігінше артқа қарай тартып ұстайды. Сипалау арқылы 6-шы мойын омыртқасының көлденең қанатының үшін табады да, одан 3-4 см төменірек жерде ине еңгізетін нүктені анықтайды. Иненің үшін артқы жаққа қарай бағыттап, бұзаудың қоңдылығына қарай, 3-8 см тереңдікке еңгізеді. Новокаин ертіндісін 0,45 %-ды хлорлы натрий ертіндісінде дайындайды. Тежеу үшін новокаинның 0,25 % ерітіндісін қолданады.
-
Тыныс алу жүйесінің ауруларын емдеу
Бұзаулардың бронхылары мен өкпелерінің қабаттаса қабынуы олардың 1 – 2 айлық жастарында жиі кездеседі. Әсіресе туа салысымен диспепсияға ұшыраған бұзаулар осы жаста бронхопневмониямен ауырғыш келеді. Ауру алдымен жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынуынан басталып, ары қарай бронхыларды қамтиды да, көп ұзамай өкпе альвеоллаларының қабынуымен асқынады. Егерде ауруды уақытында анықтап, дер кезінде тиімді емдеу шарасын қолданбаса, онда ауру созылмалы түріне айналады. Асқынғын кезде іріңдеп, кей кезде шіру процесіне дейін баруы мүмкін. Мұндай жағдайда емнің қонуы қиындайды, аяғында малдың өлім-жітімге ұшырауына апарып соғады.
Бұзаулар туғаннан кейін 25-45 күндік жасында олардың организмінде зат алмасу процесінің төмендеуі байқалады. Ол тыныс алу жүйесінің қызметінің жеткіліксіздігін тудырады. Оны болдырмау үшін салмағы жылдам өсетін төлдің организмін оған қажетті керек қоректің заттармен қамтамасыз ету қажет. Олай болмағанда тыныс алу жолдарының ағзаларының қызметтерінің жеткіліксіздігінен өкпе альвеоллаларында оттегін сіңіру және көмірқышқыл газын бөліп шығару процесі бұзылады. Организмде қалыпты түрде зат алмасу процесін қамтамасыз ету үшін қажетті энергияның түзілуі нашарлайды. Міне, осылай, төлдердің салмағының жылдам өсуі олардың тыныс алу жүйесінің қызметтерінің қайшылықтарын туындатады.
Бронхопневмониямен ауырған бұзаулардың тәбеті төмендейді, кейде тіпті азақ қабылдамай көбінесе жата береді. Жүндері ұйпаланған, арқасы күдірейіп, басы салбырап, сыртқы ортаға реакциясы нашарлайды. Дененің ыстығы көтерілуі мүмкін. Тыныс алуы мен қан тамырының соғысы жиілейді. Танау қуысынан бастапқыда сұйық, артынан қоймалжың ақпаның аққаны байқалады. Тыңдағанда везикулярлық дыбыстың қатайғаны, артынан сырылдың пайда болғаны анықталады. Аурудың бастапқы клиникалық белгілері біліне бастаған кезде қам жасау керек. Ондай малдарды бөліп алып жеке жағдай туғызады. Жарық, таза, желдетілген бөлмеге орналастырады, таза сумен, толыққанды рационмен қамтамасыз етеді. Тиімді емдеу үшін қолайлы деген оттегімен емдеу әдісін қолдана отырып, этиотропты, симптоматикалық, организмді қуаттандыратын емдеу әдістерін ғылыми тұрғыда дәлелдеп тағайындаған дұрыс.
Оттегімен емдеу әдістерінің ішінде оны тыныс алу жолдары арқылы дем алдырып немесе құрсақ қуысына жіберу арқылы емдеуді ұсынған болар едік. Ең қолайлысы оттегімен байытылған ортада (34-60 %) ғылыми тұрғыда таңдап алынған дәрілік заттардың қоспасын шашырату арқылы емдеу әдісі.
Ауру бұзаулардың қанын лабораториялық тексергенде, аурудың жіті түрінде оның құрамындағы ақ және қызыл қан түйіршіктерінің көбейгені анықталады. Қышқылдығы жоғарылайды, диспротеинемия анықталады. Гемоглобиннің мөлшері төмендейді. Тыныс алу көрсеткіштерін тексергенде организмде оттегінің жеткіліксіздігінің белгілері байқалады: минуттық дем алыс мөлшері, терең дем алу көрсеткіші, оттегін сіңіру және көмірқышқыл газын бөлу, дем алу мен оттегін пайдалану коэффициенттері нашарлайды, ал дем алу эквиваленті жоғарылайды. Міне, осындай жағдайда тиімді әсер ететін дәрілік заттардың қоспасын оттегімен байытылған ортада золь ретінде бірден қабынған жерге жеткізу ең тиімді емдеу әдісі болып саналады.
Өз тәжірибемізде жоғарыда келтірілген көрсеткіштердің емдеуден кейін тексергенде қалыпты жағдайға қарай бейімделіп өзгеруі кешенді түрде қолданылған емдеу әдісінің тиімді екенінің дәлелі.
Малдардың тыныс алу жүйесі мен жүрек-қан тамырлары жүйесінің арасындағы функционалдық байланыстың тығыз болуы соншалық, көптеген зерттеушілердің деректері бойынша, ол екі жүйе тіндерде жүретін дем алу, тотығу-тотықсыздану процестеріне бірдей қатынасатын көрінеді.
Осы мәселеге байланысты жүргізілген зерттеуімнің нәтижесін «Вестник с/х науки Казахстана» жұрналында жарияладым. Онда бұзаулардың минуттық дем алу мөлшері мен терең дем алу көрсеткішінің жүрек фонокардиограммасындағы жүректің соғу және систолалық көрсеткіштерімен орта дәрежедегі керісінше корреляциялық байланыста болатыны көрсетілген. Бұл деректер екі жүйенің байланысында егер біреуінің қызметі нашарлап бұзылса, онда екіншісі функциясын күшейтіп, организмдегі жетіспеушіліктің орнын толтыруға тырысатынын дәлелдейді. Егерде екі жүйенің қызметтері қатарынан бұзылған болса, онда тіндердегі тыныс алу процесі күрт нашарлайды. Мұндай жағдайда өкпе-жүрек функцияларының жеткіліксіздігінен организмдегі зат алмасу процесіне өте қажет оттегінің жеткіліксіздігі – гипоксия құбылысы қарқынды түрде дамиды.
Осындай жағдайға ұшыраған малдардың жүрек қызметін фонокардиограмма арқылы тексергенде жүрек соғысының жиілеп, жүрек циклі мен диастоллалық уақытының қысқарғанын, ал систоллалық көрсеткіштің уақытының ұзарғанын байқаймыз. Ауру малдарды кешенді түрде емдегеннен кейін фонокардиограмманың бұл көрсеткіштерінің қалыпты жағдайға қарай бейімделіп өзгергенін көреміз.
Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайлары организмнің жалпы резистенттілік қабілетін нашарлатып организмнің ауру тудыратын себептерге қарсы тұру механизмдерін әлсіретеді. Мұндай жағдайға жақсы күтімде болмаған аналық малдардан алынған гипотропиктер жиі ұшырайды.
Қалыпты жағдайда организмге ешқандай зиянсыз микроорганизмдер – сапрофиттер, организмнің резистенттілік қабілеті нашарлаған кезде патогендік қасиет білдіре бастайды. Бұл аурудың негізгі себептеріне қосымша фактор ретінде ауруды одан әрі асқындыра түседі. Сондықтан да аурулардың алдын алуда және бола қалған жағдайда дұрыс емдеуде организмнің өзін өзі қорғау процесін жақсартуға көңіл аудару керек.
Бұзаулардың өкпе ауруларына неғұрлым ертерек диагноз қою үшін малды тексеруді жан-жақты жүргізген дұрыс. Оған анамнезді дұрыс жинау, клиникалық және лабораториялық зерттеулерді тиянақты түрде жүргізу, мүмкіндік бар жерде арнайы зерттеу әдістерін (ЭКГ, ФКГ, рентгенография, рентгенограмма, ауру мал организміндегі микроорганимздердің белсенділігін анықтау және т.б.) пайдаланып, оған дұрыс интерпретация жасай білу әдістері жатады. Өзіміз жүргізген ғылыми зерттеу жұмыстарында осы аталған әдістердің барлығын пайдаландық және оларға дұрыс талдау жасауды жете меңгердік.
Бұзаулардың ауруын анықтағаннан кейін олардың бронхопневмонияның жіті түрімен ауыратын бұзауларынан 3 топ топтастырдық. Әрбір топта тәжірибе және бақылау топтарын қарастырдық.
-
Бірінші тәжірибе тобындағы бұзауларды таңдап алынған дәрілік заттардың ерітіндісін ауа қысымы арқылы золь ретінде шашаыратып, сонымен дем алдыру арқылы емдедік. Ал бақылау тобындағы бұзауларға дәрілік заттар золь ретінде емес анықтамада көрсетілген әдістермен берілді;
-
Екінші тәжірибе тобындағы бұзауларға дәрілік заттардың ерітіндісі оттегінің қысымы арқылы шашыратылып, дем алдыру арқылы емделді. Бақылау тобында оттегі қолданылған жоқ;
-
Үшінші тәжірибе тобындағы бұзауларға таңдап алынған дәрілік заттарға қосымша иммуномодулятор ретінде тимоген препараты қолданылды. Бақылау тобы тимоген препаратын алған жоқ.
Қолданылған дәрілік заттардың құрамы: белсенді антибиотик, норсульфазол, үшвитамин, глицерин.
Дәрілік заттарды ауа қысымы арқылы шашыратып емдеу (АЗТ) Ю.В.Головизниннің (1983), ал дәрілік заттарды оттегі қысымы арқылы шашыратып емдеу (ОЗТ) В.Н.Квятковскийдің (1990) әдістері бойынша жүргізілді. Бұл екі әдісте де САГ-1 генераторы қолданылды. Бірінші әдісте қажетті ауа қысымы СО-7А компрессоры арқылы алынды. Екінші әдісте оттегінің қысымы редуктор арқылы қысымы төмендетілген оттегінің баллонынан алынды.
Жалпы тәжірибеде АЗТ тобында 153/40 бас, ОЗТ тобында 292/137 бас, тимоген қолданған топта 136/62 бас бұзаулар болды. Емдеу нәтижесінде оның тиімділігі АЗТ тобында 92,8/87,5 %; ОЗТ тобында 94,9/87,6 %; тимоген қолданған топта 98,5/87,8 % болды. Бөлшектің бөлімінде бақылау тобындағы бұзаулардың саны мен емдеу нәтижесінің тиімділігі көрсетілген.
Бұл көрсеткіштер тәжірибе топтарындағы бұзаулардың аурудан жазылу пайызы әлдеқайда жоғары екендігін көрсетеді. Ол көрсеткіш тәжірибедегі АЗТ тобында бақылау тобының көрсеткішіне қарағанда 5,3 %-ға; ОЗТ тобында 7,3 %-ға; тимоген қолданған топта 10,7 %-ға жоғары.
Жалпы 3 емдеу әдістерінің нәтижелерін салыстырғанда тимогенді кешенді түрде қолдану арқылы емдеу әдісінің тиімдірек екендігі байқалады. Ол әдіспен емдеу біз жүргізген тәжірибеде АЗТ тобындағы нәтижеден 5,7 %-ға; ал ОЗТ тобындағы нәтижеден 3,6 %-ға жоғары болды.
Қорыта келе айтарымыз, жоғарыда келтірілген 3 емдеу әдістері де бұзаулардың өкпелерінің қабынуының жіті түрін емдеу үшін өте пайдалы әдістер екені сөзсіз. Солардың ішінде организмнің иммундық қабілетін жоғарылату үшін ұсынылатын дәрілік заттарды кешенді түрде пайдалану қазіргі кезде шағын шаруашылықтарда істеп жүрген мал мамандарының өз тәжірибелерінде каеңінен қоданылатын емдеу әдістері болар деген ойдамыз.
Жүрек-қан тамырлары және қан жүйелерінің
ауруларын емдеу
Көптеген зерттеушілердің деректеріне сүйенсек жүрек-қан тамырлары мен қан жүйелерінің ауруларында жүректің өзінің қан айналу процесі бұзылатындықтан жүрек қызметінің жеткіліксіздігін тудыратын көрінеді.
Осы қағидаға сүйене отырып, жүректің сыртқы қабының қабынуында және қан жүйесінің ауруы – анемияда жүрек қызметінің жеткіліксіздігінің даму механизмін және оған оттегімен қоса кешенді түрде емдеудің әсерін зерттедік. Экспериментте 7 бас ірі қара малы болды. Аурудың диагнозын тиянақты түрде жиналған малдар туралы мәліметке, аурудың клиникалық белгілеріне, лабораториялық және арнайы зерттеулердің көрсеткіштеріне сүйене отырып анықтадық. Арнайы зерттеулерден фонокардиограмманы жазып, талдау және рентген арқылы зерттеулерді пайдаландық.
Анамнез жинағанда әсіресе малды азықтандыру мәселесіне көп көңіл бөлдік. Онда мал азығы престеліп, сым темірмен байланған тюкті шөптен, аралас жемнен тұратынына көз жеткіздік. Бұл мал азығы толық қанды азық емес екенін, әсіресе минералды заттардың жеткіліксіз екендігін дәлелдейді. Ауру малдың жалпы жағдайы нашар, арқа тұсы күдірейген, басқа малдардан жеке тұрғаны байқалады. Жүні ұйпаланған, көзге көрінетін кілегей қабықтары бозарған, көкшіл түсті. Жүрек түрткісі әлсіз, жайылыңқы. Жүрек саздары алыстан әрең естіледі. Жүректің шекарасы ұлғайған, соққылағанда, нұқығанда ауырсынғандық байқалады. Мойын көк тамыры білеуленіп білініп тұр. Тыңдағанда перикардтың тұсында әлсіз шуыл естіледі. Дем алысы аздап жиілеген, қатқыл везикулярлы дыбыс естіледі. Месқарын жиырылмайды, ішектердің жирылуы әлсіз, күйіс қайыруы тұрақты емес. Зәр сирек бөлінеді және аз мөлшерде.
Сыртқы газ алмасу процесін тексергенде минуттық дем алу көрсеткіші 17,9 %-ға; оттегінің сіңуі 21,4 %-ға; көмірқышқыл газының бөлінуі 18,6 %-ға; оттегін пайдалану коэффициенті 3,9 %-ға төмендегені анықталды.
Сыртқы газ алмасу процесінің бұлай өзгеруі организмде оттегінің жеткіліксіздігін дәлелдейді.
Жүректің сыртқы қабының қабынуында және анемияда қанды зерттей келе төмендегідей көрсеткіштерді анықтадық.
7 – ші кесте
Перикардитпен ауырған бұзаулардың қан көрсеткіштері (n = 7)
Зерттелген анықтамалар
|
Көрсеткіштер Емдегеннен кейін
|
Эритроциттер, 10 ¹²/л
|
7,5 ± 0,97 7,8 ± 0,9
|
Лейкоциттер, 10 9/л
|
14,4 ± 1,4 8,8 ± 0,6
|
Гемоглобин, Сали бірлігі
|
65,5 ± 10,7 58,0 ± 3,6
|
Ацетон заттары, мг %
|
8,8 ± 1,0 3,2 ± 0,2
|
Сілтілік қоры, көлемдік %
|
41,4 ± 5,6 49,1 ± 2,7
|
Қант, мг %
|
64,6 ± 9,3 79,6 ± 10,1
|
Жалпы белок, %
|
6,94 ± 0,27 6,63 ± 0,2
|
Белок фракциялары, %: альбуминдер
|
39,2 ± 4,3 50,6 ± 3,6
|
Глобулиндер: ɑ
|
18,5 ± 4,4 12,5 ± 1,4
|
b
|
9,6 ± 1,6 8,4 ± 3,1
|
γ
|
32,7 ± 6,5 28,5 ± 3,3
|
Анемиямен ауырған бұзаулардың қанында эритроциттердің саны мен гемоглобиннің мөлшерінің азайғаны және эритроциттердің өзгерген түрлері анықталды. Перикардитпен ауырған бұзаулардың қанында эритроциттердің саны мен гемоглобиннің мөлшері сау малдардың көрсеткіштеріндей болғанымен, лейкоциттердің қалыптан тыс көбейгені байқалады. Ацетон заттары қалыптылық көрсеткіштен 3 еседен аса көбейген. Қанның сілтілік қорының көрсеткіші сау бұзаулардікімен салыстырғанда 12,9 %-ға төмен. Қан қышқылдығының бұлай өзгеруі, көптеген зерттеушілердің пікірлері бойынша, ауру малдың қанында қышқыл валенттердің шоғырлануына байланысты көрінеді. Мұның дәлелі ретінде біздің зерттеуіміздегі қандағы ацетон заттарының көбеюін келтіруге болады. Ауру бұзаулардың қанындағы қанттың мөлшерінің сау бұзаулардікімен салыстырғанда 29,2 %-ға төмендеуі организмдегі зат алмасу процесінің бұзылуының бірден-бір дәлелі. Қан құрамындағы жалпы белоктың мөлшері 6,6 %-ға жоғарылауы негізінен белоктың γ-глобулин фракциясы арқылы болып отыр. Егерде глобулиннің иммундық жүйедегі атқаратын қызметін ескерсек, онда бұл өзгеріс организмнің патологиялық процеске қарсы тұру қабілеттілігінің бар екендігінің дәлелі.
Ауру бұзауларды оттегімен байытылған ортада, ғылыми тұрғыдан іріктеліп алынған белсенді дәрілік заттармен, кешенді түрде емдегеннен кейін газ алмасу процесінің көрсеткіштері – деммен шығатын ауаның көлемі, оттегінің сіңуі, көмірқышқыл газының организмнен бөлінуі, организмнің оттегін пайдалану коэффициенті, дені сау бұзаулардың көрсеткіштеріне жуықтап өзгерді. Бұл өзгерістер оттегімен байытылған ортада кешенді түрде емдеу процесінің организмде жүретін тотығу-тотықсыздану процесіне қолайлы әсер ететінін дәлелдейді.
Сонымен қатар қан құрамындағы ацетон заттарының мөлшері азайған, ол организмдегі сілтілік қорының көрсеткішінің қалыптасуына әсер еткен. Бұл өзгерістер организмдегі зат алмасу процесінің қалыптасуын туындатады. Біз оны қандағы қанттың мөлшерінің, жалпы белоктың және белок фракцияларының қалыптасуымен дәлелдейміз.
Ауру малдың организмінде емдегеннен кейін осындай өзгерістердің болуына, көптеген зерттеушілер, кешенді емдеу процесінің құрамындағы оттегінің маңызды әсерін және жүйке-рефлекс факторының рөлінің зор екендігін атап өтеді.
Жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларында организмде оттегінің жеткіліксіздігінің дамуы салдарынан дем алу ағзаларының функциясының жеткідіксіздігінің дамитыны туралы көптеген медициналық авторлардың деректерін келтіруге болады (А.Я.Могилевский, 1950; В.М.Белоножко, 1952; А.Л.Михнев және Н.С.Заноздра,1965; В.П.Безуглов, 1953 және т. б.). Мұндай жағдайда организмде гипоксия құбылысының дамуы салдарынан жүрек етінің жирылу және қан айналу процестерінің нашарлауы дамитын көрінеді. Жүрек етіндегі оттегінің жеткіліксіздігі оны гипертрофиялық өзгеріске ұшыратады. Жүрек қызметінің жеткіліксіздігін толықтыру үшін компенсаторлық жағдайда болған гипертрофиялық өзгеріс ауру созылмалы түрге айналғанда декомпенсаторлық гипертрофия ретінде дамуы мүмкін. Организмде дамитын гипоксия жүректің сезімтал нерв талшықтарының үштерін тітіркендіреді. Міне сондықтан да газ алмасу процесі мен жүрек етінің қызметінің бұзылуының деңгейі организмдегі оттегінің жеткіліксіздігінің деңгейімен пара-пар дамиды. Организмде гипоксемия құбылысын тудыратын себептердің барлығында да жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйелерінің функционалдық қызметтерінің тығыз байланыста болатынын көптеген авторлар өз жұмыстарында келтіреді (Б.П.Кушелевский, Н.Н.Савицкий, В.П.Падерин, Г.Х.Габидуллин, Н.А.Уразаев, К.Н.Қожанов және т.б.).
Жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларын кешенді түрде емдеуде оттегімен емдеу ерекше орын алатынын көптеген авторлардың еңбектерінен байқаймыз (Б.В.Ильинский,1960; Т.Н.Лебедева, 1960; О.В.Виноградский, 1961; М.В.Игнатьев, 1961; А.С.Логинов, 1961; В.П.Падерин, 1963; Г.Х.Габидуллин, 1963; В.М.Данилевский, 1983; Н.А.Уразаев, 1965; К.Н.Қожанов, 1972 және т.б.).
Оттегі мен көмірқышқыл газының әртүрлі концентрациясымен организмге әсер ету организмге жалпы әсер ететін күшті агент ретінде саналады. Себебі қанның оттегімен және көмірқышқыл газымен қанығуы физиологиялық тұрғыдан тұрақты деңгейде ұсталады. Н.Н.Савицкийдің деректері бойынша егерде гипоксия мен тіндердегі оттегінің жеткіліксіздігі қан айналу процесінің бұзылуынан болған болса, онда оттегі күшті терапевтикалық әсер ететін көрінеді.
Медицина саласында жүрек-қан тамырлары мен қан жүйелерінің ауруларында басқа дәрілік заттармен кешенді түрде қолданғанда оттегінің организмге тиімділігі туралы көптеген деректер бар. Мысалы, оттегін строфантинмен, нитроглицеринмен және оймақгүлмен (A.Anthony, 1962;), эфедринмен, димедролмен және меркузалмен (С.Н.Соринсон және Л.Н.Постникова, 1952), инсулинмен (С.Н.Соринсон,1954), ұйықтатын дәрілік заттармен (З.А.Горбункова, 1954), норсульфазолмен (С.И.Ашбел, С.Н.Соринсон және В.Г.Соколов, 1958) қолданғандығы туралы жұмыстар бар. Ол авторлардың пікірлері бойынша оттегі өзімен бірге қолданылған дәрілік заттардың әсерлерін күшті қуаттандыратын көрінеді. С.Н.Соринсонның пікірі бойынша оттегімен бірге қолданылатын дәрілік заттардың терапевтикалық тиімділігінің артуы орталық жүйке жүйесінің реттеушілігі арқылы жүретін көрінеді. Оны оттегінің жеткіліксіздігіне орталық жүйке жүйесінің өте күшті сезімталдығымен түсіндіреді. Оттегімен емдеген кезде оттегінің жеткіліксіздігінде тұрақты түрде болатын нерв талшықтарын тітіркендіру жойылатыны анықталған. Жүрек-қан тамырлары мен қан жүйелерінің ауруларын оттегімен емдегенде әрбір нақтылы жағдайда оттегімен тиімді емдеу әдісін таңдай білу керек.
Оттегімен емдеумен кешенді түрде жүргізілу организмде қан айналу процесін жақсартады, дем алу процесінің функциясын жоғарылатады және қанның газ құрамын тиімді жағына қарай бейімдейді (В.М.Андреев, 1957; А.С.Сметнев және И.И.Сиванов, 1961; G.Schlensing және B.Seltmanu, 1965; Г.Х.Габидуллин және Н.А.Уразаев, 1963; К.Н.Қожанов, 1995; В.Н.Квятковский, 1990 және т.б.).
Қорыта келе, жүрек-қан тамырлары және қан жүйелерінің ауруларын оттегімен қоса кешенді түрде емдеу организмде қан айналу процесінің бұзылуы салдарынан дем алудың жеткіліксіздігі дамып, организмде гипоксемия, гипоксия құбылыстары болған кезде тиімдірек болады.
-
Зат алмасу процесінің бұзылуынан
Достарыңызбен бөлісу: |