Тыныс алу жүйесінің бұзылуы кезіндегі мейірбикелік күтім мен паллиативті көмектің мазмұны, мақсаты


Оттегін аппарат Боброва арқылы беру



бет15/15
Дата03.01.2022
өлшемі39.46 Kb.
#450744
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
онколигия 12 тақырып

Оттегін аппарат Боброва арқылы беру

Оксигенотерапияны Боброва аппараты арқылы жүргізу ең ыңғайлы және зиянсыз әдісі.

Боброва аппараты сиымдылығы 1 л болған шыны цилиндр тәрізді ыдыс. Аппараттың жақсы жабылған резиналық тығыны бар, ішінде бірі қысқа екіншісі ұзын болып келген екі шыны жіңішке түтікшелері бар. Ыдыстың ішіне оттегі ылғалданып бару үшін температурасы 36-37болған дистилденген су немесе 1 л суға 20 гр ас содасы қосылған су, окпе ісігінде 960 спирт қуямыз. Ұзын түтікшесінен оттегі оттегі балонынан немесе оттегі жастықшасынан келіп түсіп, ылғалданып қысқа шыны түтікше арқылы науқастың тыныс алу жолдарына түседі. Оттегін ылғалдағыш арқылы 1 минутта 2-3 л жылдамдықпен береді.

Бұл тәсілмен оттегін ендіру артықшылығы оттегімен емдеу ұзақ та және үздіксіз бір қалыпта ылғалданып беріледі.



Үй жұмысы: (есептерге жауап жазамыз)

Есеп №1

Науқас жөтелген кезде алқызыл түсті қақырық түкірді. Бұл нені білдіреді және мейірбике ол кезде не істеуі керек?

Есеп №2

Науқаста тұншығу ұстамасы басталды, тыныс алуы қиындаған, әсіресе тыныс шығаруы; алыстан сырылдар есітіледі; жөтел; қиын бөлінетін қақырық. Бұл не және бұл жағдайда қандай шұғыл жәрдем қажет?

Есеп №3

Оттегі қажет болған науқасқа мейірбике оттегін оттегі жастықшасы арқылы берді. Бір аздан соң науқас қолайсыз сезімдер сезіп, ауыз қуысы мен мұрынның шырышты қабығының ашуына шағымдады.

Бұл жағдайда мейірбике қандай қәтелік жіберді.

Қандай іс шаралар қолдануға болады?

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет