қалдық көлем (ҚК) - максимальды тыныс шығарудан кейін өкпедегі ауаның қалдық көлемі (1-1,5 л) (20-30% ӨЖС-дан).
өкпенің жалпы сиымдылығы (ӨЖС) - максимальды тыныс алғандағы өкпедегі ауаның көлемі (5-6 л). ӨЖС – ӨТС мен өкпедегі қалдық көлемнің қосындысы.
ӨКПЕНІ ЖЕЛДЕТУДІҢ қарқынды көрсеткіштері:
тыныс алу жиілігі (ТЖ) – 1 минуттық тыныс алу көлемі (тыныштықта 16-18/мин, спортшыларды – 8-12/мин, максимальды жүктеме кезінде 40-60/мин).
тыныс алудың минуттық көлемі (ТМК)– тыныс алу көлемінің минуттық тыныс алу жиілігіне көбейтіндісі (тыныштықта 5-6 л/мин, қарқынды жүктемеде 20-25 есе артады 120-150 л/мин);
өкпені максимальді желдету (ӨМЖ) –«тыныс алу шегі» тыныс алу жүйесінің максимальді кернеуі кезінде өкпенің желдетілетін ауаның саны (40-нен 170 л/мин, спортшыларда - 200л/мин);
тыныс алу қоры (ТАҚ) - формула бойынша табылатын көрсеткіш: ТАҚ= ӨМЖ-ТМК. Тыныс алу қоры қалыпты жағдайда өкпені максимальді желдетудің 85% құрайды;
тыныс алудың мүмкіншілік қор коэффициенті (ТАҚК)- сыртқы тыныс алу жүйесінің қор мүмкіншіліктерін қамтитын көрсеткіш, келесі формуламен есептеледі:
(ӨМЖ- ТМҚ) х 100
ТАҚК = ______________________________.
ӨМЖ
ТАҚК 70% төмен болса, тыныс жүйесінің қызмет мүмкіншіліктерінің өте маңызды дәрежеге дейін төмендегенін көрсетеді.
Сырттай тыныс алу жүйесінің қызметтік мүмкіншілігін анықтау үшін келесі көрсеткіштерді анықтайды:
өкпенің тіршілік сиымдылығын;
өкпені максимальді желдету;
пневмотахометр көрсеткіштері (тыныс алу мен тыныс шығару қуаттылығы);
сыртқы тыныс алу жүйесінің қызметтік сынамалар нәтижесі.
Спортшыларда ӨТС (өкпенің тіршілік сиымдылығы) есептеу үшін ең жиі қолданатын Людвиг формуласы:
Ерлер: ҚӨТС (мл) = 40 х бой (см) + 30 x салмақ (кг) - 4400; (мұнда: Қ – қажетті)
Әйелдер: ҚӨТС (мл) =40 x бой (см) + 10 x салмақ (кг) -3800.
Достарыңызбен бөлісу: |