1) ӨТС нақтылы мөлшерінің (НӨТС) оның тиісті мөлшеріне (ТӨТС) сәйкестігін анықтау. Ең алдымен ТӨТС есептеп шығару керек. Ол үшін мынандай формуланы қолдануға болады: ТӨТС = (27,63 – 0,112 х B) х H (ер адамдарда).
ТӨТС = (21,78 – 0,101 х B) х H ( әйелдерде),
мұндағы: В – зерттелушінің жасы, ал Н – оның бойының ұзындығы (см).
Содан кейін екі көрсеткіштің сәйкестігі бағаланады:
ТӨТС – 100% x = НӨТС .х100 : ТӨТС;
НӨТС – x
Егер НӨТС зерттелушіге лайықты болса, онда оның ТӨТС- нен айырмашылығы ± 15% шамасында болады. НӨТС ТӨТС-тен неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сыртқы тыныс жүйесінің қызметтік мүмкіндігнің - өкпенің ауа алмастыру қабілетінің жақсы болғандығы. Бұл көрсеткіш спорттың төзімділікті талап ететін түрлерінде маңызы зор.
2) Жаттығу сабағында орындалған жұмыстың ағзаға әсерін бағалау. Егер ӨТС сабақтың соңында 200-мл-ден көп мөлшерге өссе, жақсы жауап деп саналады. Бұл ағзаның шаршамағандығының, оның қызметтік мүмкіндігінің жақсарғандығының белгісі
Жаттығудан кейін ӨТС төмендеп, оның қалыпты мөлшерден айырмашылығы 200 – мл-ден асса – нашар өзгеріс. Бұл шаршаудың , ағзаның жұмыс қабілеті төмендегенінің көрсеткіші.
Егер жаттығу сабағының алдында алынған көрсеткіш пен жаттығу аяқталғаннан кейін алынған көрсеткіш арасындағы айырмашылық ±200 мл-ге дейін ғана болса, қанағаттанарлық өзгеріс, яғни орындалған жүктемелер ағзаның қызметтік мүмкіндігіне сай.
3) Лебедев сынамасының нәтижесі бойынша жүктемлердің ағзаға әсерін болжау. Екі дүркін өткізілген сынаманың нәтижелерінде айырмашылық жоқ болса, онда жүктеменің ағза қызметтік мүмкіндігіне сәйкестігі. Өте ауыр жүктемелерден кейін ӨТС жаттығу сабағынан кейін төмендеуі мүмкін, бірақ айырмашылық 300-500 мл көп болмайды.
Лебедев сынамасының нәтижелері, ӨТС сабақ барысында өзгеру бағыты қисық сызық түрінде сипатталуы керек (хаттаманың үлгісін қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: |