Сұйықтықтың тұтқырлығы – Әртүрлі жылдамдықпен аққан сұйықтың екі қабатының арасында болатын үйкеліс кедергіні тұтқырлық деп атайды, немесе сұйықтың жанама кернеуге қарсы тұру қасиетін айтады, кейде сұйықтың ішкі үйкелісі деп те атайды.
Сұйыққа әр түрлі күштер әсер етеді, оларды массалық және беттік күштер деп бөлуге болады.
Массалық күштерді көбінесе көлемдік деп атайды, олар массаға, ал біртектес сұйықтарда көлемге де пропорционал болады. Массалық күштердің қатарына ауырлық күші, инерция күштері және центрден тепкіш күштер жатады.
Беттік күштер өздері әсер ететін беттің ауданына пропорционал. Беттік күштерге сұйық бетіне қалыпты (сығу немесе қысу күштері және созу күштері) және жанама (үйкеліс күштері) әсер ететін күштерді жатқызамыз. Сығу және созу беттік күштері тыныштықтағы сұйықта да, қозғалыстағы сұйықта да кездеседі, ал үйкелістің беттік күштері тек қана қозғалыстағы сұйықтарда ғана пайда болады. Гидравлика (гр. hydraulicos, hydor — су, aulos — түтік) — сүйықтықтардың қозғалысын
және тепе-теңдік зандарын зерттеу мен оларды іс жүзінде пайдалану Гидравлика (гр. hydraulicos, hydor — су, aulos — түтік) — сүйықтықтардың қозғалысынтәсілдерімен шұғылданатын ғылым саласы. Гидравлика тұтқырлығы аз, сығылмайтын сұйықтықтарды зерттейді. Қысымы мен тығыздығы тұрақты газдарға да гидравликаның негізгі зандарын қолдануға болады. Гидравлика сұйықтықтың қозғалыс және тепе-тендік зандылықтарын анықтайтын теориялық гидравлика және ол зандарды инженерлік мақсаттарға қолданатын іс жүзінде пайдаланылатын гидравлика болып бөлінеді. Сұйықтықтың тепе-теңдік заңдылықтарын зерттейтін гидравлика саласы гидростатика және олардың қозғалыс заңдылықтарын зерттейтін саласы гидродинамика деп аталады. Гидростатика ыдыс қабырғасына, құбырға, бөгетке, көпір тіреулеріне т.б. сұйықтыққа батырылған денеге әсер ететін сұйықтық қысымын зерттеу және денелердің жүзу шарттарын қарастырумен шұғылданады. Сүйықтықтың қозғалысын зерттеуде гидравлика гидродинамиканың Д. Бернулли есімімен аталатын және үздіксіздік тендеулеріне сүйенеді.
Герон фонтаны
Гидравлика сұйықтықтар қозғалысы кезінде туатын гидравликалық кедергілерді мұқият талдай отырып, сұйықтық (мұнай, газ, жанармай және т.б.) ағатын құбырлардың мөлшерін (көлденең қимасын), олардан өтетін сұйықтық шамасын анықтау мәселелерімен де айналысады. Сонымен қатар гидравлика ашық арналардағы (канал, өзен жоне т.б.) су ағысының жылдамдығын, су өтімін зерттейді. Гидравликаның негізгі зандары гидротехника, мелиорация, жылумен және газбен жабдықтау, канализация, гидроэнергетика, су көлігі салаларында пайдаланылады. Сұйықтық пен газдарды тасымалдау және оларды әр түрлі мақсаттарға пайдалануға гидравликаның іс жүзінде маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |