№3 кредит сабақтарының тақырыптық жоспарының үлгілері Дәрістердің тақырыптық жоспарының үлгісі
№
|
Тақырыптары
|
1.
|
Тамақтану денсаулық факторы ретінде. Тиімді тамақтанудың қазіргі кездегі аспектілері.
|
2.
|
Алиментарлық аурулар, олардың алдын алу.
|
3.
|
Ұйымдастырылған ұжымдардағы тамақтанудың ұйымдастырылуына гигиеналық бақылау жүргізу әдісі.
|
4.
|
Тағамнан улану және оның алдын алу.
|
5.
|
Аурахана және балалар мекемелерін де асхананы гигиеналық талғамға сай орналастыру, жоспарлау мен жабдықтау және қызметін ұйымдастыру.
|
|
Жалпы сағаты: 5
|
Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспарының үлгісі
№
|
Тақырыптары
|
1.
|
Тамақтанудың құндылығын бағалау әдістері. 1.Тағам өнімдері мен
энергия қажеттілігін анықтау.
|
2.
|
Тамақтанудың құндылығын бағалау әдістері. 2.Нақты тамақтануды
мәзір-жіктемесі бойынша есептеу.
|
3.
|
Тамақтық азықтардың (ет, балық, шұжық, сүт) сапасын бағалау әдістері
|
4.
|
Тамақтан улануларды тексеру, олардың алдын алу.
|
|
Жалпы сағаты: 10
|
Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) тақырыптарының үлгісі
№
|
Тақырыптары
|
1.
|
Тамақтың құндылығын гигиеналық бағалау әдісі. 2.Нақты тамақтануды мәзір-жіктемесі бойынша есептеу.
|
2.
|
Тамақтануды зерттеудің зертханалық әдісі. Зертханалық тексеру үшін тамақтан сынама алу әдісі. Тамақтың энергиялық құндылығын,
құрамындағы нәруызды, майды, С-витаминін анықтау әдісі.
|
3.
|
Тамақтық азықтардың (жұмыртқа, ұн, нан, қалбырдағы консервілер, концентраттар) сапасын бағалау әдістері
|
4.
|
ЕПМ мен балалар мекемелеріндегі асхана жұмысыны
ұйымдастырылуына гигиеналық бақылау жүргізу.
|
|
Аралық бақылау
|
|
Жалпы сағаты: 15
|
Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) тақырыптарының үлгісі
№
|
Тақырыптары
|
1.
|
Ауқаттық ахуалды бағалау әдістемесі.
|
2.
|
Тағамдық азықтардың азықтық және биологиялық құндылығы,
эпидемиологиялық маңызы.
|
3.
|
Тамақтандыруды ұйымдастыруды және оның гигиеналық, эпидемиялық
қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау.
|
4.
|
Емдеу және емдеу-профилактикалық тамақтану.
|
|
Жалпы сағаты: 15
|
№ 4 кредит
Еңбек гигиенасы
Еңбек жағдайы - еңбек процесі мен өндірістік орта факторларының жиынтығы. Өндірістік ортаның зиянды және қауіпті факторлары. Кәсіби аурулар мен уланулар - кәсіби зияндылықтар әсерінің спецификалы салдары. Кәсіби аурулардың жіктелуі. Этиологиясы кәсібіне байланысты емес аурулардың пайда болуына, барысына және әрі қарай дамуына өндірістік факторлардың әсері. Еңбек жағдайының оптималды, рұқсат етілген, зиянды және қауіпті критерийлері. Өндірістегі сауықтыру шараларының жүйесі. Еңбек гигиенасы маман жұмысының негізгі формалары мен мазмұны.
Әр түрлі еңбек ету түрлерінің физиологиялық аспектілері. Еңбектің ауырлығы мен қарбаластығы, бағалаудың эргометриялық және физиологиялық критерийлері. Еңбек процесі факторына негізделген өндірістік қажу мен ауырудың алдын алу. Өндірістік жарақаттану, негізгі себептері мен сақтандыру.
Өндірістік микроклимат, сипаттамасы, жұмысшылардың организміне әсері. Сақтандыру шаралары. Микроклимат параметрлерін нормалау принциптері. Зерттеу және бағалау әдістері.
Өндірістік шу, ультрадыбыс және инфрадыбыс. Физикалық сипаттамасы. Өндірістегі негізгі көздері. Шудың организмге кері әсері және оның алдын алу. Шудың организмге әсерін зерттеу әдістері. Шудың деңгейін зерттеу және бағалау әдістері.
Өндірістік вибрация (діріл), жеке және жалпы вибрация. Шығу көздері мен сипаттамасы, адам организміне әсері. Жұмысшылардың организміне вибрацияның әсерін зерттеу әдісі. Вибрацияның қолайсыз әсерінің алдын алу шаралары. Вибрацияны гигиеналық нормалау принциптері. Гигиеналық нормалаудың принциптері. Вибрацияны өлшеу және бағалау әдістері.
Иондауыш емес электромагниттік сәулелер, электрлік және магниттік өрістер. Өндірістік көздері, сипаттамасы, организмге әсері. Зиянды әсерінің алдын алу.
Компьютермен жұмыс істеу кезінде адам денсаулығына әсер ететін факторлар. Видеодисплейлік терминалдардың нормаланған параметрлері және ЭМӨ рұқсат етілген шамалары.
Лазерлік сәулелену. Өнеркәсіптерде және медицинада лазерлерді қолдану. Жұмысшыларға әсер ететін негізгі және қосымша факторлар. Лазерлік сәулелердің адам ағзасына қолайсыз әсерінің алдын алу. ЭМС жиілігін өлшеу және бағалау әдістері. Лазерлік сәулелерді өлшейтін аспаптардың жұмыс жасау принциптері.
Өндірістік шаңның гигиеналық мағынасы. Өндірістік шаңның жіктелуі. Пневмоканиоз түрі. Шаңның әсерінен туындаған аурулардың алдын алу. Шаңды гигиеналық нормалау принциптері.Өндірістік орындардағы ауа ортасының шаңдануының концентрациясын анықтау әдістемесі. Пневмокониоз қауіптілігін бағалау.
Өнеркәсіптік улар, жіктелуі. Өнеркәсіптік улардың улылығы мен қауіптілігн бағалау. Әсер етуінің жалпы заңдылықтары. Кәсіби интоксикациялар және олардың алдын алу. Өндірістік бөлмелердің ауасының құрамындағы газтәріздес қоспаларды зерттеу әдістемесі. Өндірістегі шаңның универсиалды газоанализаторды қолданып экспресс зерттеулер жүргізу.
Ауылшаруашылығындағы кәсіби зияндылықтар мен жарақаттанулар. Ауылшаруашылығының әртүрлі саласындағы жұмыстармен байланысты аурулардың алдын алу шаралары.
Өндірістік ортаның биологиялық факторлары. Олардың әсерінен болатын аурулардың алдын алу.
Достарыңызбен бөлісу: |