Типтік оқУ-Әдістемелік кешен қазақ тілін оқытуға арналған оқулықты әзірлеудің техникалық тапсырмасы астана, 2012 ж



Дата21.06.2016
өлшемі116.64 Kb.
#151524



ТИПТІК ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ОҚУЛЫҚТЫ ӘЗІРЛЕУДІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАСЫ

АСТАНА, 2012 ж.

1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау арқылы тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту міндеті анық көрсетілген. Қазақ тілін оқытуға арналған оқу-әдістемелік, электрондық, компьютерлік және т.б. құралдарын әзірлеп тіл үйренуші назарына ұсыну бірнеше жылдар бойы жалғасын тауып келеді. Әртүрлі мақсатту топтарға арналған құралдар мен оқулықтардың онымен қоса әдістемелердің мазмұны да әр қырлы. Олар мақсатына лайық өзінің нәтижесін де беріп келеді.

Тілді меңгеруге бағытталған тиімді заманауи әдістемелері қазіргі таңда әлемнің танымал тілдірінде дамып келеді. Оның себебі – нарық заманында халықаралық дәрежеде іс-шаралар атқару үшін осы дамыған тілдерді меңгеру қажеттілігі. Осы тұрғыда, айталық ағылшын тілін меңгеруге арналған оқу-әдістемелік құралдар авторлары тілді қайткенде мүмкіндігінше аз уақытта және тиімді меңгертуге болады деген сұраққа жауап ретінде түрлі әдістемелер ұсынып келеді, және оның нәтижелері де белгілі. Бірінші кезекте тілді меңгеруге деген қажеттіліктің өте жоғары екендігін ұмытпау керек, яғни олай болуы қаншалықты қиын тіл болса да, қажеттіліктен адам баласы үйренуге мәжбүр болады.

Үздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған стандарт-технология, типтік оқу-әдістемелік кешен және жауаптарымен берілген тапсырмалар әзірлеу жобасы аясында біршама істер атқарылды. Бұл жоба жоғарыда айтылған тіл меңгерудің халықаралық озық тәжірибелеріне негізделіп отыр. Сонымен, қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде меңгерудің әдістемесі бойынша келесі құралдар ұсынылады:

Сұлбаға сәйкес әдістеменің негізгі тұғыры ол қазақ тілін меңгерудің деңгейлеріне сәйкес тіл меңгеру талаптарын анықтайтын мемлекеттік стандарттар:

1) ҚР СТ 1926-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Қарапайым деңгей. Жалпы меңгеру»;

2) ҚР СТ 1928-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Базалық деңгей. Жалпы меңгеру»;

3) ҚР СТ 1929-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Орта деңгей. Жалпы меңгеру»;

4) ҚР СТ 1925-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Ортадан жоғары деңгей. Жалпы меңгеру»;

5) ҚР СТ 1927-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Жоғары деңгей. Жалпы меңгеру».

Әр деңгейге сәйкес тіл меңгеру тақырыптары анықталады да қазақ тілін оқытудың типтік бағдарламасы түзіледі. Типтік бағдарлама қазақ тілін оқытуға арналған әр деңгейдің лексикалық, грамматикалық тақырыптары, сағат саны, сөздік қор мен тапсырмалар мазмұны сияқты негізгі элементтерді анықтайды. Бұл қазақ тілін оқытушыға негізгі бағыт-бағдар боларлық әдістемелік құрал.

Келесі кезектегі маңызды түйін әр деңгейдің, олар: қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары және жоғары деңгейлер, сол деңгейге жеткілікті минимальді сөздік қоры. Сөздік қор алдыңғы жай ғана сөздіктерден айырмашылығы сөздер мен сөз тіркестері тақырыптар бойынша жүйеленген, яғни тіл үйренуші тікелей тақырып бойынша сөзді іздеп тауып, аудармасын немесе баламасын түсіне алады. Сөздік қордың тағы да ыңғайлылығы үш тілді берілгендігінде, қазақ, орыс және ағылшын тілдері. Еуропалық тілдік референттілік талаптарына негізделген сөздік қор келесі көлемде анықталған:

қарапайым деңгейде лексикалық минимум 800 бірлікті,

базалықта деңгейде – 1783 бірлікті,

орта деңгейде – 2229 бірлікті,

ортадан жоғары деңгейде – 3954 бірлікті,

жоғары деңгейде – 5060 бірлікті құрайды.

Әдістеменің келесі құрамдас негізгі бөлігі бұл – грамматикалық анықтағыш. «Грамматика» сөзі «grammatik» грек тілінен аударғанда «оқу мен жазудың икемділігі» мағынасын білдіреді. Грамматика дегеніміз – сөйлеу бөліктерін дұрыс құрастырудың заңдылықтарын, тілдің грамматикалық құрылымын зерттейтін тіл білімінің тарауы. Грамматикалық дағдыны қалыптастыруда коммуникативтік құзыреттілік негіздері ашылады.

Тіл білімі ғылымында тілдік тұлғаны қалыптастыру үшін қазақ тілін меңгеру әрекетінің тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, лексика-грамматика түрлері пайдаланылады. Грамматикалық анықтағыш тіл қолданушыларға әрбір деңгейдің жағдаяттарына сәйкес сөйлей білуге, жаза білуге арналған тілдің грамматикалық құрылымын қамтитын минималды қоры болып табылады.

Грамматикалық анықтағыш әр деңгей бойынша тілдік жағдаяттарға қатысты тіл қолданушылардың сөздер мен сөз үлгілерін сұрыптап, сөз тіркестерін дұрыс байланыстыра білу, лексикалық, грамматикалық минимумды дұрыс қолдана отырып, байланыстырып сөйлей білу дағдыларын қалыптастыруға арналады.

Тіл қолданушылардың тілді пайдалану кезінде, өз қорытынды-пайымдауларын, сөз тапқырлығын, ойын анық, толық жеткізу, сұхбаттасу, ойын жазбаша білдіру барысында тілді қолдану ерекшелігі грамматика арқылы жүзеге асатындығы белгілі. Сондықтан тіл меңгеруде лексикалық және грамматикалық минимумдардың маңызы зор. Лексикалық минимумдар негізінде грамматикалық минимумдар әзірленеді. Минимумдарды әзірлеуде жүйенің деңгейлер бойынша айырмашылығы мен ерекшеліктері сақталынады.

Қазақ тілін оқытуға арналған оқулық тіл үйренушіге ыңғайлылық тұрғысынан тілдің барлық құрылымын бір кітаптан оқу әдісіне келеді. Оқулық сөйлеу әрекетінің тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым бойынша және тілдің лексика-грамматикалық құрылымы бойынша тілдің ерекшеліктері мен ережелерін мысалдар мен жаттығулар арқылы түсіндіру әдісіне негізделген. Сол арқылы тиімдірек тілдік дағыдалардың тезірек қалыптасуына септігін тигізеді.

Тест тапсырмалары арқылы тіл меңгеру деңгейін бағамдап көруге болады. Тест тапсырмалары мазмұны жағынан күнделікті әлеуметтік тақырыптарға бағытталса, жауап нұсқалары тілді үйренуге негізгі қалыптасуы тиіс дағдыларды көздейді. Тест тапсырмаларын тапсырып көру мақсатында интерактивті байқау тестілеуі компьютерлік бағдарламасы ұсынылады. Әр тестіленуші сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша сынақтан өту арқылы қаншалықты сол деңгейде тілді меңгергендігін, дұрыс немесе бұрыс жауаптарының санын, неліктен дұрыс жауап сол немесе өзге екендігін біле алады.

Тілдік дағдылардың қалыптасуына тағы да серпінді септігін тигізетін тестілеу арқылы қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау емтиханынан дайындалудың ТІЛ-ҚҰРАЛ оқу-әдістемелік құралы болып табылады. Аталған құрал сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша тест тапсырмаларына талдау жасап, тағы да тілді жылдамырақ меңгеруге септігін тигізеді.

Қазақ тілін толық меңгеруге грамматикалық білімнің ғана болуы жеткіліксіз. Сөйлеу әрекетінің тыңдалым, оқылым, жазылым түрлері бойынша тіл үйренушінің икемділігі мен дағдыларын қалыптастыратын кешенді тәсіл қолдану қажет. Сөйлеу әрекетінің барлық түрі бойынша тілдік құрылымды деңгейден деңгейге өтуде концентрлі жүйені сақтай отырып түсіндіріп, тілдік материалдарды жүйелі беретін, тікелей коммуникацияға бағытталған оқулықты пайдалану өзінің тиімді нәтижесін беретіні анық. Осы мақсатта ересек тұрғындарға арналған мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай оқулығы бола алатын оқулық керек. Аталған оқулық қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі бойынша қазақ тілін оқытуға арналған типтік бағдарламаға тікелей байланысты болады, яғни әрбір тақырып, әрбір сабақ пен тілдік материал типтік бағдарламаның бөліктері мен сағат санына сәйкес келеді. Сонымен, типтік бағдарлама арқылы тақырып белгілі, лексикалық қор анық, онда оқулық арқылы тілдік дағыдыларды қалыптастыруға мүмкіндік туады.


2. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ОҚУЛЫҚТАРДЫ ӘЗІРЛЕУДІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Мақсаты: халықаралық және қазақстандық тәжірибелер мен еуропалық стандарттарға негізделген сөйлеу әрекетінің түрлерін қалыптастыру бағытындағы қазақ тілін оқытуға арналған бес деңгейлік оқулықтарды әзірлеу.
Міндеттері:

- қазақ тілін оқытуға арналған 5 деңгейге сәйкес оқулықтардың мазмұнын анықтау;

- сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша тіл үйренушінің коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру;

- сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша жаттығу түрлерін келтіру.


3. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ОҚУЛЫҚТЫ ӘЗІРЛЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Қазақ тілін оқытуға арналған оқулықты әзірлеу барысында келесі талаптар орындалуы шарт:

1. Тілді оқытуға арналған халықаралық және қазақстандық оқулықтар зерттелініп, олардың тәжірибесі негізге алынуы керек.

2. Кітап мазмұны қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде ересек тұрғындарды оқытудың типтік бағдарламасына сәйкес болуы шарт.

3. Қазақ тілін оқытуға арналған оқулықтың құрылымдық бөлімдерін сақтау қажет.

4. Деңгейден деңгейге өтуде оқулықтардың жалпы мазмұны бойынша концентрлік жүйе сақтауы қажет, яғни төменгі деңгейде берілген тілдік материал жоғары деңгейде толықтырылып, мүмкін күрделендіріліп берілуі керек.

5. Деңгейге арналған оқулықтар бөліктерден тұрады. Әр бөлік төрт сабақтан тұрады. Сабақтардың тақырыбы болуы керек және ол сабақтағы сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде сақталуы шарт. Әр тақырыпқа байланысты кездескен жаңа сөздер бойынша тіл үйренушінің өз бетінше сөздік құруына арналған жаңа сөздер тізімі.

6. Берілетін тапсырмалар коммуникативтік дағдыларды дамытуға бағытталуы тиіс.

7. Грамматика бөлігі жалпы қолданыстағы тілде түсіндіріліп жазылуы тиіс.

8. Берілген тапсырмалардың барлығының дұрыс орындалған үлгісі ұсынылуы керек.

9. Алғашқы екі деңгейге арналған оқулықтарда (қарапайым және базалық деңгейлер) негізгі ережелер, түйнді ескертулер, тілдік дағдының қалыптасуына маңызды элементтер, тапсырма шарттары мен теориялық материалдардың орыс тіліндегі аудармасы қатар берілуі керек.

10. Тапсырмалар қазақ тілін меңгерудің деңгейлеріне сәйкес коммуникативтік құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталаған әртүрлі болуы тиіс.

11. Барлық деңгейлерге арналып ұсынылған оқулық жобаларының мәтіндері, тапсырмалары, жаттығулары мен қосымшаларында әр деңгейге байланысты сөздік қордан асып кетпеуі керек, қатаң сақталуы керек.

12. Әр бөлікте сөйлеу әрекетінің барлық түрі қамтылуы тиіс.

13. Әр тақырыпқа байланысты кездескен жаңа сөздер бойынша тіл үйренушінің өз бетінше сөздік құруына оңтайлы болуы үшін жаңа сөздер тізімі берілуі тиіс.

14. Сабақ ретіне қарай берілетін мәтін көлемі де ұлғайып отыруы керек.

15. Әр бөліктің тақырыбына қатысты иллюстраивті материалдардың болуы шарт.


4. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ОҚУЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақ тілін оқытуға арналған оқулықтың құрылымдық бөліктері:
1. Титулдық парағы.

2. Мазмұны. Мазмұны ішінара грамматикалық тақырыпқа, лексикалық тақырыпқа байланысты бөліктерден тұруы тиіс.

3. Алғы сөз. Алғы сөзде келесі ақпарат берілуі қажет:

- қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес қазақ тілін оқытуға арналған оқулық туралы ақпарат: мақсаты, міндеттері, оқырман қауымға арналған оқулықты қолдану бойынша нұсқаулық;

- аңдатпа: қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес қазақ тілін оқытуға арналған оқулықта берілген ақпараттың бағыты, құрылымдық бөліктері жөнінде ақпарат;

4. Оқулық бөліктері, сабақтары, мысалдар мен жаттығулар.

5. Тыңдалым бөлігі бойынша аудиоматериал мәтіндері.

6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.


4.1 ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ОҚУЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ НҰСҚАСЫНЫҢ РЕСІМДЕЛУІ
- қазақ тілін оқытуға арналған оқулық жобасы «MS Word» редакторында өлшемі 14-ші «Times New Roman» қарпінде теріліп, парақ беттерінің параметрлері сол жақтан 3 см, оң жақтан 1,5 см, жоғарыдан 2 см, төменнен 2 см болуы тиіс. Орыс тіліндегі аудармалардың барлығы өлшемі 12-ші «Times New Roman» қарпінде терілуі керек;

- титул парағы 1-қосымшаға сәйкес ресімделеді;

- тақырыпшалар бас әріптермен терілуі керек, ішкі тақырыпшалар сол тақырыпқа сәйкес нөмірленуі керек;

- оқулықта берілетін әрбір сабақ кемінде 4-5 беттен тұруы тиіс;

- қосымшалар мен үлгілерді Ұлттық тестілеу орталығының Мемлекеттік тілді дамыту басқармасымен келісілген түрде ресімдеу қажет;

- қазақ тілін оқытуға арналған оқулық жобаларының электрондық жобасы келісімшарттар негізінде Ұлттық тестілеу орталығының Мемлекеттік тілді дамыту басқармасына тапсырылуы керек.


5. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ОҚУЛЫҚТЫ ҚАБЫЛДАП АЛУДЫҢ ЖӘНЕ ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕСТІГІН ТЕКСЕРУДІҢ ЕРЕЖЕСІ
Тапсырыс беруші дайындалған қазақ тілін оқытуға арналған оқулықты байқаудан, сынақтан өткізу мақсатында мәліметтер әзірлейді. Қазақ тілін оқытуға арналған оқулықты тәжірибеден өткізудің түрі, құрамы, көлемі мен құрамдас бөліктері әзірлемешілермен келісіледі.

Қазақ тілін оқытуға арналған оқулықты әзірлеудің жеке келісімшарттары әзірленеді. Орындалған жұмыстардың қабылдау-тапсыру актісі екі жақтан қол қою арқылы қабылданады.

Қабылдау-тапсырудың ресімдері кезінде «Тәжірибеден өткізудің актісі» жасалып, қабылдау-тапсырудың құжаттары бекітіледі.

6. ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабы;

2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңы;

3. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1122 қаулысымен мақұлданған 2007-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мен оның бәсекелестігін арттыру тұжырымдамасы;

5. ҚР СТ 1926-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Қарапайым деңгей. Жалпы меңгеру».

6. ҚР СТ 1928-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Базалық деңгей. Жалпы меңгеру».

7. Жалпы меңгеру»; ҚР СТ 1929-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Орта деңгей. Жалпы меңгеру».

8. ҚР СТ 1925-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Ортадан жоғары деңгей. Жалпы меңгеру».

9. ҚР СТ 1927-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Жоғары деңгей».

10. ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналған тест тапсырмаларын қалыптастырудың «Тест спецификациясы», Астана, Ұлттық тестілеу орталығы, 2008 жыл;

11. Қазақ тілін оқыту мен тілді меңгеру деңгейін бағалауға арналған коммуникативтік құзыреттілік талаптарының тақырыптары, Астана, Ұлттық тестілеу орталығы, 2009 жыл;

12. Қазақ тілін қарапайым деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы, Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 30 бет.

13. Қазақ тілін базалық деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы, Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 54 бет.

14. Қазақ тілін орта деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы, Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 66 бет.

15. Қазақ тілін ортадан жоғары деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы, Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 108 бет.

16. Қазақ тілін жоғары деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы, Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 156 бет.

17. ТІЛ-ҚҰРАЛ. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу әдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-әдістемелік құралы. Қарапайым деңгей, Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 250 бет.

18. ТІЛ-ҚҰРАЛ. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу әдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-әдістемелік құралы. Базалық деңгей, Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 270 бет.

19. ТІЛ-ҚҰРАЛ. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу әдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-әдістемелік құралы. Орта деңгей, Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 252 бет.

20. ТІЛ-ҚҰРАЛ. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу әдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-әдістемелік құралы. Ортадан жоғары деңгей, Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 244 бет.

21. ТІЛ-ҚҰРАЛ. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу әдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-әдістемелік құралы. Жоғары деңгей, Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 268 бет.

22. Essential Grammar in Use, Raymond Murphy, Camridge University press, 2007.

23. English Grammar in Use, Murphy, Camridge University press, 2004

24. Практическая грамматика ангийского языка, К.Н.Качалова, Е.Е. Израилевич, LADKOM, Moscow, 2010

25. Lis and John Soars. New Headway. Oxford University press,- 142 p.

26. Clive Oxenden, Christina Latham-Koenig, Paul Seligson. New English Fail. Oxford University press,- 167 p.

27. Philip Kerr. Straightforward. Macmillan,- 184 p.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет