Біріншілік сезімтал талшық ұштарынан (біріншілік – І α тобы) шығатын серпіністер еттің өз мотонейронын қоздырады, ал антагонист еттердің мотонейрондарын тежейді
Біріншілік сезімтал талшық ұштарынан (біріншілік – І α тобы) шығатын серпіністер еттің өз мотонейронын қоздырады, ал антагонист еттердің мотонейрондарын тежейді. Екіншілік сезімтал талшық ұштарынан (екіншілік – ІІ тобы) шығатын серпіністер бүгілу мотонейрондарды қоздырады және жазылу мотонейрондарын тежейді.
Жұлынның α және γ мотонейрондары α-мотонейрондар – қаңқа еттерінің ұршықтарын (экстрафузальдық), ал γ -мотонейрондар – интрафузальдық ұршықтарды (жазылу рецепторларын) жүйкелендіреді. Қозғалыстың ми қатысымен реттелуі 2 деңгейге бөлінеді:
Қыртыс асты деңгейі – туа пайда болған (шартсыз) және автоматты қимылдарға жауап береді.
Қыртыстық деңгейі - ерікті және нәзік қимылдардың орындалуына жауап береді.
Қозғалыстардың орталық арқылы реттелуі Қимыл жүйесі мақсатты қимылдарды орындауына байланысты 4 түрлі қимыл орындайды:
І. Дене қалпын ұстау;
ІІ. Белгілі бағытпен қозғалу;
ІІІ. Дененің бір орыннан басқа орынға ауысуы (локомация);
ІV. Манипуляторлық қозғалыс.
І. Дене қалпын ұстау Дене қалпы – қозғалыс және тыныштық жағдайда дене мен аяқ-қолдың белгілі бір жағдайда орналасуын қамтамасыз ететін бұлшық ет топтарының ұзақ, изометриялық жиырылуынан пайда болады. Дене қалпын ұстауға ОЖЖ әр түрлі бөлімдері қатысады. Бұларға біріншіден ми бағаны, мишық және базальды ядролар жатады. Дене қалпын ұстаудың механизмдеріне жатады: мойын, кіреберіс, лабиринт рефлекстері – тонустық рефлекстер жатады. Тонустық рефлекстер бөлінеді:
статикалық
статокинетикалық.
ІІ. Белгілі бағытпен қозғалу Кеңістікте белгілі бағытпен қозғалу көру арқылы белгілі бір жерге қарай қозғалудың негізгі мақсаты көзді бір затқа қарай бағыттау. Бұл үрдіс көзқозғалтқыш жүйе арқылы іске асады. Көздің тез қозғалыстары (саккады) ерікті және еріксіз болып бөлінеді. Еріксіз қимылдар мишықпен реттеледі, ерікті қимылдар ми қыртысымен реттеледі.