Тірек-қимыл, жүйке жүйелердегіөзгерістер кезінде мейіргерлік күтім Дәріс жоспары



бет2/5
Дата27.10.2022
өлшемі36.87 Kb.
#463462
1   2   3   4   5
т3рек

Омыртқа остеохондрозы
Егде және қарт жастағы адамдарда тірек-қимыл аппараты ауруларының ішіндегі омыртқа остеохондрозы негізгі өзекті мәселесі болып табылады. Қазіргі заманда өмірдің жағдайының өзгеруіне (аз қимылдау, тамақтану тәртібінің сапасының өзгеруіне) байланысты жер шары тұрғындарының 40-80% остеохондрозбен ауырады. Бұл ауру қарттарда кең тараған 60 және одан үлкен жастарда тұрғындар популяциясында остеохондроз жиілігі 95-100%-ды құрайды. Остеохондрозбен ерлерге қарағанда әйелдер жиі ауырады, бірақ ерлерде жиі өршу болып көп жағдайда ота жасалынып мүгедектікпен зейнетке шығады. Жыл өткен сайын ауыратын науқастар саны көбеюде. Остеохондроз тек медицинаның ғана емес әлеуметтік мәселе болып табылады. Омыртқа остеохондрозы омыртқа жотасының дегенеративті– дистрофиялық өзгерістері жиі 30 жастан асқанда дамиды. Соңғы жылдағы зерттеулер нәтижесі бойынша остеохондроз жасаруда. Аурудың рентгенологиялық және клиникалық белгілері қазіргі кезде 12-15 жастағы балаларда да кездеседі. Омыртқа жотасының дегенеративті–дистрофиялық өзгерісінің идеологиясында эндогенді (дизэмбриогенез,омыртқаның аномальды дамуы, тұқым қуалаушылық, жастық өзгерістер) және экзогенді (омыртқаның жарақаты, интоксикациялар және т.б) өзгерістер болып табылады. Омыртқаның ең жиі зақымданушы бөлігі омыртқааралық дискі болып табылады, өйткені олардың қанмен қамтамасыз етілуі нашар болғандықтан регенерацияланбайды. 35-40 жаста дисктің барлық элементтерінде - ядро, фиброзды сақина, гиалинді пластинкасында біртіндеп кебуі мен тығыздалуы байқалады. Содан кейін екіншілік спондилез – омыртқаның денесінің шеттерінен сүйекті өсінділер (остеофиттер) дамиды. Остеохондроз кезінде остеофиттермен шығыңқы дискілердің жұлынды және өсінділерін, жұлын тамырларын қысуынан неврологиялық бұзылыстар болады.
Остеохондроздың клиникалық көрінісі полиморфты. Ол омыртқаның зақымданған деңгейімен анықталады.Омыртқа остеохондрозының негізгі түріне мойын және бел- сегізкөз бөлігінің зақымдануы болып табылады. Мойын омыртқасының остеохондрозы-ағзаның анатомо-физиологиялық ерекшелігіне байланысты клиникалық көріністері және полиморфизммен айқындалады. Клиникасы көптеген: цервикалгия, кардиалгия, жұлындық, түбіршекті, омыртқа артериялары, алдыңғы сатылы бұлшықеттер, иық-жауырын периартрит, эпикондилит, білек сүйегінің стилоиды және т.б. әртүрлі комбинациялық синдромдарды құрайды. Жас келе түбіршекті синдром жиілейді. Мойын бөлігі омыртқасы жұлыны түбіршектерінің қысылуы мойын, иық, бұғана, білек, қол басы, бұлшықеттерінің созылмалы парестезиялы ауырсынуымен байқалады. Қозғалыстағы бұзылыстар әсіресе білезік пен саусақтарда кездеседі. Терінің сезімталдығы бұзылады. Мойын омыртқасының остеохондрозы көп жағдайда созылмалы цервикалгиямен көрінеді. Ол басты ұзақ бір бағытта ұстағанда, белсенді қозғалтқанда, жүйке түбіршектерінің компрессиясы және ирритациясы ретінде байқалады. Омыртқа артериясының симпатикалық жүйке шоғырының ирритациясында және мойын омыртқасының жарты ай тәрізді сіңірлі – сүйекті өсінділерімен компрессиясында, доға өсінділері буындардың шығуында омыртқа артерияларының синдромы туындайды. Ол бастың шүйде, төбе аймағының қысып, басып ауруымен, бас айналуымен, құлақтың шулауымен, көздің көруі мен құлақтың естуінің төмендеуімен және т.б. сипатталады. Қарттар мен егде жастағы адамдарда синкопальды, вертебральды синдром байқалады. Бұл кезде басты тез бұрғанда омыртқа мен базиллярлы артериялар бассейнінде ишемия үдеуінен – науқастың басы айнып, жүрегі айналып, құсу, кейде талып қалу да байқалады. Мойын омыртқасының остеохондрозы жүрек аймағының ауырсынуымен (кардиалгиямен) көрінеді. Спинальды синдромы кезінде мойын, иық аймағының ауырсынуы, әлсіздік, гипотензия, қол бұлшықеттерінің атрофиясы, беткейлі сезімталдылығының бұзылыстарымен көрінеді. Иық, жауырын периартритінде иық буынның ауырсынуымен, жиі оң жақтың, түнгі ұйқы кезінде тұмсық тәрізді өсінділердің ауырсынуымен, дельта тәрізді бұлшықеттің инсерциясының, иықтың ротациясының шектелуімен, қолдың қызметінің төмендеуімен сипатталады. Алдыңғы сатылы бұлшықет синдромында иық және қол басының ауырсынуы парестезиямен, қолдың әлсіздігімен, ауырлықты сезінуімен, терінің жергілікті бозаруымен, тері қызуының көтерілуімен, пульстің ассиметриясымен сипатталады. Зақымдалған жағының бұлшықетін басқанда, терең дем шығарғанда, басты қарсы жағына бұрғанда ауырсынулар сезіледі. Аурудың клиникалық белгілерін науқасты физикалық зерттеулер толықтырады. Мойын омыртқасының остеохондрозында мойынды алға еңкейткенде қысқаруына, лордоздың үдеуіне, кейде мойынның аздаған сколиозы әсерінен бір жағына қисаюына және анталгиялық қалыпқа әкеледі. Қарттарда бұл өзгерістер қайта қалпына келмейтін органикалық сипатта болады. Мойынның тіндерін, кеуде қуысын пальпациялағанда, қозғалыс кезінде «сықыр» естіледі. Егде жастағылар және қарттарда мойын омыртқасының остеохондрозында жұмсақ тіндерінде дистрофиялық өзгерістер анықталады. Жас ұлғайған сайын алақан апоневрозының контрактурасы, тыртықты тығыздалулар анықталады. Қарттарда мойын омыртқасының остеохондрозы жиі спондилезбен, унковертебральды неоартрозбен, артроздармен, Шморл жарықтарымен және т.б. бірге жүреді. Омыртқалардың рентгендік зерттеулерінде омыртқааралық қуыстардың кішіреюін, сүйекті өсінділермен омыртқаның денесінің субхондралды склероздану мен азғана остеопороздар анықталады.

Бел омыртқаларының остеохондрозы.


Клиникалық симптомдарына бірінші ауырсыну, түбіртекті және статикалық синдромдармен сипатталады. Бел омыртқасының остеохондрозының этиологиясында жарақаттық факторлардың алатын орны ерекше.
Негізгі клиникалық белгілеріне бел – сегізкөз аймағының (люмбалгия) ауырсынуы немесе оның жамбас пен сан аяққа иррадиациялануына (люмбоишалгия) немесе тек аяққа (ишалгия) берілуімен жүреді. Жиі ауырсыну бел аймағының, бел – сегізкөз аймағының физикалық күш түсуден кейін, ұзақ ыңғайсыз қалыпта отырғанда, бірден еңкейгенде, қатты ауырсынумен басталады. Ауырсыну жайылмалы, шаншыған, сирек сыздаған сиппатта болады. Ауырсыну оқыс қимылда, дененің қалпын өзгерткенде, бір қалыпта ұзақ отырғанда, түшкіргенде, жөтелгенде, және т.б. жағдайда ұлғаяды. Ауырсыну және сипағандағы сезімталдылық төмендейді. Кейде гиперестезия болады. Тұрақты Ласега симптомында созылған аяқты жоғары көтергенде ауырсыну болады. Сонымен қатар қайшылы Ласега симптомында зақымданған жақтағы ауырсыну сау аяқты көтергенде пайда болады. Созылмалы белгілерінің симптомдарына: Нери – басты пассивті еңкейткенде бел аймағында ауырсыну пайда болуы, Дежерина жөтелгенде, түшкіргенде ауырсыну сол жерде пайда болуы, Вассерман – науқасты ішіне жатқызып, аяқта, жамбас – сан буынды ауырсыну шап аймағында бүккенде пайда болуы. Мацкевич – тізе буынды ішіне қерай бүктіргенде сан сүйегінің алдыңғы беткейін ауырсынуы жатады, соңғы екі симптом сан жүйкесінің невритінде байқалады. Көп науқастарда бел омыртқасының остеохондрозында балтыр бұлшықетінің атрофиясы анықталады. Бұлшықеттер атрофиясы оның тонусының төмендеуімен кейбір бұлшықет топтарының парезіне дейін байқалады, бірақ сирек кездеседі. Омыртқааралық дискілердің дегенеративті өзгерістері вегетативті бұзылыстармен бірге жүреді. Ауа – райы өзгергенде, түшкіргенде ұлғаятын, ашып, шаншып, қышымалы ауырсынумен, жүйке түбіршектерінің зақымданумен жүреді. Сонымен қатар вазомоторлы бұзылыстар: аяқ – қолдың мұздауы, тері қызуының төмендеуі, тамырлы спазм, пульстың жоғалуына дейін білінеді. Вегетативті бұзылыстарға трофикалық симптомдар: цианоз, дисгидроз, терінің қабыршақтануы, кебуімен білінеді.
Бел омыртқасының остеохондрозы висцеральды синдромдарына – зәрді ұстай алмауы, болмай қалуы, сфинктердің салдануы, жамбас түбі бұлшықетінің салдануы, зәр шығару кезінде ауырсынумен және қуықтың гипотониясымен байқалады. Бел омыртқасының остеохондрозы бел лордозының болмауымен немесе тегістелуімен сипатталады. Сирек гиперлордоз – «тақтай симптомы», «асқақ жүріс» пайда болады. Бұл ауырсынумен бірге жүреді. Бел омыртқасының остеохондрозы ауыр асқынуында «ат құйрығының» компрессиялық синдромы (салданған ишиас) бұның нәтижесінде баяу және жіті люмбоишиалгиялық синдромынан өкше парезі, зәр шығару бұзылып, зәрдің бөгелуіне дейін әкеледі: сонымен парезден кейін ауырсыну және вертебральды синдромдар жойылады. Бел омыртқасының остеохондрозының динамикасы клиникалық белгілерімен рентгендік симптомдардан (омыртқааралық аймақтың тарылуы) тұрады.
Емі
Остеохондроздың емі кешенді түрде жүргізіледі. Рационалды тамақтануды сақтау, емдік тамақ, семіздікпен күресу (майлы, тез қорытылатын көміртектерді қолданбау керек, аздыратын емдәм және т.б), адекватты қимыл тәртібін сақтап, емдік дене жаттығуларын орындау.Өршу кезінде зақымдалған бел омыртқа бөлігіне тыныштық жағдай жасау ұсынылады: жартылай төсекті тәртіп, төсеніш асты шитті кереует, тек бас және мойынға арналған пәс жұмсақ жастық, құрғақ жылу тағайындау, ауырсынуды басатын тітіргендіргіштер: қыша қағаздар тағайындау. 8-10 күндік қатаң емес төсек тәртібі ауырсынуды азайтады, қозғалу белсенділігін арттыру керек, ол остеопороз бен бұлшықет атрофиясын болдырмайды. Мойын омыртқасының остеопорозында құрсауды бастапқыда үнемі, кейіннен кезеңдік жартылай қатты жағына тағу керек. Бел омыртқасының остеохондрозында кезеңдік құрсау тағу керек, белге салмақ аз түсу үшін, физикалық жұмыс істеушілерге штангисттің белбеуін тағу керек. Дәрмекті емі қарттарда гериатриялық фармакотерапияның тәртіптері бойынша тағайындалады. Жіті кезеңде анальгезирлеуші дәрмектер (баралгин 1-2 таб – 2-3 рет тәулігіне, 0,5мл бұлшықетке, анальгин 50% - 1 мл бұлшықетке, тәулігіне – 2 гр-нан аспау керек) транквилизаторлармен бірге (феназепам, реланиум) берілу керек, новокаин – гидрокортизонды блокадалар: симпаталгияда финлепсинді антидепрессанттармен (амитриптиллин және седативті дәрмектермен) бірге берілу керек. Тиімді болмағанда тамыр ішіне инфузиямен анальгетиктер (баралгин) кортикостероидтар, новокаин, десенсибилизирлеуші дәрмектермен бірге тағайындалады.
Патологиялық бұлшықет тонусын төмендетуге баклофен, фенибут, реланиум, лидокаин және т.б. миорелаксанттар беріледі. Ісікті басу үшін жіті кезеңде алғашқы үш күнде: фуросемид және лазикс бұлшықетке; урегит, сорбитол тамыр ішіне, кейде күшті (фуросемид) және калий сақтаушы салуретиктер беріледі. Қабынуға қарсы терапия ретінде вольтарен (диклофенак), мовалис, метиндол, напроксен бұлшықетке тағайындалады. Жіті кезеңде айқын ауырсыну синдромында кортикостероидтар (дексаметазон ішке және метипред бұлшықетке) тағайындалады. Бейстероидты қабынуға қарсы дәрмектерді 10-14 күннен артық берілмеу керек. Қан айналымды жақсарту үшін трентал, эуфиллин, но – шпа, компламин, эскузан, троксевазин тағайындалады. Кешенді терапияға сіңіретін әсерлі: биогенді белсендіргіштер (шыны тәріздес дене, плазмол, ФиБС, гумизоль, алоэ) бийхинол, лидаза, пирогеналь, синаптикалық нейрональды өткізгіштік жақсарту үшін: прозерин, амиридин, сангвиритин беріледі: метаболикалық және жалпы қуаттандырғыш терапия: В тобының дәрумендері, токоферол, аевит, фосфаден, АТФ, кокарбоксилаза, румалон, аскорбин қышқылы тағайындалады. Ганглиоблокаторлар (бензагексоний, ганглерон) ұзақ ауырсыну синдромында нейтрофикалық бұзылысында бұлшықет атрофиясында ретоболил Е дәрумендерімен және антихолинэстераза дәрмектерімен беріледі.
Жергілікті көңіл аударушы (отвлекающий) және қабынуға қарсы дәрмектер димексид тағайындалады. Негізгі кешенді емге емдік дене шынықтыру, әсіресе емдік гимнастика жатады. Ол омыртқа тініндегі метаболизмді қалыптастырушы, бұлшықет қызметінің белсенділігін жоғарылатып, қозғалу көлемін ұлғайтады.
Емдік гимнастика 5-10 күннен 35 минутқа дейін жүргізіледі Гериатрияда емдік гимнастиканы қауыптілікті сақтап қолданылады. Тез қимылды гимнастикаларды алғашқы кезде қолданбайды. Гимнастиканы, жаттығуларды бұлшықеттерді босататын жаттығулармен алмастырып отырады. Ауырсыну синдромдарында тыныс алу жаттығуларын тағайындайды. Керекті кешенді емге уқалау да жатады. Теріні механикалық тітіркендіру метаболизмді жақсартып, қан – лимфа айналымды жақсартып, жүйке жүйесінің қызметін жоғарылатады, бұлшықеттің жұмысын жақсартуға ауырсынуды басатын әсер береді. Уқалауды жіті ауырсынуды басқаннан кейін сипалаумен жайлап бастайды. Мойын омыртқасының остеохондрозында жағалық аймақты, жоғарғы кеуде аймағын, керек болса қолды да уқалайды. Бел омыртқасының остеохондрозында осы аймақты, төменгі кеуде бөлігін, жамбас аймақты, аяқты уқалайды. Уқалауды күніне 20-30 минуттан 10-15 рет жүргізеді. Физиотерапияны қарттарда байқап, кейбір шектеулермен қолданады. Оларға ультра күлгін сәулелендіру, ультрадыбыс, синусоидальды модульдеуші токтар, фоноферез жатады. Гидрокартизон немесе новокаин, парафин, озокерит, балшықпен емдеу, гидротерапия – радонды, сульфидті, шөптік ванналар ем курсына 10-12 рет, мануалдық терапия, ине шаншу және т.б., қарт науқастарды санаторлы – курорттық емді өзінің климаттық аймақтарындағы санаторияларда өткізіледі.

Остеопороз. Қауіп факторлары. Клиникалық әйгіленуі, асқынуы. Алдын алу шаралары . Тұрмыстық жарақаттың алдын алу.


Остеопороз – жүйелі, үдемелі түрде қаңқа жүйесіндегі сүйек тығыздығының төмендеуі және сүйек құрылымының бұзылуымен сипатталатын ауру болып табылады.


Остеопороз барысында сүйектің қалыпты құрылымының айтарлықтай бөліктері жойылып, архитектоникасы жоғалып, босаңсып, борсып, аз – кем салмақ әсерінен сүйек сынғыш келеді.
Остеопороз аса кең таралған «ХХ ғасырдың үнсіз эпидемиясы» атанған, көбінесе сырқат адам өзінің сүйектері остеопорозға ұшырағаннан хабарсыз, тек кальций жетіспеуінен сүйек сынғанда ғана байқалатын ауру түрі. Бұл жағдайда жоғалған кальций орнын толтырып, сүйек массасының жоғалған бөлігін қалпына келтіру қиынға соғады.
Остеопороздың типтері:
Постклимактериялық - әйел ағзасында эстроген гормондарының бөлінуі азаюынан болады. Бұл типтегі ерте остеопорозда етеккір келуі 1-3 жыл бұрын тоқтап, омыртқа жотасы бойы ауырады. Бұл уақыттан кейінірек, шамамен 65 жастан асқан соң екі аяқ, сан және басқа сүйек бөліктерінің ауырсынуы байқалады.
Жасөспірімдік остеопороз – соңғы жылдары остеопороздың «жасарып», сүйектің сынғыштығы балалар мен жастарда көбейгені байқалуда.
Қарттық остеопороз - жалпы ағзаның қартаюынан, қаңқаның салмағы мен тығыздығы төмендеуінен 75-80 жастан асқан қарт кісілерде кездеседі.
Кортикостероидты остеопороз - кортикостероидты гормондарды ұзақ қабылдау әсерінен дамиды.
Остеопороздан жиі көрініс беретін сынық түрлері:
- сан сүйегі мойнының сынуы;
- кәрі жіліктің сынуы;
- омыртқалардың компрессиялық сынуы.
Адам ағзасындағы сүйектердің көлемі, тығыздығы, салмағы өсу үдерісі барысында ұлғаяды. Әйел адамдарда бұл құбылыс 20-23 жаста, ер адамдарда 24-27 жаста тоқтайды. Осы жастан кейін керісінше сүйек массасы кеми бастайды. Адамның жасы анағұрлым ұлғайған сайын, сүйек те «қартайып», жұмсарып, жүріс – тұрысы, дене тұрқы өзгереді.
Остеопорозға барлық адам дерлік ұшырайды – балалықта (жасөспірімдік остеопороз), әйелдерде (50-60 жастағы әйелдердің жартысынан астамы), және 65-70-тен асқан ер адамдарда кездеседі.
Адам қаңқасы тек тірек – қимыл жүйесі ғана емес, минералдардың аса бай қорының көзі, минералдар алмасуындағы маңызды мүше. Остеопорозда сүйектің массасының азаюы ешқандай белгісіз, ауырсынусыз ондаған жылдар бойы жалғасуы сырқаттың қатерлілігін көрсетеді.
Остеопороздың пайда болуына алғашқы себеп – химиялық құрамы толыққанды емес тамақтану, қоршаған ортадағы уытты элементтердің ағзаға әсерінен зат алмасуының бұзылуы болып келеді. Сүйек тінінде зиянды стронцийдің 99% мен оның 8% изотоптары, бұлшықет тінінде цезий радионуклидінің 80% жинақталатыны дәлелденген. Біздің ағзамызда химиялық элементтер синтезделмейді, тек олар сыртқы ортадан су, тағам, ауа, тері арқылы түседі. Егер ағзасында ауыр металдар көбейіп, кальций, магний, марганец, цинк, кремний, мыс, фосфор, бор алмасуының бұзылуы болса, остеопороз дамуы заңды болады. Сүйек тінінің құрамы күрделі минералды құрамнан тұрады. Сүйек тінінің негізі кальций, фосфор магнийден тұрғанымен, олар өзара сүйек тінінде жақсы бекінуі үшін цинк, марганец, кремний, мыс, селен, темір, кобальт қажет. Сонымен бірге бор микроэлементінің жетіспеуінен кальций мен фосфаттардың сіңірілуі мен шығарылуы бұзылып, Д дәруменінің сіңірілуі төмендейді. Сондықтан остеопорозды емдеуде тек кальцийді қабылдау нәтиже бермей, осымен бірге оның марганец, мырыш, селен, темірге, магнийге антагонистігі остеопороз ағымын ауырлатады.
Остеопороздың дамуына алюминий, стронций, қорғасын, кадмий, бериллий сияқты микроэлементтердің мөлшері артуынан сүйек тініндегі кальций, магний фосфор, цинк, темір және басқа элементтер ығыстырылып шығуы да себеп болады. Бұндай көрініс орын алған жерде зәр жолдарында тас, буындарда сықыр пайда болып,сүйек жұқарады.
Босанғаннан кейін болатын остеопорозда кальций жетіспеушілігі емес,негізінен марганец жетіспеуі себеп болады. Марганец әйел ағзасындағы дофамин нейромедиаторының өндірілуіне,ал дофамин психологиялық қалыпты теңдікті сақтауға әсер етеді. Жас босанған әйелдердің тынымсыз, ашушаң болуы, қант диабетінің босанудан стресстік реакция алу әсерінен дамуына жол береді. Марганец, сонымен бірге супероксиддиисмутаза ферментін өндіруге жәрдемдеседі, оны жасартушы микроэлемент деп те атайды. Климакс кезінде бор, марганец, мыс сақталуына себеп болатын әйелдердің жыныс гормондары азаюынан,осы аталған микроэлементтер жетіспеуінен остеопороз дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет