3.3 Жұдырықшаның минимал радиусын анықтау
Жазықтықтан C туынды нүктесін таңдап, BC түзуін 120 мм деп алып BC кесіндісін 20 пен итергішке тең етіп жүргіземіз. графигіктеріне қатысты осы кесінділерді белгілейміз. BC сызығына бөлу нүктесі бойынша перпендикуляр кесінділер жүргіземіз. масштабында мәніне сәйкес келетін кесінділерін жүргіземіз. Бұл кесінділердің мм-мен алынған сан мәндерін келесі формула бойынша анықтаймыз:
(3.3.1)
кесінділерінің ұзындықтарын графиктік жолмен – пропорционал бөлу әдісімен анықтаймыз. Осы мақсатта итергіштің қашықтауындағы ең үлкен кесіндіні анықтаймыз:
Жұдырықшаның айналу бағытын итергіштің қашықтауындағы айналу бағытына қарама-қарсы болатындай етіп аламыз. Сондықтан кесінділерін күйентенің аралық орындарында доғасынан оңға қарай күйенте қашықтауында және солға қарай – оның жақындауында жүргіземіз. кесінділерінің соңғы нүктелерін біртіндеп бірқалыпты қисықпен қоса отырып, кесінділерінің соңғы нүктелерінің геометриялық орындарын аламыз. кесінділерінің шеткі нүктелерінен берілген кесінділерге минимал беріліс бұрышымен түзулер жүргіземіз. Ол формуласымен анықталып, беріліс бұрышы деп аталады. Барлық орнына сәйкес жұдырықшаның мүмкін айналу центрлеріне ортақ болатын, штрихталған бөлік жұдырықша айналу центрінің аймағы болып табылады.
Жұдырықшаның айналу центрін штрихталған бөліктің төбесіне орналастырамыз.Сонда ) нүктелерінің қосатын кесінді жұдырықшаның минимал радиусы болып табылады.
3.4Жұдырықшаны пішіндеу
Жетектегі звено қозғалысының заңы ілгерілей қозғалатын итергіш үшін S = S(t) түрінде болады. Жұдырықшаны пішіндеуді қозғалысты кері айналдыру әдісімен жүргіземіз. Механизмнің бастапқы орны ретінде итергіштің көтеріле бастауына сәйкес келетін оның ең төменгі орнын В0 нүктесін аламыз. Итергіштің бастапқы орнын А нүктесі арқылы өтетін горизонтальдан бастап өлшенетін S0 = D0B0 – өлшемін анықтаймыз. Жұдырықша бұрылысының тең бұрыштарына пропорционал тең уақыт аралықтары бойынша кері айналдыру қозғалысында итергіштің бірқатар лездік орындарын құрамыз. Бұдан соң АD0 = е радиусымен шеңбер жүргіземіз. АС0 - дан жұдырықшаның айналуына қарама-қарсы бағытта келесі бұрыштарды жүргіземіз:
Кейін сәйкесінше е шеңбері бойынан D0, D1, ... D9нүктелерді тауып, 120мм қылып түзу жүргіземіз. D0 түзуін B0 шеңберге, D1 түзуін B1 шеңберге,...B9С9 нүктелерімен қосып шығамыз. B0, B1 ,... B9 шеңберлерімен қиылысқан нүктелерді B1', B2',...B9' нүктелерін тауып, роликтің қозғалу центрін табамыз.
Белгіленген бұрыштарды қамтитын доғаларды диаграммасының абсцисса өсінің бөліктеріне сәйкес бөлшектерге бөлеміз, яғни.Табылған B1', B2',...B9' нүктелерін бірқалыпты қисықпен қоса отырып, жұдырықшаның пішінін аламыз.
Практикалық пішінді ролик радиусына тең радиусты доғалар жиынын қамтитын қисық ретінде жүргіземіз. Бұл доғалар жиынтығының центрлері жұдырықшаның центрлік пішінінде орналасқан.
Роликтің радиусын келесі теңсіздіктен таңдап аламыз:
(3.4.1)
Берілген қозғалыс заңын қамтамасыз ету үшін роликтің радиусы жұдырықшаның центрлік пішінінің минимал қисықтық радиусынан кіші болуы керек.
Табылған нүктелерін қосып, жұдырықшаның теориялық профилін табамыз. Теориялық профильден r роликтің жүрісін белгілеп қоямыз.
Достарыңызбен бөлісу: |