Тәжірибе барысында жануарларға тиреоидэктомия жасалғанда. Бұл операция гипофиз аденоциттерінің қайсысына әсер етеді:
тиротропоциттеріне
Гипофиздің қай бөлігінде жинағыш Херринг денешіктері бар:
артқы
Құрылыс- қызметін атқаратын бірлігі - фолликул болып табылатын эндокринді без қайсысы:
қалқанша без
Қалқанша безден дайындалған препаратты зерттеу барысында қабырғасындағы тироциттері жалпақ, ірі фолликулдары бар екені байқалады. Бұл без қызметінің қай кезеңіне сәйкес келеді:
гипофункциясына
Қалқанша бездің фолликул аралық дәнекер тінінде немесе фолликул қабырғасында орналасқан, секреторлы түйіршіктері осмиофильді және аргирофильді боялатын жасушалары қайсысы:
парафолликулярлы эндокриноциттері
Қалқанша безінің кальцитонин бөлетін жасушалары:
парафоллликулярлы эндокриноциттері
Ағзаға радиоактивті йодты енгізгеннен кейінгі қалқанша бездің кесіндісін алып зерттеу барысында мына жасушалардың қайсысы боялады:
тироциттері
Бүйрек үсті безінің эндокриноциттерінің қайсысы альдостеронды синтездейді:
шумақты аймағының
Бүйрек үсті безінің қыртысты аймағындағы эндокриноциттерінің ерекшеліктері:
цитоплазмасында көптеген май тамшылары мен холестерин болады
Адреналиннің синтезіне қатысатын бүйрек үсті безінің жасушалары:
боз затындағы ашық түсті жасушалары
Кортикостероидтардың синтезіне қатысатын бүйрек үсті безінің жасушалары:
қыртыстың шоғырлы аймағындағы эпителиоциттері
Бүйрек үсті безінің бір бөлігінде құрамында холестерин, май тамшылары мен «С» витамині бар эпителиоциттердің тізбегі көрінеді. Бұл мыналардың қайсысы:
шоғырлы аймағы
Достарыңызбен бөлісу: |