Гипофиз жатады:Неврогенді топтың эктодермалды безіне!
Ішек түтігінің эндодермалды бездеріне жатады:Ұйқы безінің аралшығы
Гипофиздің артқы үлесінің гормоны:Вазопрессин
Гистология
Орталық эндокринді жүйеге қатысты мүшелер:
гипоталамус, гипофиз және эпифиз
Эндокринді және экзокринді қызмет атқаратын бездер:
гонадалар, плацента мен ұйқы безі
Эндокринді бездерінің құрылыс ерекшеліктері:
өзектері жоқ, қан тамырлары жақсы дамыған, секреті қанға бөлінеді
Эндокринді бездерінің қызметін үнемі реттеп отыратын жүйе қайсысы:
жүйке жүйесі
Гормондардың нысана жасушаларға әсер ететіні белгілі, олар плазмолеммасында мыналардың қайсысының болуымен ерекшеленеді:
арнайы рецепторлардың
Гипоталамустағы супраоптикалық және паравентрикулярлы ядроларын түзетін жасушалары:
нейросекреторлы
Аденогипофиздің жасушаларының қызметіне әсер ететін гормондар қайсы:
либериндер, статиндер
Аденогипофиздің эмбриональді шығу тегі:
ауыз шұңқырының эктодермальді эпителиі
Нейрогипофиздің эмбриональді шығу тегі:
бас миының үшінші қарыншасының түбіндегі нейроглиясы
Гипофиздің алдыңғы бөлігіндегі жасушаларының 60 %-ын түзетін аденоциттері қайсысы:
хромофобты эндокриноциттері
Гипофиздің алдыңғы бөлігінде майда, цитоплазмасындағы секреторлы түйіршіктері нашар боялатын жасушасы:
хромофобты эндокриноциттері
Гипофиздің алдыңғы бөлігінде пішінсіз немесе көпбұрышты болып келген, цитоплазмасында өте анық базофильді боялған майда түйіршіктері бар жасушасы:
тиротропоциттері
Достарыңызбен бөлісу: |