«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру»



Дата07.07.2016
өлшемі56.58 Kb.
#182919
 Ақмола облысы әкімдігінің

2014 жылғы 11 сәуірдегі

№ А-4/134 қаулысымен бекітілді

«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру»



мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 



1. Жалпы ережелер

 

1. «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі– мемлекеттік көрсетілетін қызмет)  Ақмола облысының облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың сәулет және қала құрылысы бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетіледі.



2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі (бұдан әрі - шешім) немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау



 

4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» және «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 237 қаулысымен бекітілген «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдайды және тіркейді - 15 минуттан ұзақ емес. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу мөртабанымен көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысып, бұрыштамасын қояды және жауапты орындаушыға береді - 15 минут. Нәтижесі –жауапты орындаушыны белгілеу;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын және сәйкестігін тексереді – 27 күнтізбелік күн ішінде. Нәтижесі – шешімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысып, шешімге немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды - 1 күнтізбелік күн ішінде. Нәтижесі – шешімге немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою;

 5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді - 1 күнтізбелік күн ішінде. Нәтижесі – шешім немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

 

 

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау



 

6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

7. Әрбір ресімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы өзара іс-қимылдың кезеңділігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауды жүзеге асырады - 15 минуттан ұзақ емес;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысып, бұрыштамасын қояды және жауапты орындаушыға береді - 15 минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын және сәйкестігін тексереді, кейін шешім немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды – 27 күнтізбелік күн ішінде;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысып, шешімге немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды - 1 күнтізбелік күн ішінде;

         5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері шешімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға береді - 1 күнтізбелік күн ішінде.

8. Рәсім (іс-қимыл) кезеңділігінің сипаттамасы осы регламенттің  қосымшасына сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша



 

 

Рәсім (іс-қимыл) кезеңділігінің сипаттамасы

 

 


Мемлекеттік қызмет көрсету процесі (бағыты, жұмыс ағымы)

                       ҚФБ 1-тобы                      

ҚФБ 2-тобы

ҚФБ 3-тобы

 

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын және сәйкестігін тексереді, кейін шешім немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды - 27 күнтізбелік күн ішінде

 



Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады - 15 минут

 




 

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысып, бұрыштамасын қояды және жауапты орындаушыға береді –

15 минут


 

 





 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет