«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру»



Дата21.07.2016
өлшемі61.53 Kb.
#214451



Қарағанды облысы әкімдігінің

2014 жылғы «__» _________

№____ қаулысымен

бекітілген



«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



  1. Жалпы ережелер

1. «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының сәулет және қала құрылысы бөлімдері (басқармалары) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

2. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.

3. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі.



2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үдерісі кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметшілері) әрекеті тәртібінің сипаттамасы
6. Көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы №237 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» және «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының (бұдан әрі -стандарт) 1-қосымшасына сәйкес қағаз түрінде ұсынылған көрсетілетін қызметті алушының өтініші және қоса берілген құжаттары (бұдан әрі- өтініш) мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:

1) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу;

2) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарау және жауапты орындаушыны таңдау;

3) стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізімге сәйкес өтінішке қоса берілген құжаттардың толықтығын жауапты орындаушының қарауы, құжаттар толық болған жағдайда, қала (аудан) әкімдігінің қаулы жобасын дайындау.

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қала (аудан) әкімдігі қаулы жобасына виза қоюы.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижелері келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастауға негіздеме болып табылады:

1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;

2) ұсынылған құжаттардың толықтығы;

3) жауапты орындаушының өтінішті қарауы және қала (аудан) әкімдігінің қаулы жобасын дайындау;

4) қала (аудан) әкімдігінің қаулы жобасына виза қою;

5) қажетті визаларды жинау, қала (аудан) әкімдігінің қаулысына қала (аудан) әкімінің қол қоюы, тіркеуді жүргізу және көрсетілетін қызметті алушыға шешімді беру.



3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үдерісі кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілері) өзара әрекеті тәртібінің сипаттау
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) жауапты орындаушы;

4) қала мен аудан әкімдігі.

10. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттердің) ұзақтығын көрсете отырып, сипаттау: 

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жібереді, бұл ретте, өтініштің оң жақ төменгі бұрышына түскен күні мен кіріс нөмірі көрсетілген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртаңбасы қойылады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде жауапты орындаушыға нұсқаумен жібереді;

      3) келісімдеуші мемлекеттік органнан келіп түскен жауапты өңдеу және негізделген бас тарту туралы жауапты дайындау не қала (аудан) әкімдігінің қаулы жобасын дайындау және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының бұрыштамасына жолдау, қала (аудан) әкімдігінің қаулысын бекіту үшін қажетті бұрыштамаларды жинау 28 (жиырма сегіз) күнтізбелік күн;

      4) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 1 (бір) жұмыс күн ішінде береді.

Іс-әрекеттердің реті және көрсетілетін қызметті берушінің шешімі осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік

жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес

қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген

бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға,

қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

Әрбір әкімшілік әрекетті (рәсімді) орындаудың мерзімі

көрсетілген құрылымдық бөлімшелер арасындағы әрекеттерінің (рәсімдерінің)

бірізділігінің сипаты


1


Әрекет нөмірі (барысы, жұмыс ағыны)

1

2

3

4

5

2

Құрыымдық бөлімшелердің атауы атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

Жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

3

Әрекеттердің (поцестің, рәсімдердің, операциялардың) атауы және олардың сипаты

құжаттарды қабылдау және құжат айналымының бірыңғай ақпараттық жүйесінде тіркеу- (30 минут артық емес)

Құжаттарды қарау



өтінішті қарау және қаулы жобасын дайындау

қаулы жобасына виза қол қояды

Тіркеуді жүргізеді

4

Аяқтау нысаны
(мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді

Құжаттарды жауапты орындаушыға жібереді

Қаулыға қол қоюы үшін виза жинайды.

Қала (аудан) әкіміне қол қою үшін жібереді

Көрсетілетін қызметті алушыға дайын шешімді ұсынады

(30 минуттан артық емес)



5

Орындау мерзімдері

1 күн ішінде

25 күнтізбелік күн

3 күннен артық емес

1 (бір) күн ішінде


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет