«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру»



Дата09.06.2016
өлшемі115.12 Kb.
#125945



Шығыс Қазақстан облысы

әкімдігінің

қаулысына қосымша

«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру»

мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. ««Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы регламентке (бұдан әрі – регламент) 1 -қосымшада көрсетілген өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы дағы № қаулысымен бекітілген «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) негізінде, тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру не қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) әрекет ету тәртiбiн сипаттау

4. Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат алу үшін, мекенжайлары мен байланыс деректері осы регламенттің 1- қосымшасында көрсетілген уәкілетті органға жүгіну қажет.

5. Мемлекеттік қызметті алушыдан өтініш алған сәттен бастап мемлекеттік қызмет нәтижесін берген сәтке дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдері (іс-қимылдар):

1) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды уәкілетті органға ұсынады;

2) уәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттардың толықтығын тексереді, қабылданған құжаттарды тіркейді;

3) кеңсе қызметкері уәкілетті орган басшысына қарастыруға береді;

4) құжаттарды уәкілетті орган басшысы қарағаннан кейін жауапты маманды белгілейді;

5) қойылған талаптарға сәйкестігін тексеру үшін, мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көзделген тізбеге сәйкес уәкілетті органның жауапты маманы құжаттарды қарайды, рұқсат немесе немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды;

6) уәкілетті органның басшысы дұрыс болуы үшін дайындалған рұқсатты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тексереді, оған қол қояды.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

осы стандарттың 2-тармағының 6 тармақшасында көзделген құжаттарды берген сәттен бастап - 30 (отыз) күнтізбелік күнді құрайды (құжаттарды қабылдаған және берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).

Көрсетілетін қызмет алушының құжаттар пакетін тапсыруы үшін барынша жол берілетін күту уақыты – 30 минуттан аспайды.

Көрсетілетін қызмет алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты – 30 минуттан аспайды.

Уәкілетті органда мемлекеттік көрсетілетін қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, дүйсенбіден жұмаға дейін, уәкілетті органның белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін, стандарттың 2-тармағының 6 тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметтi алушы уәкілетті органға өтініш берген кезде келесі құжаттарды ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органға тиісті құжаттарды тапсырған кезде, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:

- өтініштің нөмірі және қабылданған күні;

- сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;

- қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

- құжаттарды беру күні, уақыты мен орны;

- құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған уәкілетті орган кеңсесі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

- тұтынушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіледі.

6. Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) уәкілетті органның рұқсатты беруі немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) әрекет ету тәртiбiн сипаттау
7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) қызмет берушiлердiң тiзбесi:

1) уәкілетті орган басшысы;

2) уәкілетті орган маманы;

3) кеңсе қызметкері.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін, қажетті рәсiмдердi (iс-қимылдарды) сипаттау:

1) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды уәкілетті органға ұсынады (30 минут ішінде);

2) уәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттардың толықтығын тексереді, қабылданған құжаттарды тіркейді (30 минут ішінде);

3) кеңсе қызметкері уәкілетті орган басшысына қарастыруға береді (күн ішінде);

4) құжаттарды уәкілетті орган басшысы қарағаннан кейін уәкілетті органның жауапты маманына жолдайды (1 (бір) күн ішінде);

5) қойылған талаптарға сәйкестігін тексеру үшін, мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көзделген тізбеге сәйкес уәкілетті органның жауапты маманы құжаттарды қарайды, рұқсат немесе немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды (20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде);

6) уәкілетті органның басшысы дұрыс болуы үшін дайындалған рұқсатты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тексереді, оған қол қояды және кеңсе қызметкеріне береді (1 (бір) жұмыс күні ішінде);

7) уәкілетті органның кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға береді (2 (екі) жұмыс күні ішінде).

Рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген блок-схемасында сүйемелденеді.

9. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құқық белгілейтін құжаттарда қателер анықталған кезде, уәкілетті орган құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Уәкілетті орган мынадай негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тартады:

- өзгертiлетiн объектiге тиiстi меншiк құқығы немесе мәлiмделген өзгерiстерге ғимараттың бiр бөлiктерi немесе үй-жайларының меншік иесінің (тең меншік иелерінің) нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі, сонымен-ақ көрcетiлген өзгерiстерге тиiсетiн басқа меншік иелерінің жоқ болған жағдайда;

- егерде жоспарланудағы өзгерістер қызметтiң түрi үшiн үй-жайдың пайдалануын болжау үшін тұрғын ғимараттарда жапсарлас (жапсарлас-жанаса) қоғамдық тағайындау кәсiпорындарының және мекемелерінің атауы туралы «Тұрғын ғимараттар» ҚР ҚНжЕ 3.02-43-2007 4-қосымшасында болмаған жағдайда.

- өзгерту жобасының техникалық шарттарға немесе мемлекеттiк нормативтердiң талаптарына сәйкес келмеуінде.

Бас тартқан жағдайда уәкілетті органның лауазымды тұлғасы көрсетілетін қызметті алушыға 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарлайды және бас тарту себебі туралы жазбаша негіздеме береді.

Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін)

реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламентіне

1-қосымша



Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органдардың тізбесі



Р/с №

Уәкілетті органның атауы

Мекенжайы

Телефондары

1

«Абай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ



Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі, 14

8(72252)-9-22-70

2

«Аягөз ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ



Аягөз ауданы, Аягөз қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 62

8(72237)-3-33-13

3

«Бесқарағай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ



Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Пушкин көшесі, 2а

8 (72236)-9-15-16

4

«Бородулиха ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ



Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Независимость көшесі, 69

8(72351)-2-14-76

5

«Глубокое ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ



Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Попович көшесі, 11 «а»

8(72331)-2-34-38

6

«Жарма ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ



Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Касилев көшесі, 11

8 (72347)-6-57-96

7

«Зайсан ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ



Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, Малдыбаев көшесі, 53-а

8 (72340)-2-11-00

8

«Зырян ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ



Зырян ауданы, Зырян қаласы, Совет көшесі, 18

8 (72335)-6-37-32

9

«Катонқарағай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ



Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан көшесі, 114-11

8(72341)-2-23-62

10

«Көкпекті ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ



Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Фахрутдинов көшесі, 44, «а»

8(72348)-2-17-02, 8(72348)-2-16-06

11

«Курчатов қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ



Курчатов қаласы, Независимость көшесі, 4

8(72251)-2-58-24

12

«Күршім ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ



Күршім ауданы, Күршім ауылы, Ибежанов көшесі, 23

8(72339)-2-21-00

13

«Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ



Риддер қаласы, Қонаев көшесі, 40

8 (72336)-4-42-29

14

«Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ



Семей қаласы, Достоевский көшесі, 110

8 (7222) 56-12-58

15

«Тарбағатай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ



Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесі, 16

8(72346)-2-24-93

16

«Ұлан ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ



Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, 1

8 (72338)-2-78-14

17

«Үржар ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ



Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы, 122

8 (72230)-3-35-19

18

«Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ



Өскемен қаласы, Киров көшесі, 33

8 (7232) 26-24-48

19

«Шемонаиха ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ



Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, Советская көшесі, 59

8(72332)-3-39-22,

8 (72332)-3-32-03


Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін)

реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламентіне

2-қосымша




Көрсетілетін қызмет берушіге жүгінген кезде

көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін

рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгi блог-схемасы

Жеке және заңды тұлға (көрсетілетін қызметті алушы)

прямая со стрелкой 297



Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін)

реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру




прямая со стрелкой 298



Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар пакетін ұсынуы



Қойылған талаптарға сәйкестігін тексеру үшін, уәкілетті органның маманы мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттарды қарайды
прямая со стрелкой 302

Белгіленген талаптарға сәйкес келуі



Құжаттар пакетінің толық болмауы

соединительная линия уступом 28соединительная линия уступом 29


Белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі


прямая со стрелкой 27

Құжаттарды қабылдаудан дәлелді бас тарту



Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін)

реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру




Қағаз жеткізгіште бас тарту туралы дәлелді жауап


соединительная линия уступом 22


прямая со стрелкой 20

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің нәтижесін алу




прямая со стрелкой 18


соединительная линия уступом 23

Жеке және заңды тұлға (көрсетілетін қызметті алушы)





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет