Магнит өрісінің тәжірибе жүзінде тағайындалған негізгі қасиеттері мыналар:
1. магнит өрісін электр тогы (қозғалысқа түскен зарядтар) тудырады; 2. магнит өрісі электр тогына (қозғалысқа түскен зарядтарға) тигізетін әсерден барып байқалады. Магнит өрісі, электр өрісі сияқты, бізге тәуелсіз, біздің ол туралы білуімізге тәуелсіз нақтылы бар екендігі ақиқат.
Магнит өрісіндегі тогы бар тұйықталған контур.
Магнит өрісін зерттеу үшін, еңтәуірі өлшемдері шағын (магнит өрісі елеулі өзгеретіндей ара қашықтықтармен салыстырғанда) тұйық контур алу. Магнит өрісін тек электр тогы ғана емес, тұрақты магниттердің де тудыратыны белгілі.
Электр өрісі Фарадей идеялары. Фарадей идеясы бойынша электр зарядтары бір біріне тікелей әсер етпейді. Олардың әрқайсысы өзін қоршаған кеңістікте электр өрісін туғызады. Бір зарядтың өрісі басқа екінші зарядқа әсер етеді және керісінше осы екінші заряд өрісі бірінші зарядқа әсер етеді. Зарядтан қашықтаған сайын өріс әлсірей береді. Электромагниттік өзара әсерлердің таралу жылдамдығы. Фарадейдің идеяларына сүйене отырып, Максвелл теория жүзінде электромагниттік өзара әсердің кеңістікте шекті жылдамдықпен таралатынын дәлелдей алды.
Ядролық магниттік резонанс
Ядролық магниттік резонанс (ЯМР) – қатты, сұйық және газ тәріздес денелерде радиожиілік диапазонындағы электрмагниттік энергияның резонанстық жұтылуы. Мұндай резонанстық жұтылу құбылысы сыртқы магнит өрісіне орналасқан зат ядроларының магнетизміне байланысты пайда болды. Бұл құбылыстың резонанстық сипаты қозғалыс мөлшерінің моменті мен магниттік моменті бар ядролардың қасиетіне сәйкес анықталады. Мұндай ядроның сыртқы магнит өрісімен (Н0) әсерлесуі меншікті, яғни пресцессия жиілігін (ω0) анықтайды: ω0=γН0, мұндай γ – гиромагниттік қатынас, яғни ядроның магниттік моментінің оның қозғалыс мөлшері моментіне қатынасы. Тәжірибеден негізінен осы меншікті жиіліктің мәні анықталады. Көптеген ядролар үшін бұл жиілік 1 – 10 МГц аралығында. Сыртқы магнит өрісі болмаған кезде ядролардың магниттелушілігі әлсіз (электрондық парамагнетизмнен 106 – 108 есе кем) болады. Резонанстық жиіліктегі радиожиіліктік өріс ядролардың айналуы бағытын өзгертеді, яғни ядролық магниттелушіліктің прецесс. қозғалысын тудырады. Бұл қозғалыс зерттелмекші затты қоршаған индуктивтілік орамада пайда болатын индукциялық ЭІК арқылы анықталады. ЯМР ядролардың магниттік моментін өлшеуге, заттың магниттік құрылымын зерттеуге, химиялық анализде т.б. кеңінен пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |