ҚҰтырық ауруы қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі



бет1/4
Дата27.05.2023
өлшемі5.73 Mb.
#474358
  1   2   3   4
кутырык


ҚҰТЫРЫҚ АУРУЫ
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
«Семей қаласы Шәкәрім атындағы Университеті»КеАҚ
Орындаған: Жәбезқанова А.
Айтқазы Д.
Қайсарханова Е.
Топ: ВС - 903
Тексерген: Мұқатаев Айтбек Мұратұлы
Семей 2022 ж
Құтыру - бұл орталық нерв жүйесінің зақымдалуымен және өлім-жітіммен аяқталатын, қоздырғышы рабдовирустар тұқымдастығына жататын жануарлар мен адамдардың табиғи ошақтық ауруы. Көбінесе бұл ауруды тасымалдаушы етқоретілер (ит, мысық, қасқыр, қарсақ, түлкі, т.б.) болып табылады.
Жануарлар және адамға тістеу арқылы немесе терідегі жараға ауру жануардың сілекейінің жағылуы кезінде жұғады. Құтыру вирусы алдымен зақымданған жерде болып, артынан омыртқа жұлынына және бас миына түседі, одан кейін сілекей безіне түсіп, жүйке жүйесін зақымдап, сілекей арқылы далаға шығады.
Сонымен қатар вирус көзді, өкпені, бүйректі, бүйрек үсті безін, бұлшық еттерді, қарын асты безін, сүт бездерін (сүт арқылы шығады) зақымдайды. Құтырудың клиникасы тек бүкіл ағзаны зақымдағаннан кейін ғана пайда болады.
Жануарларда инкубациялық кезең 14 күннен 90 күнге дейін созылады.
КІРІСПЕ
Құтыру өте ерте заманнан, адамзаттың мәдени тарихи қалыптаса бастаған кезден белгілі. Ол туралы мәліметтер Вавилонның б.з.д. 2300 жылы жасалған заңдар жинағында кездеседі. Демокрит иттің құтырығын жан-жақты баяндаса, Аристотель әртүрлі жануарларға құтырықтың ит қапқанға жұғатындығын жазды. І.Есенберлиннің "Алтын Орда" романында Әмір Темірдің Алтын Орданың болашақ ханы Тоқтамыстың құтырған ит талаған әйелі мен баласын өртетіп жібергені суреттелген. Құтырған ит сілекейінің жұғымталдығын алғаш рет тәжірибе жүзінде 1804 жылы Францияда Цинке дәлелдеді. Оның отандасы Лион ветеринария мектебінің профессоры В.Гальте үй қоянына құтырық жұқтырып, қойды ауырған жануардың сілекейімен иммундеуге тырысты. Бұл деректерді пайдаланған Л.Пастер үй қоянының миына бірнеше рет өткізу арқылы аурудың қоздырушысын әлсіретіп, өзінің дүниежүзіне әйгілі вакцинасын алды. Құтырық қоздырушысының вирус екендігін бұдаен көп кейін 1903 жылы Ремленже мен Риффат-бей делелдеді. Румын ғалымы В.Бабеш және италяндық А.Негри кейіннен Бабеш-Негри денешігі деп аталып кеткен құтырыққа шалдыққан жануардың ми нейрондарының протоплазмасында болатын ерекше құрылымды ашты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет