Тырысқақ Орындаған: Тлеубекова Жанат



бет2/4
Дата28.11.2022
өлшемі4.06 Mb.
#465951
1   2   3   4
холера

Этиологиясы

  • Қоздырғышы- Vibrio cholerae, өте қозғалмалы, үтір түрде иілген, грамм теріс қысқа таяқшалар.
  • Аэроб, оптимальды температурада (37˚С), сілтілі ортада жақсы өседі.
  • Сыртқы ортаның температурасы 17 ˚С-тан жоғары, су көздерінде өте төзімді.
  • Тікелей күн жарығына сезімтал, 1 минут қайнату оны өлтіреді.
  • Күкірт және хлор-сутек қышқылына және дез.ерітіндіге сезімтал.
  • Басқа түрлі ішек-қарын аурулары сияқты, тырысқақ та адамдарға су, көкөніс, жеміс-жидек, сүт арқылы жұғады. Оның тарауына шыбын да көмектеседі.

Инфекция көздері:

Инфекция көздері:

  • Холераның типті және атипті түрлерімен ауыратын адамдар (1 гр нәжіспен 107- 109 микроб бөліп шығарады)
  • Вибрион тасымалдаушылар (сау, транзиторлы, реконвалесценттер) -(1 гр нәжіспен 102- 105 микроб бөліп шығарады)
  • Таралу жолдары:

  • су арқылы (көбінесе)
  • алиментарлы
  • тұрмыстық қатынас
  • Жұқтыру механизмі: Фекальді-оральді

    Маусымдылығы : Жаз-күз

Тырысқақ патогенезі

  • Кіру қақпасы - ас қорыту жолы. Вибрион біраз бөлігі асқазанда қышқыл ортада өледі . Қалған бөлігі асқазаннан өтіп,жіңішке ішекке түсіп,сілтілі ортада көбейе бастайды. Энтероциттерге жабысып – адгезия-шырыш қабаттарында 12-24 сағаттың ішінде көбейеді (колонизацияланады), токсикалық заттарды бөледі.
  • Инкубациялық кезеңі: 1-2 күннен 5 тәулікке дейін
  • Басталуы жедел. Продромальды белгілер сирек кездеседі (12-17% көбінесе Эль-Тор холерада).
  • Тырысқақтың ең бірінші көрінісі: аяқ астынан пайда болатын диарея (тәулігіне 3-10 реттен 30 ретке дейін), іш өту ауырсынусыз болады.
  • Тырысқаққа тән нәжіс: сулы, көп мөлшерде (300 мл-ден 1 литрге дейін) , түссіз, иіссіз, «күріш суы» тәрізді, құрамы изотониялық сұйықтыққа тән.
  • Құсу — іш өтуден кейін, жүрек айнусыз, жиі, сулы, «фонтан тәріздес» болады.
  • Сырқат басынан бірнеше сағаттан кейін сусыздану синдромының алғашқы белгілері пайда болады: Шөлдеу, бұлшық еттердің әлсізденуі, адинамия, балтыр еттердің ауырсынып, тартылуы, тахикардия, гипотония, тыныс алуының жиіленуі, терінің бозғылттығы. Одан кейін бет әлпеті жүдеп, көз айналасы көгеріп, тері тургоры төмендеп, шырыш қабаттары құрғап, цианозданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет