«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарына арналған тест тапсырмалары (2 кредит) Құрастырған: «Экология және қоршаған ортаны қорғау»


@@@ Экстремальды жағдайлар кезіндегі халықтың іс әрекеті



бет11/17
Дата20.09.2022
өлшемі0.83 Mb.
#460986
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
«Тіршілік ауіпсіздігіні негіздері» п нінен университетті барл

@@@ Экстремальды жағдайлар кезіндегі халықтың іс әрекеті

$$$ 252 Е


Жер сілкінуіне дейін, алдын-ала дайындық:
A) рюкзак немесе сөмкеңізді құжаттар;
B) жылы киім мен аяқ киім, үш күнге жететін тамақ пен су;
C) алғашқы медициналық дәріханасы мен медикаменттер;
D) жылжымалы электр фонары мен сіріңке;
Е) барлық жауаптар дұрыс.

$$$ 253 А


Алғашқы жер сілкінісі кезінде:
A) жер сілкінісі басталған кезде үрейленбеңіз және басқалардың да үрейленуіне жол бермеңіз;
B) лифті пайдаланып төмен түсіңіз;
C) қозғалмай бір орында тұрыңыз;
D) жоғары қабатқа көтеріліңіз;
Е) газды, суды қосыңыз.

$$$ 254 D


Егер күшті жер сілкінісі болған кезде сіз үйдің ішінде болсаңыз (дүмпу күші бес және одан жоғары болса):
A) Екінші және одан да жоғары қабатта болсаңыз жоғары қабатқа қарай өтіңіз;
B) лифті пайдаланып төмен түсіңіз;
C) қозғалмай бір орында тұрыңыз;
D) Ішкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа, есіктің жақтауына, ваннаға жатыңыз;
Е) кереуеттің, столдың астына кірмеңіз.

$$$ 255 Е


Жер сілкінісен кейін:
A) қозғалмай бір орында тұрыңыз;
B) лифті пайдаланып төмен түсіңіз;
C)қажет адамдарға жәрдем көрсетіп, зардап шеккендерді үйіндіден шығаруға көмектесіңіз;
D) өте сақ болыңыз, ғимаратты тез арада босатыңыз, яғни басқа жаққа барыңыз;
Е) С және Д.

$$$ 256 Е


Қар көшкініне тап болған жағдайда:
A) қар көшкіні кезде көшкіннің шет жағына шығуға, ағаш, бұтақтардан ұстауға тырыспау керек;
B) қар көшкіні тоқтасымен көшкіннен шығуға тырыспай, сізді тез тауып алу үшін тыныш отыру керек;
C) қардың астында қалғанда айқайлау керек;
D) егер сіз қар көшкікіне тап болсаңыз қозғалмауға тырысу керек;
Е) қар көшкіні тоқтасымен көшкіннен шығуға тырысу керек, сізді тез тауып алу үшін қолыңызды шығарыңыз.

$$$ 257 А


Опырылу аймақтарындағы табиғи қауіпсіздік шаралары:
A) тік жарлардан тас құлағанда қабырғаға жабысып тұру немесе басты рюкзакпен жабу керек.
B) тік жардың бірден бұрылысы сызығы бар құлайды-ау деген жерлерге тоқтау;
C) опырылған тік жардың қасына тоқтау;
D) қауіпті жерлерден айқай- шумен өтуге болады;
Е) бұқаралық ақпарат құралдары хабарларын тыңдау.

$$$ 258 В


Су тасқыны кезінде:
A) үйдегі газды, суды, жарықты сөндірмеу, пештегі жанып жатқан отты өшірмеу;
B) үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне немесе жоғары қабатқа шығару;
C) бірінші қабаттағы есік пен терезелерді ашық қалдыру;
D) мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін жауып тастау.
Е) дұрыс жауабы жоқ.

$$$ 259 Е


Қар көшкіннің жақындау қаупі және белгілері
A) көшкінге қауіпті арналарда судың тоқтап не болмаса күрт азайып кетуі;
B) көшкінге қаупі арналардың жоғары жағында қатты дыбыстың пайда болуы;
C) көшкін алып келген тастардың соққысынан болған қозғалыстар;
D көшкін соққысынан болған шаңды бұлттардың пайда болуы;
Е) барлық жауаптар дұрыс.
$$$ 260 С
Су тасқыны қаупі бар аймақтарда қауіпсіздік шараларын сақтау
A) қатерлі аймақта тоқтаусыз жаңбыр жауса, ол жерден тез арада кетуге тырыспау;
B) келе жатқан көшкін ағынына 50-60 м жақындау;
C) көшкін болатынын сезген жағдайда, тауға шығып, неғұрлым алысырақ кетуге тырысыңыз;
D) Көшкін болатынын сезген жағдайда, қауіпті аймаққа шығу;
Е) тау шеттеріне және көшкін ағатын аймаққа тоқтау.

$$$ 261 D


Суға түскенде қандай жағдайларды жасамау керек:
A) белгі қойылған жерден асу;
B) рұқсат етілмеген жерде шомылу;
C) өтіп жатқан кеме, катер мен қайықтардан секіру;
D) белгі қойылған жерден аспау, рұқсат етілмеген жерде шомылмау;
Е) өтірік дабыл көтеру.

$$$ 262 Е


Егер сіз қайықта болсаңыз:
A) техникалық жағдайы нашар, қараусыз қалоған қайықтарды пайдаланбаңыз;
B) құтқарушы құралсыз суға түспеңіз;
C) техниклық құжатта көрсетілгеннен артық жүк пен азаматтарды алмаңыз;
D) қараңғы уақытта жүзу құралдарын пайдаланбаңыз;
Е) барлық жауаптар дұрыс.

$$$ 263 Е


Суға түскен кезде сіңір тартылғанда не істеу керек:
A) саусақтарыңызды жұдырығыңызға тең жинап, сермеп, қайта жинаңыз;
B) аяғыңызды бауырыңызға жинап, сіңір тартылған аяғыңызды өзіңізге қарай қатты тартыңыз;
C) егер сіңір тартылуы қоймаса, онда аталғандарды қайталау керек;
D) сіңір тартылуының басылуын күту керек;
Е) барлық жауаптар дұрыс.

$$$ 264 В


Мұз үстінде жүру ерекшеліктері:
A) қатпаған мұз үстінде шығу;
B) мұз үстінде топ болып тұрмау керек;
C) мұз жарылған, шұңқыр жерлерге жақындау;
D) мұз үстіне қараңғы, нашар көрінетін кезде шығу;
Е) өткел жоқ жерден мотоцикл, автокөлікпен жүру.

$$$ 265 D


Қарлы боран (дауыл) егер сіз далада қалсаңыз:
A) ішімдік ішу;
B) жазық жерде отыру;
C) ұйықтауға кірісу;
D) ағаштардың арасынан қуыс жер табыңыз, паналаған орынды белгілеу керек;
Е) көмек шақырып қатты айқайлау.

$$$ 266 D


Автокөлікте келе жатып боранда қалсаңыз:
A) автокөліктен шықпай отыру;
B) қар астында қалмау үшін көлік айналасын қайта- қайта қардан тазалаңыз;
C) пайдаланған газ шығатын трубаның қармен толып қалуын, сол газдың көлік ішіне кірмеуін қадағылыу керек;
D) В және С;
Е) дұрыс жауабы жоқ.

$$$ 267 Е


Егер автокөлік жолда өшіп қалса:
A) даурықпаңыз, жағдайды байқаңыз, қай уақыт, қай жерде тұрғаныңызды, елді-мекенге қанша жер бар екенін анықтауға тырысыңыз;
B) егер күтетін болсаңыз, ұйықтап қалмаңыз;
C) егер ары қарай жүретін болсаңыз, трасса мен көшеден шығып кетпеуге тырысыңыз;
D) автокөлікте кемінде 5 дөңгелек болады, қажет болса біреуін жағуға болады;
Е) барлық жауаптар дұрыс..

$$$ 268 E


Қатты үсу кезінде істеуге болмайды?
A) үсіген теріні қармен ысқылауға;
B) зақымданған дене мүшесін жұмсақ таңғышпен жабуға;
C) ауруды әлсірету үшін зақымданған дене мүшесін жоғары көтеруге;
D) зақымданған дене мүшесін ыстық ауамен жылытуға;
E) қармен ысқылауға және ыстық ауамен жылытуға.

$$$ 269 B


Үсу кезінде не істеу керек?
A) күлдіреген теріні жару;
B) үсіген жерді ақырындап бас киіммен, жүнді матамен ысқылау;
C) таңғыш қою;
D) зақымданған жерді жылы суға салу;
E) құлақ, мұрын, бетті алақанмен жылыту.

$$$ 270 B


Суға батқан зардап шегушіні судан алып шыққаннан кейін не істеу керек?
A) дем алу жолдарын судан босату;
B) аузын бөгде заттардан және құммнан тазарту;
C) жасанды дем алдыруға кірісу;
D) зардап шегушіні жерге жатқызу;
E) пульсін тексеру.

$$$ 271 C


Батып бара жатқан адамды құтқару кезінде зардап шегуші сіздің қолыңыздан ұстап жібермесе сіз не істейсіз?
A) бірге суға батасыз
B) аяғыңызбен ары қарай итеріп жібересіз;
C) оның қолының бас саусағын тез жылдамдықпен ашып жібересіз;
D) өзіңізді құтқаруға жағдай жасайсыз;
E) қайтадан суға тығасыз.

$$$ 272 C


Электр тоғының әсерінен зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету кезінде сіздің бірінші әрекетіңіз?
A) тез ауруханаға жеткізу;
B) күйген жерге таңғыш қою;
C) электр тоғының әсерінен босату;
D) пульстің бар екендігіне көз жеткізу;
E) көздің шарасын жарыққа тексересіз.

$$$ 273 C


Найзағаймен зақымданған адамға көмек көрсету үшін бірінші не істеу керек?
A) мүсәтір спиртін искету;
B) күйген жерге суық қою;
C) көздің шарасын жарыққа тексеру, пульстің бар екендігіне көз жеткізу;
D) жерге көму;
E) жасанды дем алдыру.

$$$ 274 B


Найзағаймен зақымданған кездегі алғашқы көмек көрсету кезінде істеуге болмайды?
A) күйген жерге суық қою;
B) адамды жерге көмуге;
C) жүрек – өкпе реанимациясына кірісу;
D) пульстің бар екендігіне көз жеткізу;
E) көз шарасын жарыққа тексеру.

$$$ 275 А


Қар көшкіні астында қалған адамға жоғарғы жақты қалай білуге болады?
A) түкіру;
B) дем алу;
C) айқайлау;
D) қарды еріту;
Е) көмек күту.
$$$ 276 D
Сел басталуының белгілері қандай?
A) қатты желдің басталуы;
B) күннің қаты ысуы;
C) қатты желдің есебінен тау жыныстарының желге мүжілуі;
D) басқа дыбыстарды естіртпейтін, су ағындарының бетінде гуілдің пайда болуы;
E) жер асты қозғалысының басталуы. .

$$$ 277 А


Лаңкестік (терроризм) деген не?
A) мемлекеттің қауіпсіздігін бұзу үшін, мемлекеттік органдардың қабылдайтын шешімдеріне әсер ету үшін және басқа да лаңкестік мақсаттарға жету үшін жасалатын құқыққа қарсы, қылмыстық жазаланатын жұмыс;
B) адам өміріне қауіп тудыратын қастандық, жарылыс, аманатқа алу, өртеу немесе басқа да іс қимылдарды жасау;
C) мемлекеттің қауіпсіздігін бұзу;
D) діни экстрималдық ағымдар;
Е) моральдық, адамгершілік түсінігі жоқ адамдардың іс әрекеті.

$$$ 278 В


Қазақстан Республикасының «Лаңкестікке қарсы күрес туралы» Заңы қабылданды?
A) 1998 жылдың 13 шілдесі;
B) 1999 жылдың 13 шілдесі;
C) 2000 жылдың 13 шілдесі;
D) 2001 жылдың 13 шілдесі;
Е) 2002 жылдың 13 шілдесі.

$$$ 279 С


Лаңкестік акт -
A) адамдардың өміріне қауіп төндіретін қастандық, жарылыс, аманатқа алу;
B) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай;
C) адамдардың өміріне қауіп төндіретін қастандық, жарылыс, аманатқа алу, өртеу немесе басқа да іс-қимылдарды жасау, маңызды мүліктік шығындарға ұшырату немесе басқа да қоғамға қауіпті салдардың пайда болуы, егер бұл әрекеттер лаңкестіктің мақсатына жету үшін, сондай ақ, белгіленген іс - әрекеттердің сол мақсатта жасалу қауіпі болса лаңкестік акт болып саналады;
D) авариялық жағдайда адам өміріне қауіп төндіретін факторлар;
Е) халық денсаулығының нашарлауына байланысты әлеуметтік күрделі жағдай.

$$$ 280 Е


Әсер ету масштабына қарай лаңкестік:
A) саяси, діни (соның ішінде сектанттық);
B) қылмыстық және жеке тұлғалық сипатта болады;
C) халықаралық (бір мемлекеттің шекарасынан шығып кететін лаңкестік қимыл) болып бөлінеді;
D) ішкі (субьектілер – сол елдің азаматтары мен ұйымдары, актілердің зардабы сол елдің шекарасынан шықпайды);
Е) С және Д

$$$ 281 Е


Өзінің табиғатына қарай лаңкестіктің көздері:
A) саяси, діни (соның ішінде сектанттық);
B) қылмыстық және жеке тұлғалық сипатта болады;
C) халықаралық (бір мемлекеттің шекарасынан шығып кететін лаңкестік қимыл) болып бөлінеді;
D) ішкі (субьектілер – сол елдің азаматтары мен ұйымдары, актілердің зардабы сол елдің шекарасынан шықпайды);
Е) А және В

$$$ 282 Е


Жарылығыш қондырғысына ұқсас зат табылған кездегі іс-әрекет:
A) жақындамау, тиіспеу, орнынан қозғамау;
B) радиобайланыс құралын пайдалануды тоқтату;
C) табылған заттың уақыты мен орнын анықтау;
D) табылған зат туралы дереу құқықтық органдарына, ТЖ органдарына хабарлау;
Е) барлық жауаптар дұрыс.

$$$ 283 А


Телефон арқылы қауіп төнген кездегі іс-әрекет:
A) әрбір келіп түскен телефон қоңырауына мұқият болу, қажет болған жағдайда көшіру жоспарына сәйкес адамдарды көшіру;
B) әрбір келіп түскен телефон қоңырауына жауап бермеу;
C) жедел тергеу топтарының, кинологтардың және т.б.жұмыстарын кедергі келтіру;
D) телефон арқылы алынған ақпаратты құқық қорғау органдары мен ұйым басшысына дереу жеткізуді қамтамасыз етпеу;
Е) радиобайланыс құралын пайдалануды тоқтату.

$$$ 284 Е


Супер маркет әкімшілігі жарылғыш зат тауып алған кездегі бірінші әрекеті
A) жақындамау;
B) тиіспеу, қозғамау;
C) радио байланыстыпайдалануды тоқтату;
D табылған заттың уақыты мен орнын анықтау;
Е) барлық жауаптар дұрыс.

$$$ 284 В


Кепілдікке алған кезде істеуге болмайды:
A) болған жағдайды дереу ұйым басқарушысына және тиісті инстанцияға хабарлау;
B) лаңкестердің қару қолдануына алып келеті іс - әрекеттер жасау;
C) өз ықтиярыңызбен лаңкестермен келіссөзге шықпау;
D) оқиға орнына тиісті күш құрылымына сәйкес орган қызметкерлерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз ету;
Е) қажетті жағдайда, егер бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына залал келтірмейтін болса, лаңкестерге қайшы келмейтін болса, олардың талаптарын орындау, өзінің және айналасындағы адамдардың өмірін қатерге тікпеу.

$$$ 286 С


Лаңкестер ұшақты кепілдікке алғандағы іс-әрекет етуге болмайды:
A) лаңкеспен қалыпты дауыспен әңгімелесіңіз;
B) лаңкестің көзіне қарамаңыз;
C) лаңкестерге қарсылық көрсетіңіз;
D өз мінезіңізбен ланкестердің назарына түспеңіз;
Е) жан жағыңызда болып жатқан нәрселер мен лаңкестердің іс-қимылын есіңізде сақтап қалыңыз.

$$$ 287 D


Пошта жолдамаларында күдікті заттар табылған кездегі іс әрекет:

  1. конвертті, пакетті т.б. өз бетіңізше ашуға әрекеттену;

B) күдікті хатты мүмкіндігінше қолмен ұстау;
C) осы деректер туралы ТЖ және СЭС аумақтық органдарына хабарламау;
D) мамандар келгенше күдікті затты герметикалық ыдысқа салу, затпен тікелей қарым қатынаста болған барлық тұлғалардың тізімін жасау, затты қарым-қатынаста болған тұлғалар жеке гигиенаның барлық ережелерін сақтау;
Е) белгісіз заттың ғимараттың желдету жүйесіне мүмкіндік бермеу.

$$$ 288 В


Жарылғыш қондырғысына ұқсас зат табылған кездегі іс әрекет:
A) көтеріп алып, сыртқа шығару;
B) орнынан қозғамау, дереу құқық қорғау органдарына хабарлау;
C) табылған затты ашып қарау;
D) мамандар келгенше затты орнын ауыстыру;
Е) күдікті затты қолмен ұстау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет