«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарына арналған тест тапсырмалары

бет1/8
Дата09.06.2016
өлшемі0.56 Mb.
#124575
  1   2   3   4   5   6   7   8
«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарына арналған тест тапсырмалары (2 кредит)

Тараудың тақырыбы

Тарау бойынша сұрақ саны

Таңдалған сұрақтардың саны

Салм

1

Заңнамалық актілер мен ережелер. Түсініктер және анықтамалар.

15

2

1

2

Тіршілікті қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері.

9

2

1

3

Төтенше жағдайлар. Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар. ТЖ негізгі ұғымдары мен анықтамалары.

70

4

1

4

Адамның мекендеу ортасының қауіптіліктері

12

2

1

5

Радиациялық қауіпті нысандардағы төтенше жағдайлар

38

4

1

6

Химиялық қауіпті нысандардағы төтенше жағдайлар

34

4

1

7

Биологиялық (биологиялық - әлеуметті) төтенше жағдай

35

4

1

8

Өртке қарсы шаралар

26

2

1

9

Тұрғындарды қорғау.

12

2

1

10

Экстремальды жағдайлар кезіндегі халықтың іс әрекеті

37

4

1

11

Төтенше жағдайдың психологиялық аспектілері

19

2

1

12

Эвакуация, көшіру және бытыраңқы орналастыру шаралары.

16

2

1

13

Зақымдаушы факторлардан халықты инженерлік қорғау.

26

2

1

14

Зақымдану ошақтарындағы құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар.

9

2

1

15

Жарақаттанған және зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету.

42

2

1

Барлығы

400

40

@@@ Курстың негізгі себептері, маман дайындаудағы ролі. Заңнамалық актілер мен ережелер. Түсініктер және анықтамалар.
$$$ 1

Тіршілік қауіпсіздігі негіздері курсының зерттейтін мәселелері.

A) адамның ТЖ кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым қатынасының, шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногенді ТЖ ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы;

B) тіршілік ортасының жәй-күйі мен жағымсыз факторлары;

C) шаруашылық объектілерінің ТЖ жұмыс істеу тұрақтылығын зерттеу мәселелерін;

D) өндірістік қызметтің қауіпсіздігі мен экологиялылығын арттыру жөніндегі шаралар;

Е) тосын жағдайдың дамуына немесе пайда болуына әсер ететін табиғи орта факторлар

$$$ 2

Тіршілік қауіпсіздігі -

A) басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт соғыс уақытында халықты шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны;

B) адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық нысандарының тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендіксипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай ақ, осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені;

C) өнеркәсіптік, ауылшаруашылығы өндірісі мен қоғам қызметінің басқа мүдделеріне пайдаланылатын тәртіптер мен нормалар негізінде іс әрекет ететін адамдар ұжымысалалары;

D) бағдарлама немесе мақсатты бірігіп жүзеге асырушы және белгіленген ережелер мен нормалар негізінде әрекет жасайтын адамдар тобы;

Е) тосын жағдайдың дамуына немесе пайда болуына әсер ететін табиғи орта факторлар.

$$$ 3

«Тіршілік қауіпсіздігі» курсын оқу барысында қарастырылатын сұрақтар -

A) адамдардың денсаулығына, өміріне, қоршаған ортаға және шаруашылық объектілеріне нұсқан келтіретін немесе келтіруі мүмкін, едәуір шығынға әкеп соғатын, тіршілік жағдайын бұзатын авария, апат немесе зілзіала салдарынан болған белгілі бір аумақта туындаған жағдайларды қарастыру;

B) адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық нысандарының тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендіксипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай ақ, осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені;

C) өмір сүру ортасының жағдайы және жағымсыз факторлары, адамның өмір сүру ортасымен қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету принцптері, техникалық ортамен процестердің қауіпсіздігін жоғарлату, зиянды және зақымдаушы факторлармен зақымдалған адамның анатомиялық-физиологиялық салдары, ТЖ кезіндегі шаруашылық нысандарының тұрақты жұмыс істеуін зерттеу әдістері, тіршілік қауіпсіздігінің нормативті техникалық және ұйымдастыру негіздері.

D) тосын жағдайдың дамуына немесе пайда болуына әсер ететін табиғи орта факторлар;

Е) тіршілік қауіпсіздігінің нормативті техникалық және ұйымдастыру негіздері.
$$$ 4

ҚР Азаматтық қорғаныс туралы заңы қай жылы шықты?

A) 7 мамырда 2001ж;

B) 7 мамырда 2000ж;

C) 7 мамырда 1999ж;

D) 7 мамырда 1998ж;

Е) 7 мамырда 1997ж.
$$$ 5

Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы қашан қабылданды?

A) 1996 жыл 5 шілде;

B) 1997 жыл 10 сәуір;

C) 1995 жыл 30 қыркүйек;

D) 7 мамырда 2000ж;

Е) 7 мамырда 2001ж;

$$$ 6

ЖОО АҚ бастығы? A) ректор; B) проректор; C) декан; D) қафедра меңгерушісі;

Е) оқытушы.
$$$ 7

Төтенше жағдай дегеніміз не?

А) экологиялық төтенше жағдайлар;

B) бұл адамның қоршаған ортамен қарым қатынасы нәтижесінде және оның өміріне, денсаулығы мен мүлігіне қауіп төнгенде болуы мүмкін жағдай;

C) тосын жағдайдың дамуына немесе пайда болуына әсер ететін табиғи орта факторлары;

D) адамдардың денсаулығына, өміріне, қоршаған ортаға және шаруашылық объектілеріне нұсқан келтіретін немесе келтіруі мүмкін, едәуір шығынға әкеп соғатын, тіршілік жағдайын бұзатын авария, апат немесе зілзіала салдарынан болған белгілі бір аумақта туындаған жағдай;

Е) өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар.
$$$ 8

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар

A) өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр – энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар.тіршілік ортасының жәй – күйі мен жағымсыз факторлары;

B) дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрттер, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын төтенше жағдайлар;

C) адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші нысандарға нұқсан келтірген апаттар;

D) халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай;

Е) өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар.
$$$ 9

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар

Е) экологиялық төтенше жағдайлар.

$$$ 10

Табиғаттағы тосын жағдай:

A) адамның қоршаған ортамен қарым қатынасы нәтижесінде оның өміріне, денсаулығы мен мүлігіне қауіп төнгенде болуы мүмкін;

B) дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрттер, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын төтенше жағдайлар;

C) адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші нысандарға нұқсан келтірген апаттар;

D) халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай;

Е) экологиялық төтенше жағдайлар.

$$$ 11

Төтенше жағдайлардын алдын алу -

A) төтенше жағдай пайда болған жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау, материалдық шығындардың көлемін азайту үшін, сонымен қатар төтенше жағдайлардың аумағын жоюға бағытталған құтқару, авариялық – қалпына келтіру және басқа да шұғыл жұмыстар;

B) адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау, материалдық шығындардың көлемін азайту, төтенше жағдайлардың пайда болуын едәуір төмендетуге бағытталған және алдын ала жүргізілетін кешеңдік шаралар;

C) төтенше жағдай жарияланған белгілі бір аумақ;

D) мүлікті, жабдықтарды сақтау, қауіптіліктің экономикалық есебі, қауіптіліктен қорғану шаралары, қауіптілікті тани білу;

Е) адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау.

$$$ 12

Төтенше жағдайды жою -

A) төтенше жағдай пайда болған жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау, материалдық шығындардың көлемін азайту үшін, сонымен қатар төтенше жағдайлардың аумағын жоюға бағытталған құтқару, авариялық – қалпына келтіру және басқа да шұғыл жұмыстар;

B) адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау, материалдық шығындардың көлемін азайту, төтенше жағдайлардың пайда болуын едәуір төмендетуге бағытталған және алдын ала жүргізілетін кешеңдік шаралар;

C) төтенше жағдай жарияланған белгілі бір аумақ;

D) мүлікті, жабдықтарды сақтау, қауіптіліктің экономикалық есебі, қауіптіліктен қорғану шаралары, қауіптілікті тани білу;

Е) адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау

$$$ 13

Төтенше жағдай аумағы –

A) төтенше жағдай пайда болған жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау, материалдық шығындардың көлемін азайту үшін, сонымен қатар төтенше жағдайлардың аумағын жоюға бағытталған құтқару, авариялық – қалпына келтіру және басқа да шұғыл жұмыстар;

B) адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау, материалдық шығындардың көлемін азайту, төтенше жағдайлардың пайда болуын едәуір төмендетуге бағытталған және алдын ала жүргізілетін кешеңдік шаралар;

C) төтенше жағдай жарияланған белгілі бір аумақ;

D) мүлікті, жабдықтарды сақтау, қауіптіліктің экономикалық есебі, қауіптіліктен қорғану шаралары, қауіптілікті тани білу;

Е) індеттер және эпизоотиялар, ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестермен зақымдалуы
$$$ 14

Зілзала -

A) ТЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала;

B) аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс;

C) адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені;

D) технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың бұзылуы;

Е) ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.

$$$ 15

Дүлей зілзала -

A) ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс;

B) аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс;

C) ТЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала;

D) технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың бұзылуы;

Е) алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайту.

@@@ Тіршілікті қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері.
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу -

A) мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі, оның қорғаныс шараларын қамтамасыз ету құрылымдарының құрамдас бөлігі;

B) бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі;

C) жергілікті өкілді және атқарушы органдар;

D) халықтың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардағы іс-қимылы жөніндегі міндеттемелері;

Е) республикалық Үкімет, орталық атқарушы органдар, мемлекеттік бағдарламалар.
$$$ 17

Азаматтық қорғаныс – бұл...

A) ТЖ пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстары;

B) табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ жою кезінде шұғыл медициналық жәрдем көрсету қызметі дереу іске қосады, ал ол жеткіліксіз болған жағдайда орталық мемлекеттік органдардың және ұйымдардың медициналық күштері мен құралдары таратады;

C) облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия;

D) бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және халықты, ұйымдар мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларының ықпалынан, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны;

Е) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықты, аумақты және шаруашылық жүргізуші объектілерді қорғаудың негізгі принциптері.

$$$ 18

Азаматтық қорғаныс мәселелерінің Республикалық деңгейде шешілуі -

A) Азаматтық қорғаныс мүлігін, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын жинауды, сақтауды ұйымдастырады, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан сақтандыру шараларын, авариялық құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастырып өткізеді;

B) жергілікті өкілді және атқарушы органдар ведомствлық бағыныстағы аумақта Азаматтық қорғанысқа басшылық етеді, ұйымдардың Азаматтық қорғаныс шараларын орындауынұйымдастырады. Хабарландыру құралдарын, басқару нүктелерін тұрақты дайындықта ұстайды;

C) республикалық Үкімет, орталық атқарушы органдар мемлекеттік бағдарламаларды, Азаматтық қорғанысты дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттарын, оны қаржыландыру және материалдық қамтамасыздандыру тәртібін, соғыс қауіпі мен төтенше жағдайлар кезіндегі Азаматтық қорғаныс жүйесінің жұмыс істеу тәртібін белгілейді;

D) Мемлекеттік деңгейде Азаматтық қорғанысы халық пен республика экономикасын зілзаладан, ірі авариялардан, апаттардан, осы заманғы зақымдау құралдарының қолдануынан қорғау және төтенше жағдайлардың пайда болу аудандары мен зақымдау ошақтарындағы басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар жөніндегі мемлекеттік шаралардың құрамдас бөлігі болып табылады;

Е) дұрыс жауабы жоқ.
$$$ 19

Азаматтық қорғаныс мәселелерінің жергілікті деңгейде шешілуі -

$$$ 20

Азаматтық қорғанысқа тікелей басшылықты жүргізеді?

A) Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың Мемлекеттік жүйесі;

B) ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі;

C) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы өкілеттілігі;

D) ТЖМ ОҚО төтенше жағдайлар департаменті тарапынан құрылған комиссия;

Е) аудан әкімдері мен ауыл әкімдері.

$$$ 21

Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері мыналар -

A) саяси әлеуметтік мәселелерді шешу;

B) ТЖ кезіндегі құтқару құралдарын жөндеу;

C) басқару, хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру;

D) Орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін даярлау және халықты оқыту;

Е) басқару, хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру, дамыту және қолдау, Төтенше жағдайлар кезінде Азаматтық қорғаныс күштерін құру, оларды іс-әрекеттерге даярлау және тұрақты дайындықта ұстау, Орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін даярлау және халықты оқыту.
$$$ 22

Халықтың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттер жөніндегі міндеттері қандай?

A) зардап шеккен халыққа бірінші кезекте көмек көрсету, тіршілікті қалыптастыру;

B) Азаматтар тиісті органдарға төтенше жағдайлардың тууына алып келуі мүмкін апаттар қаупі туралы хабарлауға, халық АҚ пен ТЖ бойынша қажетті білімдер мен практикалық дағдыларды игеруге, АҚ шараларына қатысуға және орындауға міндетті;

C) бейбіт және соғыс уакытында ТЖ пайда болуы кезінде қоршаған табиғи ортаны, адамдардың өмірі мен денсаулығын, мәдени және материалдық құндылықтарды қорғау, төтенше жағдайды ескерту мен жою саласында бірегей мемлекеттік саясатты жүргізу;

D) халықты, аумақты қорғау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шаралар жүйесін құру;

төтенше жағдайға әрекет ету ретін анықтау, зардаптарын жою, олардың пайда болу себептерін тергеу;

Е) халықты хабарландыру және мониторинг ұйымдастыру.
$$$ 23

Мекемедегі, кәсіпорындағы «Азаматтық қорғаныс» құрылымдары кімдердің бұйрығымен құрылады?

А) облыс әкімі бұйрығымен;

B) аудан әкім бұйрығымен;

C) мекеме басшысы бұйрығымен;

D) министірлік бұйрығымен;

E) мемлекеттік инспекция бұйрығымен.
$$$ 24

Облыстардағы «Азаматтық қорғаныс» мәселелеріне кім жауапты?

А) ТЖ Министрі;

В) облыстық ішкі департаменті;

С) облыс әкімдері;

D) министрлік бөлім басшысы;

Е) облыстық прокурор.
@@@ Төтенше жағдайлар.

$$$ 25

Табиги сипаттағы төтенше жағдайлардың негізгі ұғымдары

A) жағымсыз факторлар, тіршілік әрекетінің бұзылуы, технологиялық процестің бұзылуы;

B) геофизикалық қауіпті құбылыстар, жанжалды сипаттағы төтенше жағдайлар;

C) техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар, экологиялық апаттар, экономикалық және экологиялық апаттар;

D) жер сілкінісі, сел, қар көшкіндері, су тасқыны, табиғи өрттер, індеттер және эпизоотиялар, ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестермен зақымдалуы.

Е) экологиялық төтенше жағдайлар.
$$$ 26

Табиғаттағы тосын жағдай дегеніміз не?

А) материалдық жағдайға және климаттық-географиялық жағдайлар;

B) адамның қоршаған ортамен қарым қатынасы нәтижесінде және оның өміріне, денсаулығы мен мүлігіне қауіп төнгенде болуы мүмкін жағдай;

C) тоғандардың бұзылу нәтижесінде елді мекендер мен тұтас аудандардың су астында қалуы;

D) химиялық және радиациялық қауіпті объектілердегі төтенше жағдай;

Е) табиғи өрттер, эпидемиялар және эпизоотиялар.
$$$ 27

Тіршілік қауіпсіздігі негіздері курсында қандай мақсаттар шешіледі?

A) ТЖ салдарын болжау және бағалау және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін теориялық және практикалық іс әрекеттер көлемін студенттерге үйрету;

B) мүлікті, жабдықтарды сақтау, қауіптіліктің экономикалық есебі:

C) қауіптіліктен қорғану шаралары, қауіптілікті тани білу;

D) ТЖ жою жөніндегі мемлекеттік саясат;

Е) экономикалық және экологиялық апаттар
$$$ 28

«Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ» заңы қай жылы бекітілді?

A) 5 шілде 1990ж;

B) 5 шілде 1994ж;

C) 5 шілде 1996ж;

D) 5 шілде 1998ж;

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет