Халық арасында тұрақты тістердің тісжегінің таралуы мен
қарқындылығының орташа көрсеткіші
Жасы, жылы
Таралуы % ТПЖ Т
П
Ж
0,23 0,15 0,08 -
2,51 1,17 1,30 0,04
3,81 1,57 2,15 0,09
35-44
13,93 3,13 6,02 4,78
65 және жоғары
22,75 1,72 2,77 18,26
РФ 47 аймағында тұрып жатқан эпидемологиялық стоматологиялық
тексеруден өткен 55391 адамның ұлттық
нәтижесінің мәліметтері
келтірілген. Тексеру 2007-2008 жж ДДҰ ұсынған стоматологиялық
статусты бағалау критериі мен кодтарын қолдана отырып жүргізілді.
Алынған мәліметтерге сәйкес әртүрлі аймақтарда тісжегінің таралуы
бірдей емес. Ауыз суында фторидтердің мөлшері мен уақытша және
тұрақты тістердің тісжегі қарқындылығы арасында ең маңызды өзара
байланыс бар екені анықталды. Ауыз суында фторидтердің мөлшерлі
концентрациясы 0,7 мг/л төмен болғанда тісжегінің таралуы көбейеді, ал
0,7 мг/л болса онда тісжегінің таралуы азаяды. Бұл тәуелділік 6, 12 және
15 жас арасындағы топтарда өте айқын көрінеді.
Ересек жастар
арасында бұндай тенденция аз дәрежеде көрінетіні көптеген тісжегі
туғызушы факторлардың әсеріне байланысты болуы мүмкін. ( 2.2,
2.3сурет).
2.2. Сурет. Аймақтарда ауыз суында фторид мөлшерінің әртүрлі
болуына
қарай уақытша тістердігі тісжегінің орташа қарқындылығы
2.3.Сурет. Аймақтарда ауыз суында фторид мөлшерінің әртүрлі болуына
қарай тұрақты тістердігі тісжегінің орташа қарқындылығы.
Қалалық және ауылдық тұрғындар арасында тісжегі қарқындылығының
көрсеткіші өзгеріссіз болды. ДДҰ градациясы бойынша тісжегі
қарқындылығы 12- жастағы балалар арасында 27 аймақта төмен
деңгейде, 19 аймақта орташа, ал бір аймақта жоғары болды. ДДҰ
градациясы бойынша көптеген аймақтарының тұрғындары арасында
тістердің тісжегі қарқындылығы деңгейі жоғары деп бағаланды.
Ұлттық екіншілік эпидемологиялық стоматологиялық тексеру нәтижесін
талдау барысы 10 жыл бұрынғы (1999) мәліметтерімен
салыстырғанда
балалардың тұрақты тісінің тісжегі қарқындылығының орташа
көрсеткішінің төмендегенін анықтаса,
ал ересек және егде тартқан
тұрғындарда тістердің тісжегі қарқындылығы жоғары деңгейде қалғаны
анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: