Титульный лист Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі



бет9/10
Дата09.06.2016
өлшемі0.71 Mb.
#125298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ҚОРЫТЫНДЫ


Қазақ дипломатиясы өз бастауын ғасыр қойнауларынан алатыны сөзсіз. Көне түркі қағанаты мен Ұлы Жібек жолы кезеңін бастан өткеріп шыңдалған ұлтымыздың сыртқы қатынастар шеберлігі Қазақ хандығы заманында шарықтағаны аян. Ата-бабаларымыз аттың жалында, түйенің қомында жүріп, көк найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ғана емес, даналық пен парасаттылыққа негізделген саяси айла-тәсілдермен кең байтақ атамекеніміз - дарқан даланы ұрпақтарына сақтап, аманат етіп тапсырды. Осыған орай Қазақстанның сыртқы саясаты халқымыздың жадында сақталған ғасырлық тәжірибеге, төл дәстүрлеріне негізделіп отырғанын мақтанышпен айта аламыз.

Ал тәуелсіздігімізді алып егеменді ел болғаннан бастап, Қазақстанның Сыртқы iстер министрлiгi нағыз дипломатиялық мiндеттер атқарып, шетелде дипломатиялық өкілдіктеріміз ашыла бастады.

Бүгінгі күні Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі - сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы орган.

“Қазақстан Республикасының сыртқы iстер министрлiгi және консулдық қызметi” тақырыбына жазылған дипломдық жұмысты зерттей келе, келесі қорытындыларды жасадық:

Төл дипломатияның тарихы Қазақ хандықтарынан, дәлірек айтқанда тәуелсіздік пен аумақтық тұтастықты сақтап қалу міндеті маңдайларына жазылған Керей мен Жәнібектен Әбілқайыр, Абылай хандарға, одан беріде Бөкей хандығы мен Алашорда қайраткерлерінен тамыр алады.

1944 жылдың сәуір айының 13-інде Қазақ КСР-інің Сыртқы істер ұлттық комиссариаты құрылып, оны кейіннен КСРО-ның Үндістандағы елші-кеңесшісі болып істеген, талантты дипломат Төлеген Тәжібаев басқарды. Қазақ КСР-інің Сыртқы істер ұлттық комиссариаты 1946 жылы Сыртқы істер министрлігі болып қайта құрылды.

1992 жылдың 2 шілдесінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев жас Қазақстан мемлекетінің сыртқы саясат ведомствосының мәртебесі мен өкілеттігін ресми рәсімдеген, “Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі туралы” Жарлыққа қол қойды.

1991 жылы желтоқсанның 16-сында тәуелсіздік алғаннан кейінгі Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Сыртқы істер министрі лауазымына Төлеутай Сүлейменов тағайындалды. Кейіннен министрлік басшылығына Қанат Саудабаев (1994 жылдың сәуір-қазан аралығы), Қасым-Жомарт Тоқаев (1994-1999, 2002-2007 жылдары), Ерлан Ыдырысов (1999-2002) сынды кәсіби дипломаттар тағайындалды, Март Тәжин (2007 – бүгінгі күнге дейін)

Сыртқы істер министрлігінің ведомствасы - Халықаралық ақпарат комитеті бар. Ол Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң құзыретi шегiнде арнайы атқарушылық функцияларды, Қазақстан Республикасының оң имиджiн нығайту мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық үйлестiрудi және шет елдерде оның жетiстiктерi туралы ақпарат таратуды жүзеге асыратын ведомство болып табылады.

Сыртқы істер министрлігінің негізгі міндеттері: Қазақстан Республикасы Сыртқы саясатының тұжырымдамасын және негізгі бағыттарын әзірлеу, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне тиісті ұсыныстар беру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделін нығайтуға жәрдемдесу, шет елдерде Қазақстан Республикасының, оның азаматтарының және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау, халықаралық бейбітшілікті, ғаламдық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін дипломатиялық құралдармен және әдістермен іске асыру, шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қарым-қатынастарын жүзеге асыру, әлемдегі және әлеуметтік-экономикалық жағдайға, шет мемлекеттердің сыртқы және ішкі саясатына, халықаралық ұйымдардың қызметіне талдау жасау және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

Сыртқы істер министрлігін Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады. Оның негізгі функциялары: өзінің орынбасарлары мен Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді, дипломатиялық қызмет персоналын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, дипломатиялық қызмет персоналын көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады, өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Ал жауапты хатшы министрлік аппаратты басқарады, ал функцияларын жоғарыда тізбектеп көрсеттік. Сыртқы істер министрлігінің тиімділігін арттыру - Ќазаќстанныѕ болашаєын айќындайтын басты фактор. Демек, бўл - аса маѕызды стратегиялыќ міндет.

Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі - Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерi мен халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының кәсiби қызметi.

Қазақстан Республикасының консулдық қызметі - дипломатиялық қызметтің халықаралық құқық жол беретiн шектерде мемлекеттің, Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен достық қарым-қатынастарын дамытуға, экономикалық, сауда-саттық, ғылыми-техникалық, ізгілік-мәдени байланыстарды және туризмді кеңейтуге жәрдемдесетін бір бөлігі.

Сыртқы істер министрлігінің өзекті мәселелерінің бірі шекараны делимитациялау және демаркациялау мәселелері. Бїгінгі таѕда Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік шекарасын делимитациялау жјне демаркациялау Ќытай Халыќ Республикасымен єана толыќ аяќталєан. Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік шекарасын халыќаралыќ-ќўќыќтыќ тўрєыдан ресімдеу жґніндегі жўмыс Ресей Федерациясымен, Тїрікменстанмен, Ґзбекстан Республикасымен жјне Ќырєыз Республикасымен жалєасуда. Бұл мәселелерді шешу жолдары Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2008 жылєы 23 желтоќсандаєы N 1212 ќаулысымен бекітілген Ќазаќстан Республикасы Сыртќы істер министрлігініѕ 2009-2011 жылдарєа арналєан стратегиялыќ жоспарында айтылған: Шекаралыќ белгілердіѕ координаттар жјне биіктік каталогын жасау, жергілікті жерлерге мемлекеттік шекараныѕ ґту сызыєын бекіту, ЖРА - геодезиялыќ, гидрографикалыќ жјне топографиялыќ жўмыстарды ўйымдастыру, мемлекеттік шекараны демаркациялаудыѕ нјтижелері жґніндегі ќўжаттарды јзірлеу жјне басып шыєару, келіссґздерге ќатысу, ЎЌК ШЌ (келісім бойынша) - мемлекеттік шекараны ќорєау, келіссґздерге ќатысу, Шекаралыќ облыстар мен аудандардыѕ јкімдері - демаркация жўмыстарын жїргізуге жјрдемдесу, келіссґздерге ќатысу жұмыстарын жүргізу керек. Бұдан да басқа терроризм, Қазақстан Республикасының Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымы, дін мәселесін реттеу халықаралық ынтымақтастықтың негізі деуге болады.

Осы айтылған сыртқы саясат мәселелерін ойдағыдай іске асыру көп жағдайда мемлекеттің саясатының теңдестірілген мақсаттарына және соны жүзеге асыру үшін болатын қаржылық және материалдық-техникалық мүмкіндіктерге байланысты. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құрылымында сыртқы саясат қызметін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен, өзінің құзыреті шегінде ҚР СІМ валюталық-қаржы Департаменті айналысады. Еліміздің сыртқы саясат ведомствосы жүйесін қаржыландыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар мен ТМД жарғылық органдарының жұмысына үлестік және мүшелік жарналар арқылы қатысуын қамтамасыз ету; халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының өкілетті өкілдерінің аппарат- тарын ұстау; мемлекеттік шекараларды дели- митациялау және демаркациялау; халықаралық іс-шараларды өткізу; шетелдік және қызметтік іссапарлар; Қазақстанда тұратын этностардың тарихи шығу тегі елдерімен қатынастарды нығайту; шетелдік мемлекеттерге заңсыз әкетілген және саудалау құрбаны болған және форс мажор жағдайларында қалған Қазақстан Республикасының азаматтарына қаржылай көмек көрсету; орталық аппарат пен шетелдегі мекемелердің ағымдағы және күрделі шығыстары, шет елдерде жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алу және оның құрылысы.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қызметінің қаржыландыру көлемі жылдан жылға артып келеді. Мәселен, 2006 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, 2007 жылы сыртқы саясат ведомствосы шығыстарының жалпы сомасы 53 пайызға, 2008 жылы 38 пайызға өсті. Бұл орайда СІМ шығыстарының негізгі бөлігін Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін ұстау құрайды. 2006 жылы аталған бағыт бойынша қаржыландыру көлемі сыртқы саясат ведомствосының жалпы бюджетінің 53 пайызын құраса, 2007 жылы - 44 %, 2008 жылы 6 % болды. Қазақстан Республикасының рөлі мен беделі ЕҚЫҰ, БҰҰ, ШЫҰ, ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ тәрізді халықаралық ұйымдар мен өңірлік бірлестіктерде өсе түсуі, көп жақты дипломатияның өңірлік орталығы ретінде Қазақстанның қалыптасуы жағына қарай оң ілгерілеушіліктер бар екендігі сөзсіз.

Бүгінде СІМ Қазақстан Республикасының сыртқы саясат стратегиясын ойдағыдай іске асыру үшін барлық базалық негізді иеленген. Алға қойылған міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін жаңадан құрылған мекемелердің кадр құрамын тәжірибелі дипломаттармен нығайту мақсатында дипломатиялық қызметтің қызметкерлерін жоспардан тыс алмастыру жүргізілді және қызметкерлерді жаңа жағдайларда жұмыс істеуге даярлау күшейтілді.

Осы жылы ақпараттық технологиялар саласындағы ірі жобалардың бірін іске асыру басталды - бұл сыртқы саясат ведомствосы жүйесінде конвергентті желілерді құру. Енді Министрліктің орталық аппараты және барлық дипломатиялық өкілдіктер тиісті қорғалу дәрежесі бар, нақты уақыт режимінде, ІР-телефония мен бейнемәліметтерді қоса алғанда, ақпарат алмасу үшін бірыңғай жергілікті желіні құрайды. Бұл желі дамуының келесі сатысында дипломаттар жұмысы үшін қажетті шектеулі қолжетілімдік мәліметтер базаларын жасау жоспарлануда.

Сыртқы саясат қызметін қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық базасын одан әрі жетілдіру аясында мемлекеттік қызметшілердің шет елдерге қызметтік іссапарларын реттейтін ҚР Үкіметінің қаулылары қайта қаралды. Атап айтқанда, іссапарлық шығыстар нормалары нақты қажеттіліктерге сәйкестендірілді, осы ресімдерді елеулі түрде ықшамдайтын «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражаттарды пайдаланудың Ережелеріне өзгерістер енгізілді. Қолданыстағы заңнаманың талаптарын есепке ала отырып, мемлекеттік сатып алу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету және ақпаратты өңдеу, талдау және сақтаудың қазіргі жүйелерін енгізу үшін Мемлекеттік сатып алу және ақпараттық технологиялар басқармасы құрылды.

Түпкі нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік жоспарлаудың принциптерін енгізуді есепке ала отырып, Бюджеттік жоспарлау және талдау басқармасы құрылды, оның негізгі міндеті Министрліктің Стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеуге, бюджеттік қаражаттарды тиімді игеруді талдау негізінде үш жыл мерзімге Министрліктің бюджеттік өтінімін жоспарлау мен жасауға қатысу болып табылады.

Министрліктің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін халықаралық іс-шараларды өткізуге және шет елдерге қызметтік іссапарлармен баруға мемлекеттік органдардың қажеттіліктерін есепке ала отырып, тиісті бюджеттік өтінім қалыптасты.

Келесі сатыда Министрліктің Стратегиялық және операциялық жоспарларын іске асыру мониторингі функциясын және бюджеттік қаражатты тиімді игеруді күшейту мақсатында орталық атқарушы органның басшысына тікелей есеп беретін ішкі бақылау мен аудит қызметін құру ойластырылуда.

Бұл орайда, бүкіләлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында, басты міндет халықаралық аренада еліміздің сыртқы саясат ведомствосының тиімді қызметін нақты қамтамасыз етуде дағдарыстың салдарын барынша төмендету болып табылады.



Белсенді дипломатиялық қызметтің нәтижесінде халықаралық қатынастар жүйесінде Қазақстан өзіне лайықты орнын тауып, үлкен беделге ие болды. Бүгінгі Қазақ елін әлем негізді және ашық сыртқы саясаты бар мемлекет ретінде таниды. Әлемдік қоғамдастықтағы серіктестермен тең құқылы және өзара тиімді қатынастар дамытуға мүдделілік, жаһандық және өңірлік саясаттағы сындарлы да табанды ұстанымдар халықаралық аренада Қазақстан Республикасы туралы оң көзқарастар қалыптастырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет