Титульный лист программы дисциплины (syllabus)



бет1/5
Дата04.07.2016
өлшемі0.54 Mb.
#177504
  1   2   3   4   5

Титульный лист программы дисциплины (SYLLABUS)




Форма

Ф СО ПГУ 7.18.4/19


Министерство образования и науки Республики Казахстан



Павлодарский государственный университет им. С. Торайгырова
Кафедра Правоведение

(наименование кафедры)













Пән бағдарламасы (Syllabus)
GUROVNZ 4302 Жерге құқық бұзушылықты қалпына келтіру аясын реттеу және мемлекеттік басқару

Павлодар, 2013 г.

Пән бағдарламасын бекіту парағы

СО ПГУ 7.18.4/19



«БЕКІТЕМІН»

Таприх және құқық факультетінің

деканы

__________А.И.Бегимтаев



20__ ж. «__» ___________
Құрастырған: _______аға оқытушы Шалдыбаев Ж.А.
Құқықтану кафедрасы
5В030100«Құқықтану» бакалавр мамандығының студенттеріне арналған
Пән бағдарламасы (Syllabus)
GUROVNZ 4302 Жерге құқық бұзушылықты қалпына келтіру аясын реттеу және мемлекеттік басқару
Бағдарлама 20__ж.«___»______жұмыс оқу бағдарламасы жоспарларының және мамандықтың элективті пәндер каталогының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 20___ж. «__» __ Хаттама № __

Кафедра меңгерушісі _____________ Г.Б. Ахмеджанова


Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20___ ж. «__» __ Хаттама № ___

ОӘК төрағасы _____________ Сулейменова Ш.К.
ОӘБ бастығы __________Е.Н. Жуманкулова 20__ж. «__»__ Хаттама № ___
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20___ ж. «__» __ Хаттама № ___



1. Пәннің оқу паспорты

Пәннің атауы: «Жерге құқық бұзушылықты қалпына келтіру аясын реттеу және мемлекеттік басқару». Элективті компонент пән


Кредиттің саны мен оқу ұзақтығы

Оқу нысаны: күндізгі

Барлығы: _3_ кредит

Семестр: _7_

Курс: _4_

Барлығы аудиториялық: 45сағат

Дәрістер: __30__ сағат

Практикалық, семинарлық: _15_ сағат

СӨЖ: __90__ сағат ,СОӨЖ 33 сағат

Жалпы жүктеме - 135 сағат


Бақылау нысаны

Емтихан – 7 семестр


Пререквизиттер:

Осы курсты барынша терең игеру үшін бұл пәнді оқытуға тікелей жол ашатын іргелі білім қажет, атап айтқанда: Мемлекет және құқық теориясы; Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (жалпы бөлім); Қазақстан Республикасының жер құқығы, Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы


Аралас пәндердің тізбесі:

Оқыту барысында заң факультетінің студенттері бірқатар аралас пәндерді тыңдайды. Олар: ҚР Аграрлық құқық.



2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Шалдыбаев Жумабек Абдрахманович. Аға оқытушы

Кафедра «Құқықтану», аудитория ____________

Телефон 67-36-77

E-mail 4258742@ mail.ru

3 Пәні, мақсаты мен міндеттері

Пән туралы мәлімет

Ұсынылған бағдарлама заң ғылымының заң мамандықтарында оқыйтын студенттерді оқыту үшін бағытталған. Жерді пайдалудағы ең басты мақсат- табиғи ресурстардың орнын толтыру және сол ортадағы экожүйені сақтай білу. Осы мақсатқа жету үшін әлемнің барлық елдерінде бірқатар құқықтық тетіктер, яғни нормативтік актілер жұмыс істейді, олар негізінен жерге құқық бұзушылықты қалпына келтіру аясын реттеу және мемлекеттік басқару және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған.



Оқу пәнінің мақсаты

-бұзылған жерді қалпына келтіру;

-жерді классификциялау;

-басқа жердерден шектеу.

- жерді жақсарту үшін заң ұсынысын белгілеу.

-жер иеленушілердің құқықтарын қорғау

Жерді пайдалудағы ең басты мақсат- табиғи ресурстардың орнын толтыру және сол ортадағы экожүйені сақтай білу. Осы мақсатқа жету үшін әлемнің барлық елдерінде бірқатар құқықтық тетіктер, яғни нормативтік актілер жұмыс істейді, олар негізінен табиғат ресурстарын қалпына келтіру, табиғи балансты сақтау және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған.
Пәнді оқып үйренудің міндеті

Пәнді оқыту болашақта нормативтік құқықтық актілерді пайдалана отырып, жерді сақтау, оны қалпына келтіру, және ұтымды пайдалану қолданыстағы негізгі қызметі көлемінде жақсы меңгеруі.


4. Білуге, дағдыға, икемділікке және машыққа қойылатын талаптар
Аталған пәнді оқу нәтижесінде студент:

"Жерге құқық бұзушылықты қалпына келтіру аясын реттеу және мемлекеттік басқару" пәнінен студент Қазақстан Республикасының жер заңдарының жүйесін, ауылшаруашылық ұйымдарының құқықтық жағдайының ерекшеліктерін, олардың жерге — негізгі заң құралына байланысты құқықтарын, табиғи ресурстардың орнын толтыру және сол ортадағы экожүйені сақтай білуі қажет; Жер қызметімен байланысты есептер мен дауларды шешу барысында жер құқығының ережелерін дұрыс қолдана білуі тиіс.

Қазақстан Республикасында жер ресурстарын пайдалану және олардың жағдайы. Қазақстандағы бүлінген жерлердің жалпы аумағы. Жер құқы жүйесінде бүлінген жерлерді қалпына келтіру нормаларының орны.Қазақстан территориясында топырақтық-экологиялық жағдайы. ҚР жер құқығы жүйесіндегі жерді қалпына келтіру институтының орны және ролі. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру саласындағы реттеу және мемлекетік басқару. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру үшін қаржылық жағынан сүйемелдеуді құқықтық қамту. Қазақстан Республикасында 2005-2015 жылдарға арналған жердердің тозуына қарсы күрес бағдарламасы т.б. ұғымдар жөнінде түсініктерді білуге;

Мемлекеттік-құқықтық оқиғаларға дұрыс бағдар беруді және оны бағалауды. Мемлекеттің кейбір нормативтік актілерінің жобаларын жағымды жақтары мен жетіспеушіліктерін көрсете отырып, оны жою туралы ұсыныстарын енгізе отырып құру.

Студенттердің ғылыми конференциялары мен үйірмелеріне рефераттар мен ғылыми конференциялары мен үйірмелеріне рефераттар мен баяндамалар әзірлеуді оларды оқытушылар алдында жариялы түрде қорғай білуге дағдылы болуы.

- Нормативтік құқықтық актілермен жұмыс жасағанда олардың қолдану аясын білу және зерттеу жұмыстарын жүргізуге келесі пәндер бойынша: Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (жалпы бөлім); Қазақстан Республикасының жер құқығы; Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы бойынша құбылыстарды зерттеуге икемді болуы қажет.



5. Оқу пәнінің тақырыптық жоспары
Сабақ түрлеріне байланысты академиялық сағаттардың бөлінуі


р/с

Тақырыптың аталуы

Сабақ түрлеріне байланысты академиялық сағаттар

СӨЖ

Дәріс

Тәжірибелік (семинар)

Зертханалық,студиялық, жеке

барлығы

Соның ішінде СОӨЖ

1

Жер шарының топырақ қабатына антропогендік әсерлер. Орта Азия жерінің тозуы


2

1

-

6

3

2

Қазақстан Республикасында жер ресурстарын пайдалану және олардың жағдайы.

2

1

-

6

3

3

Қазақстан территориясында топырақтық-экологиялық жағдайы.

2

1

-

6

3

4

ҚР жер құқығы жүйесіндегі жерді қалпына келтіру институтының орны және ролі


2

1




6

2

5

ҚР блінген жерлерді қалпына келтіруді реттеудің құқықтық мәні және жағдайы

2

1

-

6

2

6

Бүлінген жерлерді қалпына келтірудің құқықтық жағдайлары

2

1

-

6

2

7

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру саласындағы реттеу және мемлекетік басқару

4

2


-

6

2

8

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру саласын ретеуде және жүйелеуде мемлекеттік басқару органдарының өкілеттілігі


-

6

2

9

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру саласындағы мемлекеттік және қоғамдық бақылау

4


2


-

6

2

10

Бүлінген жерлерді қалпына келтірудегі құқықтық-ұйымдастыру негіздері

-

6

2

11

Жер ресурстарына зиян келтірген құқық бұзушылық үшін ескерту шаралары

4


2


-

6

2

12

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру үшін қаржылық жағынан сүйемелдеуді құқықтық қамту

-

6

2

13

Жерді қорғау бойынша негізгі құқықтық іс-шаралар


2

1

-

6

2

14

Жерді сақтап қою ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 993 қаулысы


2

1




6

2

15

Қазақстан Республикасында 2005-2015 жылдарға арналған жердердің тозуына қарсы күрес бағдарламасы

2

1




6

2




барлығы:135

(3 кредит)

30

15

-

90

33


6. Дәріс сабақтарының мазмұны

1-тақырып. Жер шарының топырақ қабатына антропогендік әсерлер.

Жоспар

1. Жер шарының топырақ қабатына антропогендік әсерлер.

2. Орта Азия жерінің тозуы


  1. Жер шарының топырақ қабатына антропогендік әсерлер.. Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан бастап табиғат ресурастарын ұтымды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау мәселелері – өзекті бір саяси, әлеуметтік, экономикалық мәселелердің біріне айналып отыр. Биосфера қабатының бүлінуі, табиғи ресурстардың ластануы нәтижесінде адамзат баласының өзіне үлкен экологиялық қауіп туғызып отыр. Қордаланған мәселелердің шешімін таппауы арнайы институттар, ластанған жер телімдерін қалпына келтіру үшін арнайы қаражаттың бөлінуі, басқа да учаскелердің ластанбауына жол бермеу үшін сақтақ шараларын іске қосу қажеттелігі туындап отыр.

Қорытынды:

Табиғат ресурстарын пайдалану концепциясы, ұлттық және халықаралық деңгейде, сонымен қатар кәсіпкерлік бағттағы мына идеяларды қамтиды: табиғат ресурстарын үнемді пайдалану оны қорғай отырып қоғамның әрі қарай дамуы, табиғи ортаның сақталуын қамтамасыз ете отырып антроогендік әсерді, экономикалық дамуды реттей білу.



  1. Орта Азия аумағындағы жерлердің тозуы.

Аймақтардың тозуы мен шөлейтке айналуы адамзаттың ғаламдық дамуындағы өзекті экономикалық дамуына әсерін тигізетін, БҰҰ «21 ғасырдағы күн тәртібі» атты халықаралық құжатында көтерілген мәселе. Тартылған яғни шөлейтке айналған жерлер жер шараның шамамен 52 млн. Шаршы метірін алып жатыр, ал шөлге айналған аумақтардың қаржылық жағынан шеккен зияны шамамен 42 млрд. АҚШ долларын құрайды.

БҰҰ Конвенциясына сәйкес, (1994 ж) жердің шөлге айналуы – табиғат климаты немесе адамның тағы да басқа әсердің нәтижесінде жер аумақтарының құрғақ және жартылай құрғақ күйіне өтуі, яғни бүлінуі деп көрсетілген.

Орта Азия мемлекеттері аумағында - Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіментан, Қазақстан мемлекеттері бүгінгі күні экологиялық қауіпті аймақ деп саналатын Арал өңірі аумағына енеді. Аталған экологиялық катастрофаның негізгі себебі- табиғат ресурстарын дұрыс пайдаланбаудан туындап отыр.

Ал Қазақстанда жерлердің шөлге айналу үрдісі басқалармен салыстырғанда белсенді түрде жүруде, мысалы 1950-1970 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеру науқанында (40-80 % дейін) жүрді. Далалы жерлерде суармалы арықтардың құрып, жел кесірінен топырақ қабатының құнарлылығы жойылды. Әсіресе Шығыс Арал өңірінде айтарлықтай өзгерістер, шөлге айналу жылдам жүрді десе болады. Сырдария өзенінің тартылуы, минерализациясының артуы байқалып, тұзға аунала бастаған сор топырақ қабаттары артты. Жалпы аумақ ретіне «қорғаныс» бөлігінің 215 млн. га бүлінген және ластанған жерлер санатына жатты.

Бүгінгі күні Қазақстанда жиналған кәсіпорын қоқыстаы 20 млрд. Тоннаны құрайды, оның ішінде тұрмыстық қалдықтар- 14 млн. м 3 негізінен шашырап, жиналмаған қоқыс алаңдарына айналып отыр. Сонымен қатар, минералды заттармен жер құнарлылылығын арттыру шаралары мүлдем 1986 жылдан бастап 2,5 есеге қысқарса, органикалық заттармен суару – 2 есеге кеміген. Арал теңізінің құрып кетуіне әсер еткен фактор – Арал тұзының орнынан көшуі. Қоршаған ортада төнген қауіп, Арал флорасының құрып кетуі күннен күнге артып отыр. Шешімін таппаған мәселелер күннен күнге артуда, Аралдың тұздалған бассейн- топырақ қабаты көлемі артты, ауыз судағы тұз құрамы – 1,5/ л.

Қорытынды.

Бүгінгі экологиялық қауіп жағдайын сараптай келе, Орта Азия аумағында жерлердің бұзылу үрдісі ауқымды маштабта жүргенін байқаймыз, көпшілік шешілмеген мәселелер шекаралық сипатта болып отыр. Бұл қордаланған мәселелердің шешімін табу Орта Азия елдеріне ортақ, бұл елдердің бірлесіп шара қолдануын талап етеді. Мысалы аймақтақ жобалар, арнайы бағдарламалар, механизімдер және тетіктер барлық шекаралас елдердің мүдделерін қамтуы тиіс.

Әдебиеттер:

1.Л. Қ. Еркінбаева, Г. Т. Айғаринова Қазақстан Республикасының жер құқығы. Жалпы және ерекше бөлімдері:оқу құралы. Алматы:Жеті жарғы, 2010ж . - 312 б

2.Стамқұлов Ә. С., Стамқұлова Г.Ә. Қазақстан Республикасының Жер құқығы. Алматы, 2004 ж

3.Краюшкина Е.Г. Правовое обеспечение восстановления нарушенных земель. Журнал россиского права № 12 декабрь 2001г.

4. Абдраимов Б.Ж., Жарылкасын Е. Возмещение экологичсеского вреда по законодательству РК. Алматы, 2001
2-тақырып. Қазақстан Республикасында жер ресурстарын пайдалану және олардың жағдайы.

Жоспар

1.Ағымдағы жағдайды талдау.Қазақстандағы бүлінген жерлердің жалпы аумағы.

2.Жер құқы жүйесінде бүлінген жерлерді қалпына келтіру нормаларының маңызы.
1.Ағымдағы жағдайды талдау. Қазақстанда бүлінген жерлердің жалпы аумағы.

Қазақстандағы жалпы топырақ қабатының экологиялық жағдайы әсіресе ластанған және тозған жерлерге, олардың ластану көздері, жердің құнарлылығын арттыру үшін қалпына келтіру жұмыстарына аса көңіл бөлінеді. Бұл Еуразия материгіндегі ең бір қолайсыз экологиялық жағынан қауіпті аймық деп саналады.

Ариадты климат- қатты жел соғу әсіерінен жазықтықтағы бүліну процесінің жүруі. (Ариадты климат- латын тілінен аударғанда aridus – құрғақ деген мағнаны білдіреді, яғни ауа температурасы жоғары, жауын-шашын мөлшері аз - жылына100-150 мм).

Бір ғасыр ұрпағы көзінше Арал теңізінің суы тартылып, көлемі екі есеге азайды. Мұндай қауіп Балқаш су қоймасына да төніп тұр. Республика суды пайдалану яғни тұтыну көлемі жағынан жылына 100 ш/м болса, бүгін бұл көрсеткіш 34,6 км болып отыр. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан сумен қамту жағынан ең соңғы орында. Республиканың су қоймаларында жыл сайын 200 млн.т ластанған сумен толығады. Ал атмосфераға жіберілген қалдықтар 1990 жылдарының басында 6 млн.т жеткен. (олардың 50 %- жылу энергиясы қалдығы, 20 %- қара металлургия үлесі, 13%- түрлі-түсті металлургия, 4 % химия-мұнай саласының қалдықтары). Қарағанды, Павлодар облыстарында 1993 жылы әрбір тұрғын басына шаққанда 10,5 және 7,7 т. зиянды қалдықтар шығарылған.

Осындай ірі кәсіпорындардың жұмысы барысында Қазақстан жерінде 20 млрд. тонна өндірістік қалдықтар, (жыл сайын шамамен 1 млрд. тонна) және өндірілген пайдалы қазбалардан қалған (95 %) қауіпті және дұрыс сақталынбаған қалдықтар жиналған.

Статистикаға сүйенсек, елімізде қауіпті токсинді қоқыстар көлемі жылдан жылға артып келеді. Тек Екібастұз ГРЭС алсақ 1,5 млрд тонна қоқыс үйінділер болып жатыр. Өскемендегі Согра ГРЭС қалдықтары Ертіс су қоймасына қауіп төндіруде. Ал Нұра өзенінің металл сынаптары жиналғаны эколог-мамандарды алаңдатып отыр. Еліміздің Атырау және Маңғыстау облыстары зиянды қалдықтарды жою бағытында ескі технологиялардан аса алмай отыр. Ескірген жабдықтар, авариялар мен мұнайдың жерге жайылуына себеп болуда. Батыс Қазақстанда мұнайдан ластанған жер аумағы 194 мың.га алып отыр, ал жерге төгілген мұнай көлемі 5 млн т. Бұрынғы Семей полигоны аумағында 2 млн.га жер аумағы радиоактивті қалдықтармен ластанған. Бүгінгі күні қазақстан аумағында 4 әскери-сынақ полигоны және «Байқоңыр» ұшақ айлағы жұмыс істеуде. Космодромнан ұшатын ракеталар құлаған жағдайда – шамамен 12,2 млн.га жер аумағын алып кетеді.



  1. Жер құқығы жүйесінде бүлінген жерлерді қалпына келтіру нормаларының орны.

Жерді қорғаудың мақсаты мен міндеттері (139 бап).

Жер қабатын қорғауға бағытталған шаралар кешеніне құқықтық ұйымдастырушылық, экономикалық, технологиялық және басқа да іс-шаралар жүйесі кіреді, жерді ұқыпты пайдалану, ауылшарушылық жіне орманшаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлерді негізсіз алу, сонымен қатар жер құнарлылығын арттыру, қалпына келтіру жұмыстары.

Жерді қорғаудың негізгі мақсаты мыналар: 1) жер қабатын бүлінуден яғни деградацияланудан сақтау, шаруашылық қызмет барысында экологиялық қауіпсіздік шараларын сақтау, мелиоративті яғни суару шараларын жүргізіп отыру. 2) жердің бүлінуінен сақтау, деградацияланудың алдын алу шаралары; 3) жерді тиімді пайдаланудың құқықтық-нормативтік экологиялық жағынан тәжірибесін енгізу.

140-бап. Жерді қорғау. Жер иелері жіне жерді пайдаланушы тұлғалар мынадай шараларды іске асыруға міндетті: 1) жер телімдерін шөлге айналудан, су және жел эррозиясынан, тасқыннан, тұзданудан, өндірістік қалдықтармен ластанудан, химиялық, биологиялық, радиоактивті затттармен ластанудан, басқа да бүліну процесттерінен;

2) ауылшаруашылық маңызы бар жерлерді өсімдік ауруларынан, крантиннен, арам шөп басудан, басқа да жер жағдайына кері әсерін тигізетін жайттардан, 3) бүлінген жерлерді қалыпна келтіру, құнарлылығын арттыру, олады дер кезінде шаруашылық айналымға тарту; 4) жер қабатының бүлінуге жол бермей, топырақтың пайдалы , құнарлы қабатын сақтау, пайдалану.

141 бап. Жер қабатындағы зиянды заттар концентрациясының белгіленген нормативі. Жердегі зиянды заттар шегінің нормативі , зиянды микроорганизімдер, биологиялық заттар, топырақтың ластануын бағалау – қоршаған орта мен адам денсаулығын қорғау мүддесіне сәйкес белгіленеді және реттеледі.


Әдебиеттер:

1.Л. Қ. Еркінбаева, Г. Т. Айғаринова Қазақстан Республикасының жер құқығы. Жалпы және ерекше бөлімдері:оқу құралы. Алматы:Жеті жарғы, 2010ж . - 312 б

2.Стамқұлов Ә. С., Стамқұлова Г.Ә. Қазақстан Республикасының Жер құқығы. Алматы, 2004 ж

3.Краюшкина Е.Г. Правовое обеспечение восстановления нарушенных земель. Журнал россиского права № 12 декабрь 2001г.

4. Абдраимов Б.Ж., Жарылкасын Е. Возмещение экологичсеского вреда по законодательству РК. Алматы, 2001
3-тақырып. Қазақстан территориясында топырақтық-экологиялық жағдайы.

1.Құрғақшылықтың негізгі типтері. Қазақстандағы құрғақшылық процесінің себептері.



2. Құрғақшылық пен шөлге айналуды кемітуге бағытталған іс-шаралар. Құрғақшылықпен күресудің әлеуметтік-экономикалық тетіктері.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет