ТҰжырымдама жобаның атауы



Дата27.02.2016
өлшемі94.64 Kb.
#28646


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

ТҰЖЫРЫМДАМА



  1. Жобаның атауы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі-заң жобасы)


  1. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негізі

Заң жобасын дайындау «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын (жаңа редакциядағы) әзірлеуге негізделген.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама (бұдан әрі-Тұжырымдама) Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013 жылға арналған іс-шаралар жоспарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № 409 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын іске асыру жґніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында әзірленді. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3.4-тармағында кәсіби бағалаушылардың жауапкершілігін қатаңдату мәселелері бойынша заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу көзделген.

Тұжырымдаманы қабылдау қажеттігі сонымен қатар «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Мемлекет Басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған Қазақстан азаматтарының тыныс-тіршілігінің қауіпсіздігіне тікелей ықпал етпейтін барлық рұқсаттар мен лицензияларды хабарламаларға ауыстыра отырып алып тастау жөніндегі міндеттермен де байланысты.

Бағалау қызметін реттейтін негізгі заңдар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, 2001 жылғы 30 ақпандағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, 2000 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы», 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Лицензиялау туралы», 2010 жылғы 4 мамырдағы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдары болып табылады. Бағалау қызметін реттейтін жекелеген нормалар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде қамтылады.

«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын (жаңа редакцияда) қабылдау заң жобасымен коллизияларды, нормалардың негізсіз қайталануын жою және құқықтық реттеудегі олқылықтарды толықтыру мақсатында қолданыстағы заңнаманы сәйкес келтіруді талап етеді.

Бағалаушы-жеке тұлғаларды лицензиялауды жою, бағалау қызметін мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру, бағалаушылардың жауапкершілігін қатаңдату жөнінде шаралар кешенін заңнамалық деңгейде бекіту ұсынылады. 2001 жылғы 30 ақпандағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, 2002 жылғы 18 наурыздағы «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады.

1. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын (жаңа редакцияда) әзірлеумен байланысты бағалаушы- жеке тұлғалар үшін лицензияның болуы жөнінде талап белгілейтін нормаларды алып тастау ұсынылады. Атап айтқанда, 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 4) тармақшасында көзделген лицензияланатын бағалау қызметін заңды тұлғалар жүзеге асыратын бағалау қызметімен шектеу ұсынылады. Бұл ретте «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» жаңа редакциядағы Заңды қабылдағанға дейін жеке тұлғаларға бағалау қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиялар, оның қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай ішінде сертификаттарға алмастыруға жатады. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» жаңа редакциядағы Заң қабылданған күні лицензиясы бар бағалау қызметімен жеке кәсіпкер ретінде айналысатын жеке тұлғаларға жоғарыда көрсетілген Заң қабылданған күнінен бастап алты айды құрайтын өтпелі кезең ішінде бағалау қызметімен айналысуға құқық берілуі тиіс.

2. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде қаралып отырған саладағы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылық, бағалаушының мүлікті бағалау туралы бұрыс есеп жасағаны, сол сияқты Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасында тыйым салынған жағдайларда мүлікті бағалауды жүзеге асырғаны үшін 157-1 бапта көзделген. Бағалаушылардың мүлікті бағалау туралы бұрыс есеп жасағаны үшін жауапкершілігін күшейту мақсатында бағалаушы үшін «бағалаушы» біліктілік сертификатын тоқтата тұру және күшінен айыру түрінде әкмшілік жаза белгілеу; бағалау ұйымдары: шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұлдар сомасын ұлғайту ұсынылады.

Қазіргі уақытта уәкілетті органның бағалаушы ұйымдардың тізілімін жасау және ай сайынғы жаңартып отыру, сондай-ақ бағалаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеу қажеттігі туындайды, ол бағалау ұйымының қызметі бөлігінде статистикалық ақпаратты (қалалар, облыстар бөлінісінде кезең бойынша жүргізілген бағалаулардың саны; жүргізілген тексерулердің, соның ішінде жоспарлы және жоспардан тыс тексерулердің жалпы саны; бағалаушылар палатасы, тексерулердің негіздерін және нәтижелері, соның ішінде жүргізілген тексеру барысында анықталған бағалау ұйымының қолданыстағы заңнамада белгіленген міндеттерді бұзғаны туралы мәліметтерді көрсете отырып, жүргізген тексерулер) қамтуы тиіс және тоқсан сайын ұсынылуы тиіс.

Осыған байланысты Республикалық бағалаушылар палатасының, бағалаушылардың аумақтық палаталарының көрсетілген мәліметтерді уақтылы ұсынуы жөніндегі міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (жаңа редакцияда) нормаларын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Республикалық бағалаушылар палатасының, бағалаушылардың аумақтық палаталарының, бағалаушы ұйымдардың, берілуі Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін мәліметтерді уақытында бермегені немесе бермегені, сол сияқты бұрыс бергені үшін әкімшілік жауаптылық белгілейтін нормалармен толықтыру үсынылады.

Бағалау сараптамасы туралы нормаларды енгізгендіктен сарапшының бағалау туралы есептің шынайылығы не бұрыстығы туралы көрінеу жалған қортынды бергені үшін жауаптылықты белгілеу қажет.

3. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңының 18-бабына сәйкес уәкілетті орган Заңның 13-2-бабында белгіленген бағалаушылар палаталарының функцияларынан туындайтын талаптарын бағалаушылар палаталарының орындауына бақылауды жүзеге асырады. Алайда уәкілетті органның өзінінң аумақтық бөлімшелері жоқ. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының (жаңа редакцияда) аумақтық әділет органдарының оның функцияларынан туындайтын талаптарын бағалаушылар палаталарының орындауын бақылау жөніндегі өкілеттігін белгілейтін нормаларын іске асыру мақсатында «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 23-бабы 1-тармағына аумақтық әділет органдарына оның функцияларынан туындайтын талаптарын бағалаушылар палаталарының орындауын бақылау жөніндегі өкілеттікті бере отырып, тиісті толықтыру енгізу қажет.




  1. Заң жобасын қабылдау мақсаттары

Заң жобасын қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының бағалау қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамасын әзірленген «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасына (жаңа редакцияда) сәйкес келтіру болып табылады.


  1. Заң жобасын реттеу мәні

Заң жобасының реттеу мәні «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңының жаңа редакциясының қабылдануымен байланысты туындайтын бағалау қызметі саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.




  1. Заң жобасының құрылымы

Заң жобасы екі баптан тұрады.

1-бап бағалау қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағыттталған түзетулер енгізілетін заңнамалық актілерді анықтайды: 2001 жылғы 30 ақпандағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңы, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы.

2-бап заң жобасының қолданысқа ену мерзімдерін және тәртібін анықтайды.


  1. Заң жобасын қабылдаған жағдайда болжанып отырған құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар

Заң жобасын қабылдаудың құқықтық салдарлары негізгі заң жобасында көзделген нормаларды іске асыру, жалпы бағалау қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру болып табылады.

Теріс әлеуметтік-экономикалық, саси және заңи салдарлар күтілмейді.

Осы Заңжобасын қабылдаудың құқықтық салдарлары мыналардан:

бағалау қызметі саласындағы заңнамалық қорды жетілдіруден;

бағалау сапасын арттырудан;

бағалау қызметін реттеудің мемлекеттік жүйесін және өзін-өзі реттеу жүйесін жетілдіруден;

бағалаушының қызметін тұтынушылардың құқықтарын қорғаудан;

бағалаушылардың және бағалау ұйымдарының бағалаудың шынайылығы үшін жауапкершілігін күшейту;

екі және заңды тұлғалардың құқықтарының және заңды мүдделерінің, мемлекет мүдделерінің бағалау қызметі саласындағы әкімшілік құқық бүзушылықтардан қорғалу деңгейін арттырудан байқалады.
7. Басқа заңнамалық актілерді әзірленетін заң жобасымен бір мезгілде (кейіннен) сәйкес келтіру қажеттілігі

Жоқ.



  1. Заң жобасы мәнінің өзге де нормативтік құқықтық актілермен регламенттелуі.

Заң жобасының мәні бірқатар заңнамалық және заңға тәуелді актілермен реттеледі:

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі,

2010 жылғы 4 мамырдағы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы;

«Бағалау қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 124 қаулысы;

«Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 317 қаулысы.


  1. Қаралатын мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің бар-жоғы.

Тұжырымдаманы әзірлеу кезінде кәсіпкерлік қызметтің өзге салаларын құқықтық реттеудің тәжірибесі, щетелдердің (АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Латвия, Өзбекстан, Украина және т.б.) тәжірибелері зерделенді.

АҚШ федералдық заңдарымен өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басынан бастап штаттар биліктерінің бағалау қызметін міндетті түрде лицензиялауы міндеттелген. Бұған дейін АҚШ бағалау қызметін тек бағалаушылардың кәсіптік қоғамдары ғана реттеген. АҚШ-тағы бағалау қызметін лицензиялау жылжымайтын мүлік нарығындағы аса үлкен шығындар мен көптеген несиежинақтаушы банкілердің күйреуіне әкелген дағдарыс себеп болды. АҚШ-тағы соңғы ипотекалық дағдарыстың тәжірибесі мемлекеттік реттеудің бір түрі ретіндегі бағалаушыларды лицензиялау жылжымайтын мүлік нарығындағы дағдарыстың алдын алуда қауқарсыз екендігін көрсетті. Лицензиялаумен кәсіби-бағалаушылар емесонымен айналысатын шенеуніктері бар штаттардың билік құрылымдарын қосу штаттық лицензиялары немесе сертификаттары бар үлкен көлемдегі құзыретті емес бағалаушылардың пайда болуына әкеп соқты.

Ресейде бағалау қызметін лицензиялау 2006 жылдың 1 шілдесінен бастап тоқтатылды. 2007 жылы «Ресей Федерациясындағы бағалау қызметі туралы» №135-ФЗ Федералдық заңына өзгерістер енгізілуіне байланысты мемлекет өзінің бірқатар функцияларын өз бетімен реттелетін бағалаушылар ұйымдарына, Бағалау қызметі жөніндегі ұлттық кеңеске берді. Қолданыстағы және алдыңғы тәртіптердің принципті айырмашылығы бағалау қызметі субъектілері - өз бетімен реттелетін бағалаушылар ұйымдарының мүшесі болып табылатын және өзінің жауапкершілігін сақтандырған женке тұлғалар, бағалаушылар болып табылады. Алайда, заңмен заңды тұлғаларды оның субъектілері қатарынан шығарып тастау және осылар ретінде тек жеке тұлғаларды тану тиімді бағалау қызметі үшін тұрақты негіз құра алмады.

РФ заңнамасында бағалаудың шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында бағалаушылардың, бағалау компанияларының мүлкітік жауапкершілігін қамтамасыз ету шаралары қабылданады:

бағалау қызметін жүзеге асыру кезінде бағалаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу, сақтандыру сомасының мөлшері үш жүз мың рубльден кем болмауы тиіс; бағалаушылардың өзін-өзі реттеуші ұйымының өтеу қорын қалыптастыру, онда бағалаушылардың өзін-өзі реттеуші ұйымының әрбір мүшесі үш жүз мың рубльден кем болмайтын міндетті жарнаны енгізуі тиіс.

Бағалаушылардың өзін-өзі реттеуші ұйымы, сарапшы немесе сарапшылар бағалаушылардың өзін-өзі реттеуші ұйымының ішкі құжатрамен белгіленген тәртіпте дайындалған және бекітілген оң сараптама қорытындысы бағалауды жүргізуге шарт жасасқан тапсырыс берушіге келтірілген шығын немесе бағалаушының әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) үшінші тұлғаларға келтірілген мүліктік зиян немесе сот белгілеген бағалаудың федералдық стандарттарының, бағалау қызметінің стандартттары мен ережелерінің талаптарын бұзуы салдарынан келтірілген залал үшін бірлескен жауаптылық көтереді.

Жекешелендіруге жататын активтерді бағалау туралы бұрыс есептер мемлекетке айтарлықтай залал келтіреді. Өзін-өзі реттеуші ұйымдардың жауапкершілігі бағалаушыларды теріс пиғылдан құтқармайды. Сондықтан Ресейде құқық қорғау органдары объектінің құны туралы бұрмаланған деректер үшін қылмыстық жауаптылықты енгізуді ұсынады. Бұл ретте жекешелендірілген мүлікті бұрыс бағаланы үшін қатаң жаза беріледі. Сонымен қоса бағалаушылар қоғамдастығында бағалау қашан да субъективті болуы керек деп санайды, сондықтан жазаны қатаңдату аталған проблеманы шешпейді, тек қана кәсіби дамуға теріс ықпал етеді.


10. Заң жобасын іске асыруға байланысты болжанып отырған қаржы шығындары

Заң жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет