Тұлғааралық қатынасты анықтауға арналған әдістемелер


Дж.Мореноның социометриялық әдісі



бет2/3
Дата03.01.2022
өлшемі79.5 Kb.
#451017
1   2   3
Т л ааралы атынасты аны тау а арнал ан дістемелер В. Ф. Ряхов

Дж.Мореноның социометриялық әдісі

Әдістеме мақсаты – балалар тобындағы тұлғааралық қатынасты зерттеу және бағалау, берілген әдістеме социаметриялық әдістің балаларға арналған варианты болып табылады. Оны жүргізу процедурасы келесідей: сыныптағы әрбір балаға үш ашық хаттан таратылады, оқушы келесі мазмұнды нұсқау алады-

«Әрқайсың өздерінің туған күніңе сыныптағы оқушылардың ішінен қайсы балаларды шақырар едің? Енді таңдаған үш баланың атын ашық хаттарға жаз».

Жазылған ашық хаттарды балалар туған күніне шақырғысы келген сыныптастарына таратады.

Социометриялық зерттеу әдісінің қорытындысы бойынша мына жағдайлар анықталуы керек:


  1. жеке басын дамыту үшін сыныптағы балалармен өзара қарым-қатынас жасаудың маңызы қандай?

  2. Кейбір жекелеген балалардың сыныпқа ықпалы бар ма?

  3. Ол шынында да осы топтың лидері ме?

  4. Ешкім таңдамаған баланың ұжымдағы жағдайын қалай түсінуге болады?

  5. Ерекше шағын топтың құрылуының себебі не?

  6. Ол қандай қасиеттерімен балаларды өз маңайына топтастырады?

  7. Ұжым өмірінде топтасудың ролі қандай?

  8. Қандай жағдайда ұжым құрамы нақты және арнайы болады?

Әдістемені интерпретациялау:

Социометрияда топ ішіндегі қарым-қатынас түрлері көрсетіледі. Қойылған сұрақтар таңдау критерилері деп аталады. Топтағы адамның жағдайын және оның өзгелермен қарым-қатынасын анықтау үшін қолданылады.

Балалар ашық хаттарды таратқаннан кейін экспериментатор кім, қанша, ашық хат алғанын анықтайды. Алынған ашық хаттардың санына сәйкес баланың топтағы социаметриялық статусы төмендегі формуламен анықталынады:

С= ,

Мұндағы С - баланың құрбыларымен өзара қарым-қатынасы жүйесіндегі статусы,

К – топтағы достарынан алған баланың ашық хаттар саны;

n – тестіленетін топтағы балалар саны.

Баланың статусы жайлы шешімнің негізі С – көрсеткіші болып табылады.

Нәтиженің бағасы:

10 – ұпай – баланың С – көрсеткіші 100 процентке тең;

8-9 ұпай – баланың С – көрсеткіші 80-89 процентке дейінгі аралықта;

6-7 ұпай – баланың С – көрсеткіші 60 – 79 процент дейінгі аралықта;

4-5 ұпай - баланың С – көрсеткіші 40 – 59 процент дейінгі аралықта;

2-3 ұпай - баланың С – көрсеткіші 20 – 39 процент дейінгі аралықта;

0-1 ұпай - баланың С – көрсеткіші 0 – 19 процент дейінгі аралықта.

Даму деңгейі жайлы шешім:

10 – ұпай - өте жоғары;

8-9 ұпай – жоғары;ъ

4-7 ұпай – орташа;

2-3 ұпай – төмен;

0-1 ұпай - өте төмен.

Сонымен бірге бұл әдістемені қолдануарқылы топтағы ұйымшылдығының деңгейін төмендегі формула бойынша есептеп көрсетуге болады: Сгр= дұрыс таңдау саны/ барлық таңдау саны.

Ұйымшыл топ арасындағы қарым-қатынас көрсеткіші 0,6 – 0,7.

Таңдауды көп алғандар осы топ ішіндегі «ұйытқы» - 75 процент, белсенділер – 25-75 процент, өзара таңдау алғандар – 25 процент, бірде бір таңдау алмағандар – елеусіз қалғандар. Тағы да бір топ олар құрбылары жаратпағандар немесе менсінбегендер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет