ТҰЛҒАЛЫҚ ӨСУ ПСИХОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ҚЫСҚАША ДӘРІС МАЗМҰНЫ
1 дәріс. Тұлғаның өсуі психологиясына жалпы сипаттама, басқа ғылымдардың арасындағы рөлі және орны.
Жалпылай алғанда тұлға – сыртқы ортамен, басқа адамдармен және өз-өзімен қатынас үшін жауап бере алатын, өз өмірінің субъекті болып келеді. Тұлға – өзін реттеудің ішкі жүйесі. Ол басқа детерминациялайтын күштердің әсер етуін бастан кешіп, оларды ішкі әлем немесе ағза деп атауымызға болады. Және одан басқа сыртқы әлем болады, ол аумақты түсінікте қолданылады, соның ішінде басқа адамдар да. Осы үш басқаратын күштің арасындағы байланыс адамның өмір жолын анықтайды; оны дамудың үшбұрышы деп қарастыруға болады.
«Дамудың үшбұрышы» суреті
ТҰЛҒА
ІШКІ ӘЛЕМ СЫРТҚЫ ӘЛЕМ
Тұлғаның кемелденуінің маңызды көрсеткіштеріне: интенционалдылық, автономдылық, динамикалылығы, тұтастылық, конструктивтілік және индивидуалдылық жатады. Бірақ бұл тұлғаның атрибуттары берілмеген, олар шартты түрде жасалған. Олардың жүзеге асуының деңгейі белгілі-бір шарттарға сәйкес болады – бастапқыда тұлға басқа екі қозғаушы күшпен қатынасына байланысты.
Тұлғалық-орталықтанған бағдардың орталық идеялардың бірі: егер адам (тұлға) ерікті болса және өзін тыңдай алу және өзін тұтас табиғи ағза ретінде қабылдай алса, «өзін жетілдіруге» деген тенденция толық күшімен жүзеге асады және адамның қозғалысын қамтамасыз етіп отырады. Бұл тенденция адамның бойында нышан ретінде болады деген идея өте маңызды, ол белгілі-бір жағдайларда жүзеге асып отырады, бірақ сыртқы күштермен қалыптаспайды және басқарылмайды: «бұл ішкі тенденция, ол сырттан мотивтенбейді және оны үйретуге мүмкін емес». (Лэндрет Г., 1994, 63б.).
Тұлғаның сыртқы ортамен байланысы – әсіресе басқа адамдарың әлемімен – өте күрделі, біркелкі емес және драматикалық болады. Тұлға жағынан қарастырғанда онда басқа адамдармен қатынасқа деген қажеттілік болады, адам, К.Роджерстің айтуы бойынша, «әлеуметтен ажырамас болып келеді: онда қарым-қатынасқа тереңдетілген түрде қажеттілік болады» (П.Тиллих, К.Роджерс...,1994, 136б.). Сонымен қатар, «Мен» тұлғасының орталық компоненті –өзіндік құрметке деген қажеттілік болады және ол бала шағынан бастап басқа адамдардан құрмет және махаббат сезімі арқылы сипатталады. Басқа сөзбен айтқанда, баланың тұлғасы қоғаммен қарым-қатынасқа ғана бағытталмай, олардан ажырамас түрде болады.
Тұлғалық өсу
Тұлғалық өсу гуманистикалық түсініктерден қарағанда – белгілі-бір білімдерді қабылдау емес; белгілі-бір әрекетті және әсіресе «қоғамға пайдалы»,құндылық бағдарларының жүйесінің қалыптасуы емес, баламен қоғамдық адами болмысты өзіне иелену емес, белсенді өмір позициясын қабылдау емес, жаңа формаларды танып-білу дағдысы емес, идеалды ересектің бейнесін қабылдау емес.
Осы аталған адамның өзгеруінің бағыттары белгілі-бір позитивті мәнге ие. Бірақ бұл бағыттар «тұлғадан» деген бағытты қолдайды, сондықтан да ол тұлғалық өсуге көмек бермейді. Ол оны тежеп, тұлғалық өсуге керекті ерекшеліктерді қалыптастырмай, оны алмастырады. Сондықтан да олар даму үшбұрышының бір қырында ғана қалыптасады, яғни «сыртқы әлем-тұлға» байланысы ғана есепке алынады.
Тұлғалық өсудің басты психологиялық мәні – босаңсу, өзіңді және өмірлік мәнді табу, өзін жетілдіру және барлық тұлғалық негізгі атрибуттарды дамыту. Ал тұлға мен өзінің ішкі өмірімен қатынаста болу сыртқы әлеммен қатынаспен тең. Адам үшін принципиалды маңызды болып оның ішкі өмірін басқа адамдармен құрмет тұту. Осылайша тұлғалық өсу болу үшін интерперсоналдылық интраперсоналдылықпен басылмау керек және адам 3 негізгі шыңды байланыстырып, қатынас жасай алса.
Тұлғалық өсу әрқашан адамның жасына сай бола бермейді, бұл күрделі көпаспектті процесс және ол индивидуалды-өзіндік траекторияға ие болады. Біз К.Роджерстің формуласына сүйеніп, «негізгі тұлғалық өсудің заңы» туралы айта аламыз. Оның негізгі тезисі мынандай: егер керекті жағдай болса, онда адамның бойында өзіндік даму болады, онда табиғи түрде тұлғалық жетілу пайда болады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл өзгерістер – олардың құрылымы, бағдары, динамикасы – тұлғалық өсудің бар екендігі жайлы мағлұмат бере алады және оның критерийлері ролін атқарады.
Толық тұлғалық өсу кезінде ондай өзгерістер адамның ішкі өмірімен қатынасына да (интерперсоналдылық), сыртқы өмірмен қатынасына да (интраперсоналдылық) байланысты болады. Осылайша тұлғаның өсу критерийлері интер мен интраперсоналдылықтан қалыптасады. Олардың ішінде маңыздылары :
Тұлғалық өсудің интраперсоналдық критерийлері:
Өзін қабылдау. Бұл өзіндік қабылдауды және өзіне деген махаббаты білдіреді. Адамның қаншалықты өзіне құрмет тұтатынын және өзіндік шешімге келе алу қабілетін өзіне қосады (Роджерс К., 1993, 69б.), өзіне деген сенім, өзіндік табиғатына сену де осыған жатады.
Ішкі бастан кешу тәжірибесіне ашылу. «Бастан кешу тәжірибесі» - гуманистік психологиядағы орталық ұғымдардың бірі. Ол ішкі әлемнің жағдайларын субъективті бастан кешуді көшеді. Тұлға неғұрлым күшті және жетілген болса, соншалықты ол сыртқы әсерлерге бағынбайды және өзінің ішкі шынайылығына түңіле алады, қазіргі шықпен өмір сүре алады».
Өзін түсіну. Өзің және қазіргі күйің туралы тереңдетілген, толық және нақты түсініктің болуы; өзіңді шынайы ретінде қабылдай алу, адекватты және иілгіш «Мен» коцепциясы, жаңа тәжирибені ассимиляциялай алатын, идеалды «Мен» мен шынайы «Меннің» жақындасуы –осылардың барлығы тұлғалық өсудің негізгі тенденциялары.
Жауапкершілікті ерік. Өзімен қатынас жасау деген кезде біз өзіміздің өмірімізді саналап, өзіміздің бостандығымызды және субъекттілікті қабылдау. Ол «ішкі локус бағалауды» білдіреді – құндылықтарды таңдаудағы жауапкершілік жән бағалау, сыртқы бағалардан тәуелсіз болу. Сонымен қатар, бұл өзіндік танытудағы жауапкершілік, өз-өзіне сенімді болу.
Тұтастылық. Тұлғалық өсудегі маңызды бағдар – интегративтіліктің күшеюі және кеңеюі және адам өмірінің аспектілерін байланыстыру. Әсіресе – ішкі өмірдің тұтастылығы мен адам тұлғасының өзі. Нақтырақ айтқанда, тұтастылықты сақтау мен қорғау, ол адамда басынан бастап болады. К.Роджерстің айтуы бойынша , басынан бастап «бала ... интеграцияланған және тұтас ағза болады, ол кейін индивидуализациялайды» (П. Тиллих, К. Роджерс., 1994, с. 140). Бұл жердегі мәселе бұл көбейетін индивидуализациялау және дифференциялау адамның ішкі тұтастылығы мен конгруэнттіліктің жоғалуына алып келуі мүмкін. Тұтастылық пен конгруэнттілік адамның өмірінің эффективті регуляциясымен байланысты болады.
Динамикалылық. Ішкі тұлғалық тұтастылық және келісушілік аяқталғандықты білдірмейді. Керісінше, тұлға әрдайым өзгеріп отырады. Осылайша жетілген тұлға –бұл қалыптасатын тұлға, яғни адамның дамуы оның өмір сүруінің негізі. Сондықтан да тұлғалық өсудің маңызды критерийі – динамикалылық, иілгіштік, өзгеруге ашықтық және дағды өз идентификациясын сақтап әрқашан қозғалыста, дамуда болуды көздейді. «Яғни мүмкіндіктерді жүзеге асыру керек және әрқашан процесте болу керек» (Роджерс К., 1994, с. 221).
Тұлғалық дамудың интерперсоналдылық критерийлері:
Басқаларды қабылдау. Интерперсоналды бағытта тұлғалық өсу ең алдымен басқа адамдарға деген қатынасының динамикасында көрінеді. Тұлға неғұрлым басқа адамдарды қабылдай бастаған кезде, соғұрлым ол оның жетілгендігінің белгісі.Ол тек қабылдау ғана емес, оларға құрмет пен оларға деген сезімнен де білдіріледі. Ал ол өз кезегінде адамның табиғатына сене білу қабілетінің негізі де болады.
Басқаларды түсіну. Жетілген тұлға басқалардың ойларына елікпей, стереотиптерге бағынбайды. Ол адекватты баға беріп, сыртқы ортаны дифференциациялап, басқа адамдарды қабылдайды. Тұлғалық өсудің маңызды критерийлері – тереңдетілген тұлғааралық контактка түсе алады және басқа адамды түсінеді, эмпатия сезімін бастан кеше алады.
Әлеуметтенуі. Тұлғалық өсу адамның эффективті фундаменталды дамуына алып келеді – конструктивті әлеуметтік қатынастар. Адам басқа адамдармен қатынасқа түскен кезде көбірек ашылып, өзінің шынайы бейнесін ашады, бірақ осыған қарамастан – адам шынайы болып, иілгіштік және тұлғааралық мәселелерді шеше алу қабілетіне ие болады. «Ол максималды түрде гармонияда болады»: (The Carl Rogers..., 1989, p. 251);
Шығармашылық адаптивтілік. Жетілген тұлғаның маңызды ерекшелігі – өмірлік мәселелерді қабылдай алу қабілетінде және оларды шеше алу.Ол сол жағдайға адаптацияланып, өзінің ішкі қабілеттерін жүзеге асырады. (Роджерс К., 1994,1 с. 81).
Тұлғалық өсудің осы бағыттардағы өзгерістер болғанда өзінің спецификалық заңдылықтарға байланысты болады. Сонымен қатар бұл процесс біртұтас болады және бір бағыттағы өсім екіншісіне әсер етеді. Сондықтан да осы бағыттардағы қозғалыс факты өте маңызды орынға ие болады. Бұл жағдай адамға бостандық, жауапкершілік, аутенттілік сезімін береді және оған бұл өмірді қабылдауды өзгертеді.
Ескерту
*Бұл айтылған критерийлердің тізімі – К.Роджерстің жұмыстарынан алынған болатын. Бұл жерде ол шынайы психологтар мен психотерапевттердің тәжірибелік практикасынан алынды.
Әдебиеттердің тізімі
Лэндрет Г. Ойын терапиясы: қатынас жасау өнері. М., 1994.
Тиллих, К. Роджерс: диалог // Моск. психотерапевтич. журн. 1994. № 2.
Роджерс К. Эллен Вест және жалғыздық // Моск. психотерапевтич. журн. 1993. № 3.
Роджерс К. Психотерапияға деген қатынас. Адамның қалыптасуы. М, 1994.
Хорни К. Біздің кезіміздегі невротикалық тұлғасы. М., 1993.
Rogers С. A theory of therapy, personality and interpersonal relationship, as developed in client - centered framework // Psychology: A Study of a Science. 1959.Vol. 3.
The Carl Rogers reader /Ed by H.Kirschenbaum, V Henderson. Boston, 1989.
Братченко С.Л., Миронова М.Р.,
БРАТЧЕНКО С.Л., МИРОНОВА М.Р. Тұлғалық өсу және оның критерийлері. // Тұлғаның өзіндік жетілудің психологиялық мәселелері СПб., 1997, С.38-46.
Достарыңызбен бөлісу: |