Тобы: 4 б кшо орындаған: Қ. С. Шамарова Қабылдаған


Геометрия негізгі түсініктері.Нүктемен танысу әдістемесі



бет4/17
Дата26.10.2022
өлшемі0.52 Mb.
#463359
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
1.2. Геометрия негізгі түсініктері.Нүктемен танысу әдістемесі
Әлі адамдар ештеңе білмейтін , ештеңе қолдарынан келмейтін ертедегі алғашқы заманарда да олар өздеріне әр түрлі пішінде үйлер салып , құнарлы жерлерді өлшеп , оларды учаскелерге бөлді. Біртіндеп өлшеумен және тұрғызумен байланысты дағдылар, әр түрлі ережелер пайда болды. Осылайша геометрия ғылымы пайда болды. Осылайша геометрия ғылымы пайда болды, ол грек тілінен аударғанда «жер өлшеу» деген мағынаны білдіреді.
Оқушы өзін қоршаған ортадағы заттардың ішінен текше, тік бұрышты параллелепипед, пирамида, конус, призма, цилиндр пішінді заттарды оңай таба алады.Бұлар – көлемді фигуралар немесе геометриялық денелер.








Суреттен көлемді фигуралар – геометриялық денелердің бейнелерін көруге болады. Оқушы өзі де үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шаршы , көпбұрыш, шеңберді оңай сала алады. Бұлар – жазық геометриялық фигуралар. Ал жазық фигуралар дегеніміз не?
Олардың ерекшелігі сонда , әрбір жазық фигураны қағаз бетінен қиып алуға және үстел бетіне тұтасымен орналастыруға немесе тақтаға ілуге , қатты қағазға жапсыруға болады. Ал мұндай көлемді фигуралармен істеуге болмайды.
Жазық геометриялық фигуралар

Нүктелерді латын алфавитінің бас әріптерімен белгілейді. Сен суреттен А,В,М нүктелерін көріп тұрсың. Нүктені белгілеу үшін былай айтылады: «А нуктесі», «В нуктесі», « М нуктесі ».


Сыззу кезінде түзуді бейнелеу үшін сызғыш қолданылады. Бірақ сызбада біз түзудің бөлігін ғана көрсете аламыз. Сондықтан да түзуді басы да, ұшы да жоқ шексіз деп айтады.
Түзуді бір кіші әріппен немесе латын алфавитінің екі бас әрпімен белгілейді.
Нүктемен танысу әдістемесі.
Мақсаты: геометриялық фигуралармен таныстыру (нүкте,сәуле,бұрыш) және оларды бір бірінен ажыратуға үйрету.
Қарындаштың немесе қаламның ұшы және олардың қағаз бетінеқалдыратын іздері-нүкте жайында түсінік беріледі. Түзу сызықпен танысудан кейін балалар нүктені түзеуге қоюды,берілген 1,2,3 нүктелер арқылы түзу сызықтар жүргізуге,оған қатысты нүктенің орнын анықтауға үйренеді. 3-сыныптың 3-тоқсанында оқушылар нүктенін латынның бас әріптерімен белгіленетінін үйренеді. Мысалы К,М,О,А,Е және т.б. Олар нүктенің қасына жазылады. Балалар нүктелерді әріптермен белгілеуге және белгіленген нүктелерді оқуға жаттығады.
Қарындаштың немесе қаламның ұшы және олардың қағаз бетіне қалдыратын іздері- нүкте жайында түсінік беріледі. Термин енгізіледі

А● М ●
● ●В


Былай айтылады: « а түзуі » , «СD» түзуі



Бір нүкте арқылы неше түзу болса да жүргізуге болады

Екі нүкте арқылы тек бір түзу ғана жүргізуге болады

Түзу шексіз болғандықтан , оны өлшеуге болмайды. Оқушылардың естеріне түсірген барлық геометриялық фигуралар нуктелер және түзулерден тұрады.


Сәуле
Егер бір нүкте белгілеп , одан түзудің бөлігін жүргізетін болсақ, онда сәуленің кескіні пайда болады.
Түзудің бөлігі жүргізілетін нүкте сәуленің басы деп аталады. Сәуленің ұшы жоқ.
Сәулені бір кіші әріппен немесе латын алфавитінің екі бас әрпімен белгіле.

Геометриялық материал бастауыш сыныптарда бөлек тақырып болып қарастырылмайды. Геометриялық материал арифметикалық және алгебралық материалдармен тығыз байланыста қарастырылады. Геометриялық матриалдардан бастауыш сыныпта: «кеңістік турады түсінік», «нақты фигура туралы ұғым», «геометриялық фигуралармен байланысты қарапайым ұғымдар,оларды ажырату», «геометриялық шамаларды өлшеу», «фигураларды салудың бастама білігін қалыптастыру», «әр түрлі геометриялық шамалармен таныстыру» және т.б. қарастырылады.


Геометриялық фигуралардың 1-сыныпта бұрын беріліп жүргеннен гөрі біршама кеңейтіліп берілу себебі пәнішіндік мұқтаждықтан және қажеттіліктен туындайды. Өйткені олар алдағы уақытта көрнекілік ретінже жиі қолданылады, сондайақ дамытушылық сипаттағы жаттығулар мен тапсырмаларды орындауда тірек білім болып табылады; ал олардың ішіндегі шығармашылықпен байланыстылары, көбінесе геометриялық фигураларды бөліктерге бөлу және бөліктерден құрастыруды көздейді. Геометриялық фигуралар жайындағы түсініктерде біртіндеп тиянақталып, дами түседі. Осы уақытқа дейін геометриялық фигуралар «бір тұтас» деп түсіндіріліп келсе, енді олардың элементтерімен таныстыру жүзеге асырылады. Осыған орай үшбұрыштың және шаршының қабырғалары-кесінділер, ал бұрыштың қабырғалары-сәулелер, олардың төбелері-нүктелер болып табылатынына назар аударылады. Сонымен бірге үшбұрыштың,төртбұрышты (бес,алты бұрыштың) элементтері(бұрыштары,төбелері,
қабырғалары) аталу сандарымен (3,4,5,6) сәйкестендіріледі. Геометриялық фигуралардан бастуыш сыныпта:сызықтар (түзу,қисық,тұйықталған және тұйықталмаған қисық сызықтар); нүкте;сәуле;бұрыштар қарастырылады.
Сондай-ақ,көпбұрыш; тіктөртбұрыш, шаршы, тік, сүйір, доғал бұрыштар, текше, шеңбер, дөңгелек, параллелепипед, параллель, перпендикуляр түзулер оқытылады.
Түзу сызықпен танысудан кейін балалар нүктені латынның бас әріптерімен белгілейтінін үйренеді. Мысалы: D,K,M,O,E,A және т.б. Олар нүктенің қасына жазылады( үлгісі тақтаға жазылады). Балалар нүктелерді әріптермен белгілеуге және белгіленген нүктелерді оқуға жаттығады.
Жалпы геометриялық метериалдар жайлы оқушыларда берік білім қалыптастыру үшін мынадай геометриялық мағынада тапсырмалар қарастырылады:
1. Геометриялық фигураларды санау метериалдары ретінде пайдалана алады.
2. Геометриялық шамалар (ұзындық, аудан) және оларды өлшеу жайлы түсінік қалыптастырылатын есептер.
3. Көпбұрыштың периметрін,ауданын табуға арналған есептер.
4. Салу есептері.
5.Геометриялық фигураларды саралауға (классификациялау) арналған тапсырмалар. (Бір топ фигуралар ішінен «үшбұрыштарды теріп жаз»деген сияқты).
6. Фигураны бөліктерге бөлу немесе керісінше элементтері бойынша фигура құрастыру.
7. Әріпті пайдалана отрырып геометриялық сызбаларды оқу,жазу.
8. Нәрселердің немесе оның қандай да бөлігінің геометриялық формасын анықтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет