Тобы: тпп-20к-2 Қабылдаған: Кудренова Л. Г



бет2/2
Дата13.12.2023
өлшемі0.6 Mb.
#486445
1   2
Рахман Сапарайым аралас аппараттары

Механикалық араластыру белгілі бір сыйымдылықтарда орналасқан және сыйымдылықтың ішіндегі компонеттерді, туындайтын сұйықтықтың айналысы есебінен, араластыруды жүзеге асыратын айналу қозғалысын жасайтын әр түрлі араластырғыштарды қолдануға негізделген. Қазіргі таңда көптеген араластырғыш құрылымының типтері белгілі, сонымен қатар осы типтедің әрқайсысының жүздеген түрлері бар. Араластырғыш типтерін жүйелендіру мақсатымен олардың негізгілерін бөледі: бір қалақшалы, көп қалақшалы, пропеллерлі, зәкірлі, турбиналы, жақтаулы, шнекті. Араластырғыштардың әр типі белгілі бір қолдану саласына ие. Қалақты және жақтаулы араластырғышты аз тұтқырлы сұйықтықтарды, пропеллерлі тұтқырлығы біркелкі сұйықтықтарды, турбиналы – тұтқыр емес және тұтқыр
жүйелерді, зәкірлі және шнекті – тұтқырлығы жоғары және созылымды жүйелерді араластыру үшін қолданады.
Пневматикалық араластыру сұйықтық жүйесі немесе оның басқа компонеттермен қоспасы арқылы ауаны немесе қандай да бір газды өткізеді. Тұтқыр сұйықтықтарды ауаны немесе газды барботирлеу әдісімен араластыру қиындық тудырады. Сондай-ақ құрамында май немесе оттегімен реакцияға түсетін басқа да заттар бар сұйықтық жүйелерін ауамен араластырғаболмайды. Пневматикалық араластыруды, араластыру ілеспе немесе қарқындату процесі болып табылғанда қолданған жөн. Мысалы, бидайды және жарманы суға салу немесе жуу кезінде ауаны барботирлеу есебінен араластыру тиімді.
Айналымды араластыру сұйықтық жүйесін көп мәрте «сорғысыйымдылық» тұйық кезеңі бойынша сорғы арқылы өткізуге негізделген.
Сорғы ретінде ортадан тепкіш және сорғалаған сорғылар қолданылуы мүмкін. Араластырудың бұл түрін тұрақты эмульсия және суспензия алу қажет болған жағдайда қолданады. Ол газдалған сусындарды алу мақсатымен
сұйықтықтың сатурациясы үшін кең пайдаланылады. Эмульсияны және суспензияны алу үшін айналымды араластыруды көбінесе периоды кезең бойынша жүргізеді. Сатурацияны периодты кезең бойынша да, үздіксіз кезең бойынша да жүзеге асыруға болады.
Жасанды турбуленттеу құру жолымен ағында араластыруды бір сұйықтық екіншісінде жақсы еріген кезде қолданады. Сонымен бірге араластыру камерасында жоғары жылдамдықтарды қолдау қажет және сұйықтықтар тұтқыр болмауы тиіс. Араластырғышта араластырылатын сұйықтықтар, қимасы тұрақты болып қалатын, түсетін ағын бойынша қозғалады. Араластыру, ағынның қарқынды турбуленттену туындауына әкелетін қозғалыс бағытының көп мәрте өзгеруі есебінен жетеді.
Қорытынды

Қоғамдық тамақтануда араластыру процестерін көптеген мақсаттар үшін қолданады. Жалпы айтқанда, бұл мақсаттарды келесідей сипаттауға болады:


біртекті және біртекті емес сұйық жүйе алу мақсатымен араластыру. Сонымен бірге сұйықтықты сұйықтықпен, сұйықтықты қатты затпен, сұйықтықты газбен араластыру; гетереогенді жүйені сақтау және қатпарланудың, тұнба түзілу немесе жеңіл фракциялардың қалқуының алдын алу мақсатымен араластыру; жылу және масса алмасу процестерді қарқындату мақсатымен араластыру жүргізілуі мүмкін.
Сонымен қатар араластырғыштар адамның жұмысын және де уақытын үнемдеу үшін жасалынған таптырмас құрал болып табылады. Араластырылып жатқан белгілі бір өнімді жақсы әрі өзінің негізгі мпқсатына жеткенше араластыру керек. Араластыру барысында іртік, түйнек болып қалмауын қарау ол адамның қызыметінде болады. Дұрыс араластыру мақсатында жүзеге асыру керек. Сонда ғана технологиялық процес дұрыс жүреді.

Пайданылған әдебиеттер тізімі


Н.А. Еріш, Т.С. Төлеміс: Оқу-әдістемелік құралы (Тағам өндірістерінің процестері мен аппараттары), Қостанай, 2017. 30-34 б.


file:///C:/Users/%D0%A1%D0%B0%D0%BF%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%B9%D1%8B%D0%BC/Downloads/20.05.2020_13_Rastvorenie.-Peremeshivanie-zhidkostej%20(2).pdf
file:///C:/Users/%D0%A1%D0%B0%D0%BF%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%B9%D1%8B%D0%BC/Downloads/lk-peremeshivanie%20(2).pdf



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет