III. гемокоагуляция және мұрын қуысы тамырлар жүйесіндегі аралас патологиялық әсерлерден шақырылған: атеросклероз, гипертониялық ауру кезінде эндотелидің дистрофиялық зақымдалуы; геморрагиялық диатез; бауырдың созылмалы аурулары (гепатит, цирроз); мұрын және мұрын қосалқыларының созылмалы қабыну аурулары (іріңді, аллергиялық); қан аурулары. - III. гемокоагуляция және мұрын қуысы тамырлар жүйесіндегі аралас патологиялық әсерлерден шақырылған: атеросклероз, гипертониялық ауру кезінде эндотелидің дистрофиялық зақымдалуы; геморрагиялық диатез; бауырдың созылмалы аурулары (гепатит, цирроз); мұрын және мұрын қосалқыларының созылмалы қабыну аурулары (іріңді, аллергиялық); қан аурулары.
Клиникалық көрінісі - Негізгі симптом: мұрыннан және жұтқыншақтың артқы қабырғасы арқылы көпіршікті емес қанның бөлінуі.
- Қосымша симптомдар: қанды құсу (жұтып қан асқазанға түскен кезде пайда болады); мелена (қара нәжіс) ұзақ қайталамалы мұрыннан қан кету кезінде; жөтел кезінде төменгі тыныс жолдарына және көмейге қанның түсуі; терісінің бозаруы; суық тер; жиі және жұмсақ пульс; АҚ өзгеруі; бас айналуы; басында және құлағында шудың болуы; есінің бұзылуы.
Қоңырау шалғандарға кеңес беру: - Науқасты ыңғайлы қалыпта отырғызу (басын сәл еңкейтіп отыру) жағасын босату.
- Науқастың алдына қанды жинау үшін ыдыс беру.
- Мұрынның кіреберіс жеріне тампон қою [ 3% сутегі асқын тотығына немесе 0,1% адреналин ерітіндісіне салынған тампон және оны10-15 минутқа мұрын қанаттары арқылы басу.
- Науқасты ауыз арқылы терең және баяу
демалдыру. - Мұрын аймағына 30 минутқа салфетка
арқылы мұз қою. - Жедел жәрдем бригадасын шақыру.
Жедел жәрдем шақыру кезіндегі іс-әрекет: Міндетті сұрақтар: - Қанкету қай мұрын қуысынан басталды?
- Науқас қан жұта ма?
- Қанкету ұзақтығы?
- Қанкету көлемі ( миллилитр)?
- Ортостаз немесе гиповолемия симптомдары көрінеді ма?
- Бұрын мұрыннан қан кету болды ма?Болса,ем нәтижесі болды ма?
- Қанкету симптомдарымен көрінетін аурулары бар ма (артериальды гипертензия, бауыр аурулары, алкоголизм)?
- Ацетилсалицил қышқылын, стероидты емес қабынуға қарсы дәрілерді қабылдай ма?
Достарыңызбен бөлісу: |