Ток тізбектері 1 Тұрақты ток электр тізбегі



бет3/4
Дата25.01.2022
өлшемі48.84 Kb.
#454812
1   2   3   4
дәріс 1

Электр кедергісі


Кез келген өткізгіштегі электр зарядтарының бағытталған қоз-ғалысына оның молекулалары мен атомдары бөгет жасайды. Сондықтан токтың өтуіне сыртқы тізбекте, энергия көзінің өзі де кедергілер туғызады. Электр тізбегінің электр тогы өтуіне қарсы әре-кеттілігін электр кедергісі (қысқаша кедергі) деп атайды.

Тұйықталған электр тізбегіне қосылған электр энергиясының көзі электр энергиясын сыртқы және ішкі тізбектер кедергілерін жеңу үшін жұмсайды.

Электр кедергісі R (г) әрпімен белгіленеді. Сұлбаларда кедергілер 2 — суретте көрсетілгендей бейнеленеді. Электр тізбегіне қосылатын және кедергілері бар құрылғыларды резисторлар деп атайды.

Кедергінің өлшем бірлігі ом болады. Өткізгіш сымында тұрақты потенциал айырымы 1 В болған кезде одан 1 А ток өтсе, онда өткізгіш сымның электр кедергісі 1 Ом болады, яғни 1 Ом=1 В/ 1 А. Үлкен кедергілерді өлшеу үшін омнан мың және миллион есе көп бірліктер қолданылады. Олар кило ом (кОм) және мегаом (МОм) деп аталады; 1 кОм = 1000 Ом; 1 МОм = 1000000 Ом.

Өтікзгіштердің электр тогына көрсететін кедергісі олар жасалынған материалға сонымен қоса оның ұзындығы мен көлденең қимасының ауданына байланысты болады. Егер бір материалдан жасалынған екі өткізгішті салыстырсақ, онда көлденең қима ау-дандары тең болған жағдайда, үзындау өткізгіштің кедергісі үлкен болады, ал ұзындығы бірдей өткізгіштердің қайсысының көлденең қима ауданы үлкен болса, оның кедергісі аз болады.

Өткізгіш материалдың электрлік қасиеттерін бағалауға меншікті кедергі (ρ) қолданылады.

Меншікті кедергі — ұзындығы 1 м, көлденең қима ауданы 1 мм2 өткізгіш сымның кедергісі. Егер меншікті кедергісі р материалынан жасалған өткізгіштің үзындығы / метр, көл-денең қима ауданы S мм2 болса, онда барлық өткізгіш кедергісі
R = ρ/S (1.1)
Өткізгіштер кедергісі температураға тәуелді болады және де металл өткізгіштердің кедергісі арта түседі.

Әр металл үшін кедергінің температуралық коэффициенті α деп
анықталған, ол өткізгіш температурасын 1С-қа өзгерткен кезде оның бастапқы кедергісінің 1 Омына шаққандағы өсімін анықтайды. Әр түрлі Т2 және Т1 температуралы R2 және R\ кедергілердің ара қатынасы былайша анықталады:


R2=R1[1+α(T2-T1)] (1.2)



2 Сурет – Кедергінің шартты белгілері:

а-резистор (кедергі), б – реостат

Б9л ара 0атынас температура 100°С төмен болғанда ғана орнында алатынын ескеру қажет.

Реттелетін кедергілерді реостаттар деп атайды. Реостаттар үлкен меншікті кедергілері бар сымдардан, мысалы, нихромнан жасалынады. Реостаттар кедергісі біркелкі немесе сатылап өзгерілуі мүмкін. Сұлбаларда реостаттар 2, б-суретінде көрсетілгендей шартты белгілермен бейнеленеді.

Өткізгіштердің электр тогын өткізу қабілеттілігі өткізгіштілікпен g сипатталады, оның мәні кедергіге кері пропорционал. Өткізгіштіліктің бірлік өлшемі - сименс (1/Ом—См).

Сонымен, кедергі мен өткізгіштілік арасындағы қатынас мынадай:
g=1/R (1.3)

және

R=1/g (1.4)
Өткізгіш материалының меншікті кедергісіне кері шама мен-шіктікті өткізгіштілік деп аталады да оны γ әрпімен бел-гілейді.

Сонымен, заттың меншікті кедергісі мен меншікті өткізгіштілігі арасында мынадай қатынастар болады:
γ=1/ρ (1.5)

және

ρ=1/γ (1.6)


    1. Ом заңы


Тұйықталған тізбектегі ЭҚК, кедергі және ток арасындағы бай­ланысты Ом заңымен өрнектеуге болады. Ом заңын былайша тұ-жырымдауға болады: тұйықталған тізбектегі ток электрқозғаушы күшіне тура пропорционал және барлық тізбектің кедергісіне кері пропорционал.

Тізбектегі ток ЭҚК әрекетінен пайда болады; энергия көзінің ЭҚК көп болған сайын, тұйықталған тізбектегі ток та көп болады. Тізбек кедергісі ток өтуіне бөгет жасайды, сондықтан тізбек кедергісі өскен сайын ток мөлшері азаяды.

Ом заңын мынадай формуламен өрнектеуге болады:
I = E/(R+r0) (1.7)

немесе

Е = I (R+r0) (1.8)
мұндағы R — тізбектің сыртқы бөлігінің кедергісі;

r0— энергия көзінің ішкі кедергісі.

Келтірілген формулаларда ток ампермен, ЭҚК вольтпен, кедер-гі оммен көрсетілген.

Барльіқ тізбектің кедергісі:
R+r0 = Е/I (1.9)
Ом заңы барлық электр тізбегіне ғана емес, оның кез келген бөлігіне де тура келеді. Егер тізбек учаскесінде энергия көзі жоқ болса, онда бұл бөлікте оң зарядтар потенциалы жоғарылау нүктеден потенциалы темендеу нүктелерге ауысады. Энергия кезі осы учаскенің басы мен соңы аралығындағы потенциалдар айырымын ұстап тұрады да оған белгілі мөлшердегі энергия жұмсайды. Осы потенциалдар айырымын каралған учаскенің басы мен соңы аралығының кернеуі деп атайды.

Сонымен, Ом заңын тізбектің учаскесіне қолдана отырып ала-тынымыз:

I = U/R (1.10)
Ом заңын былайша тұжырымдауға болады: электр тізбегі учас-кесіндегі ток, учаске ұштарындағы кернеуді оның кедергісіне бөлгенге тең болады.

Тізбек учаскесіндегі кернеу ток пен осы учаске кедергісінің кө-бейтіндісіне тең, яғни

U = IR (1.11)
Ом заңы формуласынан тұйықталған тізбек үшін алатынымыз:
E = IR + Ir0=U + Ir0 (1.12)

мұндағы IR —кернеудің R кедергісінде кемуі, яғни сыртқы тізбекке түскен кернеу немесе энергия көзінің (генератордың) қысқыштарындағы кернеу U;

Ir0 — кернеудің R0 кедергісінде кемуі, яғни энергия кезінің (генератордың) ішіне түскен кернеу.

Тізбектегі токты өлшеу үшін амперметр (миллиамперметр) деп аталатын аспап қолданылады. Кернеу, жоғарыда айтылғандай, вольтметрмен өлшенеді. Амперметрді қосу үшін ток тізбегі ажыратылады, ажыратылған сымдардың екі ұшын амперметрдің қысқыштарына қосады (3-сурет). Сонда аспап арқылы барлық өлшенетін ток жүреді. Вольтметр берілген учаскеге тіскен кернеу-ді көрсетеді. Егер вольметрді сырткы тізбектің бас жағына —энер­гия көзінің полюстеріне қоссақ, онда ол барлык сыртқы тізбекке түскен кернеуді көрсетеді. Бұл әрі энергия кәзінің қысқыштарын-дағы кернеу болып табылады.


3 Сурет – Амперметрмен вольтметрді қосу сұлбасы
Энергия көзінің (генератордың) қысқыштарындағы кернеу ЭҚҚ мен осы энергия кезінің ішкі кедергісіне түскен кернеу айырымына тең, яғни
U = E — IR0 (1.13)
Егер сырткы тізбектің кедергісін R азайтсақ, онда тізбектің жалпы кедергісі R + r0 де азаяды, ал тізбектегі ток көбейеді. Токтың көбеюіне байланысты энергия көзінің ішкі кедергісіне түсетін кер­неу (IRo) өседі, өйткені энергия көзінің ішкі кедергісі r0 тұрақты болып кала береді. Демек, сырткы тізбектің кедергісі азайған кез­де энергия көзінің қысқыштарындағы кернеу де азаяды. Энергия көзінің қысқыштарын кедергісі нольге жақын өткізгіш сымдармен косса, онда тізбектегі ток
I = E/R0 (1.14)



Бұл формула қаралып отырған энергия көзі тізбегіндегі ең үлкен ток мөлшерін анықтайды. Сырткы тізбек кедергісінің іс жүзінде нольге тең болғандығы жұмыс тәртібін қысқа тұйықталу деп атайды.

Ішкі кедергілері өте аз энергия көздері үшін, мысалы электр генераторлары (электр машиналары) және қышқылдық аккумляторлар үшін кысқа тұйыкталу өте қауіпті — аталған энергия көздері істен шығып қалуы мүмкін. Қысқа тұйыкталу, мысалы, энергия көзі мен қабылдағышты қосатын сымдардың оқшауламасының істен шы-ғуынан болуы мүмкін.

Оқшаулағыш жамылғысы түсіп калған металл (әдетте мыс) сымдары өзара түйіскенде өтс аз ксдергі тудырады. Оны тұтынушы кедергісімен салыстырғанда нольге жақын деп қарауға болады.

Электр аппаратын қысқа тұйықтау тогынан қорғау үшін әр тіүрлі сақтандырғыш құрылғыларын қолданады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет