Төкеев Бертай Есмаханұлы ГҮл сезім шымкент 2009 Гүл сезім


Тағдырға өкпелеуге болмас. Әр адам өз тағдырына себепші де бола алады. Негізі бәрі бір Алланың қолында. Өзеннің мөлдір , таза болуы әрине бастау алар бұлақтан



бет4/4
Дата16.06.2016
өлшемі446 Kb.
#139387
1   2   3   4

Тағдыр...

Тағдырға өкпелеуге болмас. Әр адам өз тағдырына себепші де бола алады. Негізі бәрі бір Алланың қолында. Өзеннің мөлдір , таза болуы әрине бастау алар бұлақтан.

«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген халық даналығы бар. Атадан балаға өсиет болып келе жатқан ұрпақ тазалығы, үлкенді сыйлау, құрмет көрсету, кішіге ізет, қамқорлық жасау, бауырмал болу, ата-ананы аялау, ар-намысты, ұятты бағалау, адамдықты биік қою өмірдің бар мағынасы болып қалмақ.

«Малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы» деген ұлы қазақ елі көсегесі көгеріп, өркен жаяры анық.

Ұрпақтың қамын ойлаған дана ата бабаларымыз жеті атаға дейін қыз алыспауды, адамдық қасиеттерді сақтауды өсиет еткен. Бүкіл әлем бойынша қан тазалығынан алда тұрған қазақ елі имандылығымен, инабаттылығымен, алып ойшылдығымен, даналығымен,еңбекқорлығымен, кеңпейілділігімен, мың өліп, мың тірілген қайсарлығымен, шыдамдылығымен, өжеттілігімен өз биігінде абыройымен танылып, бүкіл әлемге айқындалды.

Ал ешқандай заңдылыққа бағынбау, бейберекет, мағынасыз өмір сүру неге апарады???

Қатты дамыған Франция мемлекетінің адамдар көп жиналар демалатын көрнекті жерінде бір зират қойылған. Осынау сұмдықтан аулақ болсын, адамзат ойлансын деген ойдан туған бұл мүрденің көк тасына былай жазылған:

-«Бұл жерде ағасы мен қарындасы, әйелі мен күйеуі, әкесі мен қызы жатыр»

-Бір зиратқа неге осыншама адам қойылған?-деген сауалдың жауабы былай екен:

Дастарханынан шарабы үзілмес отбасыда өскен әй дейтін әкесі жоқ ұл ешкімге есеп бермей, ерке өсіп, қызықтың қойнауымен, өмірдің жайнауымен маскүнемдікке салынып, түбінде бармақ тістеп, от басарын байқамайды. Өлесі мас күйінде есін білмеген ол анасының төсегінде жатқанын таң ата біліп, шошып оянып, ойламаған жерден қара бетке айналып, көз көрмес, құлақ естімес жаққа мұқит асып, Америкаға құпия түрде қашып кетеді. Жиырма жыл сол жақта тұрып, қайта өмір бастап, жағдайын түзейді. Анасының дүниеден өткенін естісе де топырақ салуға да келе алмай алыста қамығады. Бақытты ғұмыр мен бейшаралық өмірдің арасы көз ілеспес тіптен жақын-ау...

Жиырма жыл өткен соң: «Бәрі ұмытылды, жаңаша өмір бастайын, ешкімге қиянат жасамай, тек жақсылық жасайын»-деп туған жердің топырағы тартып, елге оралады. Өмір бір құрса түзелуі қиын. Қырсық бір айналдырса шыр айналдырар. Келе сала қасы , көзі қиылған, көз тоймас көркем қызға тартылып, сұлулық сиқырына сүрініп, ешнәрсе де сұраспай-ақ ес түссіз ғашық болып, тез арада үйленеді. Күндердің күнінде айдай ару анасы қалдырған ашылмаған құпия хатты ұсынып, анасының өсиет еткен сөзін айтып, өзінің ағасы бар екенін, оның өте алыста жүргенін, ағасын қатты сағынатынын, қалайда тауып алуын өтінген анасының аманатын орындауы керектігін айтқанда, хатты түсіне мұқият оқып біткен жігіттің өткен күндері елестеп, көзі шарасынан шығып, жындана айғайлап, шексіз, кең, алып әлемнің өзіне соншалықты тар, қамыт екенін сезініп, баяғы қателіктің нәтижесі алдынан шығып тұрғанын көріп, өмірінің мән мағынасы қалмай, тағдырына өкіре жылай қапа болып, бірден пистолетке ұмтылып, өзіне есеп беруге құлықсыз, есі ауысқан ол бірінші аруды атып, екінші өзін өлтіріп, бұл фәниден қанша жасырынғанмен бар сырын өлім ашқан екен...

Тағдыр...

Әрбір жанның өмірі неткен күрделі, тағдыры тереңде небір тылсым құпия сырын бүгіп жатыр.

Дүниенің соңына кім жеткен дейсіз?...

Адамның негізгі қарсыласы-ол өзі. Өзінің кемшіліктерін жою жолында адам өмір бойы күреседі.

Не ексең соны орасың. Бүгінгі қиындық ертеңгі бақытты өмір сүруіміз үшін керек. Ал біздің тағдырымыз бізден тараған ұрпақтардың тағдырын айқындамақ...

* * *

Қоштасар күннің жақындауы Манастың дегбірін қашырып, мазасыз күйге түсірген. Жұмыстан асыға шыққан ол аруға жеткенше шыдамы таусылып, бүгінгі кеште рухани байлыққа кенелетіндерін ойлап, соған жетелер сый жасағысы келіп, театрға шақырған. Осы бір күннің қарбалас тірлігі шиелінісе кетіп, кештегі керемет қойылымға екеуі де әзер үлгерді-ау әйтеуір.

Театр-бұл өмірге деген ұмтылыспен, іңкәрлік сезіммен келіп, салиқалы сананы рухани дүниелермен сусындатып, байыпты, мәртебелі ойлармен жанды байытып, қимастықпен қайтатын қасиетті жер. Бұл жерге жиналар зиялы қауым өзіне тән ерекшелігімен керемет әсер етіп, сұлу мәдениетімен Манас пен Айзерені баурай түскен. Осы киелі жерде адам екеніңді сезініп, үлкен қуанышқа кенеліп, жаның жадырай өмірге деген көзқарасың айқындалып, рухани байлыққа талпынысың күшейіп, пендешіліктерден бойыңды аулақ ұстауға мүмкіндік жасар жол ашылар. Ерекше әсемделген, оюлармен өрнектелген үлкен сарай адамның да ішкі жан дүниесі осындай сұлу болуы керектігін көрсеткендей. Алдыңғы қатардан орын алған олар осы бір киелі жердің қасиетін сезініп, жан тебірентерлік күйлер кешкен. Кенет шам сөніп, ерекше тылсым сәт әуенмен әрленіп, қойылым басталды да кетті. Осы қоғамдық өмірмен байланыстырылған осынау керемет дүние адамдарға ой салып, кейде жүдетіп, кейде қуантып, көңілді шарықтатып, адамдық қалыптан айнымауды меңзегенін астарлап жеткізіп, көрерменді ой толқынына түсірген. Тұнжыраған, мүлгіген тыныштықтағы көрсетіліп жатқан спектаклъден залдағы әрбір жанның ой толғанысы, сезім шарықтауы, ішкі тылсым күйі, жан тебіренісі байқалған. Қойылым сәтті шығып, біткен заматта залдан әртүрлі мадақтаулар естіліп, жүгіре сахнаға шыққандар гүлдерін ұсынып, көрермендер жаппай түрегеліп, ризашылық сезімдерін тоқтатпай қол соғыстарымен білдірген. Манас жанындағы Айзереге шаттана қарағанда ару жүзінен ерекше нұрды сезініп, қуаныштан төбесі көкке жеткен. Сахна төрінде қайта-қайта шақырылған беріле ойнаған шеберлер құшақтары гүлге, көкіректері қуаныштарға толып, көрермендердің ерекше алғыстарына бөленіп, қимай-қимай, қол бұлғай шымылдық жабыларда жанарлары мөлдірей қалған. Ыстық ықыласқа бөленген Айзере айдай ажарымен шуақ шаша Манасқа наздана қарап, бір рахат сезімге бөленгені анық еді.

Театрдан шыққан халық қараңғылықтың қойнауына сіңіп, жан-жаққа тарап жатты. Көше бойлай жағылған шамдар көңілге көрік қосып, жол жағалай егілген әсем гүлдерімен жаныңа жарық сыйлағандай. Күндердің күнінде осы бір мөлдір сәт сағыныш пен сағымға айналады-ау деп ойлаған Манас Айзереге қимастық сезіммен білдірмей қарап қойып, ардақты жанын құрметтей алғанына шүкіршілік еткен. Қол ұстаса қайтқан жастар керемет спектаклъдің әсерінен арыла алмай, өздеріне ұнаған тұстарын сөзбен жеткізе алмай, жағымсыз кейіпкерлерді қызу талқылауға көшіп, аспандағы ай жарығымен ажарлана түсіп, көше бойлай кетіп бара жатты. Аспандағы ай бұлт астына кіріп, қою қараңғылық оларды құшақтарына алып, бірте-бірте жасырып әкетті.

* * *

Аяулы аруды шығарып салып, өз бөлмесіне оралған Манас ойлана қалды. Оны толғантқан өмірдің күрделілігі, адам жанының құпиялылығы маза бермеген.



-Ия, әр адам өзінше жұмбақ, өзіндегі құпия сырын өзімен бірге әкетер. Миллиардтаған адам бір-біріне ұқсамайды. Егіздердің өзі сырт келбеті ұқсағанмен мінез құлқы, ішкі жан дүниесі жер мен көктей мүлдем бөлек.

Білетінімізден білмейтініміз көп. Бүкіл әлемді зерттеген бір ұлы ғұламадан: «Сіз бәрін білетін шығарсыз енді»-деп адамдар қызыға сұрағанда, «Мен әлі ешнәрсені білмейтінімді ғана білемін»-деп жауап берген екен бүкіл өмірін ғылымға арнаған ғұлама ғалым. Осы сөздерінен-ақ қарапайымдылығын, даналығын, ұлылығын ұғып, таң қалмасқа шараңыз қалмас сірә...

Адамның жаратылысы күрделі, құпиялылығы басым.

Өмірде қарақұсы бар аналар болады екен. Ертеде қағілез, көріпкел, сезімтал, емші адамдар мұндай жандарды тез байқап, емдеп, дұрыс шара қолданып, жазып отырған. Қарақұсы бар, яғни мейірім көзі ашылмаған ана өз нәрестесіне қараса өміріне қауіп төндіреді екен. Ана бойында өзі білмес тылсым нәрселер жүріп, көзі тиіп, шақалағының қуатын алып қойып, емізгенмен де сүт шықпай өлтіріп алған уақиғалар бар. Сондықтан ондай ана нәрестесін уақытша басқа анаға өскенше беріп, қаратып, өскен соң қайта алған. Мейірім көзі, жан жылуы ашылмай қалған аналар бала асырап алып, мейірімі артып, жан шуағы төгіліп, кейін ұл қыз сүйіп, жақсылықтарға жете алған.

Қайран өмірдің құпиясы ашылмаған қаншама сыры, шешуі табылмаған қаншама жұмбағы бар десеңізші...

* * *

Күдік пен үміт, арман мен аңсау, сағыныш пен бағыныш, бақыт пен бейшаралық, қуаныш пен қайғы, жақсылық пен жамандық, қайырымдылық пен қатыгездік қатар жүрер күрделі өмірдің ұтары да, өрнекті өлшемі де тек адамдық қалыпты қалыптастырып, қасиеттіліктің ұлы биігінде қалу екенін Манас әлдеқашан ұққан. Өзі жек көрер екі жүзділік пен сатқындықтан салқын леп сезіп, қиянаттардан тек қара бұлт өрілетінін ұғып, кішкентай кезінде оқыған осы бір уақиға есіне түсіп, жүрегіне қатты әсер алған шабыт шыңындағы ол «Қарақшының қасіреті» атты поэмасын жазып шықты...


Ажал алды арпалысқан қария,

Денесі ысып бейне отқа оранған,

Бірде тоңып, үсігендей бораннан,

Көз алдына елес келер қорқыныш.

Өмір өлім-арпалысқан дария.

Адам да бір ит жанды боп жаралған,

Надан болып, қиянатқа бара алған,

Жата алмады жылдар бойы ол тыныш.


Көз алдына бүкіл ғұмыр елестеп,

Тізбектеліп,өте шықты шынында.

Бұл өмірдің көрген ғажап, сұмын да,

Қарақшылық кәсібі еді пір тұтқан.

Адамдыққа не өмірде теңеспек?

Себепші екен қаншама мың шығынға,

Оның бәрі ұмытылатын ұғымда,

Бір қиянат кетпей естен, қан жұтқан.


Қиналғаны-ай, қалш-қалш етіп, қан құсып,

Бұл мың азап, айлар бойы жалғасты.

Жігіт кезде нағыз алып, алмас-ты,

Инеліктей иілгіш боп қалғаны.

Жарымапты бала сүйіп, жар құшып,

Көңіл сұрар жаға ұстап, тарқасты.

Ажал тағы кеңірдектен жармасты,

Шықпай жаны, есіне алар Алланы.


Өмір бойы есінде боп қиянат,

Тілгілеген жан жүрегін мазалап.

Сол қиянат қазір жатыр жазалап,

Ес жиғанда тез шақыртты туысты.

Жасаураған көзде үміт ұялап,

Асқақтаудың арты мүлдем азап-ақ,

Жан жүрегін кету үшін тазалап,

Құпиясын тез айтуға тырысты.


«Мен атақты қарақшының бірімін,

Ешкім менің ақ жолымды кеспеген.

Елде сонда қорқынышпын сеспенен,

Есімімнен бала қояр жылауын.

Ай заман-ай, арыстандай ірімін,

Тонай салу түк емес-ті көш деген,

Талай қырғын жасадым-ау кеште мен,

Ертелі кеш айқын еді құлауым».


«Құнықтық та тоймай кеттік байлыққа,

Тартып алу біз үшін бір заңдылық.

Жастық-жалын, ойландырмас әңгүдік,

Барымтамен талай алдық үйірді.

Қиянаттан қанат сірә жайдық па?

Мына өмірде не тұрушы еді мәңгілік?

Қасиетсіз қалар жалғыз қаңғырып,

Бір Алладан осы азап бұйырды».


«Баянсыздық жеткізе ме бақытқа?

Небір айла жасадым-ау сан құрық.

Мал көбейсе, өмірімнен мән құрып,

Бір уақиға жүрегімді тесті де.

Қандай бейқам болғанмын сол уақытта,

Сол кезеңдер елес, бәлкім жаңғырық.

Қарақшы боп тұрам деппін мәңгілік,

Әттең бәрі өтті, кетті, кеш міне».


«Лақап атым елде Қара қарақшы,

Ай аңдумен, жылмен жеттім пыраққа.

Үйір жылқы, сусындаттым бұлаққа,

Ай сәулесі көрік қосқан тоғайға.

Сұлулық-ай,өзім куә, сарапшы,

Жер жаннаты осы маған тұрақ па?

Өзен ағып, әсем ағаш, құрақ та,

Сыңғыр күлкі ойды бұзды алайда... »


«Осы жерде ұрпағымды өрбітсем,

Сұлу құшсам, өміріме жар етіп.

Кеңи ме еді өмір бойы тар етік?

Оқыс үннен шошып кеттім, тың тыңдап,

Қуғыншы ма?...Үрейленіп, ентіксем,

Екі ғашық сөзі жетпей әндетіп,

Қол ұстасып, сезімдерін селдетіп,

Назданады күлкісімен қыз сұңғақ»


«Бұлар кімдер? Көрді-ау үйір жылқыны,

Қуғыншыға айтпасына кім кепіл?

Есітіп қалса құтқармайды қу нөпір,

Айдалада жүрген жын ба, сайтан ба?

Қасқырдан да адам жаман құлқыны,

Алда мені күтіп қандай жүлде тұр?

Ашылмайды деп ойлама мүлде сыр.

Ай аруды жан жар етіп қайтам ба?»


«Ал ғашықтар құшақтары айқасып,

Бейқам көңіл, ешнәрсені сезбеген.

Өмір бойы бірге өтуді көздеген,

Ыстық леп пен от шарпыған бойларын,

Бір-бірінен құлпырады жайнасып,

Шын сезімін жеткізе алмай сөзбенен,

Көріктіге көңіл кетті көзбенен,

Көрсетсем бе қарақшының айбарын?!»


«Алғаш сәтте қорқытам деп ойлағам,

Жүрегі жоқ жігіт қашар, қыр асып,

Ай-арумен сонда жағдай сұрасып,

Қанжығама байлай салсам нем кетер?!

Дәу шоқпармен ат үстінде қайнағам,

Шауып келдім, өткір-жігіт сынасып,

Нағыз қыран, жекпе-жекте гүл ашып,

Қайратынан қайысады жер бетер!»


«Қорған болып, аруына қасқайып,

Арыстанша атылады аспанға.

Тиді бастан, атым үркіп, сасқанда,

Күрзі шоқпар мүлт кетпейтін әдетпен.

Мөлдіреген жанарынан жас тайып,

Құтылмасын білді ме екен қашқанда?

Ару қыздан әлемде өзге асқан ба?

Жан айқаймен қырқылды өмір кенеттен»


«Ақылды ару өзге мінез танытпай,

Қашуды да қаперіне алмаған.

Көнгендей ме? Тағдыры осы Алладан,

Орамалмен бетін жапты жігіттің.

Үн шығармай, зарламай да, қамықпай,

Қапа болмай бұл бағына жанбаған,

Қайран қалдым, бір тамшы жас тамбаған,

Жанарымен шамын жаққан үміттің»


Ару екен табиғатпен үйлескен,

Сұлулығы әсем баққа теңесер.

Ақылы мол, дана туған, кеңесер,

Дидарынан сәуле шашты айменен.

Шауып келіп, тұрып қалдым тиместен,

Күшім сыймай ақылсызбын, мен есер.

Дегендей-ақ: «Қайсың тағы келесі ер?»

Текті ару тіл қатқаны жайменен:


-Қыз тағдыры ауыр болар, қанықпын,

Жалын болып, өте шықты есіл ер.

Дәм таусылса айқара ашар төсін жер,

Шын мәнінде кімдер мәңгі тұрады?

Сіз туралы көп естігем, таныспын,

Азаматым мені ұғып кешірер,

Мәселеңіз сіз ойлаған шешілер...

Тапсырайық, Жер-ана ғой тұрағы...


«Жүрегім де жарылардай қуанып,

Өлген жанның аттап өтіп үстінен,

Ойлағанмын, бар әлемде күшті мен,

Түнжарымда көр қазуға кірістік.

Ару қыздың әрбір сөзін құп алып,

Азаматқа топырақ боп түс кілем,

Неткен жауыз, қанішермін, міскін ем,

Тас қаладық, күмбез етіп, бір үштік»


«Таң келеді арайланып, нұр шашып,

Сұлу қызды көрсетті де айқындап,

Қыз сұранды жуынуға салқындап,

Бар өмірін маған қиған сияқты.

Ойлағанмын, ұмытылды шын ғашық,

Кербез басар, қалай ашық айта алмақ?

Жүрек сыры жанарынан байқалмақ.

Келбетінен көнгендей бір күй ақты»


«Шай қайнатым уақыттың өткені анық,

Шыдамсызбын шыққанша қалың нудан.

Тұрыппын-ау жындыдай сағым қуған,

Шыдамай жетіп барғам жүрек тулап.

Елестеткем елесін естен танып,

Көйлек қалған көк шөпте паң арудан,

Елік мүсін көрінер терең судан,

Қорқыныш ұялады қарға шулап...»


«Арудың тектілігі байқалғаны,

Қорламай азаматын көміп кетті.

Қор етпей өзін-өзі көрікті етті,

Сертіне соншалықты берігін-ай!

Жұлынып жауқазындай жайқалғаны,

Жеңілдім, ол мені шын жеңіп кетті.

Жүз жасқа жан жүрегім өлі кепті,

Егілте, ес жиғызған елігім-ай»


«Сонда ғана түсініп, аһ ұрғанмын,

Қолаң шашпен тамырға байланыпты.

Пәк болып өтуге алдын сайланыпты.

Сұлуды су түбінен әрең алып,

Тістерім тіске тиіп сақылдадым.

Орнынан қозғала алмай ай қалыпты.

Куә боп сол бір өзен, сай қалыпты,

Өмірім өмір болмай жанда тамұқ»


«Аруға көр қазылып, тас үйілді,

Жанарға еріксізден жас келеді.

Көргенсіздің көңілі пәске енеді.

Содан бері қанша жыл босқа өтті.

«Құдайы»-деп тараттым барша үйірді.

Кім ойлаған қос ағаш тасқа өнеді?

Сол қиянат мәңгілік өшкен еді,

Бірақ та ел әулие етті қос теректі»


«Дүние дос болмады, кетті алыстап,

Күндіз-түн жәутең жанар мазалады.

Әр істе жолым болмай, жазалады.

Қиянаттан қиянат өрілгені.

Адам жастық дәуренмен мың шалыспақ.

Қателікпен таусылар ғажап әні.

Кім біледі, алда тұр тозақ әлі?

Кешірсе ғой қос мұңлық сонда мені...»


Сонда қарттың көзі жайнап, талпынып,

Иықтағы зіл батпанды түсірді.

Сезінгенін жеңілдікті түсінді.

Жазғандай боп жанындағы жарасын,

Соңғы демдер келгендей ме алқынып?

Елестетті әппақ сұлу мүсінді,

Көз алдына келді батыр пішінді,

Жүрек тоқтап, құлап түсті «Қара шың»


Әрбір істен ой түйеміз ойлансақ,

Жұмыс өзі бағыт, бағдар көрсетер.

Кей адамды кей қылығы ерсі етер!

Мінсіз адам табылмайды-ау әлемде!

Қандай жақсы құрметпенен сыйлансақ,

Беделдінің ісі арқылы сөзі өтер,

Өтірік сөз өкпеліні өш етер.

Ал адамдық-биік, шексіз, көлемде!


Не тындырдық, адам болып жаралдық?

Азаматтық кітап, кино, өлеңде.

Өзін сыйлау мәдениеті төменде.

Өзімізді танып, сірә білдік пе?

Ашылмаймыз, сөйлесуде сараңдық,

Талпынуға құлықсыздау өрен де.

Күшті болсаң күштілер бар сенен де,

Сыйластыққа не жетеді тірлікте!!!


Өлмейтіндей өршеленер кей пенде,

Өзге түгіл өз қадірін біле ме?

Өз өмірін өзге үшін сүре ме?

Өскен ұрпақ өркен жаяр өнермен!

Беделіңмен орын алсаң төрден де,

Адамды сүй, мәңгілікке кім еге?

Жерде байлық, көркейерсің гүл еге!

Жақсылыққа жетуің де тек елмен!


Қиянаттан тек қиянат туады!

Жақсылығың алдан күтер нұр болып,

Ынтымағың-бақыт,байлық бір толық.

Адамдық ат жарқырайды мәңгілік!

Жаман әдет ерді шетке қуады,

Әр адамның гүл өмірі сыр тұнық!

Барлық нәрсе кетпес сірә ұмытылып,

Мызғымайтын бұл өмірде заңдылық!!!


Манас терезеге телмірей қарай даладағы төпелей жауған жауынмен жан дүниесі үйлесе езіліп, көкірегі қарс айырыла ертеңгі қоштасу күнді ойлаған.

Ешнәрсеге елең етпес, бір нәрседен беті қайтпаған жан қанша өзін ерік жігерімен көтерсе де аяулы жанға алаңдай берген. Бәрін ой елегінен өткізген ол біраздан соң-ақ тез көтеріліп, еңсесін тіктеген. Өзін бір арнаға түсіріп, өмірдің ғажап тұстарын ойлап, осынау аз ғана уақытта Айзереге құрмет көрсете алғанына тоба еткен. Ақылына көркі сай көркемнің күн көңілін бұлт шалдырмай, жанын жабырқатып, ренжітіп алмағанына шүкіршілік етіп, бір тылсым күйге түсіп еді. Қолынан бар келері ардақтау екенін іштей тына үнсіз түсінген.

«Ненің рахатын көп көрсең соның бір азабын тартасың» деген халық даналығын Манас енді түсінгендей. Танысқан аз уақыттың ішінде бауыр басып, жақын тартылып қалғанын сезіп, ертеңгі екі жаққа айырылысар сәтті ойлағанда жүрегі езіле жаны жабырқай қалған. Сағыныштың ауырлығын әлден сезінген Манас Айзеренің әу баста айтқан ескертуін есіне ала таң қалып, ақылдылығына қайран қалған.

Бірақ өмірдің бәрі алда екенін ұғып, тым болмағанда алыстан тілеулес болып жүретінін місе тұтқан. Аяулы жанының абыройын ойлап, бақытын тілеп, жақсылықтарға жалғануын жанымен қалаған.

Ойлана ой түбіне жете алмаған Манас «Сағындым сені» атты әнін елжірей есіне түсірген:

Сағындым сені, сағыныш толы, күй бөлек,

Шарқ ұрып жүрек, мыңдаған сұрақ кимелеп,

Өмірге налып, көңілің қалып, жүрсің бе?

Өзіңе өзің: «Ешкімге сенбе, сүйме»-деп.
Тұп-тұнық едің, жаның да таза бұлақтай,

Жауабын таппай қиналам мың бір сұраққа-ай...

Бір-бірін аңсап, зарыға жеткен жігіт,қыз,

Кездесе қалса тұрғандай болады ұнатпай...


Өмірге келер үлесін адам алуға,
Жастыққа тән ғой жалындау,лаулау, жану да.

Өзгеге түгіл, өзіңе қимас адаммен,

Бақыт та шығар, «Мәңгілік дос» боп қалу да!

* * *
-Ия, барлық адам ес түсінен айырылып,өліп, өшіп, күйіп,


жанып, бір-бірін көрмесе тұра алмай сүйікті адамынсыз
өмір сүре алмай үйленер.

Ал сол пәк , таза, шынайы сезімді адамзат мәңгі сақтай ала ма?

Күндері күлімдеп, түндері тамылжып, айлары алыстап, жылдары жылжып өте шыққанда кейде табақ аяқ сылдырлап,сезімдер суып, ынтық көңілдер басылып, жетіспеушіліктен жыласып, бала шағадан ми ашып, кешегі ұлы іс, бүгінгі бітпейтін ұрысқа ұласып жататыны өте өкінішті.

Өзгеге түгіл өзіңе қимас қиялыңдағы адам барлық кезде жүрегіңде сақталып, алыста болса да таза, пәк күйінде аяулы болып, мәңгілік ардақты қалпында қалмақ.

Ал отбасын ойрандап, күйретіп, бір адамды жылатып, екінші жанды бақытты ету мүмкін емес. Қиянаттан тек қиянат қалыптасып, жамандық жақсылыққа апармас.

* * *

Төпелей төккен нөсер бүкіл әлемді тазартып, көше бойы егілген шыршаларды жуып, талдарды тазарта тербетіп, қимастық сезім мен ауа райы үндесе қалған.

Үнсіз келе жатқан Манас пен Айзере ішкі жан тербелістерін осы бір шақтан ұғып, өн бойларындағы толқын тебіреністерін құйыла төккен жауыннан сезінген. Осы бір кезең Манастың ылғи өзі оқып

берер «Іздерсің мені» өлеңімен сәйкес келген.


Іздерсің мені , құйыла төккен жауыннан ,

Іздерсің мені , дамылсыз соққан дауылдан .

Табиғатымның танырсың түпкі тамырын ,

Жүрегі «Сен»-деп ауырған.


Іздерсің мені ,бақшадан , әсем баудан да ,

Күз келсін мейлі көңілдің бұлты ауғанда .

Жылжыса жылдар ,жүйіткісе жылдамдықпенен,

Санармын биік таудан да .


Алыстап кетсең танимын көзден күн күлген ,

Уайымды шексең , жарамас мұның тым мүлдем .

Жалынды жырым жаныңда жұлдыз жайнатсын ,

Өмірдің соңын кім білген ?

Өмірдің соңын кім білген ?
Жүректеріндегі жарылыс, ішкі дауыл сабырлылықпен сақталып, Айзере Манасқа ауырлық түсірмейін дегендей жауқазындай жайнай жымиып, жігіт арудың кірпігінен түсініп, өзін жігерлендіріп, бойын тіктеген.

Қоштасудың қиыны-ай...

Автобус жүрер санаулы секундтарда Манас Айзеренің нәзік саусақтарын қимастықпен қысып, үлбіреген дидарын сүйіп алғанда, ару келбеті қызара түсіп ажарланып, бір қимастық білінгені көз жанарынан байқалған.

Екеуінің де дидарын жауын жуып, қыса ұстасқан қолдар амалсыз үзіліп, жылжи бастаған автобусқа Айзере жаутаңдай мініп, жалғызсырай қалып, Манасқа жанарымен жалындай қимастықпен ынтыға қарап, барлық сағынышы мен тілегін амалсыз қалдырып бара жатты. Манастың кеуде тұсы шым ете түсіп, жүрек соғысы жиілеп, көз ұшында кетіп бара жатқан автобусқа алаңдай қарап, қол бұлғап, шарасыз қала берді.

Қаншама айтылмаған сырларын, жазылмаған жырларын, сағыныштарын құпия қалдырып, жұмбақ болып ашыла алмай, жан дүниесі жауындай басыла алмай беймаза күй кешкен Айзере осы бір сәтте жаңбыр ұрған терезеден алаңдай қарап, сәлден соң ойға шомып, мөлдірей кетіп бара жатты.

Өзіне өзі әзер келген Манас осынау сәттің ғаламат тұсы өмірмен байланыстырылып, «Қоштасу» атты өлеңі өзекті жара өрілген:

Қоштасу қиын екен, жанға батты,

Қу жалған аз-ақ екен алдамапты.

Жүректе найзағайым күркіресе,

Табиғат ақ жауынмен жылап жатты.


Құдірет бар пендені сынамақ-ты,

Жаратып әсем әлем,гүл алапты.

Қуантып келгенімен саз тіршілік,

Ешқашан мәңгілікке тұра алмапты.


Өмір-ай,жаралғансың сұлулықтан,

Тұратын суықтықтан,жылылықтан.

Мәңгілік тартылыстай көрінесің,

Күн батса атуға асық,құнығып таң.


Бәрі алда неге сонша жасыдыңыз?

Тек өмір болсын сіздің ғашығыңыз.

Берілген өткінші өмір құдіреттен,

Парызды орындауға асығыңыз.


Қоштасу қиын екен, қалар елес,

Жақсыдан мәңгі азық алған кеңес.

Қоштасу сағындырып, кездестірер,

Өкінбе, бұл өмірдің соңы емес...


Сағынышпен құрылған өмір-ай...

Содан бері қаншама уақыт өтті. Қаншама қиналған сәттерінде де, бақыттың балбыраған бек төрінде де, самғағанда да, қалықтағанда да, өмірінің мән мағынасын анықтағанда да, барлық кезде Манас аяулы Айзерені демеу тұтып, тірек етіп, ардақ тұта өмір сүріп, үнемі есіне алған, ұмыта да алмасын білген.

«Осындай ару қыздарымен елі де мақтанып жүрсін»-деп жүрегін жарып шыққан «Қазақтың ару қыздары» атты өлеңін алыстан сағынышта сарғая арнаған.
Қазақтың қызы мақтаным,

Арайлап атқан ақ таңым.

Көркейіп ұшар шақтамын,

Үмітті тағы ақтадың!


Иманың тұнып жүзіңде,

Көкке ұштым қоңыр күзімде.

Үлбіреп, гүлдей үзілме,

Жүректе қалдың тізімде.


Болашақ айқын өзіңмен,

Баянды сыршыл сезіммен.

Хауа ана болған кезіңнен,

Бәрін де жеңдің төзіммен.


Келешек-ана алыптан,

Намыспен өзін танытқан.

Қасиет, шықпас қалыптан,

Ертеңгі сұлу анық таң!


Арыңмен биік асқақсың,

Биікке ерді бастапсың.

Жаныңмен жауды жасқапсың,

Егіліп, езіліп, таспапсың.


Сездірмей шаршағаныңды,

Өткізіп барша ағынды.

Аямай салып жаныңды,

Келесің сақтап қаныңды.


Жарқырар жүзі жақұт-ты,

Айқындар заман, уақытты.

Қазақтың ару қыздары,

Не деген сұлу, бақытты!!!


Манастың қолында Айзере қалдырған хат. Осы хатты күнделікті оқуды әдетке айналдырған ол ішіндегі қырқылған суретке елжірей қарап, жүрегі езіле алаңдаған.

Сағыныштың салмағы санасын шырмап, дүлей шабыт дүрліктіріп, сезім семсері сілкіне сілтеніп, түңлігі тылсым сәтпен түрілген ұйқысыз осынау түнде «Көркем күй» атты өлеңі сағынышын самғатып, өрнектей өріле берді...


Жүректің басып пернесін,

Бал үнің енді емдесін.

Езіле беру-ерге сын!

Қиыла қарап өзіңе,

Алыстығың ауыр сезіле,

Сыр шертем саған сенгесін!


Жайнатып жанның жарқылын,

Көркейтіп көңіл қарқынын.

Жадымда жүрсің жарқыным.

Сағынған сазды сәттерде,

Сия боп түстің дәптерге,

Ардағым болып алтыным!


Елестер кештер сыр тұнған,

Суретке қарап қырқылған,

Жаралы жүрек жыртылған,

Қиялым ұшып бұл түнде,

Есте ғой сәби күлкің де,

Жете алмай саған ұмтылғам!


Қол бұлғар әсем бақтар да,

Сезімге толы шақтар да.

Пәк кезім сол бір жақтарда,

Тауып ал мені елестен,

Қызғалтақ гүлім тең өскен,

Өткен күндерді ақтар да!


Өзіңе көңілім сүйінсін!

Кеудемде көркем күйімсің!

Бақыттың балы бұйырсын!

Мәңгілік алыс кетсең де,

Сағыныш болып өтсең де,

Өмірдей қымбат сыйымсың!



* * *

Өмірде неден ұттық, неден ұтылдық? Алды артына қаратпас құйындай жүйіткіген уақыттың қасиетін ұға алдық па? Сыйласқан жандардың мәңгілік қадіріне жете аламыз ба? Өмірге не үшін келдік? Ұрпағымыз сүйер, болашағымыз ардақтар не қалдырамыз?

Адамның жаны өлмейтіні, Алланың құдіретімен мәңгілік екені рас, өйткені өмірден өтерін біліп, қорқып жүрген пенде байқалмайды.

«Өмірде жүрмін деме, өмірден өтіп бара жатырмын де» деген дана сөзі туралы ешкім ойланбайды да.

Өрнегімен өрілер өтпелі өмірдің өкініші өзекті өртеп, өкінтер.

Арманымен арпалысқан адам абыройымен ардақталып, арымен асқақтар, аяулы аңсарына алданса азаптанар, адал, арамды аңдамас аса ақкөңілділігі алаңдатар, алпауыттығымен алыстағы асылға асығар, алыптығын адамдығы айқындар.

Салиқалы саналылығы самғатса, сарыуайым сағынышы сарғайтып, семсер сенімі серпілтсе, сұңқар серілігі сұлулыққа сұғынтар.

Жақсылықтың желкені жаңалыққа жетелер, жақсының жүрген жері жарық, жаманға жан жуымас.

Ұғымтал ұл ұлтының ұлылығын ұлықтар, ұғымын ұлғайтар, ұлылыққа ұмтылар.

Қырандық қалыпты қалыптастыру қайсарлықтан құралса, қымбат қадір-қасиет қайырымдылықта қастерленіп, қарапайымдылықтан құралып, қатыгездік қапаста қамалып, құрықталар.

Тыным таппас тіршілік түрлі түйткілдерімен түрленіп, табиғаттың тылсым тартылысынан туған таңғажайып таудай тұлғалар талантымен табынтып, талғамымен танылар.

Дариядай дархан дүние дарабоздығымен, даналығымен дараланар.

Әдемілік әлемді әлдендірсе, әсемдіктен әрбіріміз әрленерміз...

Жамандық жалғандықпен жоғалса, жақсылық жанымызды жайнатып, жалғыз жаратушының жарылқауы жүректерге жылу жіберіп, жібітер.

Мейірімділік мерей өсірсе, үлбіреген үзілмес үмітімен, сенімімен самғар адамзат ар, намыс, ұятымен өз биігінде қалмақ, рухы күшеймек!

Арман алысқа, бақыт биікке, мақсат мерейге, тілек тұғырға, үміт үлкен үлеске, ынтымақ ырысқа, бірлік тірлікке, тірлік ірілікке жетелер!

Санаға серік сағыныш, сезім сандуғаштай самғатса, адамдар жүрегіндегі гүл-сезім сүйіспеншілікпен, сыйластықпен мәңгілік жасай берер...

Адамдық қалыпты шыңдар өмір жолы сезімімен неткен ғажап!!!
04.11-14.12.2009жыл.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет