Сырқат балаға немесе мүгедек баланы бағу бойынша уақытша
еңбекке жарамсыздық парағын беру
1. он төрт жасқа толмаған сырқат баланы немесе мүгедек баланы бағу бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағын медицина қызметкері тікелей бағуды жүзеге асырған отбасы мүшесінің біреуіне (қамқоршысына) береді.
2. сырқат баланы немесе мүгедек баланы бағу бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы ол бағуды қажет еткен кезеңнің ішінде, бірақ кем дегенде он күнге беріледі және ұзартылады.. Анасының немесе отбасының басқа бір мүшесінің қарауындағы бала немесе мүгедек бала тұрғылықты мекен-жайынан тыс жерде ауырса, мүгедек баланы бағу бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы басқа қалалыққа берілген тәрізді (медициналық ұйым басшысының қолы қойылып) беріледі.
3. медициналық қызметкердің қорытындысы бойынша күтімді қажет ететін баланы немесе мүгедек баланы стационарлық емдеу кезінде бағу бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы ата-ананың біреуіне немесе баланы немесе мүгедек баланы бағушы адамға:
1) үш жасқа дейін баланың стационарда болған бүкіл кезіне;
2) ауыр деңгейлі сырқатты ересек жастағы балаларға;
3) мүгедектіктің бірінші тобы - стационарда болған бүкіл уақытына;
4) медициналық ұйымның жолдамасымен тұрақты мекен-жайынан тыс, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге екі жаққа жолақысын қоса алғанда стационарда болған бүкіл кезеңіне беріледі.
4.егер бала немесе мүгедек бала стационардан шығарылғаннан кейін бағуды қажетсінсе, ал оны ауруханаға жатқызғанша бағу үшін жұмыстан босату жүргізілмесе, уақытша еңбекке жарамсыздық парағын медициналық ұйым тұрғылықты мекен-жайы бойынша он күнге дейін береді. Егер стационарға жатқызғанға дейін бұл ауру бойынша еңбекке жарамсыздық парағы берілген болса, ол қалған күндерге де беріледі (он күнге дейін)
5. бағу бойынша босатылған кезеңде балада бұрынғы ауруға қатысы жоқ басқа ауру пайда болған жағдайда анасына (әкесіне немесе отбасының басқа бір мүшесіне) басқа уақытша еңбекке жарамсыздық парағы беріледі.
6. егер бала немесе мүгедек бала Қазақстан Республикасынан тыс жерге жіберілсе, ол қайтып келгеннен кейінгі басқа елдегі кеңес (емдеу) туралы құжаттар негізінде ДКК уақытша еңбекке жарамсыздық парағын түбегейлі рәсімдеуді жүргізеді.
7. екі және одан да көп бала бір мезгілде ауырған жағдайда оларды бағу бойынша бір уақытша еңбекке жарамсыздық парағы беріледі.
8. бала анасының (әкесінің) жұмыстан босауын (кезекті немесе қосымша демалыс, жүктілік және босануы бойынша демалыс, еңбекақысы сақталмайтын демалыс, демалыс немесе мереке күндері, сондай-ақ балада бұрынғысына қатысы жоқ басқа аурудың пайда болу жағдайында) қажет етпейтін бала ауырған кезеңде бағу бойынша уақытша жұмысқа жарамсыздық парағы баланың ауруы басталған күн есепке алынбай, ата-анасы жұмысқа кіруге тиіс күннен бастап беріледі.
9. баланы немесе мүгедек баланы бағып отырған ана (әке) ауырып бағуды жүзеге асыра алмайтын жағдайда, анасының (әкесінің) ауырған уақытында оларды емдеу мекен-жайы бойынша медициналық ұйым уақытша еңбекке жарамсыздық парағын баланы немесе мүгедек баланы бағуды шын мәнінде жүзеге асырып отырған отбасының басқа бір мүшесіне беріледі.
10. ауру баланы немесе мүгедек баланы бағу бойынша демалыста жүрген, толық емес жұмыс күні шартында немесе үйде жұмыс істеуші азамат уақытша еңбекке жарамсыз болған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парағы беріледі.
11. уақытша еңбекке жарамсыздық парағы созылмалы ауру балалардың ремиссиясы кезеңінде бағу бойынша берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |