Төлеби ауданының әкімдігі «21» маусым 2010 жыл №251 қаулысы



бет3/16
Дата23.02.2016
өлшемі1.43 Mb.
#3790
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

2014 жылға ұсынылатын жобалар бойынша:

Қазығұрт ауылдық округінен «ППР Қызыл-Жар» ЖШС салып жатқан құс фабрикасына қажетті су құбырын тарту бойынша сәулет жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) қайта өзгертіліп, дайындалды. Су құбырын тарту үшін қосылу нүктесі өзгерілуіне байланысты, СЖТ қайта әзірленді. Одан кейін жоба сметалық құжаттамасын жасап, қаржыландыруға ұсынылады.

Киелітас ауылдық округінен «КК Азимут» ЖШС салып жатқан газ толтыру станциясына қажетті электр желілерін тарту бойынша сәулет жоспарлау тапсырмасын әзірлеуде.

Көксәйек ауылдық округінен «Компания ФудМастер Шымкент» ЖШС зауытына қажетті электр желілерін тарту бойынша сәулет жоспарлау тапсырмасын әзірленіп, экологиялық сараптамада.

Ауданның кәсіпкерлігін қолдауына және бәсекелестіктің дамуына бағытталған стратегияның негізгі элементтері: «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарлама аясында банкте бар несиелердің негізінде ставкаларды қаржылаландыруға қолдау көрсетіледі; шағын және орта мекемелердің инфраструктурасына кіруге, мекемелерді сауықтыратын, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру инструменттерімен қолдана отырып, қаражатқа қол жеткізуге мүмкіндіктерін жоғарылату.

Шағын және орта бизнестің дамуына өңірде қолайлы жағдайлар бар. Өңірде кәсіпкерлікке аса көңіл бөлінеді, сонымен қатар, аудан қоғамының және экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ете алатын фактор болып табылады. Қазіргі кезде шағын кәсіпкерліктің арасында өсіп отырған іскерлік белсенділігі халықты жұмыспен қамтамасыз ету, нарықты отандық тауарлармен және қызмет көрсетумен толықтау, бәсекестік ортаны қалыптастыру сияқты мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызады.


"СТ KZ" сертификатын кәсіпкерлерге және ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге алуын қамтамасыз ету бойынша,ауданда 20 кәсіпорын сертификаттарын алған. CT-KZ сертификатын алған кәсіпорындар саны 2009-2012 жылдар аралығында 9 бірлікке жеткен. Атап айтқанда: «ЛМЗ» ЖШС – 1 түрін, «УПП КОС» ЖШС-7 түрін, «Битум зауыты» ЖШС – 3 түрін, «СК Реал строй» ЖШС – 3 түрін, ЖК Диханбаева – 1 түрін, ЖК Иокерс – 1 түрін, «Тянь-Шань агро» ЖШС – 1 түрін, «Корпорация Атамекен» ЖШС – 3 түрін және «Әсел» ӨК – 2 түрін алған.

2013 жыл басынан 11 кәсіпорын өнімдеріне "СТ KZ" сертификатын алды: ақпан айында - 1, наурызда – 1, мамыр айында - 2, маусым-шілде айларында – 1, тамыз айында - 1, қыркүйекте – 2, қазанда – 2, қарашада- 1 кәсіпорын («Санжар трансстрой» ЖШС, «Ақмаржан» ЖШС, «МТС Төлеген» ЖШС, «Бірлік» ЖШС, «ФудМастер Шымкент» ЖШС, «Снабди Қазақстан» ЖШС және «СтройЛитЮГ» ЖШС, «Жаңа-Жер 28» ЖШС, «М-Нұрай» ЖШС, «Жасұлас» ЖШС, «Құандық» ЖШС).

Сонымен қатар, сертификатты алу жұмыстарын жандандыру арқылы, ауыл шаруашылық тауар өндірушілер арасында түсіндіру жұмыстарын және семинарлар ұйымдастыру есебінен жоспарды орындау жоспарлаудамыз. Бүгінге тапсырманы орындау бойынша Ақжар, Зертас, Кемеқалған, Қаратөбе, Қоғалы және Тасарық ауылдық округтерінен СТ-KZ сертификатын кәсіпорындарға алу жұмыстарын қойылған дәрежеде жасамаған.
Сауда. Қазіргі кезде аудан экономикасының дамуының басымды бағыттарының бірі сауда. Ауданның тұтынушылық нарығы тауарлардың кең ассортиментімен, тауар айналым көлемінің өсу тұрақтылығымен сипатталынады.

2013 жылдың 1 қазанына бөлшек сауда тауар айналымы 3 млрд 036 млн теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,2 пайызға артқан. Облыс бойынша үлес салмағы 1,8 пайызды құраған. Бөлшек сауда ішінде 2 млрд 451 млн теңгеге қазақстандық тауар өндірілді.

Көтерме сауда тауар айналымы 4 млрд 594 млн теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 52,1 пайызға артқан. Облыс бойынша үлес салмағы 1,2 пайызды құраған. Көтерме сауда ішінде 2 млрд 168 млн теңгеге қазақстандық тауар өндірілген.

Территориялар шегінде бөлшек тауар айналымының үлкен үлес салмағы Аққұм – жалпы көлемнің 8,2%, Киелітас – 0,7% және Ақжар – 0,2%, Қоғалы– 0,6 %, Қазығұрт– 0,3% құраған.

Сатушы кәсіпорындардың тауар айналымының үлкен бөлігі Ленгер қаласы (9,2%), Қаратөбе (0,5%) және Алатау (0,5%), Бірінші Мамыр (1,2%), Көксәйек (1,2%) ауыл округтерінде.

2012 жылдың тамыз айынан бастап 2013 жылдың тамыз айына дейін бір жыл бойы «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық Корпорация» акционерлік қоғамы тарапынан ай сайын 570 тонна, жалпы 6840 тонна ұн бөлінді. Оның ішінде ай сайын 433 тонна 1- сұрыпты ұн базарлар және қадағаланатын бөлшек сауда мекемелері арқылы сатуға және 137 тонна ұн қалыпты бөлке нан жабатын наубайханаларға.

Берілген ұнды халық арасында таратуға 10 оператор және 9 наубайхана анықталып, бекітілді. Бөлінген ұн тұрғындарға 2700 теңгеден сатылды.

Сонымен қатар, аудан әкімдігінің 2010 жылы қаулысына сәйкес, ауданда бөлшек сауда ұйымдастыруға жәрдемдесу комиссиясы құрылған. Ауданның ішкі сауда базарларындағы азық-түлік, көкөніс, жеміс-жидек өнімдері мен жанар-жағар майдың бағасын одан әрі төмендетіп, бағаның шарықтап кетуіне жол бермей, бағаны тұрақтандыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Күнделікті халық тұтынатын азық-түлік, көкөніс, жеміс-жидек тауарларының негізгі түрелерінің бағалары бойынша мониторинг жүргізіледі. Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында тұрақты жәрмеңкелер ұйымдастырылып, азық-түлік бағаларын күнделікті қадағалануда. Жыл басынан әлеуметтік маңызы бар тауарларға тұрақты мониторинг жүргізіп, қадағалануда.

Жергілікті мазмұнды дамыту.

Қазақстандық мазмұн мәселесіндегі негізгі міндеттерді іске асыру мақсатымен ұйымдармен және мемлекеттік органдардың тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерде қазақстандық мазмұнды ұлғайту, ұлттық компаниялармен байланыстарды және отандық өндірушілерге қолдау көрсету бойынша кезеңді жұмыс басталды.

Аудандағы жүйеқұраушы мекемелер ретінде: «Компания ФудМастер Шымкент» ЖШС, «Арт Құрылыс» ЖШС, «Нури-Л-Төлеби» ЖШС, «Жылуэнергоремонт» ЖШС және «СК РеалСтрой Юг» ЖШС болып табылады. Өйткені олар аудандағы құрылыс, инженерлік жұмыстарды жүргізуде. Аудан әкімдігінің басты мақсаты жоғарыда аталған кәсіпорындардың қазақстандық қамту үлесін арттыру және ай сайын мониторинг жүргізу. Осыған байланысты бұл жүйе құраушы қазақстандық қамту үлесін 2015 жылға қарай төмендегідей болмақ.

Сондай-ақ, «Снабди Казахстан» ЖШС-тері тендерге қатысып, қазақстандық қамтуда тігін бұйымдарымен үлесін қосса, «Ленгерское «УПП КОС» ЖШС 637,0 мың теңгеге тендерді ұтып алып, матрацтар, төсек орын жабдықтары және киімдермен қамтамасыз етті.

Қазақстандық мазмұнды ұлғайту шеңберінде ауданның жүйеқұраушы мекемелерінің және ұлттық компаниялардың қызметіндегі жергілікті тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтің үлесін, сонымен қатар мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық мазмұнның үлесін талдау және мониторингін жүргізу үшін жұмыс тобы құрылады.

Сонымен қатар ауданда 2011-2015 жылдары жүзеге асырылатын ірі инвестициялық жобаларға да тұрақты мониторинг жүргізіледі.


Байланыс. Байланыс аумағында соңғы жылдардағы тенденция – дәстүрлі қызмет түрлерін жетілдіру және дамыту және жаңа ақпараттық технологияларды енгізу.

Табыстардың жалпы сомасынан тұрғындарға байланыс қызметін өткізу көлемі – 256,0 млн. теңгені құраған, оның ішінде ауылдық жерлерде 14,9 млн. теңгені құраған. Территориялар шегінде көрсетілген қызметтердің үлкен көлемі Ақжар, Аққұм, Алатау, Зертас, Көксәйек ауылдық округтеріне келеді.


Көлік. 2012 жылы ауыл көліктерінің барлық түрлері бойынша 2635,3 мың тонна жүк тасымалданған, 2011 жылдың деңгейімен салыстырмалы 16 % немесе жүк айналымы 2 271,9 млн. тонна/км құраған.

Аудан жолдарының 13 шақырымы – республикалық, 292,44 шақырымы – облыстық, 806,1 шақырымы – аудандық маңызға ие.

Соңғы жылдар кезінде жарамсыз күйге түскен жолдарымызды жөндеу, жаңа автомобиль жолдарын салу қолға алынып, біршама жұмыстар атқарылды.

Ағымдағы жағдайы:

Ауданда автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау бағыттарының жүйесі 16 бағыттан тұрады, олардың ішінде: 1 қалаішілік, 14 аудан ішілік, 1 облыс орталығы бағыты.

Аудан аумағында 2 автовокзал мен 1 айыптұрақ, автобекеттер тізімге енгізіліп, жасалуда.

Автомобиль көлігімен (көлік ұйымдарына жатпайтын мекемелер және жеке автокөлік иелері тасымалдаған жүктердің көлемі мен жолаушыларды есепке алғанда) 2012 жылғы 74 200,9 млн. жолаушылар тасымалданады, ал жолаушылар айналымы 392,7 млн. жкм. құрады.

Аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайы жақсарғанын байқай отырып, жүк және жолаушы тасымалдау 2012 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 4,4 пайызға көтерілу болжамдалып отыр.

Жол Аудан аумағында бүгінгі таңға 1111,54 шақырым автокөлік жолдары болса, оның: Республикалық маңызы бар жалпы пайдалымдағы автомобиль жолының ұзындығы -13 шақырымды, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдар желісінің ұзындығы -292,44 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, қала ішінде, 14 ауыл округіндегі 62 елді мекендердің көше жолдарының ұзындығы 684 шақырымды құрайды, оның ішінде төселім типтер бойынша 198,13 шақырымы (асфальт) қара қиыршық тасты, 410,2 шақырымы қиыршық тасты, 75,7 шақырымы топырақ жолдар. Оның ішіндегі аудандық маңызы бар жолдар ұзындығы 122,1 шақырымды құрайды, оның 84,8 шақырымы (асфальты) қара қиыршық тасты, 30,05 шақырымы қиыршық тасты, 6,3 шақырым топырақ жолдарды құрайды

Қала және елді мекендердегі жолдардың 20-25 жылдан бері көше жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен, автокөліктер легінің көп жүретін қаланың ішкі негізгі көшелерін орташа және ағымдағы жөндеуден өткізумен ғана шектеліп келеді.



Тасымалдау

Аудан көлемінде жолаушыларды және багажды тұрақты автомобиль тасымалдарын ЖШС «Төлеби автобус паркі» бекітілген бағыттарда Қазақстан Республикасы «Автомобиль көлігі туралы» Заңының талаптары мен «Автомобиль көлігімен жолаушыларды және жүк тасмалдау ережелерін» сақтай отырып, конкурстық ұсыныстарда көрсеткен және тапсырыс берушінің бекіткен жұмыс тәртібіне сәйкес жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырады.

Ауданның ішкі көлемінде 15 бағытта және қалааралық 1 бағытта жолаушыларды және багажды тұрақты автомобиль тасымалдау ұйымдастырылған.

Бағыттардағы жолаушыларды және багажды автомобиль мен тұрақты тасымалдау автобустар мен шағын автобустар арқылы жүзеге асырылады. Автомобиль көлігі арқылы тұрақты кестеге сәйкес тасымалдау аудан көлеміндегі Леңгер қаласы мен Көксәйек елді мекендеріндегі автобекеттер арқылы ұйымдастырылады.

Кейінгі уақытта автомобиль көліктерінің көбейуіне және жеке такси тасымалдаушыларының көбейуіне байланысты, автобекеттер айналасында көлік қозғалысында кедергілер көбейіп кетіп отыр.

Аймақтың экологиялық мәселелері. Атмосфераға ластаушы заттардың шығуы көлемінің өсуі экономиканың өнеркәсіптік саласының дамуымен, құрылыс өнеркәсібінің дамуымен, автокөліктердің сандық құрамының артуымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарын жою мәселелерінің шешілмеуімен байланысты. Ал құрылыс кәсіпорындарында – құрылыс индустриясының қарқынды дамуымен, жылу энергетика кәсіпорындарында – тұрғындардың жылу және электроэнергияларын тұтыну қажеттіліктерінің артуымен байланысты.Атмосфераға ластаушы заттардың шығуы көлемінің артуы 2012 жылы негізгі үлесті өңдеуші кәсіпорындар қосқан, олардың үлес салмағы ластанудың жалпы көлемінде 5,5% құраған, электроэнергиясы, газ және су өндірісі мен тарату кәсіпорындарында – 2,5%, өзге салалар – 5,1%. Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарында атмосфераға ластаушы заттардың шығуы көлемі 2012 жылмен салыстырмалы 1,4% артқан.Салыстырмалы, 2012 жылы ауданның тазарту құрылғыларының саны 7,0% қысқарған, онымен байланысты тазалаушы құрылғыларға түскен ластаушы заттардың саны 10,9% төмендеген. Ауданның кәсіпорындарында тазалаушы құрылғылардың санының қысқаруы, олардың жағдайының төмен болуы, күрделі жөндеуді талап етуі немесе құралдардың бөлшектерін ауыстыруды талап етуімен байланысты. Тазалаушы құрылғылардың жұмысының тиімсіздігі, оларды жөндеу мен жаңа тазалау құрылғылары құрылысына қаражаттардың жетпеуі ауаның ластану деңгейінің артуының негізгі себептерінің бірі. 2007 жылы тазалаудан және жоюдан кейін аудан атмосферасына 2,8 мың тонна ластаушы заттар шыққан.

қоршаған ортаны ластауға төлем көлемінен табиғатты қорғау шараларына бөлінетін бюджеттік қаражаттардың тиімсіз қолданылуы;

қазіргі заманғы тазартқыш құрылғыларын салу және күрделі жөндеуге қаражаттардың жеткіліксіздігінен, олардың жұмыстарының тиімсіздігі;

2012 жылы станционарлық көздерден ластанатын ластаушы заттарды тастау 5,5 мың тоннаны құрады. 2015 жылдары атмосфераға зиянды заттарды тастау көлемі артады деп болжануда, себебі станционарлық көздері бар (қазандықтар, жанар-жағар май құю бекеттері, диірмендер) өндірістер бойынша шағын және орта бизнес субъектілер санының өсуі есебінен болып отыр. Аудандағы қоршаған ортаны негізгі ластаушы көзі- бұл қатты отынды (көмірді) пайдаланатын білім беру, денсаулық сақтау және кәсіпкерлік құрылымдар объектілерінің қазандықтары болып табылады.

Қозғалушы көздер бойынша ластаушы заттарды тастау көлемінің артуы болжануда, бұл ауданның автомобиль және көлік парктер санының өсуімен байланысты, яғни жанар-жағар майды пайдалану өседі.

Қоршаған ортаны ластаудан түсетін төлемдер көлемі 2012 жылы 36,8 млн.теңгені құрады. 2015 жылдары бұл төлемдердің көлемін ұлғайту жоспарлануда. Қоршаған ортаны ластаудан түсетін төлемдердің жыл сайынғы өсімі кәсіпкерлік құрылымдар санының өсуімен түсіндіріледі.

Ауданда 140856 гектар өзге қорғалатын табиғи аймақ бар. Оның 45519 гектары «Сайрам Өгем» мемлекеттік паркінің жері, өзге қорғалатын табиғи аймақтың жері 49305 га, қалған 45921га жер қорынан алынған жерлер.

2012 жылы орманға қарау және санитарлық тазалау мақсатында 2010 жылы 90 куб. м. орман тазаланған болатын, сонымен қатар, 2011 жылға 44 куб. м., 2012 жылға 45 куб. м. және 2015 жылға 45 куб. м. орман тазалау жұмыстары жүргізілуін жоспарлануда.


Әлеуметтік сала

Аудан бойынша халық саны 2013 жылы 132,2 мың адамды құрады.

Оның ішінде:


  • экономикалық белсенді халық 57 мың адамды құрайды, немесе 48% пайыз болды, оның ішінде:

жұмыспен қамтылған халық 53,7 мың адам яғни 93,9 пайызды құрайды;

жалпы жұмыссыздық 5,2 пайызды құрайды;

-әлеметтік қолдауды қажет ететіндер 9,2 мың адамды құрайды немесе 8 пайызды құрайды;

-Зейнеткерлер-9482 адам болды, 2009-2011 жылдары оның өсу деңгейі 10-12 пайыз болады деп күтілуде. Оның ішінде 80 жастанасқан, ешкімі жоқ жалғыз ілікті қарттар 24 адам, ал 2010 жылы 30 адамға ай сайынғы есептік көрсеткіштен басқа мерекелік іс-шараларға материалдық көмекті әр қартқа 3-5 мың теңгеге жеткізу.

-Мүгедектер-3841 адамның мемлекеттік жәрдем ақысынан басқа аудандық мүгедектерді оңалту бағдарламасында қаралған қаржының көлемін 10-15 пайызға демеушілер есебінен арттыру көзделуде.

Экономикалық дағдарыс жағдайына қарамастан ағымдағы жылы «Жол картасы» бөлінген қаражаттың арқасында 1961 адам жұмыспен қамтылды, оларға орташа жалақы 25-30 мың теңге болды, «Жастар тағлымдамасы»бойынша 290 жас маман жұмыспен қамтып, ай сайын 15 мың теңге көлемінде төлем ақы алды, оған қосымша 584 жұмыссыз жаңа жұмыс орындарына тартылды. Ағымдағы жылдың соңына 275 адам жұмыссыздар тізімінде тіркелген. Жұмыссыздықты төмендету бағытында төмендегі іс-шаралар іске асырылуда:



  • жаңа жұмыс орындарын ашу;

  • жұмыссыздарды қайта оқыту, қайта даярлауға жіберу;

  • жастар тағылымдамасына бағыт ұстау;

  • жұмыссыздарды кәсіпкерлікке баулу,

2009 жылғы 1 тоқсанда кәсіпорындармен меморандум түзіліп, бірде-бір жұмысшы жұмыс орнынан қысқартылған жоқ.
2010 жылы оқу бітірушілерге арналған «Жастар практикасын» сапалы ұйымдастыру.

  • «Жол картасы» шеңберінде «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша 220 жас азаматтарды жұмыспен қамту қарастырылуда. Жастар практикасының мерзімі 6 айдан аспауы тиіс, ал орташа жалақысы 20,0 мың теңге.

Аудан халқын жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру:

4308 жаңа жұмыс орындарын ашу;

1283 жұмыссызды қоғамдық жұмыстарға тарту;

391 әлеуметтік жұмыс орындарын ашу;

411 жұмыссызды оқуға және қайта даярлауға жіберу;

905 оқу орындарын бітірушілерге «Жастар практикасын» ұйымдастыру.



Демографиялық әлеует. Төлеби ауданының туылу деңгейі жоғары, тұрғындар тығыз орналасқан аймаққа жатады. Соңғы он жылда тұрғындар 28,9 мың адамға немесе 1,2% артқан және 132,2 мың адамды құраған. Тұрғындар санының жыл сайынғы өсімі орта шамамен 0,3%.Жалпы саннан қалалық тұрғындардың саны 2,7% (25,8 мың адам), ауылдық – 4,4% (96,8 мың адам).Қалалық жерлерде тұрғындардың 1000 адамына 2,5% туылу, ауылдық жерде – 2,1% туылу келеді. 2012 жж. барлық аудан бойынша туылудың артуы байқалған, Тұрғындардың өлімі көп жағдайда қан айналым жүйесінің ауыруларымен (3,5%) туындаса, қайғылы жағай, улану және жарақат (0,8%) алуларданда болған. 2012 жылы 1,4 мың некелесулер және 0,2 мың айырлысулар тіркелген.

Демографиялық әлеует. Төлеби ауданы туылу деңгейі жоғары, тұрғындар тығыз орналасқан аймаққа жатады. Соңғы он жылда тұрғындар 8,9 мың адамға немесе 8,0 % артып, 2013 жылы 132,2 мың адамды құраған. Тұрғындар санының жыл сайынғы өсімі орта шамамен 1,3 %.

Еңбек нарығы2013 жылы аудан бойынша халық саны 133,1 мың адамды құрады, өткен жылмен салыстырғанда 1,2 пайызға өсті. Оның ішінде экономикалық белсенді халық саны 59,9 мың адам, жұмыспен қамтылғандар саны 57,4 мың адам. 2012 жылдың 1 қаңтарына статистикалық мәлімет бойынша өздігінше жұмыспен қамтылған 15,1 мың адамның 5,6 мың адамы формальды секторға ауыстылып, 2013 жылдың 1 қаңтарына 9,5 мың адам қалған болатын, оның ішінен 2013 жылдың 1 қарашасына 3,9 мың адам формальды секторға өткізіліп көзделген жоспар 57,0 пайыз орындалды.

2013 жылдың жоспарына сәйкес жаңадан ашылған 813 жұмыс орындарына жұмыссыздар мен өздігінше жұмыспен қамтылғандарды жұмысқа тарту барысында жұмыссыздар саны 2,6 мың адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 4,3 пайызды құрады. Ал бұл көрсеткіш 2012 жылы ( 3071 адам) 5,2 пайызды құраған.

2012 жылы жұмыс іздеу мақсатында 2580 адам хабарласқан болса, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқаны 1866 адам, ал 2013 жылдың 10 айында 1762 адам хабарласып, 1060 адам жұмысқа орналастырылды.

Жұмыссыздықпен тіркеуде тұрғандарды уақытша әлеуметтік қолдау мақсатында ақылы қоғамдық жұмысқа тартуға аудан әкімдігінің қаулысымен ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылып келісім шарт негізінде 2012 жылы 407 жұмыссыз азамат ақылы қоғамдық жұмысқа тартылса, ал 2013 жылдың 10 айында 423 адам тартылды.

Ең төмен күнкөріс деңгейіндегі отбасы саны 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 7,9 пайызға төмендеген. 2013 жылдың 1 қантарына 33 отбасы 140 адамды құраған.

2012 жыл бойы атқарған жұмыстардың арқасында 11 отбасы "2020-бағдарламасы" бойынша оқуға жолданып жұмыстарға орналасты. 8 отбасы өз жағдайын жақсарту мақсатында аудандық бюджеттен қара ірі мал әперілді. 1 аз қамтамасыз етілген отбасы қалалық ауруханаға медбике жұмысына орналасты. Төрт отбасы өз еркіндерімен әр түрлі жұмыстарға орналасты.

2013 жылдың 1 қантарына аз қамтамасыз етілген 9 отбасы 38 адамды құрайды.

2013 жыл бойы 4 отбасы "2020-бағдарламасы" бойынша оқуға жолданып бұгінгі күні жұмыстарға орналасуда.



2.3 Орташа мерзімдегі болашақта территорияның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуында негізгі мәселелердің, тәуекелдердің, тежеуші факторлардың, бәсекелік басымдылықтар мен мүмкіндіктерін кешенді сипаттау Аймақтың дамуының әлеуметтік-экономикалық нәтижелерін кешенді талдау, аймақтың дамуының күшті және әлсіз жақтарын, оның дамуының шектеулері мен мүмкіндіктерін анықтайтын, басымдықтандырылған SWOT- талдауда көрсетілген.

Кесте 3 – Басымдықтары анықталынған SWOT- талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Басымдылық А

1.Құрылыс материалдары өнеркәсіптерін дамыту үшін пайдалы қазбалар мен минералды ресурстардың бай кен орындарының болуы

2. Жеткілікті дамыған және көп салалы өнеркәсіптік өндірістің болуы.
Басымдылық В

1. Еңбек ресурстарының болуы.




Басымдылық А

1. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында инфрақұрылым деңгейінің төмендігі, трактор паркінің машиналарының тозып кетуі (80% астам).

2. Жас сәбилердің жоғары өлімі.
Басымдылық В

1. Қолданылу уақытының көп болуы және капиталдық салымдардың жет-кіліксіздігі салдары ретінде су мен кәріз құбырларының қанағаттанара-лықсыз техникалық жағдайы.

2.Әлеуметтік бағыт көрсеткіштері-нің төмендігі, әсіресе бала бақша-ларының жетіспеушілігі

3. Жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейі



Мүмкіндіктері

Қауіптері

Басымдылық А

Төменгі баға



Басымдылық А

Әлеуметтік қауіптің өсуі




Денсаулық сақтау.

Ағымдағы жағдай:

Ауданда жалпы халық саны 126413 болса, оның ішінде ересектер -84 751.

14 жасқа дейінгі балалар саны -31085,

1 жасқа дейінгі балалар саны – 3249,

жасөспірімдер – 7 328,

туу жасындағы әйелдер саны – 32138

Төлеби ауданында 16 емдеу-сауықтыру мекемелері және 51 медициналық пункттер, 3 жедел жәрдем пункттері халыққа қызмет атқарады. Оның ішінде: 2 аурухана (Леңгер қалалық аурухана, Төлеби аудандық аурухана), 1 Төлеби аудандық туберкулезге қарсы диспансер, 5 БМСКК орталығы (Бірінші Мамыр, Алатау, Достық, Казығұрт, Абай), 3 емхана (Леңгер қалалық емхана, Төлеби аудандық тіс емханасы, Төлеби аудандық емхана), 5 Дәрігерлік амбулатория (Кемеқалган, Әлішер-Науайы, Ақжар, Аққұм, Қаратөбе).Бүгінгі таңда медициналық нысандар ғимараттарының біреуі ғана типтік үлгіде, қалғандары ыңғайластырылған.

Емдеу-сауықтыру мекемелерінің медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі 55 пайызды ғана құрайды,көбісінің тозығы жеткен.

Ауданда 207 дәрігер және 760 орта буынды медициналық қызметкерлер қызмет жасайды.

Ауданда туберкулезге қарсы атқарылып жатқан жұмыстар.

Профилактикалық бақылауға 71213 адам жоспарланған оның ішінде:

флюрографиялық тексеру.- 55974 адам, жылжымалы флюроавтокөлігінің ескіргеніне байланысты, оның бүгінгі таңда 38102 немесе 98,0 пайызы өткізілі.

Аудан халқына 3 жедел жәрдем бөлімшесінде 5 медициналық бригада қызмет көрсетеді, уақытылы және сапалы қызмет көрсету мақсатында қосымша стандартқа сәйкес 4 автокөлікті медициналық бригада қажет етіледі, себебі Қаратобе, Акжар , 1–Мамыр елді мекені аудандық жедел жәрдем станциядан 75км алшақта орналасқан . Одан басқа, аудан халқына медициналық қызмет көрсету аясының ұлғаюына байланысты 2010-2015 жылдар аралығында 18 автокөлікті ауыстыру қажет етіледі, себебі тозу құндылығы жеткен және медициналық пункттердің дәрігерлік амбулаторияға ауыстырылуы.



Білім беру.
2013-2014 оқу жылында аудан аумағанда 74 мектеп (54 орта, 8 негізгі, 12 бастауыш). Барлық оқушылар саны 25001, даярлық тобында 2726, сынып саны 1270, сынып комплектісі 1254, мұғалімдер саны 2610 болды. 16094 оқушы І ауысымда, 8728 оқушы (52 мектеп) ІІ ауысымда, 179 оқушы (1 мектеп) ІІІ ауысымда оқиды. 55 мектеп қазақ тілінде, 15 мектеп аралас тілде, 3 мектеп өзбек тілінде, 1 мектеп орыс тілінде білім алады.

Келген оқушы - 541, кеткен оқушы-630. Барлығы 24417 оқушы.

«Үздік сабақ үлгісі» байқауы өткізілді. Оған аудандағы барлық мектептерден 26 сабақ келіп түсті, оның 3-і облыстық «Болашақ» «Ұстаз Нұры», «Ұстаз Жаршысы» баспаларында басылып, жарық көрді.

«Жыл сынып жетекшісі» байқауы қаржының жоқтығына байланысты наурыз айына ауыстырылды.

«Алтын белгі», «Үздік аттестатқа» үміткерлердің құжаттары тексерілді. «Алтын белгіге» үміткерлер - оқушы.

Ынтымақ ЖОМ диагностикалық зерделеуден өтті.

16.02.2013 жылы №7, №3 ЖОМ базаларында волейболдан аудандық жарыс өткізілді. Осы жарысқа 100 астам оқушы қатысты. Нәтижесінде: І орынды №2 ЖОМ, ІІ орынды - Алатау ЖОМ, ІІІ орынды – Б.Момышұлы ЖОМ иеленді.

«12 жылдық білім беруге көшу жағдайында жаңаша оқытудағы мұғалімнің шығармашылық және зерттеу әлеуетін арттыру» тақырыбында мектеп директорларының семинары Төлеби орта мектебінде өткізілді. Оған 68 мектеп директорлары қатысты.

Ақпан айында 11 сынып оқушыларынан ҰБТ сынама тест алынды. Оған 860 оқушы қатысты. Орта балы – 71,1, математика -10,2, қазақ тілі – 16,8, орыс тілі – 13,4, Қазақстан тарихы – 16,0, таңдау пәні – 14,9.

26 қаңтар күні 7 аймақта үстел теннисінен аймақтық жарыс өткізілді. Осы жарысқа 150-ден астам оқушы қатысты. 2 ақпан күні №2 Ш.Уәлиханов атындағы ЖОМ базасында аудандық жарыс өткізілді. Аймақтық жарыста І орын алған 4 команда қатысты. Нәтижесінде І орынды Б.Момышұлы атындағы ЖОМ, ІІ орынды Төлеби ЖОМ, ІІІ орынды Леңгер қаласы, ІV орынды Алатау ЖОМ иеленді.

9.02.2013 жылы волейболдан аймақтық жарыс өткізілді. Осы жарысқа 300-ден астам оқушы қатысты.

Аудандық білім бөлімінің алқа мәжілісі ақпан айның 28 өткізу жоспарлануда.

Аудандық бюджет есебінен 16000,0 мың теңгеге №8 жалпы орта мектебі ағымдағы жөндеуден өтеді. Аудандық құрылыс бөлімі тарапынан тендер өткізіліп, мердігер анықталды.

Аудандық бюджет есебінен 16000,0 мың теңгеге 61 мектепке 24476 кг бояу, 1900 кг водоэмульсия, 2637 л еріткіш беріледі. Мемлекеттік сатып алу конкурсына сұраныс берілді. 15 мамырға дейін жеткізіліп беріледі.

Мектептерді ағымдағы жөндеуден өткізуге қажетті 15795 кг әк, 4770 кг алибастра, 25200 кг цемент, 2212 дана щетка, 6343 дана шаруашылық заттар алу үшін 3439750 теңге қаржыға сұраныс аудандық бюджетке берілген, бірақ қаржы бөлінген жоқ.

Аршалы бастауыш, Ақбастау, М.Әуезов, Шомшақты, Алтынсарин орта мектептерін ағымдағы жөндеуден өткізу үшін қаржы бөлу жөнінде аудандық бюджеттік комиссияға сұраныс беріліп, құжаттары өткізілді.

Аудан мектеп оқушыларының қозғалысы облыстық білім басқармасына тапсырылды.

Аудан мектептерінен 4 тоқсанда алынған бақылау жұмыстары мен тоқсандық және жылдық қорытынды бағаларына талдау жүргізіліп, мониторингі шығарылды. Үлгерімділік 99,9, білім сапасы 57,6 көрсетті.

Жылдық жоспарға сәйкес 13-17 мамыр күндері Жаңажол, Алғабас, Ақайдар Маятас, біркөлік, Алатау, Түлкиев, Х.Мамытов о/м қазақ тілі, орыс тілі, өзін-өзі тану пәндерінің оқытылу барысы зерделеніп, әдістемелік көмек көрсетіліп, қорытындысы әдістемелік кеңесте қаралды.

Облыстық «Үздік педагог- филолог» байқауында №2 Ш.Уәлиханов о/м мұғалімі А.Қойшыбаева бас жүлдені иеленді.

Облыстық «Ең үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауында №2 Ш.Уәлиханов атындағы ЖОМ мұғалімі А.Мамытбекова ІІ орынды иеленді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет