Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2012 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі



жүктеу 0.53 Mb.
бет1/3
Дата23.02.2016
өлшемі0.53 Mb.
  1   2   3
Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2012 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі.
Құрметті (тұрғындар) Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің тұрғындары және қонақтар!
Округ әкімінің халық алдында есеп беру кездесуін ашуға рұқсат етіңіздер.

Округ тұрғындарымен кездесуге қатысушылар: аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Турганбаев Айткурман Ескенович және аудандық құрылыс бөлімінің бастығы Утегенов Максат Еркинович.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы ұйымдастырушының жетекшілерінің халықпен есеп беру кездесулерін жүргізу туралы» тапсырмасын орындау мақсатында Ұлан ауданда жыл сайын өздеріне сеніп тапсырылған аумақта әкімдерінің есеп беру кездесулері өтеді. Осы жұмыс халықтың елімізде болып жатқан әлеуметтік экономикалық және саяси реформалары туралы сонымен қатар біздің, яғни Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің тұрғындарының еліміздің экономикалық дамуына қосқан үлесіміз жайында ақпараттануын жоғарлатуға бағытталған.

Округ әкімінің тұрғындармен кездесуінде 2012 жыл барысында әртүрлі сұрақтар мен мәселелер талқыланды. Қазір қорытындысын шығарайын.


2013 жылдың 1 қаңтарына Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің тұрғындар саны 2343адам: Герасимовка ауылында – 1328, Казачье – 381, Украинка – 634 адам. Округ аумағында жеті отгон участкесі бар.

Округте - 724 аула, соның ішінде Герасимовкада -368 аула, қосалқы шаруашылығы жоқтар-207 (2011ж-196; 2012ж-207) аула немесе 57%; Казачье ауылында 97-42(39; 29) аула немесе 40%; Украинка ауылында 259 -120 (107;105) аула немесе 46%. Қорытынды жасай отырып округте 369 немесе 51(2011ж- 47)% ауланың қосалқы шаруашылықтары жоқ.

2012 жылы Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің әкімі тұрғындармен кездесуінде келесі сұрақтар қойылған:


  1. Казачье ауылына қатынайтын Ұлан өзені арқылы өтетін көпірді жөндеу.

  2. «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша орталық су жабдықтау құбырын қайта жөндеу;

  3. Герасимовка ауылындағы Центральная және Школьная көшесіндегі жол шұңқырларын жөндеу;

  4. Украинка – Өскемен бағытыбойынша тұрғындарды тасымалдауды қайта ашу;

  5. Украинка ауылдық клубын жөндеу;

  6. Украинка ауылы көшелерін жарықпен қамтамасыз ету;

  7. Украинка ауылы көшелерінің жолдарын жөндеу;

  8. Украинка ауылында дәріхана жоқ;

  9. Ауылдағы қаңғыбас және иесіз иттер мәселесі қашан шешіледі?;



  • 2012 жылы Ұлан өзені арқылы өтетін көпір құрылысының жобалық сметалық құжаттары дайындалды, көпір құрылысын ағымдағы жылы салу жоспарлаған.

  • «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша орталық су жабдықтау құбырын қайта жөндеу мәселесі бойынша 2012 жылы жер асты су қорын анықтау жұмыстары басталды, осы жұмыстарды «СеверВодПроект» ЖШС атқаруда.

  • Герасимовка ауылының Центральная, Школьная көшелерінде 70 пайыздық ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. Центральная көшесіне 170 м2 аудан бюджеті есебінен жасалды.

  • Украинка ауылынан Өскемен қаласында қатынайтын жолаушылар тасымалдайтын бағыт 2012 жылы қайтадан жандандырылып қазіргі уақытта автобус күніне 4 рет қатынайды.

  • Украинка ауылдық клубын ағымдағы жөндеу жұмыстары аудан бюджеті есебінен жасалды.

  • Украинка ауылы көшелерін жарықпен қамтамасыз ету және көше жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстары биылғы жылға жоспарланған.

  • Украинка ауылында дәріхана ашу мәселесі бүгінгі күнге дейін шешілу барысында. Фармацевтикалық компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.

  • Қаңғыбас иттер мәселесі бойынша округте «Ұлан мал дәрігері» МҚК арқылы жұмыс жасалып, 48 қаңғыбас иттер өлтірілді. Осы жұмыс өзінің жалғасын биыл да табады. Биылғы жылы 60 қаңғыбас иттерді ұстау жоспарланған. Сонымен қатар өз иттеріңіздің аулада байлануын сұраймыз.

Құрметті қатысушылар Ауылдық округ әкімінің қызметі «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен, облыс, аудан әкімдерінің қаулыларымен жүзеге асырылады.

Округтегі өндіріс орындары – «Шығыс-Сүт» өңдеу зауыты, бастығы С.Ж.Сайлаубаев, сүт өнімдерін өндіреді және ет өнімдерімен айналысатын «Дружба» «Щелоковский», «Төртқара», «Украинка» шаруа қожалықтары бар.

Округ аймағында 2013 жылы ет комбинатының ашылуы жоспарланған. Алғашқы ірге тасы Қазақстан Республикасының 20 жылдық тәуелсіздігіне ұштастырылып 2011 жылдың қараша айында қойылған.



Округтің негізгі саласы ауыл шаруашылығы. Округ аумағында 38 шаруашылықтар жұмыс істеуде, оның ішінде 2 ЖШС, 1 серіктестік және 35 шаруа қожалығы. Шаруа қожалығының 25-інің 100 га көлемде егістік жерлері бар. Бұл жалпы санның 58,1% құрайды. Өз бетімен 25 қожалық жұмыс істейтін техникасы жоқ, 10 шаруашылық келісім бойынша бірігіп жұмыс атқарады. Округ бойынша барлығы 13 шаруашылық мал шаруашылғымен, соның ішінде 2 ірі «Украинка» және «Дружба» шаруашылық айналысады.


2013 жылдың 1 қаңтарына

Атауы

Өлшем бірлігі

2012 ж барлығы

2013 ж барлығы

Бас көлемінде айырма-

шылық

%

Соның ішінде

ш/қ

тұрғындар

Бас

Бас

Бас көлемінде айырма-

шылық

%

Бас

Бас

Бас көлемінде айырма-

шылық

%

2012

2013

2012

2013

ІҚМ

Бас

2210

1507

-703

-32

1425

852

-573

-40

785

655

-130

-17

Соның ішінде. сиыр

Бас

1043

500

-543

-52

504

238

-266

-53

539

262

-277

-51

Қой

Бас

2817

2599

-218

-8

1531

1428

-103

-7

1286

1171

-115

-9

Ешкі

Бас

366

438

72

20

213

204

-9

-4

153

234

81

53

Жылқы

Бас

339

367

28

8

220

214

-6

-3

119

153

34

29

Шошқа

Бас

979

1234

255

26

709

828

119

17

270

406

136

50

Құс

Бас

4935

4032

-903

-18

0

0

0

0

4935

4032

-903

-18

Өнім

Атауы

Өлшем бірлігі

2012 ж барлығы

2013 ж барлығы

Бас көлемінде айырма-

шылық

%

Соның ішінде

ш/қ

тұрғындар

2012

2013

Бас көлемінде айырма-

шылық

%

2012

2013

Бас көлемінде айырма-

шылық

%

Ет

центнер

5785

6699

914

16

4312

4462

150

3

1473

2237

764

52

Сүт

центнер

32618

22831

-9787

-30

20824

12548

-8276

-40

11794

10283

-1511

-13

Жұмыртқа

мың дана

344

322

-22

-6

18

0

-18

0

326

322

-4

-1

Жүн

центнер

27

51

24

89

0

24

24

0

27

27

0

0


Төлеген Тоқтаров ауылдық округіндегі мал шаруашылығының

01.01.2013 жылғы жағдайы
Жалпы мал шаруашылығының жағдайын зерттей келе келесідей қорытынды жасауға болады. Шаруа қожалықтарында ІҚМ саны 40 %, сиырлар 53%, қой саны 4%, жылқы 3%, азайды, ал шошқа басы 17% көбейді.

Ауыл тұрғындарында ІҚМ саны 17%, сиырлар 51%, қой саны 9%, құстар 18% азайды, ал ешкі 53%, жылқы 29%, шошқа басы 50% көбейді.

Жалпы округ бойынша ІҚМ саны 32%, сиырлар 52%, қой саны 8%, құстар 18% азайды, ал ешкі 20%, жылқы 8%, шошқа басы 26% көбейді.

Жалпы мал басының азаюына себеп;



  • Мал шаруашығы өнімдерінің бағасының арзандауы;

  • Мал азығының қымбаттауы;

  • Ауыл тұрғындарының 80% қалада жұмыс істеуіне байланысты мал шаруашылығымен айналыспайды.

  • «Украинка» шаруа қожалығы ауру малдарын сойып, жаңадан сатып алмаған.

Шаруа қожалықтарының өндірген мал өнімдеріне келсек, ет өнімі 3% көбейді, сүт өнімі 40% азайды.

Ауыл тұрғындарының өндірген мал өнімдері келесідей, ет өнімі 52% көбейді, сүт өнімі 13%, жұмыртқа 1% азайды.

Жалпы округ бойынша өндірген мал өнімдері мынадай, ет өнімі 16%, жүн 89% көбейді, сүт өнімі 30%, жұмыртқа 6% азайды. Себебі 2011 жылы шаруа қожалықтары құс шаруашылығымен айналысқан, ал 2012 жылы ауыл тұрғындары ғана айналысты.
«Украинка» ш/қ мал шаруашылығының

01.01.2013 жылғы жағдайы


«Украинка» ш/қ мал шаруашылығының 01.01.2013 жылғы жағдайы

Атауы

Өлшем бірлігі

Соның ішінде







« Украинка» ш/қ







Бас

Бас

Айырмашылығы

%







2012

2013







ІҚМ

гол

970

461

-509

-52

Соның ішінде сиырлар

гол

375

96

-279

-74

Қой

гол

405

458

53

13

Жылқы

гол

25

36

11

44
  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет