Төлем карточкалары және олардың 2013 жылғы 1 қарашадағы статистикасы 2013 жылғы 1 қарашадағы 24 банк және



жүктеу 16.14 Kb.
Дата29.02.2016
өлшемі16.14 Kb.
Төлем карточкалары және олардың

2013 жылғы 1 қарашадағы статистикасы
2013 жылғы 1 қарашадағы 24 банк және «Қазпошта» АҚ нақтылы түрде төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыруда. Көрсетілген ұйымдар халықаралық жүйенің төлем карточкаларын шығарып таратады (олардың үлесі 95,2%): VISA International, MasterCard Worldwide, American Express International, China Union Pay.

Бұдан басқа, қазақстан банктері локальді жүйенің төлем карточкаларын шығарады: Altyn Card – «Қазақстанның Халықтық Банкі» АҚ; SmartAlemCard – «БТА Банкі» АҚ, «Сити банкі» АҚ - Қазақстан Ситибанкінің локальді карточкасы.

2013 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша банктердің шығарған төлем карточкаларының саны 15,0 млн.дананы құрап, бұл карточкаларды ұстаушыларының саны – 13,4 млн. адам болды (2012 жылғы осындай күнгі жағдаймен салыстырғанда - тиісінші 27,9% және 24,6% өсу).

2013 жылғы қазандағы қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын қолдану арқылы жасалған транзакцияларының көлемі 562,6 млрд. теңгені құрады (2012 жылғы қазан айымен салыстырғанда өсу 13,2%). 2013 жылдың қазан айында транзакциялардың саны 18,3 млн. транзакцияны құрап, 2012 жылдың қазан айымен салыстырғанда 9,2% ұлғайды. Бұл ретте қолма-қол жасалмайтын төлемдердің саны мен сомасының өсуі 20,6% (4,7 млн. транзакция) және 9,3% (81,9 млрд. теңге), ал қолма-қол ақша алу операциялардікі тиісінше 5,8% (13,7 млн. транзакция) және 13,9% (480,7 млрд. теңге) болды.

2013 жылғы 1 қарашада Қарағанды облысы бойынша:

- Айналымдағы төлем карточкаларың саны – 1029,3 мың;

- Карточка ұстаушыларының саны – 927,7 мың адам;

- Қолданылған төлем карточкаларының саны - 562;

- POS – терминалдар саны - 3173 дана;

- Импринтерлер саны - 11 дана;

- Банкоматтар саны - 767 дана;

- Сауда кәсіпорындарының саны – 1484;

- Банк киоскілерінің саны (дана) – 497.

Қарағанды облысындағы төлем карточкаларын пайдаланумен қолма-қол ақша алуға байланысты операциялар қазан айындағы транзакциялардың саны 1263,3 мың болғанда, 40910,9 млн.теңгені құрады, ал қолма-қол ақшасыз төлемдердің саны транзакциялардың саны 174,8 мың болғанда, 2472,8 млн. теңге деңгейінде қалыптасты.



«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ

Қарағанды филиалының баспасөз қызметі.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет